Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдірудің тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға 17 сәуір N 594 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдірудің тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігімен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (келісім бойынша) бірлесіп, 2000 жылдың ІІ тоқсанының ішінде аталған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі бағдарламаны әзірлесін және белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көлігінің қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі ведомствоаралық шаралардың 2000 жылға арналған жоспары бекітілсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                        2000 жылғы 17 сәуірдегі
                                            N 594 қаулысымен
                                               мақұлданған


             Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін

           қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдірудің

                                 Тұжырымдамасы


                                1. Кіріспе


 
       Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы, экономиканы құрылымдық қайта құру, өндіріс құралдарына меншік құқықтарының қайта бөлінуі экономиканың барлық салаларында, оның ішінде көлікте де ауқымды өзгерістерді айқындады. Көлік инфрақұрылымының жағдайы өте күрделі деңгейге келді. Оның едәуір бөлігі нормативтік мерзімнің шегінен асыра пайдаланылып отыр, қалғаны осы мерзімге таяу. Осының салдарынан көліктің жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша жағдай айтарлықтай нашарлауда.
      Қазақстанда көліктегі қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу жүйесі, ең алдымен әрбір көліктік процеске қатысушының міндеттемелері мен жауапкершілігін, жол-көлік желісінің сапасын және көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптарды, мамандарды даярлауды, медициналық көмек көрсетуді және көлік құралдары иелерінің жолаушылардың жүріп-тұруы және көлікпен азық-түлікті, улы және қауіпті жүктерді тасымалдау шарттарының жәй-күйі үшін азаматтық құқықтың жауапкершілігін айқындайтын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық қамтымайды.
      Республиканың осы саладағы нормативтік құқықтық базасы көп ретте бүгінгі күннің шындығын қанағаттандырмайды, ал қолданылып жүрген нормативтік актілер көбіне ведомстволық болып табылады және тасымалдаулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жалпы мемлекеттік мүдделерге жауап бермейді.
      Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі мемлекеттік саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі. Негізгі заң актілерін қабылдау, едәуір қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, қозғалыс қауіпсіздігін мақсатты бағдарламалық басқарудың тетігін енгізу көліктік оқиғалар санының күрт кемуіне әкеледі.
 
             2. Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді
                   тасымалдау қауіпсіздігінің жәй-күйін талдау
 
      Көлік құралдарының, автомобиль және темір жол қатынас жолдарының техникалық жағдайы, Қазақстан Республикасы су артерияларының кеме жүрілімдігі:
      1) Қазақстан темір жолдарының қанат жайған ұзындығының 14,5%-і немесе магистралдық темір жол желілерінің 2,7 мың километрі күрделі жөндеу мерзімі кешіктіріліп пайдаланылып отыр. Қазіргі бар 9122 жасанды инженерлік құрылыстардың 16%, оның ішінде 3530 көпірдің 50% дейінінің ақауы бар. 1999 жылдың 1 қаңтарына көлемі үлкен жүктерді өткізуге кедергі жасайтын төрт мыңнан астам көлемсіз жерлер болды;
      2) мемлекеттік локомотивтердің мүкәммалдық паркінің едәуір бөлігі ескірді, ал оның жекелеген бөлігі техникалық қызмет көрсету жүргізу мерзімдері бойынша артық пайдаланылған, сондай-ақ бұл 13% қызмет ету мерзімі бойынша алынып тастауға жататын вагондардан тұратын жүк вагондарының ұлттық паркіне де қатысты, қазіргі бар жолаушылар вагондарының 30% дейіні 20 жылдан аса жұмыс істеуде, оның ішінде 150 вагонның пайдаланылған мерзімі 28 жылдан асады;
      3) Қазақстан Республикасында 169 кеме иелеріне тиесілі негізгі флот кемелерінің саны 1029 бірлік, олардың шектеулі жарамды жағдайдағысы 52 кеме, ал 202 кемені немесе флоттың 20% пайдалануға тыйым салынған. 70% астам өздігінен жүзетін кемелерде басты және көмекші двигательдер өз моторесурстарын шығындады және күрделі жөндеуді талап етеді, кеме иелерінің жөндеу мерзімдерін сақтамауынан флот кемелерінің небәрі 30% ғана пайдаланылуда;
      4) іс жүзінде барлық су аймақтарында кеме жүзуінің талаптарына сәйкес келмейтін күрделі жағдай байқалады. Бюджеттен жеткіліксіз және уақытынан кешіктіріліп қаржыландырудан су жолдары кәсіпорындары су табанын тазалау және су астын үңгу жұмыстарын жүргізбейді, ол тек кеме жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қойған жоқ, кеме жүзу жолдарының жекелеген учаскелерін толық жабуға әкеп соқтырды;
      5) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің 85214 км республикалық (18912 км) және жергілікті (66302 км) жолдардың жалпы қашықтығы жағдайында, төселімі жұқа жолдардың ұзақ қашықтығы сақталып отыр. Бүкіл автомобиль жолдарының 29% дейініне қиыршық тас пен ұсақ тас төселген, олардың мың километрден астамы республикалық маңызы бар жолдар. Қашықтығы төрт мың километрден асатын топырақ жолдар да қазіргі ұғыммен қойылатын талаптарға жауап бермейді;
      6) 1999 жылғы автомобиль жолдарын көктемдегі байқау жүріс бөлігінің анық ақаулары бар республикалық маңызды жолдардың 14% айқындады. Қазіргі бар және қаралған 844 автомобиль көпірлерінің 15-і апаттық жағдайда, қауіпті ақаулармен 113 көпір пайдаланылуда, 417 көпірдің әртүрлі дәрежедегі ақауы бар;
      7) автомобиль көлігінде автомобиль паркінің жалпы санының 50-ден 70% дейіні пайдалану мерзімінен артық пайдаланылуда, оның ішінде жүк автомобильдерінің 16,4% және автобустардың 13,8% тіпті пайдаланылмауы тиіс, оларда белсенді де, енжар да қауіпсіздік көрсеткіштері едәуір төмендеген;
      8) Қазақстан Республикасының Тізілімінде тіркелген 573 әуе кемелерінің тек 158-нің немесе 28%-нің ғана Ұшуға жарамдылығы туралы қолданылып жүрген куәлігі бар. 21 аэродромда жарамдылық сертификаты бар. 1999 жылы жол берілген 39 авиация оқиғасының 59% (23 оқиға) әуе кемелерінің конструкциялық-өндірістік кемшіліктері себебінен, 41% (16 авиация оқиғасы) - авиакомпаниялардың жеке құрамының кінәсінен болды.
 
                         3. Тұжырымдаманың мақсаты
 
      Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты тасымалдаулар қауіпсіздігінің мемлекеттік жүйесін және азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін, олардың заңды құқықтарына кепілдігін қорғауға, көліктің барлық түрлерінде жол жүрудің қауіпсіз жағдайларына және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға негізгі қадамдарды белгілеу болып табылады.
      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қатысы бар мемлекеттік органдармен бірлесіп көлік-коммуникациялық кешенге мынадай бірінші кезектегі міндеттерді шешуді:
      1) көліктегі қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруді;
      2) сертификаттаудың және лицензиялаудың негізінде көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етудің мемлекеттік жүйесін әзірлеуді және құруды;
      3) пайдалану процесінде көлік құралдарының техникалық жағдайын, жолаушылардың болуы және жолаушыларды, тамақ өнімдерін, улы және қауіпті жүктерді тасымалдау жағдайларының және көлік құралдары экипаждарының еңбек және демалыс режимінің сақталуының жай-күйін бақылаудың кешенді жүйесін әзірлеуді және құруды;
      4) көліктік оқиғалар пайда болған кезде зардап шеккендерді құтқару мен алып кетудің жүйесін әзірлеуді және құруды;
      5) көлік кешенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік актілерді халықаралық талаптарға сәйкес келтіруді;
      6) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған тапсырмаларды қалыптастыруды;
      7) көлік саласының мамандарын даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіруді;
      8) көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау жөніндегі материалдық-техникалық базаны жетілдіруді жүктейді.
      Тұжырымдаманы табысты іске асырудың маңызды шарттарының бірі көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді қамтамасыз ету, бар нормативтік құқықтық актілерді халықаралық талаптарға сәйкес келтіру болып табылады.
      Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізілген жағдайда, Тұжырымдамада:
      1) көліктегі қауіпсіздікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін және оның деңгейін көтерудің жолдары;
      2) көліктік процеске қатысушыларының қауіпті мінез-құлқы пайда болуының алдын алу шаралары;
      3) қолданылатын көлік құралдарының конструкциялық және пайдалану қауіпсіздігін және қойылатын талаптарды жетілдіру жүйелері мен оларды іске асырудың тетіктері;
      4) жолдар мен қатынас жолдары қауіпті учаскелерінің пайда болуын жою кезеңдері мен алдын алу нормалары;
      5) мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметінің құқықтық, ақпараттық,

 

ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдірудің

перспективалары;

     6) жол оқиғаларында авариялық-құтқару жұмыстарының және зардап

шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімділік деңгейі

айқындалатын болады.

     4. Қазақстан Республикасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз      

                  етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру

     Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің

мемлекеттік жүйесі үш деңгейлі болуы керек.

     1. Бірінші деңгей - жалпы мемлекеттік. Бұл деңгей:

     1) көліктік қозғалыстың барлық түрлері бойынша заң актілерін дайындау

және қабылдау;

     2) автомобиль - жүргізуші - жол, жылжымалы құрам - қызмет көрсететін

персонал - темір жол, су (әуе) кемесі - басқарушы персонал - көліктік

дәліз жүйелерінің элементтеріне қойылатын талаптарды стандарттау;

     3) көше-жол желілерін, жалпы және жалпы емес пайдаланымдағы темір

жолдар желілерін, кеме жүретін және авиа желілерді дамыту;

     4) көлік құралдарымен молықтыру деңгейін реттеу мәселелерін шешеді.

     2. Екінші деңгей - ведомстволық:

     1) қалалық және қала маңына жүретін жолаушылар көлігін дамыту және

жетілдіру;

     2) көліктің түрлері бойынша тасымалдауларды ұйымдастыру;

     3) көлік құралдарына қызмет көрсететін персоналды даярлау;

     4) жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын өндіру мәселелерін

шешеді.

     3. Үшінші деңгей - инженерлік қызметтер деңгейі. Мұнда:

     1) көліктік қозғалыстың жәй-күйін зерттеу, қауіпті және "тар"

жерлерді айқындау;


 
       2) қауіпті және "тар" жерлерді жою, көліктік қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлы режимдері мен сызбаларын негіздеу;
      3) көліктік қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын енгізу және ұстау;
      4) көліктік қозғалыстың дамуын және көліктік қозғалысты ұйымдастырудың іс-шараларын болжау;
      5) көлік жағдайының қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін, оның теріс ықпалының алдын-алу жөнінде тиісті іс-шараларды әзірлей отырып, зерттеу мәселелері қарастырылады және шешіледі.
      Қалыптастырылатын қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мынадай құрылымы болуы тиіс:
      1) жалпы мемлекеттік деңгейде - басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік билік органдарының көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ететін Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы консультативтік-кеңесші үкіметтік органның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттері, құқықтары және қатысуы нақты белгіленген "Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 391 P980391_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлігінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне ведомствоаралық бақылау ұйымдастырудың бар жүйесімен айқындалған;
      2) мемлекеттік билік органдарының авариялықты төмендету, көліктік кешеннің қауіпсіздігін арттыру мәселелерін шешу, жер бетіндегі, әуе және су көлігінде бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру жөнінде ұсыныс әзірлеу - Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ведомстволарының қызметіндегі Қазақстан Республикасының нормативтік заң актілерімен айқындалған бағыттардың бірі.
      Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы барларға:
      1) желіге шығатын көлік құралдарына алдын-ала бақылау және техникалық байқау жүргізу, қозғалыстың белгіленген бағыттарындағы жағдайларды зерттеу;
      2) көлік құралдарын басқаратын тұлғаларды сапарға дейінгі және кейінгі дәрігерлік куәландыру және олардың біліктілігі деңгейін арттыру;
      3) көліктік уақиғаларға қызметтік тексеру және көліктік уақиғалардың пайда болу жағдайларына, оның ішінде көлік құралдарына қызмет көрсететін кәсіпорын персоналының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты себептерге талдау жүргізу;
      4) қозғалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің техникалық құралдарын енгізу;
      5) көлік құралдарына қызмет көрсететін персоналдың еңбек және демалыс мәселелерін реттейтін ішкі еңбек тәртібін сақтау бөлігінде жүзеге асыратын бақылау мен ішкі қадағалау тікелей жатқызылуы тиіс қалыптастырылған немесе перспективалық қалыптастырылатын көліктік кәсіпорындардың өздерінің инженерлік қауіпсіздік қызметі жатқызылуы қажет.
      Қабылданатын шешімдердің сапасы мен негізділігін арттыру көліктік уақиғалардың мониторингі жүйесінсіз мүмкін емес. Мемлекеттік басқару органдарын көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жәй-күйі мен проблемалары, қабылданатын шаралар мен олардың тиімділігі туралы жедел, ағымдағы және перспективалық ақпаратпен ақпараттық қамтамасыз етуді, басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде қоғамдық пікірді зерделеуді және есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдастырушылық құрылым ведомствоаралық ақпараттық талдау орталығы болуы тиіс және оны қазіргі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің шеңберінде құруды көздеу керек.
      Мемлекеттік деңгейде көліктік қауіпсіздіктің медициналық мәнісінің маңыздылығы мәселелерін қарай отырып, көліктің түрлері бойынша көліктік медицина орталығы мен медициналық қамтамасыз ету қызметін қамтитын арнаулы көліктік медициналық құрылым құрудың ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелерін пысықтау көзделуде.
      Көлікте қауіпсіздікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жол-көлік уақиғалары кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстарының жеделдігі мен тиімділігін арттыру, шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметті құру жөніндегі шараларды жүзеге асырусыз мүмкін емес.
      Көліктік процеске қатысушылардың қауіпті мінез-құлқының пайда болуының алдын алу шаралары бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануды, халықты Жол қозғалысы ережелеріне, көлік түрлеріндегі қауіпсіздіктің ережелеріне үйрету жөніндегі мерзімді радио және теледидар курстарын ұйымдастыруды көздеуі тиіс. Елдің көлік кешенінің құқықтық мәселесі бойынша халықты ақпараттық оқыту жүйесін құру қажет.
      Көліктік процеске қатысушылардың қауіпті өзін ұстауының алдын-алу жөніндегі шешімдердің бірі, оған министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен қызметкерлерін тарта отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау компаниясын құру және көлікте қауіпсіздік нормаларын сақтау жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру болуы мүмкін.
      Балалар мен жасөспірімдерді көліктік мәдениетке оқыту мен тәрбиелеудің олардың жолдар мен көшелерде қауіпсіз тәртіптің дағдылары мен білімдерін игеруін ғана емес, оны тәжірибеде қолдана білуін қамтамасыз ететін жаңа нысандар мен әдістерде әзірлеуді және енгізуді көздеу қажет. Жүргізушілерді және көлік құралдарын басқаруды жүзеге асыратын көліктік мамандықтардың басқа қызметкерлерін даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орындарын аттестациялауды енгізу, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, оқыту процесін техникалық жарақтандыруды жетілдіру міндетті.
      Кезекші-диспетчерлік және көлік құралдарын басқарушы қызметшілердің еңбек және демалыс режимдерінің сақталуын бақылаудың жаңа нысандарын енгізуді көлік құралдары қозғалысының параметрлерін тіркеу үшін жарақтандырылатын жаңа техникалық құралдарды енгізумен қатар жүргізу қажет. Конструктивті және пайдаланымдық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды жетілдіру жүйелері ең алдымен көліктік құралдардың конструкцияларының жетілмегендігінен және олардың пайдаланымдық жағдайынан болатын көліктік уақиғалардың санын қысқартуға арналған.
      Көлік құралдарының конструктивті, оның ішінде белсенді және бәсең қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың пакетін қайта қарау,әзірлеу және бекіту оларды сертификаттау, жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына лицензиялар беру кезінде қолданылып жүрген қызметтегі мемлекеттік және халықаралық стандарттар ескеріле отырып, жүргізілуі тиіс. Көліктік қауіпсіздікті айқындауда стандарттар:
      1) техникалық талаптар мен көлік құралдарының орнықтылығын, басқарымдылығын, көрінімділігін және іске қосу сапаларын сынаудың әдістерін;
      2) газ баллонды көліктік құралдардың қауіпсіздігі талаптары мен сынау әдістерін;
      3) мемлекеттің аумағында көлік құралдарын пайдаланудың халықаралық ережелерін тікелей және жанама қолданудың тәртібін;
      4) көлік құралдарының, оның ішінде арнайы немесе қайта жабдықталған, қолданылған жеріне және аясына қарамастан мемлекеттік талаптарды, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестігін тексерудің әдістерін белгілеуі тиіс.
      Жол жерлері мен қатынас жолдарының қауіпті учаскелерінің пайда болуының алдын алудың сақтандыру нормаларын, олардың республикалық қатынас жолдары жүйесіндегі мемлекеттік маңыздылығы дәрежесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді.
      Мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін құқықтық, ақпараттық-ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдірудің перспективасы:
      1) көліктегі қозғалыстың қауіпсіздігі саласындағы бақылау-қадағалау функциялары берілген органдардың тиімді өзара іс-қимылдарының жүйесін құруды;
      2) жол полициясының, көліктік бақылау органдарының, Мемстандарттың және басқа да бақылау-қадағалау органдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіруді көздейтін міндеттерді шешуге негізделеді.
      Қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жол және өзге де көліктік қозғалысты ұйымдастыру саласында қолданылатын ережелерді, стандарттарды және нормаларды әзірлеу:
      1) көліктік құралдарды басқаруға оқыту және құқық алу тәртібі;
      2) жолаушыларды, қауіпті жүктерді және тамақ өнімдерін тасымалдауға байланысты қызметті лицензиялауды;
      3) көлік және жол кәсіпорындарының объектілерін, өнімдерін, жұмыстарын және қызмет көрсетулерін сертификаттауды көздеуі тиіс.
      Қазақстан Республикасында көліктегі қауіпсіздік жүйесін құрудың негізгі принциптері:
      1) көліктегі сақтандырудың міндетті түрлерін қамтамасыз ету жолымен сақтандыру компанияларының қаржыларын тартудың;
      2) қозғалыс қауіпсіздігінің жеке инвесторлар үшін тартымдылығы жоғары технологиялар мен жаңа ақпараттық жүйелерді көздейтін сол аспектілерін инвестициялық жобаларды әзірлеудің;
      3) оларды бірлесе қаржыландырумен бірге халықаралық бағдарламаларды әзірлеудің;
      4) түрлі тұрғыдағы концессиялық құқықтарды ұсынудың;
      5) жолаушыларға қызмет көрсетумен, тамақ өнімдерін, улы және қауіпті жүктерді тасымалдаумен айналысатын, олар көлікте болған кезеңде жолаушылардың денсаулығына және жүктердің жағдайына жауап беретін қызметшілердің біліктілігін және жауапкершілігін арттырудың есебінен қауіпсіздікті шараларды қаржыландыруға және іске асыруға негізделген.
      Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру тұжырымдамасының бағытталуы:
      1) көлік құралдарын техникалық пайдаланудың нормативтік талаптарының орындалуын бақылауды қатайтуға;
      2) көліктік қызметтерді сертификаттау және лицензиялау кезінде қойылатын талаптарды міндетті ескеруге;
      3) көліктік техниканың техникалық жағдайына диагностика жүйесін енгізуге, жол қозғалысын басқару жүйесі мен жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың технологиялық процестерін жетілдіруге;
      4) жөнделу мен ағымдағы ұсталуы қажетті пайдалану сенімділігін

 

қамтамасыз етпейтін көлік құралдарын жеделдетілген есептен шығару

жөніндегі талаптарға;

     5) жолаушылар мен тамақ өнімдерін, улы және қауіпті жүктерді

тасымалдайтын көліктік техникаға қызмет көрсететін, көліктік техниканың

жағдайы мен пайдаланылуына және жолаушылардың денсаулығына жауап беретін

қызметшілердің біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға;

     6) көлікті оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғауды

күшейтуге негізделеді.


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 17 сәуірдегі

                                                 N 594 қаулысымен

                                                    бекітілген


      Қазақстан Республикасы көлігінің қауіпсіздігі деңгейін арттыру      

     жөніндегі ведомствоаралық шаралардың 2000 жылға арналған жоспары


---------------------------------------------------------------------------

N !  Іс-шаралардың мазмұны          !    Жауапты    ! Аяқтау    !Орындалу

  !                                 ! орындаушылар  ! нысаны    ! мерзімі

---------------------------------------------------------------------------

1 !                2                !      3        !     4     !    5

---------------------------------------------------------------------------

1  Қазақстан Республикасы Көлiк және   Көлік және    нормативтік    2000

   коммуникациялар министрлiгiнiң     коммуникациялар  құқықтық    жылдың

   жүйесiнде көлiктiк уақиғалар         министрлігі      акті        2-

   мониторингiнiң ведомствоаралық                                  тоқсаны

   ақпараттық-талдау орталығын құру

---------------------------------------------------------------------------

2  Жолаушылар мен жүктердi тасымал.    Көлік және     нормативтік    2000

   дау жөнiндегi қолда бар техноло.   коммуникациялар   құқықтық    жылдың

   гиялардың, Қазақстан Республика.     министрлігі      актілер      3-

   сының автомобиль, темiр жол, су                                  тоқсаны

   және әуе көлiгi кәсiпорындары мен

   ұйымдарының бар техникалық-техно.

   логиялық базасы жағдайының негi.

   зiнде жолдар мен қатынас жолдары

   желiлерiнiң қауiптi учаскелерiнiң

   пайда болуын жою жөнiндегi алдын-

   алудың уақыты мен нормаларының

   салалық және салааралық уақытша

   кезеңдерiн бекiту

---------------------------------------------------------------------------

3  Көлiк процесiне қатысушыларды        Көлік және      БАҚ-да     2000 жыл

   көлiкте қолданылатын қауiпсiздiк.  коммуникациялар   жариялау     бойы

   тiң қолда бар халықаралық норма.     министрлігі                 ұдайы

   ларын және стандарттарын БАҚ-да

   хабардар ету және олармен қамта.

   масыз ету

---------------------------------------------------------------------------

4  Жол қозғалысы ережелерiн, Кеме        Ішкі істер    нормативтік   2000

   жүргiзу ережелерiн, Әуе кеңiс        министрлігі     құқықтық    жылдың

   тiгінде ұшу ережелерiн және           Көлік және      актілер    ішінде

   Темiржолды техникалық пайдалану     коммуникациялар

   ережелерiн бұзуды белгілейтiн        министрлігі

   оперативтi-техникалық құралдарды

   енгiзу мәселелерін қарау

---------------------------------------------------------------------------

5  Жолаушылар мен жүктердi тасымал.      Көлік және     нормативтік  2000

   дау процесінің түрлерін тасымал.    коммуникациялар   құқықтық   жылдың

   даулардың қауіпсіз жағдайын көз.      министрлігі      актілер   ішінде

   дейтін нормативтік құқықтық ак.     Төтенше жағдайлар

   тілерді, көлік құралдарының тех.    жөніндегі агенттік

   никалық жағдайын сақтаудың ере.        Ішкі істер

   желері мен регламентін көлік           министрлігі

   құралдарын басқаратын және қызмет   Денсаулық сақтау

   көрсететін қызметшілердің еңбек      ісі жөніндегі

   және демалыс жағдайының санитарлық     агенттік

   ережелері мен нормаларын әзірлеу

   және бекіту 

---------------------------------------------------------------------------

6  Қауіпті, ірі көлемді, көлемсіз       Көлік және      нормативтік  2000

   және ауыр салмақты жүктерді        коммуникациялар    құқықтық   жылдың

   тасымалдауға бақылау жасау           министрлігі       актілер   ішінде

   жүйесінің жұмысын әзірлеу және        Төтенше

   ұйымдастыру және бұл ретте           жағдайлар

   көліктік артериялардың және          жөніндегі

   қолда бар инженерлік-жолдық          агенттік

   құрылыстардың сақталуын

   қамтамасыз ету

---------------------------------------------------------------------------

7  Көлiк құралдарының конструктив.     Қазақстан       нормативтік   2000

   тiк, оның iшiнде белсендi және     Республикасы      құқықтық    жылдың

   баяу қауіпсiздiгi жөнiндегi         Көлік және        актілер      3-

   нормативтiк құжаттарды әзiрлеу    коммуникациялар               тоқсаны

   және бекiту                         министрлігі,

                                       Ішкі істер

                                       министрлігі,

                                       Энергетика,

                                       индустрия және

                                          сауда

                                        министрлігі

---------------------------------------------------------------------------

8  Бұл ретте экономиканың көліктік     Білім және    нормативтік     2000

   саласына көлікші мамандарды           ғылым        құқықтық      жылдың

   даярлау және олармен қамтамасыз     министрлігі     актілер        4-

   ету мәселесіндегі мемлекеттік                                    тоқсаны

   саясатты айқындай отырып,

   балалар мен жасөспірімдерді

   көліктік мәдениетке үйрету мен

   тәрбиелеудің жаңа нысандары мен

   әдістерін әзірлеу

---------------------------------------------------------------------------

9  Автомобиль тасымалдарын бақылаудың  Көлік және     Қазақстан      2000

   бiрыңғай мемлекеттік жүйесін құру  коммуникациялар Республикасы  жылдың

                                       министрлігі,    Үкіметінің      2-

                                       Ішкі істер     қаулысы       тоқсаны

                                      министрлiгi

---------------------------------------------------------------------------

10 Темiржол көлiгiнде қауiпсiздiктi    Көлік және     нормативтік    2000

   қамтамасыз ету жөнiндегі iс-      коммуникациялар   құқықтық     жылдың

   шараларды орындауға байланысты      министрлігі       акті         2-

   және "Қазақстан темiр жолы"                                     тоқсаны

   РМК-ның қаражаты есебiнен жүзеге

   асырылатын шығыстарды қаржылан.

   дырудың тәртiбiн белгiлейтiн

   бiрыңғай ереженi әзiрлеу және

   бекiту

---------------------------------------------------------------------------

11 Ресей Федерациясы мен Украинаның      Көлік және     Қазақстан    2000

   теңiзде жүзу және өзен оқу          коммуникациялар Республика.  жылдың

   орындарында су көлiгi мамандарын      министрлігі,     ының        2-

   әзірлеуді және қайта даярлауды,       Білім және     Үкіметіне   тоқсаны

   Атырау теңізде жүзу училищесi мен       ғылым         ұсыныс

   Семей өзен техникумының оқу-әдіс.     министрлігі     енгізу

   темелiк және материалдық базасын

   дамытуды қаржыландырудың тетiгiн

   әзiрлеу

---------------------------------------------------------------------------

12 Түрлі ведомстволар мен қызметтер.    Көлік және     нормативтік   2000

   дің көлік уақиғаларының зардапта.   коммуникациялар  құқықтық    жылдың

   рын жою және зардап шеккендерге       министрлігі,     актілер      3-

   алғашқы медициналық көмек көрсету     Денсаулық                  тоқсаны

   кезіндегі өзара іс-қимылдарының        сақтау

   тетігін әзірлеу                     ісі жөніндегі

                                         агенттік,

                                         Төтенше

                                         жағдайлар

                                         жөніндегі

                                         агенттік,

                                        Ішкі істер

                                        министрлігі

---------------------------------------------------------------------------

13 Оларға:                             Көлік және      нормативтік  2000

   - көлiк құралдарына алдын ала       коммуникациялар   құқықтық  жылдың

   бақылау мен техникалық байқау       министрлігі        актілер   3-4

   жүргізу;                                                        тоқсаны

   - белгiленген қозғалыс бағытта.     Ішкі істер

   рындағы жағдайларды зерттеу,         министрлігі

   көлiк құралдарын басқаратын

   адамдарды рейстiң алдында және

   кейiн медициналық куәландырудың

   және олардың бiлiктiлiгiнiң

   деңгейiн арттыру;                   Еңбек және

   - көлiктiк уақиғаларды, оның         халықты

   iшiнде көлiк құралдарына қызмет     әлеуметтік

   көрсететiн қызметшілердiң iс-       қорғау

   әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне    министрлігі

   байланысты көлiктiк уақиғалардың

   пайда болу себептерi мен шартта.

   рына қызметтік тергеу және талдау

   жүргізу;                            Төтенше

   - қауiпсiз қозғалысты қамтамасыз    жағдайлар

   ететiн техникалық құралдарды        жөніндегі

   енгізу;                             агенттік

   - көлiк құралдарына қызмет

   көрсететiн қызметшiлердiң еңбек     Денсаулық сақтау

   және демалыс мәселелерiн реттей.    ісі жөніндегі

   тiн ішкi еңбек тәртiбiн сақтау      агенттік

   жөнiндегi функцияларды енгiзе

   отырып, көлiктiк компаниялар

   инженерлiк қызметінің құрылымдарын

   құру және жетiлдiру жөнiндегi

   iс-шараларды бекіту.

---------------------------------------------------------------------------

14 Шекаралас мемлекеттер мен халық.   Ішкі істер      Қазақстан    тоқсан

   аралық ұйымдардың көлiктiк         министрлігі    Республика.    сайын

   бақылау-қадағалау органдарымен                       сының

   өзара қарым-қатынасты жетiлдiру    Көлік және      Үкіметіне

                                      коммуникациялар  ақпарат

                                      министрлігі

---------------------------------------------------------------------------

15 Қауiп төндiретiн ақаулары бар      Көлік және     Қазақстан     тоқсан

   темiржол көпiрлерiн жөндеу-      коммуникациялар  Республика.    сайын

   қалпына келтiру жұмыстарын         министрлігі      сының

   жүргізу                                           Үкіметіне

                                                      ақпарат

---------------------------------------------------------------------------

16 Темiржол инженерлiк құрылыста.     Көлік және     Қазақстан     тоқсан

   рының габариттік сенiмдiлiгiн    коммуникациялар  Республика.    сайын

   арттыру және габариттiк жағдайын   министрлігі      сының

   жақсарту, ауыр үлгідегі жол                        Үкіметіне

   машиналарының жұмысына және                         ақпарат

   габариттi емес жүктердiң өтуiне

   кедергi келтiретiн габариттi

   емес орындардың санын азайту

---------------------------------------------------------------------------

17 Күрделі жөндеу жүргізу мерзімдері  Көлік және     Қазақстан     тоқсан

   бойынша артық жүрген локомотив.   коммуникациялар  Республика.   сайын

   тердің санын төмендету, пайдала.   министрлігі      сының

   нудың белгіленген мерзімдерінен                    Үкіметіне

   артық пайдаланылған локомотивтерді                  ақпарат

   есептен шығару және жұмыстан шеттету  

---------------------------------------------------------------------------

18 Вагон паркін, су кемелері паркін,  Көлік және     Қазақстан     тоқсан

   көліктің барлық түрлеріндегі      коммуникациялар  Республика.   сайын

   навигациялық жабдықтарды түген.     министрлігі      сының

   деуді және белгіленген қызмет ету                  Үкіметіне

   мерзімінен артық қолданылған жағ.                   ақпарат

   дайда оларды есептен шығаруды

   жүргізу

---------------------------------------------------------------------------




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады