Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 наурыз N 382


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     
     1. 1999 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы 
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы 
келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының
          Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық
             жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы
                               Келісім 
     
       (2000 жылғы 23 қарашада күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары 
                   бюллетені, 2001 ж., N 6, 65-құжат) 
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен 
Армения Республикасының Yкiметi,


      Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасындағы қарым-қатынастардың негіздерi туралы 1993 жылғы 19 қаңтардағы шарттың негiзгi ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      толық теңдiк, тату көршiлiк, өзара тиiмдiлiк және халықаралық құқық принциптерi негізiнде екi жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуге басым маңыз бере отырып,
      қолайлы кәсiпкерлiк және инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы тығыз және жемiстi өзара iс-қимылды жолға қоюдың маңыздылығын тани отырып,
      екi елдiң шаруашылық қызметiн жүргізушi субъектiлерiнiң, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, кәсiпкерлiк белсендiлiгiне, олардың арасындағы iскерлiк байланыстардың орнауына және ұзақ мерзiмдi дамуына мүмкiндiк туғызуға тiлек бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

                            1-бап

      Тараптар бұдан әрi Комиссия деп аталатын Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-армян комиссиясын құрады.
      Комиссияның негiзгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
      - Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық қызметiн жүргiзушi субъектiлерiнiң, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, сауда, инвестиция және экономикалық ынтымақтастықтың басқа да салаларындағы өзара тиiмдi ынтымақтастығын дамытудың перспективалық бағыттары мен басымдық берiлетiн салаларын қарау және келiсу;
      - сауда, инвестиция және экономикалық ынтымақтастықтың басқа да салаларында үкiметаралық және ведомствоаралық шарттардың жобаларын әзiрлеу және келiсу, сондай-ақ оларды одан әрi жүзеге асырудың мониторингi және осы мiндеттердi орындауға байланысты Тараптардың уәкiлеттi органдарының қызметiн үйлестіру;
      - "дөңгелек үстелдердi", конференцияларды және көрмелердi, сондай-ақ сауда және инвестициялық режимдi мемлекеттiк реттеу жөніндегі шаралар туралы ақпарат алмасуды қоса алғанда, сауда, инвестиция және зкономикалық ынтымақтастықтың басқа да салаларында екi жақты қатынастарды дамытуға бағытталған басқа да iс-шараларды жүргiзу;
      - сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы екi жақты келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру барысында туындайтын ағымдағы мәселелердi қарау, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа нысандарын зерделеу және iздестiру.

                             2-бап

      Тараптар осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн бiр айлық мерзiмде Комиссияның ұлттық бөлiктерiнiң тең төрағаларын, мүшелерi мен жауапты хатшыларын тағайындайды.
      Комиссияның отырыстары жыл сайынғы негізде Астана қаласы мен Ереван қаласында алма-кезек өткiзiлетiн болады. Отырыстардың өтетiн күнi, күн тәртiбi және регламентi Комиссияның тең төрағалары арасында алдын ала келiсiлетiн болады.
      Отырыстарды ақпараттық қамтамасыз етудi, материалдарды әзiрлеу мен таратуды, басқа да құжат айналымдарын Комиссияның жауапты хатшылары жүзеге асыратын болады.

                              3-бап

      Комиссия жұмысының негiзгі түрi осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес өткiзiлетiн тұрақты отырыстар, сондай-ақ оның экономикалық ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыс топтарының, оның iшiнде:
      - сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыс тобының;
      - шағын және орта кәсiпкерлiк жөнiндегi жұмыс тобының өзара консультациялары болып табылады.

                              4-бап

      Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі жұмыс тобының өзара консультациялары экономикалық даму процесi және Тараптар қабылдайтын нормативтiк құжаттар туралы құпия емес ақпараттар алмасу, сондай-ақ олардың сауда мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастық перспективаларына ықпал етуiн талқылау бағытында, оның iшiнде мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
      - экономиканың нақты секторының, бюджеттiк, әлеуметтiк және ақша-несие салаларының көрсеткiштерiн қоса алғанда, негізгi макроэкономикалық мөлшердiң жәй-күйi мен даму тенденциясы;
      - сыртқы сауда және төлем балансының, шет мемлекеттермен және халықаралық экономикалық ұйымдармен экономикалық ынтымақтастықтың дамуының жай-күйi;
      - сауда және инвестициялық режимнiң нормативтік құқықтық базасы, оның iшiнде салық салуды, сыртқы сауданы, қызмет көрсетудi, жүктер мен жолаушылардың транзитiн, инвестицияны көтермелеу мен қорғауды тарифтiк және тарифтiк емес реттеу тауарларды (көрсетiлетiн қызметтердi, атқарылатын жұмыстарды) сертификаттау және шаруашылық дауларды қарау тәртiбi.

                               5-бап

      Шағын және орта кәсiпкерлiк бойынша жұмыс топтарының өзара консультациялары құпия емес ақпаратты алмасу бағытында жүзеге асырылатын болады және мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеудi қамтиды:
      - шағын және орта кәсiпкерлiктi нормативтiк құқықтық реттеу, кәсiпорындарды жекешелендiру жөне акцияландыру;
      - шағын және орта кәсiпкерлiктi салықтық және несиелiк ынталандырудың iс-шаралары мен тетiктерi, жалға алу қатынастары мен қаржылық лизингтi дамыту;
      - шағын және орта кәсiпкерлiк кадрларын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде семинарлар, көрмелер және басқа да iс-шаралар өткiзу iскерлiк байланыстарды орнату және дамыту.

                               6-бап

      Кезектi отырыстарда қарау үшiн Комиссияның жұмыс топтарының анықтамалық және талдау материалдарын, сондай-ақ ықтимал кеңестер мен ұсыныстарды Комиссияның тең төрағалары енгiзетiн болады.

                                7-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi орындағаны туралы соңғы мәлiмдеме алынған күнi күшiне енедi және бес жыл бойында қолданыста болады. Егер Тараптардың бiрде-бiрi Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн кем дегенде алты ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша

нысанда хабарламаса, осы Келiсiмнiң қолданысы келесi бесжылдық кезеңге 
өздiгiнен ұзартылады.
     
     Астана қаласында 1999 жылғы 2 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, армян және 
орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң 
күшi бiрдей.
     
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi мәтiн 
пайдаланылады.
     
     Қазақстан Республикасының       Армения Республикасының
           Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін 
     
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.М.
       Орынбекова Д.К. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады