Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Беларусь Республикасының Президентi А.Г.Лукашенконың 1999 жылғы 3-4 қарашадағы Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындылары бойынша берiлген "Қазақстантрактор" ашық акционерлiк қоғамының базасында "Минск трактор заводы" өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрлескен МТЗ-80/82 тұрпатты доңғалақты тракторларды құрастыру жөнiндегi өндірістi құру туралы тапсырмасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстантрактор" ашық акционерлiк қоғамында "Беларус" тракторларын сату және құрастыру жөнiндегi жұмыстың бағдарламасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi:
"Қазақстантрактор" ашық акционерлiк қоғамына "Минск трактор заводы" өндiрiстiк бiрлестiгiмен Лицензиялық келiсiм мен Лицензиялық шарт жасасу кезiнде қажеттi жәрдем көрсетсiн;
"Қазақстантрактор" ашық акционерлiк қоғамында доңғалақты тракторларды құрастыру процесiн ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырсын;
республикада делдалдық желiнi ұйымдастыру және МТЗ-80/82 тұрпатты тракторларға сервистiк қызмет көрсету орталықтарын құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, қоса берiлiп отырған 2001-2002 жылдары тракторлар сатып алу және құрастыру жөнiндегi бағдарламаны қаржыландырудың тетiгiн пысықтасын және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бірлесіп осы қаулының 3-тармағына сәйкес доңғалақты тракторларды сатып алу мен құрастыруды қаржыландырудың тетігі негізінде, "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамының делдалдық желісі арқылы сатылатын доңғалақты тракторларды қоспағанда, доңғалақты тракторларды бөлінген қаржының қайтарылуын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне лизингке берудің схемасы бойынша ұсыныс
әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне
енгізсін.
5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 25 ақпандағы
N 302 қаулысына
қосымша
"Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамында
"Беларус" тракторларын сату және құрастыру
жөніндегі жұмыстың
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. 10 жылдық мерзімге Лицензиялық келісім ("Қазақстантрактор" ААҚ-ның
базасында "Беларус" тракторларын шығаруды ұйымдастыру туралы) мен
Лицензиялық шарт (тауар белгісіне) жасалсын.
Мерзімі - 2000 жылдың ақпаны.
2. Заңдарда белгіленген тәртіппен 2000-2002 жылдары Қазақстан
Республикасына 1608 трактор мен 1392 трактор жиынтықтарын беруге
келісімшарт жасалсын, оның ішінде:
---------------------------------------------------------------------------
Жыл Тракторлардың Трактор жиынтықтарының "Минск трактор заводы"
саны, дана саны, дана ӨБ арналған трактор
жиынтықтарын жинақтау
проценті,%
---------------------------------------------------------------------------
2000 808 96 (сәуір) 100
96 (тамыз) 95
---------------------------------------------------------------------------
2001 500 500 80
---------------------------------------------------------------------------
2002 300 700 70
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны: Тракторлар - 1608 дана
Трактор жиынтықтары - 1392 дана
Берулер 2000 жылы "Белресурсы" концерні арқылы
жүргізіледі
3. "Минск трактор заводы" ӨБ техникалық құжаттаманы
"Қазақстантрактор" ААҚ-на береді:
3.1. құрсауға, арбаларға (1 данадан), құрастыруды бабына келтірудің
технологиялық процесіне, жүргізіп баптауға.
Мерзімі - 2000 жылдың 27 қаңтары.
3.2. құрастыруды ұйымдастыруға арналған техникалық құжаттаманы - Лицензиялық келісімге қол қойылған күннен бастап 5 күннің ішінде.
3.3. бөлшектердi шығаруды игеруге арналған техникалық құжаттаманы - Лицензиялық келiсiм бойынша алғашқы төлемдi орындағаннан кейiн.
4. "Қазақстантрактор" ААҚ тракторларды құрастыруды жүзеге асыру үшiн қажеттi жабдықтарды, құралдарды әзiрлейдi.
Мерзiмi - 2000 жылдың сәуiрi.
5. "Қазақстантрактор" ААҚ МТЗ-80/82 тракторын құрастыру үшін конструктивтік құжаттамаларды әзірлейді және жұмыс iстеп тұрған конвейердi дайындауды жүзеге асырады.
Мерзiмi - 2000 жылдың сәуiрi.
6. "Қазақстантрактор" ААҚ тракторлардың түрлi жүйелерiн тексеру үшiн сынақ стендтерiн дайындайды.
Мерзiмi - 2000 жылдың мамыры.
7. Трактор жиынтықтарын берудi "Қазақстантрактор" ААҚ-ның тракторларды құрастыруға дайын екендiгi туралы жазбаша растауы бойынша "Минск трактор заводы" ӨБ жүзеге асырады.
8. "Минск трактор заводы" ӨБ алғашқы 10 тракторды құрастыруға көмек көрсету және қызметшiлердi үйрету үшiн техникалық мамандарды iссапарға жiбередi. Мамандардың шығыстарын төлеу жеке шарт бойынша қабылдайтын жақтың есебiнен жүзеге асырылады.
Мерзiмi - "Қазақстантрактор" ААҚ-ның шақыруы бойынша.
9. "Қазақстантрактор" ААҚ "МТЗ" ӨБ-мен келiсiм бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Алтай өлкесiнiң, Ресей Федерациясының Новосибирск, Омск облыстарының аумақтарында, сондай-ақ ҚХР мен Yндiқытай елдерiнiң "МТЗ" ӨБ өнiмдерiне сервистiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ете отырып, делдалдық желi ұйымдастырады.
10. "Қазақстантрактор" ААҚ 2000 жылдың қыркүйек-қазан айларында
Беларусь және Қазақстан Республикаларының ресми тұлғаларын шақыра отырып,
МТЗ - 80/82 тракторларын құрастыру өндiрiсiнiң ресми ашылуын жоспарлап
отыр.
11. 2000 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша "Минск трактор заводы" ӨБ
бiрлескен доңғалақты тракторлар өндiрiсi жөнiндегi АҚ немесе БК құру
туралы мәселе қарайды.
Мерзiмi - 2000-2001 жылдар.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.