"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 P991917_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Құмтөр Оперейтинг Компани" компаниясы (Қырғыз Республикасы) үшін "Сниек" компаниясы (Қытай Халық Республикасы) 1999 жылғы 12 желтоқсандағы N 23500 келісім-шарт бойынша берген цианидті натрийді Қытай Халық Республикасынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы 1996 жылғы 5 сәуірдегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 15-мәжілісінде бекітілген Қауіпті жүктерді темір жол көлігі бойынша тасымалдаудың ережесін қатаң сақтау жағдайында, қосымшаға сәйкес, транзиттік тасымалдауға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі ерекше қауіпсіздік шараларын және қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкес жүктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін бақылауды қамтамасыз ете отырып, жүктің тасымалдануын жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті белгіленген тәртіппен цианидті натрийдің Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдануын бақылауды
қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 22 сәуірдегі
N 625 қаулысына қосымша
2000 жылы Қытай Халық Республикасынан Қырғыз
Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
цианидті натрийді транзиттік тасымалдаудың кестесі
1. 600 (алты жүз) тонна - наурыз
2. 600 (алты жүз) тонна - сәуір
3. 600 (алты жүз) тонна - маусым
4. 600 (алты жүз) тонна - тамыз
5. 600 (алты жүз) тонна - қазан
6. 600 (алты жүз) тонна - желтоқсан
Достық (Дружба) және Луговая шекара асуындағы станциялар арқылы
цианидті натрийді транзиттік тасымалдау бағыттары.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.