Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы iске асыру, жерге құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы;
2) Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын республикалық бюджеттi қалыптастырғанда Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шараларға қажеттi қаражат қарастырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 16 ақпандағы
N 253 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің
2000-2003 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Кiрiспе
Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз ету бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарламада жер заңдарын жалгерлiк қатынастары мен кепiлдiк операцияларын, мемлекеттiк жер кадастры институтын кеңейту бөлiгiнде жетiлдiру, ауыл шаруашылығы ұйымдарында шартты жер үлестерiн заттық дербестендiрудi аяқтау, сондай-ақ селолық елдi мекендердiң аумақтарында жер-шаруашылықтық орналастыру, жер рыногын дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру көзделген.
1. Жерге құқықтарды заңдық қамтамасыз ету
Мемлекеттiк тәуелсiздiк алғаннан кейiн және нарықтық экономикаға көшу курсы жарияланғаннан бастап жер қатынастарын нарық жағдайларына қайта құру шаруашылық жүргізудiң барлық нысандарының тең құқықты дамуы үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқықтарын қорғау, жер рыногын дамыту қажеттiлiгi туды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығы жер заңдарының негiзгi принциптерiн, жеке меншiктiң шарттары мен шектерiн және өзге де жерге заттық құқықтарды айқындап бердi.
Осы Жарлықты дамыту үшiн жер қатынастарын реттейтiн 40-тан астам нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды.
Осының нәтижесiнде республикада жер құқықтық қатынастарының субъектiлерi мен жер пайдаланушылардың құрылымы принциптi түрде өзгердi.
Мемлекеттiк заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердiң үлесi айтарлықтай қысқарды, сөйтiп жер рыногының одан әрi дамуы үшiн алғы шарттар жасалды.
Жерге құқықтарды қамтамасыз етуге, жалгерлiк қатынастар мен кепiлдiк операциялары институтын кеңейтуге, жерге құқықтардың тiркелуiн қамтамасыз етуге бағытталған жер заңдарын одан әрi жетiлдiру үшiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу көзделiп отыр.
2. Жердiң нақты меншiк иелерiн және жердi пайдаланушыларды қалыптастыру
Жер қатынастарын реттеу саласындағы таяу жылдардағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары:
ауыл шаруашылығы ұйымдарында шарттық жер үлестерiн нақты дербестендiрудi аяқтау;
кейiн заң органдарында жерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн жерге тиiстi құжаттарды бере отырып, азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген (берiлетiн) жер учаскелерiнiң шекараларын техникалық ресiмдеудi қамтамасыз ету;
жердi пайдаланудың және оларға салық салудың тәртiбi мен режимi әртүрлi аймақтарды белгілеу мақсатында, бiрiншi кезекте, қалаларда жерлердi аймақтарға бөлудiң аймақтық сызбаларын әзiрлеу;
өнiмi төмен, перспективасы жоқ жерлердi өңдеуден шығару процесiнiң шарттарын қатайту және экономикалық әдiстерiн ынталандыру үшiн егістiк жерлерге түгендеу жүргiзу болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқықтарын қамтамасыз ету олардың мынадай топтарға бiрiккен құқықтық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Бiрiншi топ: жер учаскелерi жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық шаруашылық, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi.
Қазiргi уақытта олардың саны 3 082,5 мыңды немесе елдегi барлық жер учаскелерi меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың 95 процентін құрайды. Жерге құжаттармен қамтамасыз етiлгендері 2 700,7 мың меншiк иелерi немесе 88 процент. Осы топтың меншiк иелерi одан әрi негiзiнен жеке тұрғын үй құрылысы есебiнен болжамдалып отыр және олардың саны 2003 жылдың аяғына қарай 3,2 миллионға дейiн жетедi.
Бұдан әрi азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық шаруашылық және жеке құрылыс жүргiзу үшiн жер учаскелерiне сұранысын толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Осы мақсаттар үшiн ауылдық елдi мекендердiң аумақтарын жер шаруашылықтық орналастыруды жүргізу, жердi ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру басқа да табиғатты қорғау шараларының кешенiнде жер ресурстарын қорғау жөнiндегі аумақтық бағдарламаларды әзiрлеу, қала маңындағы аумақтардың жерлерiн аймақтарға бөлудi жүзеге асыру көзделiп отыр.
Екiншi топ: шаруа (фермер) қожалықтары.
Жалпы саны - 91 мың. Жерге құжаттармен қамтамасыз етiлгенi 81,2 мың шаруашылық немесе 89,2 процент.
Аталған топтың жердi пайдаланушыларын қалыптастыру негiзiнен жер үлестерiнiң, арнайы жер қорының есебiнен және жердi пайдалану құқығымен жасалатын мәмiлелердiң есебiнен жүредi. Олардың саны 2003 жылға қарай 125 мыңға дейiн өседi деп болжанып отыр.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында шартты жер үлестерiн нақты дербестендiрудi аяқтау және пайдаланылмайтын жерлердiң есебiнен арнайы жер қорын одан әрi қалыптастыруды жалғастыру көзделедi.
Yшiншi топ: мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы ұйымдары.
Олардың жалпы саны - 6,2 мың, оның iшiнде тұрақты жердi пайдаланушылар - 4,2 мың, жерге құжаттармен - 3,9 мыңы немесе 94 процентi қамтамасыз етiлген.
Бұл топтың жердi пайдаланушыларын қалыптастыру:
жер үлестерiн құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталдарға, өз жер үлесiмен шығу құқығынсыз енгiзе отырып шаруашылық серiктестіктерiне кiру есебiнен;
өз жер учаскесiмен шығу құқығымен шаруашылық субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына жер үлестерiн енгiзбестен жүзеге асырылады.
Төртiншi топ: Кондоминиум субъектiлерi.
Жерге құжаттар 14,1 мың кондоминиум объектiлерi бойынша ғана ресiмделдi және берiлдi.
Кондоминиумге қатысушыларға жер беру мәселелерiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңында реттеу жоспарланған.
Кондоминиумның үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) берiлген жер учаскелерiнiң шекараларын одан әрi айқындау пәтер иелерi кооперативтерiнiң қатысуымен, iс жүзiнде қалыптасқан құрылыстарды және қала жобасы мен өзге де құжаттаманың елдi мекендi аумақтық дамытуға қоятын талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылатын болады. Кондоминиумге әрбiр қатысушының жалпы меншiктегi немесе жалпы жер пайдаланудағы үлесi оны заттық түрде бөлместен айқындалады.
Жоспарланған жұмыстарды 2003 жылға дейiн аяқтау мақсатында кондоминиумдердiң қазiргi бар объектiлерi үшiн жер учаскелерiн бөлу жөнiндегi iс-шаралардың жоспары әзiрленетiн болады.
Бесiншi топ: Мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, құрылыс салу үшiн берiлген немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес ғимараттар, құрылыс-жайлар салынған жер учаскелерi.
Мемлекет иелiгінен алудың алғашқы кезеңiнде мемлекеттiк меншiк объектiлерi жерге құқықтар ресiмделместен жекешелендiрiлдi, сондықтан жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу кезiнде қазiргi бар объектiлердiң алып жатқан алаңын нақтылау, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекеттен сатып алуды (жалдауды) ресiмдеу жүргiзiледi.
Меншiктік құқығында ғимараттар, құрылыс-жайлары (аяқталмаған құрылысты қоса алғанда) және басқа жылжымайтын мүлiктер бар, бiрақ 2001 жылға дейiн жерге тиiстi құжаттарын белгiленген тәртiппен ресiмдемеген тұлғалар үшiн жерге құқықты алу шарттарын заңдық ретте қатайту көзделедi. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн беру мәселелерiн реттейтiн қолданылып жүрген заң актiлерiне түзетулер енгiзу көзделiп отыр.
Жерлердi ұтымды және тиiмдi пайдалану, инвестициялар тарту, бюджетке қосымша қаражат түсуiн ынталандыру, жер учаскелерiн берген кезде жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнiндегi нық кепiлдiктердi қамтамасыз ету үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жер учаскелерiн меншiкке немесе пайдалануға сату жөнiндегi жер аукциондары мен конкурстары ұйымдастырылатын болады.
Алтыншы топ: Шетелдiк жер пайдаланушылар.
Шетелдiк жер пайдаланушыларға жердi пайдалану құқығын беру жер учаскесiн жалға беру шарты негiзiнде (инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарға сәйкес берiлетiн мемлекеттік заттық гранттар түрiндегi жер учаскелерiн берудi қоспағанда) жүзеге асырылады.
Жерге құқықтарды тiркеу жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
2 және 3-топтардағы жердi пайдаланушылар үшiн:
жерге орналастыру жөнiндегі жобаларды қажеттi мөлшерде әзiрлей отырып, шартты жер үлестерiн дербестендiру 2000 жылдың соңына дейiн аяқталмақ, онда жер үлестерiн бөлу есебiнен берiлетiн учаскелер жер учаскелерiн иеленушiлер жиналысының шешiмiн ескере отырып айқындалатын болады, ал олардың арасында осы учаскелердi орналасқан жерiн айқындау тәсiлiнде келiсiм болмағанда, жер үлестерi иелерiнiң жер учаскелерiн орналастыру сот шешiмi бойынша айқындалады;
ипотекалық несиелердi және ауыл шаруашылығы жерлерiнiң рыногын дамытуды қамтамасыз етуде жер учаскелерi мен жердi пайдалану құқықтарын кепiлге беру үшiн жердi бағалау көзделiп отыр.
Жер үлестерi негiзiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң пайдаланатын жерлерiн қалыптастыру процесiн жеделдету үшiн жер үлестерi иелерiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдалануға арналған жер үлестерiне сәйкес жер учаскесiн таңдап алуы немесе осындай бiрлiктердiң үлесiне өзiнiң құқығын қайта ресiмдей отырып, шаруашылық жүргiзу объектiлерiне кiруi үшiн мерзiмдердi заңды түрде белгiлеу көзделiп отыр. Бұл шартты жер үлестерiне билiк ету бойынша қолданылып жүрген құқықтарды түсiндiру жөнiндегi науқанмен бiрге жүргiзiледi.
Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерiнiң шекараларын техникалық ресiмдеу процесiн, оларға кейiн әдiлет органдарында жерге құқықты тiркеу үшiн жерге құқықты белгiлейтiн құжаттарды бере отырып, аяқтау көзделген.
Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесiн қорғау үшiн:
егiстік жерлерiне түгендеу жүргiзу бұл перспективасы жоқ өнiмi аз жерлердi өңдеуден шығарудың шарттарын қатайтуға, сондай-ақ бұл процестi экономикалық тәсiлдермен ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн бұрын берiлiп, пайдаланылмай жатқан жерлердiң және оларды шаруашылық субъектiлерiнiң арасында кейiн қайта бөлу үшiн белгiленген тәртiппен қайтып алудың проблемалары бойынша облыс әкiмдерiмен бiрлесiп жұмыс iстеудi көздейтiн мақсатты бағдарлама әзiрлеу;
жерлердi аймақтарға бөлу бұл жер ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясатты толық түрде жүргiзуге және жердiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылар үшiн жердi пайдаланудың рұқсат етiлген түрлерiн нақтылауға мүмкiндiк бередi;
азаматтардың жерге конституциялық құқығы және олардың өз жер учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына қатысты заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасауы жөнiндегi кепiлдiктердi қамтамасыз ету үшiн, жер кепiлдiгi саласындағы заңдарды iске асыру тетiгiн пысықтау, сондай-ақ кейбiр жер санаттарына жеке меншiктi енгiзудiң мүмкiндiктерiн зерделеу жоспарланып отыр.
ЕСКЕРТУ. 5-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1657 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 2-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 895 қаулысымен .
3. Жер кадастрын жетiлдiру, құрылымдық жаңғыртулар және кадрлық қамтамасыз ету
Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу енгiзiлгеннен бастап жер-кадастрлық жұмыстарының көлемi елеулi дәрежеде өстi.
Жерге құқықтарды бекiту жөнiндегi мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк жер кадастрын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлмек, ол "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргізудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына сәйкес мемлекеттiк кадастрлар жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, сондай-ақ жерге құқықтарды тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алуды қамтамасыз ету үшiн қызмет iстейдi.
Жер кадастры құрамында тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу тәртiбiнiң негізгi ережелерi жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң пилоттық жобасын инвестициялап отырған Дүниежүзiлiк банктың ұсыныстарын ескере отырып әзiрлендi және бұл тәртiп жер учаскелерiн бiрдейлендiру олардың шекараларын айқындау жөнiндегi бiрыңғай техникалық мәселелердi шешуге арналған.
Солай дей тұра көрсетiлген жұмыстарды жедел орындау көптеген облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда белгiлi бiр дәрежеде жерге орналастыру қызметiнiң болмауынан тежелiп отыр. Поселкелер мен ауылдық (селолық) округтерде мұндай бейiндегi мамандар жоқ.
Осы мақсаттарды iске асыру үшiн республиканың жерге орналастыру жұмысын былайша қүрылымдық жаңғырту көзделiп отыр:
облыстық маңызы бар қалаларда қазiргi бар еңбекақы қоры есебiнен жер ресурстарын басқару органдарын құру белгiленген;
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгінiң Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығының қазiргi бар еншiлес кәсiпорындарының базасында аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қосымша мамандандырылған өндiрiстер-кадастрлық филиалдар (орталықтар) құрылатын болады.
Кадастрлық филиалдардың негiзгi функциялары:
жер учаскелерiнiң жергiлiктi жерлердегі шекараларын белгiлеу;
азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне құқықтарын куәландыратын тиiстi құжаттарды дайындау жоспарлы-картографиялық материалдарды, кадастрлық карталарды (схемаларды) жасау және жаңалау;
жер кадастрының автоматтандырылған жүйесiн ұйымдастыру, жер ресурстары туралы деректердiң банкiн құру және жүргiзу, жер учаскелерi туралы деректердi iздеу, өңдеу және жер кадастры ақпаратын пайдаланушылардың сұрау салуына жауапты ресiмдеу болып табылады.
Бұл шаралар жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық комитеттердi оларға тән емес техникалық жұмыстардан босатуға, оларды басқару және бақылау функцияларын орындауға жұмылдыруға, жұмыста жеделдiктi қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Мыналар:
жерге орналастыру жұмыстарының жекелеген түрлерiн бәсекелестiк ортаға беру. Бұл мақсатқа жету үшiн оларды лицензиялау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізудің және жерге орналастыру процесiне қатысушылардың арасындағы өзара байланыс жұмыстарын ұйымдастырудың заңдық, институциалдық және басқа сипаттағы ережелерiн белгiлейтiн қажеттi құжаттардың пакетiн дайындау көзделген;
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк жүйесiнiң кадрларды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларын жүзеге асыру;
Дүниежүзiлiк банктiң несиелерiн тартумен жүзеге асырылып жатқан Алматы және Ақмола облыстары мен Алматы және Астана қалаларындағы жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi пилоттық жобаның негiзiнде жер учаскелерi туралы ақпаратты неғұрлым жедел алу мақсатында жер кадастры жүйесiн автоматтандыру;
жер кадастрының құқықтық және басқа кадастрлармен тиiстi өзара байланысын қамтамасыз ету, сондай-ақ сандық технологиялардың негiзiнде осы заманғы кадастрлық карталарды жасау жоспарланған.
Картографиялық өнiмге сұранысты қамтамасыз ету үшiн 2003 жылға дейiн шетелдiк инвестицияларды тарту есебiнен картографиялық фабрика салуды жүзеге асыру көзделген.
4. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
Бағдарламада белгiленген iс-шаралар белгiлi бiр қаржылық қаражатты талап етедi.
Шартты жер үлестерiн заттық дербестендiру жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу жер кадастрының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру тиiстi бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын болады.
Жер заңнамасын, мемлекеттiк жер кадастрын жетiлдiру, жер рыногын дамыту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға 2003 жылға республикалық бюджеттен 308066 мың теңге көзделедi
Бағдарламаның басқа iс-шараларын орындауды жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың қаражаты, гранттар мен инвестициялар тарту есебiнен жүзеге асыру белгiленген.
ЕСКЕРТУ. 4-бөлім өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1312 қаулысымен.
* * *
Бағдарлама азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы, мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi күшейтуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 16 ақпандағы
N 253 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз
етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi
IС-ШАРАЛАР
------------------------------------------------------------------
Р/с!Іс-шараның атауы!Аяқтау ! Орындауға!Орындау!Болжамды!Қаржылан.
N ! !нысаны !жауаптылар!мерзімі!шығыстар!дыру көз.
! ! ! ! ! (мың !дері
! ! ! ! ! теңге) !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1. Жерге құқық.
тарды бекiтудi
құқықтық қамта.
масыз ету
1.1 "Жер туралы" Заң Жер ресур. 2000 - -
Қазақстан жобасы старын жыл
Республикасы басқару
Заңының жобасын жөніндегі
әзiрлеу: агенттік,
Әділетмині
1.2 "Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулыларына
өзгерiстер мен
толықтырулар
енгiзу туралы"
Қазақстан
Республикасы
Yкiметiнiң
мынадай
қаулыларының
жобаларын
әзiрлеу:
"Мемлекеттiң Yкiмет Жер ресур. 2000 - -
жеке меншiкке қаулы. старын жылдың
сататын немесе сының басқару IV тоқсаны
жер пайдалануға жобасы жөнiндегi
беретiн жерлерi агенттiк,
үшiн төлем Әдiлетминi,
ставкаларын Қаржыминi
бекiту туралы"
1996 жылғы 8
мамырдағы N 576
"Мемлекеттiң жеке Үкiмет Жер ресур. 2001 - -
меншiкке сататын қаулы. старын жылдың
немесе жер пайда. сының басқару IІ тоқсаны
лануға беретiн жобасы жөнiндегi
жер учаскелерiнiң агенттiк,
бағалық құнын Әдiлетмині,
белгiлеу тәртiбiн Қаржыминi
бекiту туралы"
1996 жылғы 1
қазандағы N 1203
2. Жердiң шынайы
меншік иелерi мен
жердi пайдалану.
шыларды қалыптас.
тыру
Шартты жер Yкiметке Жер ресур. 2000 - -
үлестерiн заттық баяндама старын жылдың
дербестендiрудi басқару желтоқсаны
аяқтау жөніндегі
агенттiк,
Ауылшарминi
2.1 Жер телiмдерiн Жер Жер ресурс. Тұрақты - -
мынадай құжат. телiмiне тарын
тармен қамтамасыз меншiк басқару
ету: құқығы жөнiндегi
актiсi агенттiк
құқықты куәланды.
ратын құжаттарды
ресiмдеу және
беру
2.2 Шаруа (фермер) Жер Жер ресурс. Тұрақты 2003 Республи.
қожалықтарына телiмiн тарын жыл - калық
жер телiмдерiн бөлу және басқару 20002 бюджет
бөлу жөне жерге жерге жөніндегі
құқықты куәланды. құжаттар агенттiк
ратын құжаттар беру
беру
2.3 Ауылдық елдi Жобалар, Жер ресурс. 2001- 2003 Республи.
мекендердiң схемалар тарын бас. 2003 жыл - калық
аумағына жер- қару жөнін. жылдар 8100 бюджет
шаруашылық орна. дегі
ластыруды жүргiзу агенттiк
2.4 Жерлердi аймақ. Үкіметке Жер ресур. 2000- - -
тарға бөлудiң ақпарат старын 2001
аймақтық схема. басқару жылдар
ларын әзiрлеу жөніндегі
және бекіту агенттік,
қалалар мен
аудандардың
әкімдері
2.5 Жердi ұтымды Yкiметке Ауылшармині, 2000 - -
пайдалану, топы. ақпарат Жер ресур. жылдың
рақтың құнарлығын старын IV
арттыру, жер ре. басқару тоқсаны
сурстарын қорғау жөніндегі
жөнiнде аймақтық агенттік,
бағдарламалар облыстардың
әзiрлеу әкімдері
2.6 Қазiргі кондомини. Кондоми. Жер ресур. Өтінімдер - -
умдер объектiлері ниум объ. старын бойынша
үшiн жер телiмде. ектiлер. басқару
рiн бөлу жөнiндегі iне жер жөніндегі
іс-шаралар жоспа. телiмде. агенттік,
рын әзiрлеу рiн жергілікті
бөлудiң атқарушы
iс- органдар
шаралар
жоспары
2.7 Егiстiк жерлерге Yкiметке Жер ресур. 2000- - -
түгендеу жүргізу ақпарат старын 2001
басқару жылдар
жөніндегі
агенттік
2.8 Ауыл шаруашылығы Үкiметке Жер ресур. 2001 - -
мақсаттары үшiн ақпарат старын жылдың
бұрын берiлген, басқару ІІ
пайдаланылмай жөніндегі тоқсаны
жатқан жерлердiң агенттік,
проблемалары облыстар.
бойынша мақсатты дың, аудан.
бағдарлама әзiрлеу дардың
әкімдері
Жер рыногы
2.9 Мемлекет меншiгiн. Жер аук. Жер ресурс. Тұрақты - -
дегi жер телiмдерiн циондары, тарын
сату жөнiндегi жер конкурс. басқару
аукциондары мен тары жөнiндегi
конкурстарын ұйым. агенттiк,
дастыру және өткiзу жергілікті
атқарушы
органдар
Жер кадастрын жетiлдiру
2.10 Жер және құқық Ведомст. Әділетмині, 2000 - -
кадастры арасындағы воаралық Жер ресур. жылдың
өзара iс-қимылды, шарт старын IV
жер-кадастр құрам. басқару тоқсаны
дас бөлiгін жылжы. жөніндегі
майтын мүлiкке агенттік
құқықты тіркеу
жобасына ұштастыру.
ды қамтамасыз ету
2.11 Тiркеу мақсаты үшiн Yкiметке Жер ресур. Тұрақты - -
жер телiмдерi баяндама старын
есепке алуды қамта. басқару
масыз ету (Жер ка. жөніндегі
дастры iсi, кiтабы агенттік
және картасы)
2.12. Жер-кадастр жұмыс.
тарын жүргiзу:
аэрофотогеодезия. Түсiрiм. Жер ресур. Тұрақты 2003 Республи.
лық iздестiру, дер, старын жыл- калық
топырақты зерттеу, карталар басқару 102300 бюджет
геоботаникалық жөніндегі
зерттеу; агенттік
ауыл шаруашылығы Алаңдарды Жер ресур. Тұрақты 2003 Республи.
алқаптарының, есептеу, старын жыл- калық
топырақтың және басқару 31074 бюджет
геоботаникалық жөніндегі
контурлардың агенттік
алаңдарын есептеу;
аудандық карта. карталар, Жер ресурс. Тұрақты
ларды және схемалар тарын
есептеу квартал. басқару
дарының картала. жөнiндегi
рын жасау және агенттiк
жүргiзу;
жерлердiң Кадастрдың Жер ресур. Тұрақты - -
мемлекеттiк дерекқоры старын
есебi; басқару
жөніндегі
агенттік
жердiң меншiк Электронды Жер ресурс. Тұрақты 2003 Республи.
иелерi мен жер дерекқор тарын бас. жыл- калық
пайдаланушылар. қару жөнін. 38524 бюджет
дың жер кадаст. дегі агент.
ры жөнiндегi тік
деректерiн
электронды түрде
жинақтау
2.13 Жер телiмдерiн Электронды Жер ресурс. 2001 жыл - -
есепке алуды: дерекқор тарын бас. 2001-2003
пилоттық қару жөнін. жылдар
аймақтарда дегі агент.
қалған облыстар. тік
да ақпаратты
жинаудың және
сақтаудың қағаз
тасымалдаушыдан
электронды
жүйесiне көшудi
қамтамасыз ету
2.14 Мемлекеттiк жер Жер кадаст. Жер ресур. Тұрақты 2003 Республи.
кадастрының ав. рының авто. тарын жыл- калық
томаттандырылған маттанды. басқару 106413 бюджет
ақпараттық рылған ақ. жөніндегі
жүйесiн кұру параттық агенттік
және жүргiзу жүйесі
2.15 Жер кадастрын Карталар, Жер ресур. Тұрақты - -
топографиялық- жоспарлар старын
геодезиялық және (схемалар) басқару
картографиялық, жөніндегі
оның iшiнде агенттік,
сандық Әділетмині
қамтамасыз ету
Құрылымдық қайта
құру және кадрлық
қамтамасыз ету
2.16 Аудандарда өндi. Кадастр Жер 2000- - -
рiстiк бөлiмше. орталықтары ресурстарын 2001
лер ұйымдастыру басқару жылдар
жөніндегі
агенттік
2.17 Облыстық маңызы Облыс орта. Жер 2000 - -
бар қалаларда лықтары мен ресурстарын жыл
жер ресурстарын калалардағы басқару
басқару жөнiнде жер ресурс. жөніндегі
органдар құру тарын бас. агенттік
қару жөнін.
дегі орган.
дар
2.18 Облыстық, Астана және Жер 2000 - -
аудандық Алматы ресурстарын жылдың
(қалалық) коми. қалаларын. басқару IV
теттердiң және дағы оқыту жөніндегі тоқсаны
кадастр орталық. жөніндегі агенттік
тарының маманда. орталықтар
рын жер телiмде.
рiн тiркеу мақ.
сатында есепке
алуға қажеттi
дағдыларға оқыту
жөнiндегi
орталықтар құру
2.19 Облыстық және Мамандарды Жер 2000- 2003 Респуб.
аудандық қызмет. қайта ресурстарын 2003 жыл ликалық
тердің маманда. даярлау, басқару жылдар - бюджет
рын даярлауды, оқыту жөніндегі 1653
және қайта агенттік
даярлауды
ұйымдастыру
2.20 Рынокты дамыту Ақпараттар, Жер Тұрақты - -
үшiн қолда бар бюллетень. ресурстарын
ақпараттық- дер басқару
маркетинг жөніндегі
жүйесiн агенттік
пайдалану
2.21 Ғылыми-әдiстеме. Ұсынымдар Жер Тұрақты - -
лiк қамтамасыз ресурстарын
етудi жетiлдiру, басқару
iргелi және жөніндегі
қолданбалы агенттік
зерттеулердi
дамыту:
жер ресурстарын Ғылыми Жер 2003 жыл
экономикалық зерттеулер, ресурстарын
бағалау әдістемелер басқару
саласында жөніндегі
қолданбалы агенттік
ғылыми зерттеу.
лер жүргiзу
2.22 Кадрлардың Кадрларды Жер 2000 жылдың - -
облыстық, оқыту ресурстарын ІІІ тоқсаны
аудандық және қайта басқару
(қалалық) буын. даярлау жөніндегі
дарын оқыту мен бағдарла. агенттік
қайта даярлаудың масы
бағдарламаларын
әзiрлеу
------------------------------------------------------------------
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1657 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1312 қаулысымен.