"Тараз қанаты" авиакомпаниясы", "Сыр сұңқары" ашық акционерлiк қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 541

      Авиакомпаниялардың бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру және Жамбыл, Қызылорда облыстарының халқына қызмет көрсетудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әуежайды мүлiктiк кешен ретiнде бөлу жолымен "Тараз қанаты" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы қайта ұйымдастырылсын және оған бөлiнген мүлiктiк кешендi беру арқылы "Әулиеата" ашық акционерлiк қоғамы құрылсын;
      әуежайды мүлiктiк кешен ретiнде бөлу жолымен "Сыр сұңқары" ашық акционерлiк қоғамы қайта ұйымдастырылсын және оған бөлiнген мүлiктiк кешендi беру арқылы "Қызылорда" әуежайы" ашық акционерлiк қоғамы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын iс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi

 

және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан

Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 


P990405_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) мынадай

толықтырулар енгізілсін:

     көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

     "Жамбыл облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

545-2 - жолмен толықтырылсын:

     "545-2 "Әулиеата" ААҚ";

     "Қызылорда облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

768-1 - жолмен толықтырылсын:

     "768-1 "Қызылорда" әуежайы" ААҚ".

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады