Акционерлiк қоғамдардың акциялары қосымша эмиссиясының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 мамыр N 656. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Акционерлiк қоғамдардың акциялары қосымша эмиссиясының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 707  қаулысын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң алдында кез-келген басқа да берешектерi бар акционерлiк қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiнудiң тәртiбі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2000 жылғы 4 мамырдағы        
N 656 қаулысымен         
бекітілген         

Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң алдында кез-келген басқа да берешектерi бар акционерлiк қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiнудiң тәртiбі

      Осы Тәртiп "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектерi, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң алдында кез-келген басқа да берешектерi бар акционерлiк қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiнудiң тәртiбiн белгілейдi. 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, егер қоғамның (бұдан әрi - борышкер) салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттің алдындағы кез-келген басқа да берешектерi бойынша мерзiмi үш айдан астам кешiктiрілген берешегi мен мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың мерзiмi кешiктiрiлген берешегiнiң арасындағы айырмашылық қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы мөлшерiнiң кемiнде үштен екiсiн құраған жағдайда, акционерлiк қоғамның (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан басқа) акцияларының қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сот органдарына жүгiнуге құқықты. 
      Осы Тәртiпте мемлекеттiк бюджеттiң алдындағы кез-келген басқа да берешектер ретiнде акционерлiк қоғамдардың: 
      бюджеттiк несиелендiрумен байланысты қатынастардан; 
      шарттық қатынастардан; 
      сот шешімдерінен; 
      мемлекет кепiлдiк берген заемның мiндеттемелерiнен; 
      мемлекеттiк бюджет тiкелей кредитор болатын, ал акционерлiк қоғам тiкелей дебитор болып табылатын өзге де қатынастардан пайда болатын кредиторлық берешегi ұғылады. 
      2. Борышкер акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiну туралы шешiм, егер онда осы Тәртiптің 1-тармағына сәйкес осындай жүгiну үшiн негiз болып табылатын мерзiмi кешiктiрілген берешегi бар екендiгi анықталса, салық заңдарына сәйкес оны кешендi тексерудiң нәтижелерi бойынша қабылданады. 
      Шешім акционерлік қоғамда осы Тәртіптің 1-тармағы талаптарына жауап беретін мерзімі кешіктірілген берешегі барлығы туралы расталған ақпараттың негізінде де қабылдануы мүмкін. 
      Бұл ретте, мүдделi тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне қажетті растайтын құжаттарды ұсынады. 
      3. Борышкердiң акциялардың қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сот органдарына жүгiну туралы шешiм қабылдау кезiнде акциялардың соңғы эмиссиясын орналастырудың нәтижелерi, акциялардың бағалы қағаздар рыногындағы ағымдағы баға кесiлулерi туралы деректер, сондай-ақ акцияларды орналастырудың нәтижесiне әсер етуге қабiлеттi өзге де жалпы қол жетiмдi ақпараттар ескерілуi тиiс. Мұндай деректер болмаған жағдайда борышкердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң жағдайы (өнiмi сұранысқа ие жұмыс істеп тұрған өндiрiсiнiң, қызметтiң басқа да түсiмдi түрлерi болуы) назарға алынады. 
      4. Борышкердiң акцияларының қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сот органдарына жүгiну туралы шешiмдi (бұдан әрi - шешiм), шешiмнiң көшiрмесiн тапсыру не тапсырысты почтамен жiберу жолымен борышкердi бiр мезгiлде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi қабылдайды, ол туралы түбiртектi қоса беру арқылы шешiмге белгi жасалады. 
      Бұл ретте, көшiрменi борышкерге қолын қойғызып тапсырған күн, ал тапсырыс почтамен жiберілген жағдайда шешiмнiң көшiрмесi алынғаннан кейiнгi күн - құлақтандыру алынған күн болып табылады. Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс немесе мереке күнiне дөп келсе, мерзiм демалыс немесе мереке күнiнен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады. 
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi борышкер хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейiн, егер мерзiмi кешiктiрiлген берешектi ол толық көлемде өтемесе не мерзiмi кешiктiрiлген берешектi көрсетiлген мерзiмде өтеу мақсатында шығарылған жарғылық капиталдың мөлшерiн ұлғайту туралы шешiм қабылданбаса, бiр уақытта өз есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай акцияларды сатып алуға мүдделi тұлғаларға акциялардың саны мен олардың бағаларын көрсете отырып, алдын ала өтiнiм берудi ұсына отырып акциялардың ұйғарылып отырған қосымша эмиссиялары туралы хабарландыру жариялау арқылы борышкердiң акциялардың қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сотқа талап-арыз беруге құқылы. Егер, осындай хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы жарияланған күннен бастап 30 күннiң iшiнде акциялардың қосымша эмиссиясын сатып алуға алдын ала өтiнiмдер берiлмесе не берiлген өтiнiмдердiң көлемi (сатуға ұйғарылған акциялардың саны мен олардың бағаларының негiзiнде есептелген) қоғамның мерзiмi кешiктiрiлген берешегiнiң үштен бiрiнен азды құраған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі талап-арыз беруден бас тарту сот органдарына хабарлайды. 

Қосымша  N_______  ________
                    (күні)

    Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер,
    сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң алдында кез-келген басқа да
     берешектерi бар акционерлiк қоғамдар акцияларының қосымша
    эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгіну туралы
                              ШЕШIМ

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мына тұлғада
____________________________________________________________________                          (лауазымы, аты-жөні)
____________________________________________________________________

     _____________________________ теңге сомасына
   ____________________________________________________________________
 (акционерлiк қоғамның атауы, заңды мекен-жайы, басшының
аты-жөні, СТН)
____________________________________________________________________
акционерлiк қоғамы акцияларының қосымша эмиссия шығару тұрғысына сот органдарына жүгiнудi шештi.
     Қоғамның мерзiмі 3 айдан астам мөлшерде кешiктiрілген берешегі
мынаны құрады:
     салықтар және басқа да бюджетке төленетiн төлемдер бойынша -
_____________________ теңге
     мемлекеттiк бюджеттің алдындағы басқа да берешектер бойынша - 
_____________________ теңге.
     Мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен
қаржыландырылатын ұйымдардың қоғамның алдындағы мерзiмi
кешiктiрiлген берешегiнiң мөлшерi _______________________ теңгені
құрайды.
     Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының мөлшері
_______________ теңгені құрайды.

      __________________
       (қолы, аты-жөні)

      М.О.

      Осы шешімнің көшірмесін алдым*: ___________________
                                          (қолы)
      ___________________________________________________
         (акционерлік қоғам өкілінің аты-жөні, күні)

      _______________________

     * Шешімнің көшірмесі тапсырысты почтамен жіберілген жағдайда,
түбіртегі қоса тіркеле отырып, осы туралы белгі қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады