Қазақстан Республикасында ішкі астық рыногын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 сәуір N 633

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 P991506_ қаулысына және "Алдағы кезеңнің кезек күттірмейтін міндеттері туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілісінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 10 хаттамалық шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы облыстардың, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің қатысуымен елдің ішкі рыногында астық өңдеумен айналысатын отандық шаруашылық жүргізуші субъектілерге (бұдан әрі - сатып алушылар) 150 мың тоннаға дейінгі көлемде Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық астық ресурстарының бөлігін сатуды;
      сатып алушылармен алынған астықтың көлемін мақсатты пайдаланудың және

 

оны сату кезінде ішкі рыноктағы ұнға тұрақтандыру бағаларын белгілеудің

негізгі шарттары анықталған тиісті шарттар жасасуды қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігіне

жүктелсін және жұмыстың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының

Үкіметіне ақпарат берсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады