Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 17 ақпан N 260 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ереже бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

           

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2000 жылғы 17 ақпандағы     
N 260 қаулысымен        
бекітілген           

     Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны
қорғау комитеті туралы
Ереже

                      1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитет Министрлік айқындаған құзыретінің шегінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларына басшылықты жүзеге асырады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Комитеттің егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделген Қазақстан Республикасының барлық аймағында міндетті күші болатын шешімдер қабылдайды.

      5. Комитет туралы ереже мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комитеттің құрылымның Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі бекітеді.

      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      475000, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 1.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.25. N 793
қаулысымен.

      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер, Комитетке заң актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджетке жіберіледі.

      2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және
                        құқықтары

      10. Комитеттің негізгі міндеттері:
      1) қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      2) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
      4) қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігін жетілдіру;
      5) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және осы саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оны жүргізуге қатысады;
      2) мемлекеттік мониторингі жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады және өз құзыретінің шегінде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
      3) өз құзыретінің шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысады;
      4) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын келіседі;
      5) қоршаған ортаны ластауға арналған лимиттер мен квоталарды әзірлейді;
      6) өз құзыретінің шегінде табиғатты пайдалануға арналған шарттар (келісім-шарттар) жасасады;
      7) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асырады және табиғатты пайдалануға рұқсат береді;
      8) қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысады;
      9) қоршаған ортаны қорғау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіруге қатысады;
      10) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында ақпараттық және ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
      11) өз құзыретінің шегінде қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтер бойынша экологиялық талаптарды бекітуге және келісуге қатысады;
      12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыруға қатысады;
      13) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен, өз құзыретінің шегінде:
      1) барлық ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдауға;
      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан және жеке адамдардан қоршаған ортаның жай-күйі, табиғи ресурстарды пайдалану мен үдете өндіру мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
      3) Республикалық қоршаған ортаны қорғау қорына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыруға және оның қызметін бақылауға;
     4) экологиялық сараптама жүргізу үшін штаттан тыс сарапшыларды және заңды тұлғаларды тартуға;
     5) кеңесші орган болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сарапшылық кеңесін құруға;
     6) Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің ұйымдарымен келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасасуға;
     7) белгіленген тәртіппен табиғат қорғау заңдарында көзделген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.    

                  3. Комитеттің мүлкі

     13. Комитет оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқылы.

     14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

     15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
     Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.    

        4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

     16. Комитетті Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

     17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Комитетке бекітілген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады:

     18. Төраға осы мақсатта:
     1) орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының функциялық міндеттерін айқындайды;
     2) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
     3) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
     4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     5) барлық мемлекеттік органдарда Комитеттің мүддесін білдіреді, шарттар жасасады;
     6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

     19. Комитеттің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын ғылыми-техникалық кеңесі болады.    

               5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

     20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады