"Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 ақпан N 243

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен Мекемені қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Мекеменің жарғысын бекітсін; 
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады