Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетi Yкiметiнiң арасындағы Кеден iстерiндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысы 2000 жылғы 4 сәуір N 500

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күшi бар Жарлығының 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi ұсынған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Израиль Мемлекетi Yкiметiнiң арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Келiсiмнiң жобасына принциптiк сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Израиль Мемлекетiнiң Yкiметiмен жоғарыда аталған келiсiмге қол қою туралы келiссөздер жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетi

Yкiметiнiң арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара көмек 
туралы Келiсiмге қол қойылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетi
    Yкiметiнiң арасындағы кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара
                             көмек туралы
       
                              КЕЛІСІМ
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi 
мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi,


      кеден заңдарын бұзу Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық, фискальдық және коммерциялық мүдделерiне нұқсан келтiретiнiн мойындай отырып;
      тауарлардың импорты мен экспорты кезiндегi алынатын кеден төлемдерiн және басқа да салықтар мен алымдарды дәлме-дәл бағалауды қамтамасыз етудiң, сондай-ақ олардың шығу тегiн, классификациясын және құнын дәл анықтаудың және тыйым салулар, шектеулер мен бақылауды тиiстi дәрежеде қамтамасыз етудiң маңыздылығын назарға ала отырып;
      есiрткi құралдарының және жүйкеге әсер ететiн заттардың контрабандасы

қоғамға қатер төндiретiнiн ескере отырып;
     Тараптар мемлекеттерiнiң кеден заңдарын сақтау саласында халықаралық 
ынтымақтастығы қажеттiлiгiн тани отырып;
     кеден заңдарын бұзуға қарсы күрес Тараптар мемлекеттерi кеден 
қызметтерiнiң ынтымақтастығы жағдайында анағұрлым тиiмдi болатындығын 
ескере отырып;
     1953 жылғы 5 желтоқсандағы Әкiмшiлiк өзара көмек жөнiндегi кедендiк 
ынтымақтастық Кеңесi кепiлдемесiнiң ережелерiн назарға ала отырып;
     мына төмендегiлер туралы келiстi:
                               1 - бап
                             Анықтамалар
     
     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар пайдаланылады:


      1. "кеден заңдары" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгi мен жолжүгiн, валюталық және басқа да құндылықтарды, халықаралық почта жөнелтілiмдерiн әкелудiң, әкетудiң және транзитiнiң, кеден баждарын, алымдарын және басқа да кеден төлемдерiн өндiрiп алудың, кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер берудiң, тыйым салулар мен шектеулер белгiлеудiң, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк шекаралары арқылы тауарлар айналысын бақылаудың тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы;
      2. "кеден қызметтерi" - Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi, Израиль Мемлекетiнде - Кеден және қосылған құн салығының департаментi.
      3. "кедендiк бұзу" - кеден заңдарын кез-келген бұзу немесе бұзуға әрекеттену;
      4. "сұрау салушы кеден қызметi" - көмек көрсету туралы сұрау салуды жасайтын немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес осындай көмекті алатын кеден қызметi;
      "сұрау салынған кеден қызметi" - көмек көрсету туралы сұрау салуды алатын немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес көмек көрсететiн кеден қызметi;
      5. "ақпарат" - электрондық тасымалдау қызметін қоса алғанда, жауаптар, жазбалар, құжаттар, сондай-ақ олардың куәландырылған көшiрмелерi;
      6. "бақыланатын жеткiзiлiм" - есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына қатысты тұлғаларды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары тұлғаларының рұқсатымен және бақылауымен есiрткi құралдарының, жүйкеге әсер ететiн заттардың партияларын Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелуге, әкетуге немесе транзитiне жол берiлетiн тәсiл;
      7. "тұлға" - жеке немесе заңды тұлға.

                                2-бап
                           Көмек көрсету аясы

      1. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне және өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң құзыретiне жататын кеден заңдарын кез-келген бұзуды болдырмауда, жолын кесуде және тергеудi жүргiзуде бiр-бiрiне көмек көрсететiн болады. Осы Келісімде көзделген көмек Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес көрсетiледi.
      2. Осы Келiсiмде көзделген көмек, бұдан басқа, кеден заңдарын қолдануды, кеден баждары мен салықтарын дәл есептеудi және Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерiнiң тауарлардың классификациясы мен шығарылған елiн дұрыс анықтауды қамтамасыз етуге қабiлеттi ақпарат алмасуды қамтитын болады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген көмек Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң құзыретiндегi барлық рәсiмдердi жүргiзуге арналады. Мұндай көмек көрсету шектеулерсiз, тасымалданатын тауарлардың классификациясы мен құны, айыппұлдарды, тәркiлеудi қолдану рәсiмдерi және кеден заңдарын бұзуға жататын басқа да сипаттамалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
      4. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi кеден мәселелерi жөнiнде бiр-бiрiне техникалық көмек көрсетедi. Мұндай көмек:
      1) кеден қызметi қызметкерлерiнiң арнайы дағдыларды үйренуiн және меңгеруiн;
      2) бақылау мен табудың техникалық құралдарын қолдануда ақпарат және тәжiрибе алмасуды;
      3) контрабандаға қарсы күрес, кедендiк бақылау мен табу мәселелерi жөнiнде тәжiрибелi сарапшыларды алмасуды;
      4) кеден заңдарына, кеден ережелерi мен рәсiмдерiне қатысы бар кәсiби, ғылыми және техникалық деректер алмасуды;
      5) Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi қажеттi деп санайтын кез-келген басқа да техникалық көмек көрсетудi қамтиды.
      5. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң арасындағы өзара көмектi қамтамасыз ету үшiн ғана арналған. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi куәгерлiк жауаптарды алуда, жасыруда немесе жоққа шығаруда, сондай-ақ сұрау салуды орындауға кедергi жасауда жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да құқықтар бермейтiн болады.
                                3-бап



                Құпиялылықты сақтаудың мiндеттемелерi

      1. Өзара көмек көрсету нәтижесiнде алынған ақпарат, сұрау салулар және басқа да мәлiметтер сот талқылауларында қолдануды қоса алғанда, тек осы Келiсiммен анықталған мақсаттар үшiн ғана пайдаланылуы мүмкiн. Мұндай ақпарат, сұрау салулар және басқа да мәлiметтер оларды берген кеден қызметiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана басқа мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес алынған кез-келген ақпаратқа, құжаттарға немесе мәлiметтерге алатын елде осы елдiң өз аумағында алынған оның осындай ақпаратын, құжаттарын немесе мәлiметтерiн әйгiлемеуге қатысты тап сондай қорғалу дәрежесi берiледi.
      3. Сұрау салушы кеден қызметi осы Келiсiмге сәйкес алынған куәгерлiк жауаптарды немесе ақпаратты сұрау салынған кеден қызметiмен алдын-ала келiсiмiнсiз, сұрау салуда көрсетiлгеннен өзге мақсаттарға пайдаланбайды.
                                4-бап



                     Көмек көрсетуден бас тарту

      1. Сұрау салынған кеден қызметi сұрау салуды орындау оның мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, мемлекеттiк саясатына немесе басқа да маңызды мүдделерiне нұқсан келтiруi немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияларын бұзуға әкелiп соғуы мүмкiн деп санаса, сұрау салуды орындаудан бас тартады немесе ол белгiлi бiр шарттарды немесе талаптарды сақтаған жағдайда бас тартады.
      2. Сұрау салуды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салушы кеден қызметi мұндай бас тартудың себептерi туралы кiдiрiссiз хабарланады.
      3. Сұрау салуды орындау тергеу немесе соттық талқылау процесiне ықпалын тигiзетiндей себеп бойынша сұрау салушы кеден қызметiнiң сұрау салуын орындау кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда сұрау салынған кеден қызметi сұрау салынған кеден қызметiне қойылатын шарттармен және талаптармен мұндай көмек көрсету мүмкiндiгi туралы сұрау салушы кеден

қызметiмен кеңестер өткiзедi.
     4. Егер сұрау салушы кеден қызметi екiншi Тараптың кеден қызметi 
осыған ұқсас сұрау салған жағдайда өзi көрсете алмайтын көмектi көрсету 
туралы өтiнiш жасаса, өзiнiң сұрау салуында ол осы жағдайларды көрсетедi. 
Мұндай сұрау салуды орындау сұрау салынған кеден қызметiнiң қарауына орай 
жүзеге асырылады
                               5-бап
                  Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
     
     1. Осы Келiсiмге сәйкес көмек көрсету жөнiндегi сұрау салулар жазбаша 
нысанда жасалады. Сұрау салуларға оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттар 
қоса тiркеледi. Төтенше жағдайлар кезiнде ауызша сұрау салулар қабылдануы 
мүмкiн, алайда, олар кiдiрiссiз жазбаша нысанда расталуы қажет.
     2. Сұрау салуларда мынадай деректер болуға тиiс:
     1) сұрау салушы кеден қызметiнiң атауы;
     2) сұрау салынған кеден қызметiнiң атауы;
     3) сұрау салынатын iс-әрекет;
     4) сұрау салудың тақырыбы мен себебi;
     5) егер мұндай жайлар белгiлi болса, рәсiмге қатысушылардың аты-жөнi, 
мекен-жайлары;
     6) iстiң мән-жайының және оған қатысты жай-жапсардың қысқаша 
сипаттамасы;
     7) сұрау салынған көмек пен iстi қарау арасындағы байланыс.
     3. Сұрау салу ағылшын тiлiнде жасалады.
     4. Егер сұрау салу осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға жауап 
бермейтiн болса, мұндай сұрау салуларға түзетулер немесе толықтырулар 
енгiзу талап етілуі мүмкiн, бұл орайда сақтық шараларын қабылдау жоққа 
шығарылмайды.
     
                               6-бап
                          Байланыс арнасы
     
     1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерi кеден 
қызметтерiнiң осындай iс-қимылға уәкiлеттiк берiлген тиiстi қызметкерлерi 
мен басшылары арасында тiкелей жүзеге асырылады.
     2. Егер сұрау салынған кеден қызметi өзiнiң құзыретiне жатпайтын 
сұрау салуды алатын болса, ол оны өзiнiң тиiстi ведомствосына табыс етедi 
немесе сұрау салуды орындау үшiн қажеттi рәсiмдер туралы хабарлайды. Сұрау 
салу берiлген құзыреттi ведомство оны өз мемлекетiнiң ұлттық заңдарына 
сәйкес орындайды.
                               7-бап
                      Сұрау салуларды орындау
     


      1. Сұрау салынған кеден қызметi сұрау салуды өз мемлекетiнiң ұлттық заңдарына және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес орындау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      2. Сұрау салынған кеден қызметi өз құзыретiнiң шегiнде және сұрау салушы Тарап мемлекетi кеден қызметiнiң атынан сарапшылардан, куәларден және кеден заңдарын бұзуы мүмкiн күдiктi тұлғалардан жауап алуды қоса алғанда, тергеудi немесе ақпарат жинауды жүргiзедi.
      3. Сұрау салынған кеден қызметi сұрау салуға сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде фактiлердi анықтау мақсатында тексерудi, қарап шығуды және тергеудi жүргiзедi.
      4. Сұрау салу бойынша сұрау салынған кеден қызметi сұрау салушы кеден қызметiнiң қызметкерлерiне өзiнiң аумағында байланыстырушы буын ретiнде қатысуына және қажет болса көмек көрсету туралы сұрау салуға сәйкес оларды ақпаратпен және көмекпен қамтамасыз етуге рұқсат беруi мүмкiн.
      5. Сұрау салынған кеден қызметi сұрау салушы кеден қызметiне сұрау салуды орындау мақсатындағы iс-әрекеттер үйлесiмдi болуы үшiн уақытын және өзi қабылдайтын iс-әрекетi туралы хабарлайды.
      6. Сұрау салу бойынша сұрау салынған кеден қызметi сұрау салушы кеден қызметiне қатысты кеден заңдарының бұзылуын тергеудi жүргiзу уақытында, мұндай тергеулер кезiндегi қатысуды қоса алғанда, екiншi Тараптың лауазымды тұлғаларының өз аумағында болуына рұқсат беруi мүмкiн.
      7. Кеден заңдарын бұзу фактiсi бойынша тергеу жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген сұрау салушы кеден қызметiнiң лауазымды тұлғалары сұрау салынған кеден қызметiнiң лауазымды тұлғаларына тиiстi тiркеу журналдарын, кiтаптарды және басқа да құжаттар мен хат-хабарларды тексеру қаралатын iске қатысы бар көшiрмелердi немесе кез-келген ақпаратты жiберу жөнiнде өтiнiш жасауы мүмкiн.
      8. Осы бапта көзделген кез-келген сұрау салуды орындау сұрау салынған кеден қызметi мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзілетiн болады.
                                8-бап



                 Iстер, құжаттар және куәгерлiк жауаптар

      1. Сұрау салу бойынша iстердiң, құжаттардың және басқа да материалдардың түпнұсқаларын беру тек ресми түрде куәландырылған көшiрмелер немесе фотокөшiрмелер жеткiлiксiз болған жағдайларда жүзеге асырылады. Ерекше сұрау салу бойынша мұндай iстердiң, құжаттардың немесе басқа да материалдардың көшiрмелерi тиiстi түрде куәландырылады.
      2. Құжаттардың түпнұсқалары сұрау салынған кеден қызметiне мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде қайтарылады.
      3. Бiр Тараптың кедендiк қызметi екiншi Тараптың кедендiк қызметiнiң сұрау салуы бойынша, егер олардың келiсiмi болған жағдайда, өз қызметкерлерiнiң екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы сот немесе әкiмшілiк тұрғыдағы талқылауларда куәгерлер ретiнде сөйлеуiне, сондай-ақ егер мұның өзi талқылауларды жүргiзу үшiн маңызды болып табылатын болса, iстердi, құжаттарды және басқа материалдарды және олардың куәландырылған көшiрмелерiн беруiне уәкiлеттiк бере алады.

                                9-бап
                               Шығыстар

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi осы Келiсiмнiң ережелерiне сұрау салуды орындау кезiнде жүргiзiлген шығыстарды, куәлерге, сондай-ақ кеден қызметiнде жұмыс iстемейтiн сарапшылар мен аудармашыларға ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды қоспағанда, осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға байланысты шығындардың орнын толтырмайды.
      2. Көлiк шығыстарын және куәлардiң, сарапшылардың және аудармашылардың жұмыстарына байланысты шығыстарды сұрау салушы кеден қызметiнiң кеден қызметi өтейдi.
      3. Егер сұрау салуды орындау үшiн елеулi шығыстар талап етiлетiн болса, кеден қызметтерi кеңесулер арқылы сұрау салуды орындаудың шарттарын және ақы төлеудiң нысанын айқындайды.

                               10-бап
               Ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiндегi
                           ерекше жағдайлар

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi сұрау салу бойынша бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкетiлген тауарлар келесi Тарап мемлекетiнiң аумағына заңды негiздерде әкелiнгендiгi туралы бiр-бiрiне хабарлайды. Қажет болған жағдайда осындай, ақпаратта тауарларды кедендiк тазарту кезiнде қолданылған кедендiк рәсiмдер туралы деректер болуы мүмкiн.
      2. Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi екiншi Тарап мемлекетi кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша өз құзыретiнiң шегiнде:
      1) сұрау салушы кеден қызметi мемлекетiнiң аумағында кеден заңдарын бұзуды жасау мақсатында пайдаланылуы мүмкiн деп күдiк тудыратын көлiк құралдарын;
      2) сұрау салушы кеден қызметiмен осы елге арналған заңсыз сауда объектiлерi ретiнде белгiлеген тауарларды;
      3) сұрау салушы кеден қызметi мемлекетiнiң аумағында кеден заңдарын бұзуға қатысты белгiлi немесе күдiк келтiрiлетiн жекелеген адамдарды арнайы қадағалауды жүзеге асырады.
      3. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi сұрау салу бойынша екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында кеден заңдарын бұзуға әкеп соқтыруы мүмкiн қызметке қатысты ақпаратты бiр-бiрiне хабарлайды. Дегенмен, мұндай ақпарат мүмкiндiгiнше алдын-ала сұрау салусыз да берiлуi мүмкiн.
      4. Егер екiншi Тарап мемлекетi халқының өмiрiне және денсаулығына, экономикасына, ұлттық қауiпсiздiгiне және басқа да ұлттық мүдделерiне елеулi нұқсан келуi мүмкiн болатын жағдайларда, мұндай ақпарат арнайы сұрау салусыз берiледi.
      5. Сұрау салу бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi бiр-бiрiне тауарлардың құнын, шығарылған елiн және тағайындалған елiн көрсете отырып осы тауарларды тасымалдау мен олардың тасымалы жөнiндегi құжаттарды бередi.

                               11-бап
                           Құжаттарды беру

      1. Сұрау салу бойынша бiр Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi өзiнiң ұлттық заңдарына және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес құжаттарды және осы Келiсiмге сәйкес қабылданған шешiмдердiң көшiрмелерiн екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден қызметiне беру жөнiнде барлық шараларды қабылдайды.
      2. Сұрау салушы кеден қызметi сұрау салуда баяндалған талаптарға сәйкес барлық құжаттарды алғандығы туралы жазбаша айғақты немесе хабарламаны кiдiрiссiз жiбередi. Егер сұрау салуды орындау мүмкiн болмаса, себептерi көрсетiлiп сұрау салушы кеден қызметiне хабар берiледi.

                               12-бап
                       Бақыланатын жеткiзiлiмдер

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi, мүмкiндiгiнше, есiрткi құралдарының, жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына тартылған тұлғаларды анықтау және оларға қарсы күресу мақсатында халықаралық деңгейдегi бақыланатын жеткiзiлiмдердi тиiсiнше пайдалану үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      2. Бақыланатын жеткiзілiмдердi пайдалану туралы шешiмдер әрбiр нақты жағдай бойынша және әрбiр жекелеген жағдайда қол жеткiзiлген уағдаластықтарға сәйкес қажет болған жағдайларда қабылданатын болады. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi қажет болған жағдайда, мұндай шешiмдердi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзе алады, бұл орайда Тараптардың қол жеткiзген қаржылық уағдаластықтары назарға алынады.
      3. Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша оларға қатысты бақыланатын

жеткiзiлiм тәсiлiне жол берiлетiн тауарлардың заңсыз партияларын ұстауға 
және оларды өзгерiссiз түрде алып тастаумен немесе толық алмастырумен әрi 
қарай өткiзiп жiберуге жол берiледi.
                              13-бап
                         Келiсiмдi орындау
     
     Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерi кеден 
қызметтерiнің арасында тiкелей жүзеге асырылады. Кеден қызметтерi өз 
құзыреттерiнiң шегiнде осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi нормативтiк 
құқықтық актiлердi шығарады.
   
                              14-бап
                       Даулы мәселелердi шешу
     
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде пiкiр 
алшақтығы туындаса, Тараптар оларды өзара кеңесулер және келiссөздер 
арқылы шешедi.
                              15-бап
                  Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
     
     Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi 
болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 
16-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.
 
                              16-бап
                 Күшiне енуi және қолданысын тоқтатуы
     


      1. Осы Келiсiм осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы дипломаттық арналар бойынша берiлген соңғы жазбаша хабарлама күнiнен бастап алпысыншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм бес жыл бойы күшiнде болады және егер Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiм қолданысының тиiстi бесжылдық кезеңi өтерден алты ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi жазбаша хабарлама жiбермесе келесi бесжылдық кезеңдер өздiгiнен ұзартылатын болады.
      __________ қаласында, 2000 жылғы "____" сәуірде әрқайсысы қазақ, иврит және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаса, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді негізге алады.
     Қазақстан Республикасының              Израиль Мемлекетінің
        Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады