Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 12 қараша N 1693 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

      1-1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 198 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне үш вице-министрi болуға рұқсат етiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы мынадай ведомстволары құрылсын:
      1) Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi;
      2) Су ресурстары жөнiндегі комитет;
      3) Қоршаған ортаны қорғау комитетi.

      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне құрылған ведомстволардың ережелерiн бекiту жөнiнде ұсыныс енгізсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң (бұдан әрi - министрлiк) жүйесiнде қосымшаға сәйкес Министрлiктiң аумақтық органдарының бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде мемлекеттiк мекемелер құрылсын.
      Министрлiк құрылған мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн, олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн және қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      6. Министрлiктiң қарауындағы "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
      Министрлiк Мекеменiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн, әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн және қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      7. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi" деген бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 91-2 жолмен толықтырылсын:
      "91-2. Қазыналық Алматы облысы
      мамандандырылған гравиметрикалық Iле
      кәсiпорын ауданы".

      8. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 347 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 109-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысының  9-тармағы.

      9. Министрлік бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынғы қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң 1999 жылғы    
12 қарашадағы        
N 1693 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкiлеттi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң ведомстволары - Қоршаған ортаны қорғау комитетi, Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті, Су ресурстары жөнiндегi комитетi болады.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.16. N 51 қаулысымен.

      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.

      5. Министрлiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.25. N 793 қаулысымен.

      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      Министрлiктiң мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары - облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары мен облыстық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармалары бар.

      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлiкке өзiнiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне бағытталады.

      2. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ету;
      2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласында мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық әдiстерiн жетiлдiру;
      4) қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласында оқу-ағарту жүйелерiн дамыту болып табылады.
      11. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және аталған салада мемлекеттiк және өзге де бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
      2) өз құзыретiнің шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асырушы орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестiредi және ведомствоүстiлiк бақылауды жүзеге асырады;
      3) өз құзыретiне сәйкес қоршаған ортаны қорғау табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молайту саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде қоршаған ортаға, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, орман, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, атмосфералық ауа, су, жер жөнiнде мемлекеттiк мониторинг бойынша жұмыстар жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайды;
      5) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану туралы заңдардың, оның сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылайды;
     6) республикалық бағдарламалардың әкiмшiсi болады, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырады;
     7) қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйiне объективтi баға берудi қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат бередi;
     8) қорық iсi саласындағы жұмыстарды үйлестiредi, сондай-ақ өз құзыретiнің шегiнде ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мәселесi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
     9) мемлекеттiк экологиялық сараптамаларды ұйымдастырады және жүргiзедi;
     10) гидрометрологиялық жағдайдың мониторингiн жүргiзедi;
     11) <*>
     11-1) мелиорация, ирригация және дренаж функцияларын қоспағанда су ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;
     12) қоршаған ортаны қорғау табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молайту саласында мемлекеттiк зерттеу бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
     13) қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұғымды пайдалану саласындағы оқу-ағарту жөнiндегi ақпараттық-талдаулық жұмыстарды ұйымдастырады;
     14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 347 қаулысымен.
     Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.16. N 51 қаулысымен.

      12. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыруы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға;
      2) өз құзыретінің шегiнде табиғатты пайдалануға рұқсат беруге және табиғатты пайдалануға шарттар (келiсiмшарттар) жасасуға;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтер бойынша экологиялық талаптарды, оның ішінде;
      атмосфераға шығарулардың, жер бетi және жер асты суларына ағызулардың шектi жол берiлетiн нормативтерiн қоса алғанда қоршаған ортаға әсер етудiң нормативтерiн, жергiлiктi бедерлер мен жер қойнауында зиянды заттарды көмудiң және қалдықтарды орналастырудың жол берiлетiн көлемiнiң нормативтерiн;
      табиғи ресурстарды пайдалану үшiн төлемдердiң нормативтерiн;
      қоршаған ортаны ластағаны үшiн, оның iшiнде атмосфераға тастаулар, жер үстi және жер асты суларына ағызулар, жергiлiктi бедерлер мен жер қойнауында зиянды заттарды көму және қалдықтарды орналастыру үшiн төлемдердiң нормативтерiн бекiтуге немесе келiсуге;
      3-1) су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеуге мемлекетаралық су бөлiсу мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен олардың еңбегiне ақы төлеу арқылы сарапшыларды тартуға;
      5) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке адамдардан қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға;
      6) табиғатты қорғау талаптарын бұзушыларды өз құзыретiнiң шегiнде жауапқа тарту жөнiнде шаралар қолдануға, сондай-ақ талап-арыз ұсынуға және табиғатты қорғау заңдары талаптарының бұзылғандығы туралы iстер жөнiнде сот талқыларында мемлекеттiң атынан талапкер болуға;
      7) ұйымдардың, ғимараттардың және объектiлердiң жұмыстарын шектеу және тоқтата тұру, оларды пайдалануға қосуға тиым салу, экологиялық талаптарды бұза отырып iске асырылған шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу немесе тоқтата тұру туралы ұйғарымдама шығаруға немесе бұл қызметтi тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
     8) Министрлiктiң қызметi мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
     9) бас мемлекеттiк экологиялық сарапшыларды тағайындауға;
     10) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 347 қаулысымен.

                  3. Министрліктің мүлкі

      13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлiктiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

     14. Министрлiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

     15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жасау құқығы берiлуi мүмкiн.    

             4. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру

      16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.

      17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.

      18. Министр осы мақсатта:
      1) өз орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңдарға сәйкес Министрлік аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын айқындайды;
      4) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне, сондай-ақ Министрлiктiң аумақтық органдарының басшыларына тәртіптiк жаза, сондай-ақ көтермелеу шараларын қолданады;
      5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      6) ведомстволар туралы ережелердi қоспағанда Министрлiктiң аумақтық органдары мен құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      7) басқа мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.

      19. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Министр бекiтедi.
      Министрлiк жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың өзектi мәселелерiн қарау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттiк экологиялық сараптау кеңесiн, өзге де кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың жеке құрамын Министр бекiтедi.

        5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң 1999 жылғы     
12 қарашадағы         
N 1693 қаулысына       
қосымша           

     Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған
       ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттiк мекемелерi -
                 аумақтық органдарының Тізбесі

                       Ақмола облысы

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Ақмола облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттік бақылау басқармасы.

                Ақтөбе облысы

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Ақтөбе облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқармасы.

                    Алматы облысы

      5. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
      6. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                     Атырау облысы     

     7. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     8. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Атырау облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.                  

                 Шығыс Қазақстан облысы     

     9. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     10. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.   

                      Жамбыл облысы     

     11. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     12. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Жамбыл облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                 Батыс Қазақстан облысы     

     13. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     14. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                  Қарағанды облысы     

     15. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     16. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қарағанды облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                   Қостанай облысы

     17. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     18. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қостанай облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                  Қызылорда облысы

     19. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     20. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қызылорда облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                 Маңғыстау облысы     

     21. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     22. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Маңғыстау облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.    

                Павлодар облысы

     23. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     24. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Павлодар облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.

              Солтүстiк Қазақстан облысы

     25. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     26. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.  

              Оңтүстiк Қазақстан облысы     

     27. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

     28. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы.  

                    Астана қаласы

    

     29. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.   

                   Алматы қаласы

     30. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.    

                    Көкшетау қаласы

     31. Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы, Атырау мен Балқаш қалаларындағы филиалдармен қоса.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің 2000 жылғы    
10 ақпандағы         
N 198 қаулысымен        
бекітілген          

          Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған
          ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың
                          Тізбесі

     ЕСКЕРТУ. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.10.
N 198 қаулысымен.  
     ЕСКЕРТУ. Тізбе жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.16.
N 55 қаулысымен.      

     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     "Қазгеоақпарат" "республикалық геологиялық ақпарат орталығы РГАО" мемлекеттік мекемесі
     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     "Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекеме" мемлекеттік мекемесі
     "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
     Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады