Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы N 173 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 4 наурыз N 354

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы N 173 P000173_ қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 72500 (жетпіс екі мың бес жүз) теңге бөлсін;";

 

     2-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "1) Осы қаулының 1-1-тармағында көрсетілген ақшадан басқа

"ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру үшін

берілетін мүліктің тізбесін айқындасын;".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады