Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 431 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1395 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1395  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N  2200  заң күші бар Жарлығына сәйкес және ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Үкіметінің                 
2000 жылғы 21 наурыздағы         
N 431 қаулысымен             
бекітілген                 

  Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті
пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға 
лицензия берудің ережесі

  1. Жалпы ережелер 

       1. Осы Ереже заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет ретінде Қазақстан Республикасында ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялар берудің және оның есебін жүргізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. 
      2. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті лицензиялаудың мақсаты: 
      1) ғарыштық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 
      2) ғарыштық қызмет саласында қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. 
      3. Заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет ретінде ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруы міндетті лицензиялауға жатады. 
      4. Ғарыштық кеңістікті тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелерді бұзу арқылы пайдалануға байланысты қызметпен айналысу заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеліп соқтырады. 
      Лицензиялық тәртіп орнатылған қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кіріс белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке алынуға жатады. 
      5. Зымырандық-ғарыштық техниканы жасауды, шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және жетілдіруді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жердің бетіндегі инфрақұрылымдарды (полигон, командалық-өлшеу кешені, стенділік база және т.б.) пайдалануды қоса алғанда, ғарыштық кеңістікті пайдалану жөніндегі барлық қызмет ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызмет болып табылады.
     6. Лицензиялардың түрлері.
     Лицензиялар мынадай белгілері бойынша ажыратылады:
     1) Субъектілер бойынша:
     ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берілетіндер;
     ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметтті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетіндер.
     2) Қызметтің көлемі бойынша:
     бас-мерзімі шектелместен ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған.
     3) Қолданылуының аумақтық аясы бойынша:
     қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын;
     қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағымен шектелетін.
     7. Лицензиялауды жүзеге асыратын орган:
     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметке лицензия беру жөніндегі лицензиар болып табылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1111 , 2007.05.29. N  438  қаулыларымен.

      

  2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі 

 
      8. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер заңды немесе жеке тұлға (лицензиат) осы Ережеде айқындалған біліктік талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
      9. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер заңды тұлға, лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін; 
      3) лицензиялық алым төленгені туралы түбіршекті; 
      4) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысын ұсынуға міндетті. 
      10. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 
      2) лицензиялық алым төленгені туралы түбіршекті; 
      3) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысын ұсынуға міндетті. 
      11. Заңды тұлға құрмастан ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер жеке тұлға, лицензияны, заңды тұлға үшін белгіленген тәртіппен алады. 
      12. Лицензиар заңдарда белгіленген тәртіппен лицензия алуға ұсынылған материалдарға сараптама жүргізуге ғылыми-зерттеу және оқу орындарының, консалтингтік фирмалардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқықты. 
      13. Лицензия қажетті құжаттар қоса ұсынылған өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен кешіктірілмей беріледі. 
      14. Қызметтің әр түріне қызметтің басқа түрлері үшін пайдаланылмайтын жеке лицензия беріледі. 
      Егер олар бірыңғай технологиялық кешенді білдіретін болса, қызметтің бірнеше түрін жүргізуге бір лицензия беруге рұқсат етіледі. 
      15. Заңды және жеке тұлғалардың ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
      16. Лицензия беруден бас тарту. 
      Егер: 
      1) субъектілердің осы санаты үшін ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса; 
      2) осы Ереженің 9 және 10-тармақтарына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса; 
      3) ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметпен айналысу құқығы үшін алым енгізілмесе; 
      4) өтініш беруші осы Ережемен белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе; 
      5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі болса, заңды және жеке тұлғаларға лицензия берілмейді. 
      Өтініш беруші, лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді жойған жағдайда, өтініш жалпы негіздерде қаралады. 
      Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге, лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. 
      17. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмеген немесе бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінген жағдайда, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 
      18. Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған шығындарды өтеу азаматтық заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
      19. Лицензия қолданылуын: 
      1) лицензия берілген мерзім аяқталған; 
      2) жүзеге асыруға лицензия берілген іс-әрекет толық көлемде жасалған; 
      3) лицензия қайтарып алынған; 
      4) жеке тұлға қызметін тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда тоқтатады. 
      20. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаға лицензия заңдарда белгіленген тәртіппен беріледі.
     21. Заңды тұлға қайта тіркелген жағдайда, лицензия мерзімі аяқталғанша сақталады.
     22. Лицензияны, мынандай жағдайларда лицензиар:
     1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаса;
     2) сот лицензиатқа қызметті жүзеге асыруға оның лицензиясы бар түрімен айналысуға тыйым салса;
     3) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылмаса, сот жолымен қайтарып алуы мүмкін.
     23. Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.  
     24. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселелер қаралған кезде лицензия иесінің осы мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға құқығы бар. Мәселені қарау лицензия иесінің тікелей қатысуымен жүргізіледі.
     25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім лицензияның иесіне ол қабылдағаннан кейін он күндік мерзімде жазбаша түрде хабарланады.
     26. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейін лицензияның қолданылуы лицензиардың қорытындысы негізінде жаңартылады.
     27. Қолданылуы тоқтатылған лицензия, он күн мерзім ішінде лицензиялық органға тапсырылуы тиіс.     

  3. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары  

      28. Заңды тұлғаларға араналған біліктілік талаптары:
      1) қызметі ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты болатын ұйымның жетекшісінің лауазымынан үміткер (немесе сондай болып табылатын) адамның біліктілікке сәйкес үш жылдан кем емес стажымен бірге зымырандық және ғарыштық бейіндегі жоғары білімі болуын; 
      2) ұйым қызметкерлерінің білікті құрамы үшін біліктілікке сәйкес үш жылдан кем емес стажымен бірге зымырандық және ғарыштық бейіндегі арнаулы білімі болуын; 
      3) қызметтің өтініш берілген түріне сәйкес техникалық және өндірістік базасының болуын; 
      4) қызметтің лицензияланатын түрлерінде пайдаланылатын техника мен жабдықтарға техникалық құжаттардың болуын; 
      5) жобаның мақсаты, өндіріс қанат жаятын немесе қызмет көрсету ұсынылатын аумақ, технологиялық процесстің сипаттамасы, техникалық параметрлерін көрсету арқылы таңдап алынған жабдықтың түрі көрсетілген техникалық жобаның болуын; 
      6) экологиялық қадағалау органының қорытындысын; 
      7) санитарлық қадағалау органының қорытындысын қамтиды. 
      29. Жеке тұлғаларға арналған біліктілік талаптары: 
      1) лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның біліктілікке сәйкес үш жылдан кем емес стажымен бірге зымырандық және ғарыштық бейіндегі жоғары білімі болуын;
     2) жобаның мақсаты, өндіріс қанат жаятын немесе қызмет көрсету ұсынылатын аумақ, технологиялық процестің сипаттамасы, техникалық параметрлері көрсетілген, таңдап алынған жабдықтың түрі көрсетілген техникалық жобаның болуын;
     3) экологиялық қадағалау органының қорытындысын;
     4) санитарлық қадағалау органының қорытындысын қамтиды.     

  4. Есепке алу және бақылау 

      30. Осы Ереженің негізінде заңды және жеке тұлғаларға берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік орган қатаң есептілік құжаттары болып табылатын лицензиялардың белгіленген үлгідегі бланкілерін береді. Лицензиялық бланкілердің берілуі арнайы журналда есепке алынады.
     31. Лицензиаттың лицензиялық ережелерді сақтауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
     32. Лицензиар өз құзыретінің шегінде лицензиаттан бақылау функцияларын орындау үшін қажетті тиісті құжаттарды ұсынуды талап етуге және жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.
     33. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиар жоғалған лицензияның көшірмесін береді.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады