"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 P991693_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және Жер қойнауын қорғау
комитеті жүйесінде аталған Министрліктің аумақтық органдарының штаттық
қызметкерлері лимитінің бекітілген шегінде мемлекеттік мекемелер - жер
қойнауын қорғау мен пайдалану аумақтық басқармалары құрылсын.
2.
3.
Ескерту. 2,3-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.02.15.
N 232 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 12 ақпандағы
N 245 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің
қарауындағы мемлекеттік мекемелер-аумақтық органдардың
Тізбесі
"Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы
"Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы
"Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы
"Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы
"Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.