Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) Транзиттік тасымалдар жөніндегі Бас келісіміне қосымшаларының мәтіндеріне қол қою туралы Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 21 сәуір N 617

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1998 жылғы 9 мамырда Алматы қаласында жасалған ЭЫҰ-ның Транзиттік тасымалдар жөніндегі Бас келісіміне қосымшаларының мәтіндеріне қол қою туралы Хаттама мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі

 

Біржан Бейсекенұлы Қанешевке қосымшалар мәтіндеріне редакциялық сипаттағы

өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіліп, Қазақстан

Республикасының Үкіметі атынан ЭЫҰ-ның Транзиттік тасымалдар жөніндегі Бас

келісіміне қосымшаларының мәтіндеріне қол қою туралы Хаттаманы жасасу

уәкілеттігі берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады