Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 262 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 1 наурыз N 330. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.25. N 773 қаулысымен

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтерiн көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына , "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:"; 
      4-тармақтағы "оған Ұлттық Банкiнiң банкноттық фабрикасы айқындаған, оларды дайындауға арналған шығыстар сомасына сәйкес мөлшерде лицензиаттардан лицензиялар бланкiлерiн дайындағаны үшiн ақы өндiрiп алуға оған рұқсат бере отырып" деген сөздер алынып тасталсын; 
      1) аталған қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты емес, ақылы заң қызметiн көрсетудi лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде: 
      мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына", "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақта: 
      "заңды тұлғаларға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "және олардың филиалдарына" деген сөздер "шетелдiк заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақтағы "аумақтық" деген сөз алынып тасталсын; 
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және оның қызметi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады."; 
      10-тармақта: 
      үшiншi абзац "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын; 
      төртiншi абзац алынып тасталсын; 
      11-тармақта: 
      бiрiншi абзацтағы "(оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғалар), сондай-ақ, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары" деген сөздер алынып тасталсын; 
      екiншi абзацтағы "(есептiк)", "шетелдiк заңды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын; 
      үшiншi абзацтағы "(ережелерiнде)" деген сөз "(коммерциялық емес ұйымдар үшiн)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi абзацтағы "(10-тармақтың 3-тармақшасын қоспағанда)," "(шетелдiк заңды тұлға филиалының)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      бесiншi абзацтағы "(кәсiпорынның)", "(шетелдiк заңды тұлғаның филиалының)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      12-тармақта: 
      бесiншi абзацтағы "көшiрмесi" деген сөз "нотариалдық расталған көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      алтыншы абзац алынып тасталсын; 
      13-тармақтың алтыншы абзацындағы "көшiрмесiн" деген сөз "нотариалдық расталған көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      15-тармақ "мерзiмнен" деген сөзден кейiн ", ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "17. Лицензиат жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда бiр ай мерзiмде, оған көрсетiлген өзгерiстi растайтын құжатты қоса беру арқылы, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 
      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады.
      Лицензия жоғалған кезде Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесi берiледi. Лицензияның көшiрмесiн бергенi үшiн осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым төленедi.";
      21-тармақтың төртiншi абзацындағы "Лицензиатты (жеке тұлғаны)  қылмыстық iстер бойынша жауапкер ретiнде жауапқа тартқан немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      23 және 29-тармақтар алынып тасталсын;
      32-тармақта:
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлғаны тарату туралы қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiмдi қабылдаған органға қарамастан, Лицензиарға хабарлауға мiндеттi.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Лицензиарға орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға мiндеттi.";
      33-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн заңдарда белгiленген лицензиялық алымның негiзгi ставкасынан 50 процент мөлшерiнде ақы алынады."; 
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Лицензиялардың көшiрмесiн бергенi үшiн лицензияларды беру кезiнде қолданылып жүрген заңдарда белгiленген мөлшерде лицензиялық алым алынады."; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде: 
      мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына", "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақтағы "мен аумақтық әдiлет органдары" деген сөздер алынып тасталсын; 
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және оның қызметi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады"; 
      11-тармақтың үшiншi абзацындағы "(ережесiнде)" деген сөз "(коммерциялық емес ұйымдар үшiн)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      12-тармақтың үшiншi абзацындағы "түгендеу" деген сөзден кейiн "(техникалық зерттеу)" деген сөздермен толықтырылсын; 
      төртiншi абзац алынып тасталсын; 
      14-тармақта: 
      төртiншi абзацтағы "көшiрмесiн" деген сөздiң алдына "нотариалдық расталған" деген сөздермен толықтырылсын: 
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін немесе әрекет ететін қызметкер(лер)дiң еңбек кiтапшасының жылжымайтын мүлiктi бағалау саласындағы талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесiн не жылжымайтын мүлiк объектiлерiн техникалық түгендеу (техникалық зерттеу) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн растайтын немесе өзге де құжаттың нотариалдық расталған көшiрмесiн; 
      заңды тұлғаның атынан жұмыс iстейтiн немесе әрекет ететiн қызметкер(лер)дiң жоғарғы экономикалық немесе техникалық бiлiмi туралы дипломының нотариалдық расталған көшiрмесiн ұсынады."; 
      15-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "еңбек кiтапшаның немесе жылжымайтын мүлiктi бағалау саласындағы талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесiн не жылжымайтын мүлiк объектiлерiн техникалық түгендеу (техникалық зерттеу) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн растайтын басқа да құжаттың нотариалдық расталған көшiрмесiн;"; 
      16-тармақтағы "30 күннен артық емес мерзiмде" деген сөздер "бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "18. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда Лицензиат бiр ай мерзiмде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 
      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн осы Ереженiң 34-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады. 
      Лицензия жоғалған кезде Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесi берiледi. Лицензияның көшiрмесiн бергенi үшiн осы Ереженiң 34-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады."; 
      33-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "Лицензиарға мұндай шешiмдi қабылдаған органға қарамастан заңды тұлғаны тарату туралы қабылданған шешiм туралы хабарлауға; 
      Лицензиарға орналасқан (тұратын) жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға"; 
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "34 Лицензия қолданып жүрген заңдарға сәйкес лицензиялық алым төлейдi. 
      Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн заңдарда белгiленген лицензиялық алымның негiзгi ставкаларынан 50 процент мөлшерiнде ақы алынады.
      Лицензиялардың көшiрмесiн бергенi үшiн лицензияларды беру кезiнде қолданылып жүрген заңдарда белгiленген лицензиялық алым алынады."
      35-тармақ алынып тасталсын.";
      3) көрсетілген қаулыға 1,2,5 және 6-қосымшалар осы қаулыға 1,2,3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                              Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                   2000 жылғы 1 наурыздағы
                                  N 330 қаулысына 1-қосымша

                                "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       1997 жылғы 15 тамыздағы
                                     N 1262 қаулысына 1-қосымша

                Қазақстан Республикасының Елтаңбасы      

                Адвокаттық қызметпен байланысты емес
               ақылы заң қызметін көрсету құқығына
     

                        Мемлекеттік лицензия

    __________________________________________________берілді
         (заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады.

     Лицензияны берген мемлекеттік орган__________________________
     _____________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)       

     Берілген күні "__"___________      __________________жыл
     Тіркеу N_____________________
     _____________________________________________________________
           (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы)    ."

 
                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     2000 жылғы 1 наурыздағы
                                     N 330 қаулысына 2-қосымша
    

                               "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     1997 жылғы 15 тамыздағы
                                    N 1262 қаулысына 2-қосымша                  

                Қазақстан Республикасының Елтаңбасы     

               Адвокаттық қызметпен байланысты емес
               ақылы заң қызметін көрсету құқығына
   

                     Мемлекеттік лицензия     

     __________________________________________________берілді
         (заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады.     

     Лицензияны берген мемлекеттік орган__________________________
     _____________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)       

     Берілген күні "__"___________      __________________жыл
     Тіркеу N_____________________
     _____________________________________________________________
           (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы)    ."

                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2000 жылғы 1 наурыздағы
                                      N 330 қаулысына 3-қосымша     

                                 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      1997 жылғы 15 тамыздағы
                                     N 1262 қаулысына 5-қосымша            

                Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

               Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі
                  қызметті жүзеге асыру құқығына

                      Мемлекеттік лицензия     

     ______________________________________________берілді
           (жеке тұлғаның толық аты-жөні)     

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады

     Лицензияны берген мемлекеттік орган____________________________
     ______________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)

     Берілген күні"___"_____________   __________________жыл
     Тіркеу N__________________________________
     ______________________________________________________________
            (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы)    ."

     

                               Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                    2000 жылғы 1 наурыздағы
                                    N 330 қаулысына 4-қосымша     

                              "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                    1997 жылғы 15 тамыздағы
                                    N 1262 қаулысына 6-қосымша                

               Қазақстан Республикасының Елтаңбасы     

              Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі
                  қызметті жүзеге асыру құқығына
 
                      Мемлекеттік лицензия

     ______________________________________________берілді
         (заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады     

     Лицензияны берген мемлекеттік орган____________________________
     ______________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)

     Берілген күні"___"_____________   __________________жыл
     Тіркеу N__________________________________
     ______________________________________________________________
            (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы)    ."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады