Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығы мен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауіпті азайту орталығы арасында қорғалған байланыс желісін құру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 277

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығы мен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауіпті азайту орталығы арасында қорғалған байланыс желісін құру туралы келісімге қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы Мүбәрәк Орынбекұлы Орынбековке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығы мен

 

Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауіпті азайту орталығы арасында

қорғалған байланыс желісін құру туралы келісімге Қазақстан Республикасы

Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары    

    Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  

     жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті 

    қамтамасыз ету жөніндегі орталық пен Америка Құрама Штаттарының       

   Ядролық қауіпті азайту жөніндегі орталығы арасында қорғалған байланыс

                         желісін құру туралы


                               КЕЛІСІМ


     Төменде тараптар аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,



 
       олардың мемлекеттері арасындағы қару-жарақты бақылау жөніндегі және қауіпсіздікті нығайту жөніндегі келісімдерді жүзеге асыруды қолдау тілегін мақұлдай отырып,
 
      қару-жарақты бақылау жөніндегі шарттарға сәйкес талап етілетін, тараптар жүзеге асыратын, хабарламалар беруге қатысты барлық міндеттерді орындау дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мүддесіне сай келеді деп ұйғара отырып,
 
      Советтік Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 1987 жылғы 15 қыркүйектегi Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталықтар құру туралы келiсiмдi қазiргi заман талаптарына сәйкес келтiруге ұмтыла отырып,
 
      Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы 1991 жылғы 31 шiлдедегi шарт бойынша төменде СШҚЖ-1 туралы шарт аталатын, Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы олардың Орта және кiшi қашықтықтағы зымырандарын жою туралы 1987 жылғы 8 желтоқсандағы шартының, төменде ОКҚР туралы шарт аталатын және Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 1992 жылғы 20 мамырдағы Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы шартының Лиссабон хаттамасындағы өз мiндеттерiн қайтадан мақұлдай отырып, төменде аталғандар туралы келiстi:
 

                                   1-бап



 
 
       Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығын, бұдан әрi Ұлттық орталықтар аталатын, өздерiнiң тиiстi үкiметтерiнiң атынан және оның бақылауымен iс-әрекет жасайтын, әр Тарап осы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын I-Хаттамада көрсетiлген хабарларды беруге сәйкес қолданады.
 

 

     Бұдан әрi, Ұлттық орталықтар арқылы берiлетiн хабарлар тiзбесi,

Тараптар арасындағы келiсiм бойынша, тиiстi жаңа келiсiмдерге қол

жеткiзiлгенде өзгеруi мүмкiн.


                                   2-бап


     Осы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын II Хаттамаға сәйкес

Тараптар өздерiнiң Ұлттық орталықтары арасында қорғалған ұдайы байланыс

желiсiн орнатады, қызмет көрсетедi және пайдаланады.


                                   3-бап


     Тараптар өздерiнiң Ұлттық орталықтарын, олардың қалыпты жұмыс iстеуiн

қамтамасыз ету үшiн, олар қалай орынды деп санаса, солай толықтырады.


                                   4-бап


     Осы Орталықтардың жұмыс iстеуiне байланысты мәселелердi қарастыру

үшiн Тараптар Ұлттық орталық өкілдерiнiң арасында жүйелi түрде кездесу

өткiзедi.


                                   5-бап


     Осы Келiсiм Тараптардың қайсысының болмасын басқа келiсiмдер

жөнiндегi мiндеттерiн қозғамайды.


                                   6-бап


     Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi iшкi мемлекеттiк тәртiптердi

Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама алынған күннен бастап күшiне

енедi және СШҚЖ-1 немесе ОКҚР туралы шарттар күшiн сақтағанға дейiн

күшiнде қалады.

     Осы келiсiмнiң күшi бұл туралы басқа Тараптың жазбаша хабарламасынан

соң 12 (он екi) ай өткеннен кейiн кез келген Тарапта тоқтатылуы мүмкiн.


     Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi данадан жасалынды

(қол қойылған жерi) (қол қойылған күнi), сонымен бiрге барлық мәтiндердiң

бiрдей күшi бар.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                              АМЕРИКА

      ҮКIМЕТI ҮШIН                                     ҚҰРАМА

                                                     ШТАТТАРЫНЫҢ

                                                    YКIМЕТI ҮШIН


/қолы:                                           /қолы:

(лауазымды тұлғаның аты/                         /лауазымды тұлғаның аты/



          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама

         Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы

       Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды

      бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi

        орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi

     азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн

                          құру туралы Келiсiмге


                                 I-ХАТТАМА



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық

 

қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру

туралы ережелерге сәйкес және келiсiмдi орындау мақсатымен Тараптар мына

төмендегiлер туралы келiстi:


                                   1-бап


     Тараптар Ұлттық орталықтар арқылы мынадай хабарламалар түрiн бередi:


     а) СШҚЖ-1 туралы шарт ережелерiне сәйкес қамтылған хабарламалар;


     б) ОКҚЗ туралы шарт ережелерiне сәйкес қамтылған хабарламалар;


     в) Тараптардың өзара келiсiмi және Ұлттық орталықтар арасындағы

келiсiм бойынша қару-жарақты бақылау жөнiндегi басқа да шарттар мен

келісімдердің ережелеріне сәйкес қамтылған хабарламалар.


                                   2-бап



 
       Ұлттық орталықтар арқылы жөнелтiлетiн ақпараттардың мөлшерi мен

 

көлемi СШҚЖ-1 туралы шартты, ОКҚЗ туралы шартты, сондай-ақ Тараптардың

келiсiмi бойынша басқа да болашақ шарттар мен келiсiмдердi iске асыруда

пайдаланылатын көлемдермен қабысуы және сәйкес болуы керек.


                                   3-бап


     Әр Тарап, өз бiлгенi бойынша, ізгi ықыластық ишарат бiлдiру ретiнде

және сенiмдi нығайту мақсатында, сонымен қатар Ұлттық орталықтар арқылы

осы Хаттаманың 1-бабында қамтылған хабарларға жатпайтын, басқа да

хабарларды бере алады.


                                   4-бап


     Егер Тараптар өзге келiсiмге келмесе, Ұлттық орталықтардың байланыс

желiсi бойынша берiлетiн барлық хабарлар және осы Орталықтар жүзеге

асыратын барлық рәсiмдер құпия болады.




            Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама

           Штаттарының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы

         Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды

             бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету

         жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық

       қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс

                       желiсiн құру туралы Келiсiмге


                                II ХАТТАМА



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы ережелерге сәйкес және келісімді орындау мақсатымен Тараптар мына

 

төмендегілер туралы келiстi:


                                   1-бап


     Ұлттық орталықтар арасында файлдармен алмасу мүмкiндiгi бар тiкелей

байланыспен қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар екi спутник арнасын

орнатады және ұстап тұрады. Әр Тарапта қорғалған қызметтiк байланыс желiсi

болады; бiр арнаны Қазақстан, ал басқасын - АҚШ ұстайды.


Осыған байланысты:


     а) Ұлттық орталықтар арасында байланыс үшiн жабдықталған терминалдар

орнатылады;



 
       б) Әр Тарап, бiр мезгiлде 4800 бит/сек беруге және қабылдауға мүмкiндiгi бар немесе өзара келiсiмге орай байланыс желiсiн қамтамасыз етедi;
 
      в) өзара келiсiмге жеткенге дейiн байланыс Қазақстан Республикасының

 

Қорғаныс министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлiгi

арасындағы Қазақстан Республикасына материалдық-техникалық құралдар мен

қызметтер көрсету туралы мемлекетаралық байланыс желiсiн орнату мақсатында

1993 жылғы 13 желтоқсандағы келiсiмнiң, бұдан әрi МАБЖ келiсiмi аталатын

шарттарына сәйкес Ұлттық орталықтар арасында байланыс орнату бұрынғы

тәртiппен жүзеге асырылады.


                                   2-бап


     Қорғалған хабарлар берудi қамтамасыз ету үшiн келiсілген ақпараттарды

қорғау құралдары қолданылады.


Осыған байланысты:


     а) ақпараттарды қорғау құралдары жеке компьютермен байланысқан немесе

интегралданған шифрлауға сәйкес құрылғылардан тұрады, хабар компьютер

дискетiнiң көмегiмен немесе басқа бiр техникалық тiркесушiлiк әдiспен

енгiзіледi;


     б) әр Тарап басқа Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша түсiнуге оңай

тиiстi криптографиялық материалдарды табыс етедi.


                                   3-бап



 
       Әр соңғы операция бекетiнде байланыс жүйесiнiң функционалдық талаптарына толық сыйысатын және өзара қолайлы халықаралық коммуникациялар стандартына жауап беретiн екi байланыс жүйесiн, компьютерлер терминалын орнатады және ұстап тұрады.
Осыған байланысты:
 
      а) осы Хаттаманың 5-бабында қамтылған немесе өзара шарт негiзiндегi жағдайды қоспағанда, әр Тарап осы Хаттаманы орындау мақсатына жауап беретiн ақпаратты қорғау құралдары мен жергiлiктi хабар желiсiне сәйкес өздерiнiң меншiктi терминалдарын сатып алуына, орнатуына, пайдалануына және қызмет көрсетуiне жауапты болады;
 
      б) коммуникациялық жүйе мүмкiндiктерiмен толық сыйымды болып табылатын сканер және компьютер файлдарын қамтамасыз етуге қабілетті, онымен байланысты бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады;
 
      в) Қазақстанның Ұлттық орталығынан Құрама Штаттардың Ұлттық

 

орталығына тiкелей хабарлар орыс тілiнде және Құрама Штаттардың Ұлттық

орталығынан Қазақстанның Ұлттық орталығына ағылшын тiлiнде берiледi және

қабылданылады;


     г) тапсыру және пайдалану рәсiмдерi Ұлттық орталықтар арасындағы

байланыс мақсатының қажетiне қарай бейiмделген, және Тараптардың арасында

келiсiлген рәсiмдерге сәйкес болады.


                                   4-бап


     Байланыс желiсiнiң қызмет етуiн үйлестiру үшiн, қажеттi қорғалған

қызмет байланысын орнатады және қызмет көрсетедi.


Осыған байланысты:



 
       а) Осы Хаттаманың 2-бабының а) тармағында айтылғанындай, ақпаратты қорғау құралдарымен қолданылатын қызметтiк байланыс терминалдарының, кириллица үшiн стандартты орыс клавиатурасы мен Құрама Штаттардың латын шрифi үшiн стандартты клавиатурасы және операторлар арасында хабарлар алмасу үшiн катод сәулелi түтiгiмен дисплейi болады. Орыс клавиатурасының кестесi белгiленген талапқа сәйкес болуы керек немесе Тараптар арасындағы өзара келiсiм негiзiнде өзгеруi мүмкiн;
 
      б) операторлардың жұмысын үйлестiру үшiн қызметтiк байланыс жүйесiнiң кескiн үйлесiмi, хабарды жөнелткенге және қабылдағанға дейiн осындай хабарларды үйлестiруге қатысты барлық ақпаратпен алмасуға мүмкiндiк беру керек;
 
      в) берiлуге байланысты қызметтiк байланыс жүйесi бойынша хабарлар, осы Хаттаманың 2-бабының а) тармағында көрсетiлген ақпараттарды қорғау құралдарын қолданумен шифрланады;
 
      г) қызметтiк байланыс желiсi үшiн, хабарлар берудегi модемдер мен байланыс желiсi қолданылады;
 
      д) қызметтiк байланыс желiсi бойынша алмасу жүзеге асырылатын барлық ақпараттардың мұрағаттық көшiрмесi болу үшiн, жабдықтар құрамына принтер енгiзiледi. Осы келiсiм талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн принтердiң нақты кескiн үйлесiмiн Тараптар айқындауы мүмкiн.
 

                                   5-бап



 
 
       Ұлттық орталықтар арасында тiкелей байланыс орнату үшiн Тараптар арасында келісiлген сыйымды жабдықтар мен тиістi қызмет көрсету рәсiмдерi қолданылады. Осы мақсат үшiн Қазақстан Тарабы МАБЖ жөнiндегi келiсiмге сәйкес телекоммуникация және қызметтiк байланыс үшiн қажеттi жабдықтарды, қорған құралдарын және қосалқы бөлшектерді пайдаланады, олардың көбiн Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына МАБЖ жөнiндегi келiсiм негiзiнде пайдалануға берген.

 

     МАБЖ жөнiндегi келiсiмнiң мерзiмi бiткенде, МАБЖ жөнiндегi келiсiм

негiзiнде пайдалануға берiлген барлық құралдар, одан әрi де осы Келiсiмде

айтылған мақсатта ғана қолданылады.


                                   6-бап


     Жабдықтардың кескiн үйлесiмiн және телекоммуникация жүйесiн пайдалану

мен қызмет көрсету үшiн қажеттi ақпараттар алмасуды қамтамасыз етедi.


                                   7-бап


     Жабдықтардың және байланыс желiсiнiң, қызметтiк байланыс желiсiн қоса

алғанда үзiлiссiздiгiн, қорғалғандығын және сенiмдi жұмыс iстеуiн

қамтамасыз ету үшiн осы Хаттамаға сәйкес жауапты болатын әр Тарап барлық

мүмкiн шараларды қолданады.


                                   8-бап



 
       Байланыс желiсiн пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және одан әрi

 

дамытуға жұмсалатын шығындарды қалай бөлу мен есептеу Тараптардың

техникалық сарапшылары арасындағы өзара келiсiм-шарт негiзiнде айқындалады.


                                   9-бап


     Осы Хаттамада қамтылған дағдылы шараларды орындауға қатысы бар

мәселелердi қарау үшiн және одан әрi өзара келiсiм-шарт негiзiнде және

қажеттiлігiне қарай Ұлттық орталықтардың өзара келiскен функцияларына жету

үшiн және телекоммуникация байланысы мен ақпараттар технологиясын

жетілдіру мақсатында Тараптардың техникалық сарапшыларының кездесуі

шақырылады.




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады