Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң K970167_ 259, 263 және 265-баптарының редакциясына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы N 47-II Z000047_ Заңымен енгізілген өзгерiстерге байланысты, сондай-ақ заңдарды қолданудағы бiркелкілiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Есірткi, психотроптық, күшті әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөнiндегi істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 қаулысына P98003S_ Пленумның 1999 жылғы 30 сәуiрдегі N 2 Р99002S_ қаулысымен енгізiлген өзгерiстермен бiрге, мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1. Қаулының атауындағы және кiрiспедегi, 11-тармақтағы, 13-тармақтың
екiншi абзацындағы "күштi әсер ететiн", "өте күштi әсер ететiн" сөздерi
алынып тасталсын.
2. Қаулының 1 және 5-тармақтары "дайындауға" сөзiнен кейiн "немесе
қайта өңдеуге" сөздерiмен толықтырылсын.
3. 11 тармақ "дайындауға қолданылатын" сөздерiнен кейiн "заттардың,"
сөзiмен толықтырылсын.
4. 7-тармақтың үшiншi абзацы және 8-тармақ алынып тасталсын.
5. 14-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Өздерiнiң қызмет бабы
бойынша есiрткi, психотроптық және улы заттарға, оларды дайындауға немесе
қайта өңдеуге пайдаланатын құрал-жабдықтарға қатысы бар лауазымды және
лауазымсыз тұлғалар, сондай-ақ аталғандар оларға қызмет бабы бойынша
пайдалануға немесе сақтауға берiлген адамдар Қылмыстық кодекстiң
260-бап екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 263-баптың үшiншi бөлiгінде және
265-бабында көрсетiлген қылмыстардың субъектiлерi болып табылады".
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Пленум хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.