Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Жоғары аттестациялық комиссия" мемлекеттiк мекемесiнiң Жарғысын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 сәуір N 551. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.20. N 977 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 205 "Мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Жарлығын және "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2001  қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, мемлекеттiк орган болып табылмайтын, "Жоғары аттестациялық комиссия" мемлекеттiк мекемесiнiң Жарғысы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң           
2000 жылғы 11 сәуiрдегi     
N 551 қаулысымен         
бекiтiлген               

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгiнiң "Жоғары аттестациялық комиссия"
мемлекеттiк мекемесiнiң
ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Жоғары аттестациялық комиссия" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Қазақстанның ЖАК-ы) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогтiк кадрларды аттестациялауды жүзеге асыру үшiн мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесiн иеленген, коммерциялық емес ұйым болып табылады. 
      2. Қазақстанның ЖАК-ы ғылыми дәрежелердi және ғылыми атақтарды беру жөнiндегi аттестациялау iстерiн қарайтын және белгiленген мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды беретiн бiрден бiр мемлекеттiк мекеме болып табылады. 
      3. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстанның ЖАК-ы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2001 қаулысымен мемлекеттiк мекеме болып қайта құрылды. 
      4. Қазақстан ЖАК-ының құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тұлғасында мемлекет болып табылады. 
      Қазақстанның ЖАК-ын мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Өкiлеттi орган) болып табылады. 
      5. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы: 
      мемлекеттiк тiлде - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "Жоғары аттестациялық комиссиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi; қысқартылған атауы - Қазақстанның ЖАК-ы; 
      орыс тiлiнде - Республиканское государственное учреждение "Высшая аттестационная комиссия" Министерства образования и науки Республики Казахстан; қысқартылған атауы - ВАК Казахстана. 
      Қазақстан ЖАК-ының мекен-жайы: 
      Қазақстан Республикасы, 480100, Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 111-үй 

2. Заңды мәртебесi 
 

        6. Қазақстанның ЖАК-ы заңды тұлға құқығын оны мемлекеттік тіркелген сәттен бастап иеленеді. 
      7. Қазақстан ЖАК-ының дербес балансы, заңдармен сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өз атауымен бланкiлерi, мөрi және мөртабандары бар. 
      8. Қазақстанның ЖАК-ы өзінің міндеттемелері бойынша оның иелігіндегі ақшаларымен жауап береді. Қазақстан ЖАК-ының ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады. 
      Қазақстан ЖАК-ының шарттық мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi заңдарға сәйкес оны ұстауға арналып бекiтiлген смета шектерiнде туындайды. 
      9. Қазақстанның ЖАК-ы жасаған азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркеуге жатады.  

3. Қазақстанның ЖАК-ы қызметiнiң мақсаты мен түрлерi 
 

        10. Қазақстан ЖАК-ы қызметiнiң мақсаты: 
      1) ғылыми және ғылыми-педагогтiк қызметкерлерге ғылыми дәрежелер және ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстердi олардың бiрыңғай талаптарына сәйкес ұйымдастыру және қарау; 
      2) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды сараптаудан өткiзуге қатысу болып табылады. 
      11. Көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн Қазақстан ЖАК-ы қызметтiң мына түрлерiн жүзеге асырады: 
      1) ғылыми және ғылыми-педагогтiк кадрларды даярлаудың және аттестациялаудың бағыттарын анықтауға қатысу; 
      2) ғылыми және ғылыми-педагогтiк кадрларды даярлау және аттестациялау ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды сараптау саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттар жобаларын әзірлеуге қатысу; 
      3) ғылыми дәрежелер және ғылыми атақтар беру мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде Өкiлеттi органға ұсыныстар енгiзу; 
      4) ведомстволық бағыныстылығына және олардың меншiк нысандарына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда, жоғары оқу орындарында диссертациялық кеңестер желiсiн құру және оңтайландыру және диссертациялық кеңестердiң жеке құрамын, кеңестерге диссертацияларды қорғауға қабылдауға құқық беретiн ғылыми мамандықтар мен салалардың тiзбесiн Өкiлеттi органға бекiтуге ұсыну; 
      5) Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатураларын әзiрлеу және оны Өкiлетті органға бекiтуге ұсыну; 
      6) кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу; 
      7) ғылыми дәрежелер және ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстердi қарау және олар бойынша бiрыңғай талаптарға сәйкес шешiм қабылдау; мемлекет атынан дипломдар мен аттестаттарды ресiмдеу және беру; 
      8) диссертациялық жұмыстарды, аттестациялық iстердi сараптауға ақы төлеудiң тәртiптерi мен шарттарын айқындауға қатысу; 
      9) iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаларын, мемлекеттiк бағдарламаларды сараптауға қатысу; 
      10) ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу; 
      11) басқа елдердiң ұлттық мемлекеттiк аттестациялау органдары берген ғылыми дәрежелері және атақтары бар Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдiктердi және азаматтығы жоқ адамдарды нострификациялауды және қайта аттестациялауды жүргiзудi ұйымдастыру;
      12) Қазақстан ЖАК-ының негiзгi функцияларымен байланысты баспа қызметiн жүзеге асыру және оның өнiмдерiн сату.
      12. Қазақстан ЖАК-ының осы Жарғыда көзделмеген қызметi Өкiлеттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Қазақстан ЖАК-ы оны құру мақсатына жауап бермейтiн қызметпен шұғылдануға құқылы емес.      

4. Қазақстанның ЖАК-ын басқару 

            13. Қазақстанның ЖАК-ын жалпы басқаруды Өкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Өкiлеттi орган заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мүлiктi Қазақстан ЖАК-ына бекiтедi;
      2) Қазақстан ЖАК-ын ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекiтедi;
      3) Қазақстанның ЖАК-ына берiлген мүлiктi пайдаланудың нәтижелiлiгiне және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан ЖАК-ының құрылымын және шектi штат санын бекiтедi;
      5) Қазақстан ЖАК-ы басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасары мен бас ғалым хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) жылдық қаржылық есебiн бекiтедi;
      7) заңдармен белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      14. Қазақстан ЖАК-ының басшысы Төраға болып табылады; оны Өкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметтік лауазымға тағайындайды және қызметтік лауазымнан босатады. 
      15. Төраға мемлекеттiк мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Өкiлеттi органға тiкелей бағынады және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады. 
      16. Төраға дара басшылық принципiмен iс-қимыл жасайды және мемлекеттік мекеменiң қызмет мәселелерiн оның Қазақстан Республикасы заңдарымен және осы Жарғымен белгiленген құзырына сәйкес дербес шешедi. 
      17. Қазақстан ЖАК-ының қызметiн жүзеге асыру кезiнде Төраға заңдармен белгiленген тәртiппен: 
      1) Қазақстан ЖАК-ының атынан сенiмхатсыз әрекет етедi; 
      2) барлық ұйымдарда Қазақстан ЖАК-ының мүддесiн көздейдi; 
      3) Қазақстан ЖАК-ының сараптама кеңестерi, құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және оның қызметiн регламенттейтiн басқа да нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
      4) заңдармен белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк етеді;
      5) шарттар жасайды;
      6) сенiмхаттар бередi;
      7) Қазақстан ЖАК-ының iссапар, тағылымдама қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытудың және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың өзге де түрлерi бойынша тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
     8) Қазынашылықта шоттарын ашады;
     9) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқау бередi;
      10) Қазақстан ЖАК-ы Өкiлеттi орган тағайындағаннан басқа қызметкерлердi жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; 
      11) Қазақстан ЖАК-ының қызметкерлерiне көтермелеу және тәртiптiк жаза шараларын қолданады; 
      12) өзiнiң орынбасары мен бас ғалым хатшысының мiндеттерiн және өкiлеттiгiнiң аясын айқындайды; 
      13) заңдармен, осы Жарғымен және Өкiлеттi органмен, оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      18. Қазақстан ЖАК-ының Төралқасы министрлiктердiң, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары ескерiле отырып, ғалымдардан құралады, аттестациялық iстердi қарайды және ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар беру туралы шешiм қабылдайды, жоғары білікті кадрларды нострификациялауды және қайта аттестациялауды жүзеге асырады, диссертациялар қорғаумен байланысты басқа да мәселелердi қарайды. Төралқа ол туралы Өкiлеттi орган бекiткен ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды. 
      19. Қазақстан ЖАК-ының Төрағасы Төралқа Төрағасы болып табылады. Төралқа құрамына лауазымына байланысты Төрағаның орынбасары және бас ғалым хатшы енедi. Төралқа құрамын Өкiлеттi орган бекiтедi.

5. Қазақстан ЖАК-ының мүлкiн құрау 
және қаржыландыру тәртiбi 

       20. Қазақстан ЖАК-ының мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен қалыптасады және негізгі қор мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ оның балансында құны көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.
      21. Қазақстан ЖАК-ының мүлкi оның жедел басқару құқығына жатады.
      22. Қазақстан ЖАК-ына мемлекеттiк емес ұйымдарға, шетел азаматтарына, сондай-ақ баспа өнiмдерiн шығаруға және сатуға қатысты қызметтiң негiзгi түрлерiн орындауға байланысты табыстар түсiретiн қызметтердi жүзеге асыру құқығы берiлген, бұл қызметтерден алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      23. Қазақстан ЖАК-ының қызметiн қаржыландыру тек мемлекет бюджетi есебiнен жүзеге асырылады.
      24. Қазақстанның ЖАК-ы заңдарға сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргізедi және есеп ұсынады.
      25. Қазақстан ЖАК-ының қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және тексерiс белгiленген заң тәртiбiмен жүзеге асырылады.     

6. Қазақстанның ЖАК-ын қайта ұйымдастыру және тарату

           26. Қазақстанның ЖАК-ын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады