Рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 наурыз N 387. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.10.30. N 1379 қаулысымен. ~P011379

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылы жөніндегі қызметін үйлестіру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың екінші жарты жылдығына және 2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі

 

іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6

тамыздағы N 1108 


P991108_
 

  қаулысын орындау мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мынадай құрамда Рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі

ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:


     Өтембаев              - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Ержан Әбілхайырұлы      Министрінің орынбасары, төраға


     Сәйденов              - Қазақстан Республикасының

     Әнуар Ғалимоллаұлы      Қаржы вице-министрі, төрағаның

                             орынбасары


     Ақанов                - Қазақстан Республикасының

     Серік Ахметжанұлы       Экономика бірінші вице-министрі


     Құдышев               - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Мұрат Тиышбекұлы        Банкі төрағасының орынбасары

                             (келісім бойынша)



     Жолдасбеков           - Қазақстан Республикасы

     Азамат Мырзаданұлы      Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық

                             комиссиясының төрағасы

                             (келісім бойынша)


     Қуанышев              - Қазақстан Республикасы

     Дулат Оразбекұлы        Инвестициялар жөніндегі агенттігінің

                             төрағасы


     Жолдасбаев            - Қазақстан Республикасының

     Сансызбай Елеусізұлы    Статистика жөніндегі агенттігі

                             төрағасының орынбасары


     2. Комиссия туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкiметiнiң

                                           2000 жылғы 13 наурыздағы

                                               N 387 қаулысына

                                                   қосымша


          Рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөнiндегі

            ведомствоаралық комиссия туралы


                        ЕРЕЖЕ


                  1. Жалпы ережелер



 
       1. Рейтингтiк агенттiктермен жұмыс жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, негiзгi қызметi борыштық мiндеттемелер эмитентiнiң несиенi өтеу қабiлетiнiң тәуелсiз бағасын беру болып табылатын халықаралық рейтингтiк агенттiктермен өзара iс-қимыл бөлiгiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды және осы Ереженi басшылыққа алады.
 
                 2. Комиссияның негізгі мiндеттерi
 
      3. Комиссияның негiзгi мiндетi:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының рейтингтiк агенттіктермен өзара iс-қимылы жөнiндегi шараларды үйлестiру;
      2) ақпараттық процестердi басқару тетiгiн жетiлдiру және рейтингтiк агенттiктермен ақпараттық өзара iс-қимылды жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
 
                   3. Комиссияның қызметi
 
      4. Комиссия өзiне жүктелген тапсырмаларға сәйкес заңдармен белгiленген тәртiпте мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
      1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған рейтингтік агенттiктермен өзара iс-қимыл жөнiндегi ағымдағы iстердiң жай-күй туралы материалдарды қарайды;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары рейтингтiк агенттiктерге беретiн қажеттi ақпаратты уақтылы жинау және өңдеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      3) рейтингтiк агенттiктермен тұрақты түрде ақпараттар алмасу жүйесiнiң жұмыс істеуіне және жетiлдiруiне жағдай жасайды;
      4) рейтингтiк агенттiктермен неғұрлым тиiмдi өзара iс-қимылды ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      5) Қазақстан Республикасындағы саяси, әлеуметтiк және экономикалық жағдайды сипаттайтын ақпарат қамтылған рейтингтiк агенттiктер беретiн материалдарды дайындау процесiн үйлестiредi;
      6) Қазақстан Республикасының несиелiк рейтингiн тиiстi қайта қарауды дайындау кезiнде көмек көрсету жөнiндегi несиелiк-рейтингтiк кеңесшiлердi тағайындау туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      7) әр түрлi капитал рыноктарында қарыз алудың басым нұсқаларын қарайды және оларды мемлекеттiк қарыз алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қарауына енгiзедi;
      8) халықаралық рейтинггiк агенттiктердiң iшкi рейтингтiк агенттiктер ретiнде қазақстандық қаржы рыногында жұмыс iстеуi үшiн Қазақстан Республикасында өздерiнiң еншiлес бөлiмшелерiн құруына ықпал жасайды;
      9) Қазақстан Республикасында рейтингтiк агенттiктер өкiлдерiнiң кездесулер өткiзуiн және сапарларын ұйымдастыруды үйлестiредi;
      10) Комиссияның жұмыс органы енгiзетiн өзге де мәселелердi қарайды.
 
                  4. Комиссияның құқықтары
 
      5. Комиссия өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттерiн орындау кезiнде:
      1) өз құзыретi шегiнде рейтингтiк агенттiктермен неғұрлым тиiмдi

 

өзара iс-қимыл жасау мақсатында хаттамалар түрiнде шығарылатын ұсынымдық

сипаттағы шешiмдер қабылдау;

     2) Комиссияның құзыретiне қатысты мәселелер бойынша нормативтiк

құқықтық актiлердi әзiрлеуге ұсыныс енгiзу және қатысу;

     3) министрлiктерден, агенттiктерден, жергiлiктi атқарушы органдардан

және Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн өзге де мемлекеттiк органдардан өзiнiң

құзыретiне енетiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты сұрату;

     4) қаралатын мәселелерге қосымша сараптама бағасын жүргiзу үшiн

орталық атқарушы органдардың қызметкерлерi арасынан сарапшыларды тарту

құқығына ие.


           5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру


     6. Комиссияның органдары:

     1) жұмыс органы;

     2) Комиссияның төрағасы;

     3) төрағаның орынбасары.


 
       7. Коииссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның мәжiлiстерiне төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта, оның мiндетiн орынбасары орындайды.
      8. Комиссия және оның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады және таратылады.
      9. Комиссияның мәжiлiстерi қажеттiлiкке орай, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес, оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы болған кезде өткiзiледi.
      10. Комиссияның мәжiлiсiне Комиссияның құрамына кiрмейтiн компаниялар мен ұйымдардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
      11. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлгенде, қабылданды деп есептеледi. Шешiмдер қабылдау кезiнде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда Комиссия Төрағасы дауыс

 

берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

     13. Комиссия мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiндегi мәселелердi қараудың

нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындылары көрсетiле

отырып, Комиссия мәжілiстерiне қатынасқан Комиссия мүшелерінің қолдары

қойылатын тиiстi хаттамаларға енгiзiледi.

     14. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгi болып табылады.



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады