Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 38, 365-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге:
3-тармақтағы "немесе патентiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.".
18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
20-тармақта "лицензиар" деген сөз алынып тасталсын;
23-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi";
үшiншi абзац алынып тасталсын;
"III бөлiм. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын талаптар" атауындағы "талаптар" деген сөз "бiлiктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:
Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл еңбек стажы болуы;
мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi болуы;
қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы;
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы;
СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейiндегi технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы тиiс.
Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша:
жоғары бiлiмi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы орта мал дәрiгерлiк бiлiмi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы болуы;
қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы (сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы;
денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы;
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы тиiс.
25-тармақ алынып тасталсын.
26-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiк комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі