Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қауiпсiздiк органдары мен арнаулы қызметтерiнiң басшылары кеңесiнiң кезектi жетiншi мәжiлiстi 2000 жылы мамырда Қазақстан Республикасында өткiзу туралы шешiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауiпсiздiк органдары мен арнаулы қызметтерiнiң басшылары кеңесiнің кезектi жетiншi мәжiлiсiн 2000 жылы 17-20 мамырда Астана қаласында өткiзу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен, қоса берiлiп отырған сметаға сәйкес Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қауiпсiздiк органдары мен
арнаулы қызметтерiнiң басшылары кеңесiнiң жетiншi мәжiлiсiн өткiзуге
қаражат бөлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 мамырдағы
N 670 қаулысына
қосымша
Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары
мен арнаулы қызметтерінің басшылары кеңесінің
(бұдан әрі - ҚОБК) жетінші мәжілісін өткізуге жұмсалатын шығыстардың
Сметасы
---------------------------------------------------------------------------
N ! Шығыстардың атауы ! Адам !Тәулік! Құны !Шығыстардың
р/р! ! саны ! саны ! (теңге) !жиыны (теңге)
! ! !(күн) ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
---------------------------------------------------------------------------
1 Делегация басшыларының тұруы 12 адам 3 1 тәулікке 2375568
65988 (20%
ҚҚС-ты қоса
есептегенде)
2 Делегация мүшелерінің тұруы 38 адам 3 1 тәулікке 3664872
32148 (20%
ҚҚС-ты қоса
есептегенде)
3 ҚОБК-нің Атқарушы бюросы 5 адам 7 1 тәулікке 493500
қызметкерлерінің тұруы 14100
4 Келіссөздер, мәдени 55 адам 4 күніне 1040 228800
бағдарламаның іс-шаралары күн
кезінде буфеттік қызмет
көрсету
5 Тамаққа жұмсалатын шығындар:
- еріп жүретін адамдарды қоса
есептегенде делегация 55 адам 4 1 адамға
басшылары мен мүшелеріне күн күніне 4500 990000
- ҚОБК Атқарушы бюросының 7 1 адамға
қызметкерлеріне 5 адам күн күніне 4500 157500
6 ҚР ҰҚК төрағасының атынан 80 адам 1 адамға 520000
ресми қонақасы 6500
7 Мәдени бағдарламаны қамтамасыз 286000
етуге арналған шығыстар
8 Автокөлікті жалдау:
- өкілдік сыныптағы автомобиль 12 32 1 сағатқа 268800
сағ. 700
- қолайлы автобус (45 орындық) 2 32 1 сағатқа 44800
сағ. 700
9 Мәжіліс залын жалдау 3 күн күніне 846000
282000
10 Делегациялар басшылары үшін 12 адам 1 адамға
21000 252000
кәдесыйлар мен естелік
сыйлықтар алу
11 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 12 дана бір данасы 9600
үстелге қоятын жалаушалары 800
12 Отыратын жерлеріне қойылатын 55 дана бір данасы 63140
куверталар 1148
13 Байланыс құралдарын (рация) 20 дана бір данасы 14000
жалдау 700
14 Атрибуттарды жасау
- ҚОБК эмблемасы бар жалау 1 дана 15000
- тіркеу кәртішкесі (бейджик) 55 дана бір данасы 8250
150
- қол қойылатын құжаттарға 2 дана бір данасы
арналған хаттамалық папка 6000 12000
- құжаттарға арналған ҚОБК 55 дана бір данасы
рәмізі бар папка 450 24750
- жазуға арналған ҚОБК рәмізі 55 дана бір данасы
бар қойын дәптер 350 19250
- ҚОБК рәмізі бар қалам 55 дана бір данасы 24750
450
- Іскерлік папкасы (былғары 55 дана бір данасы 117260
орнына жұмсалатын материалдан 2132
жасалған)
---------------------------------------------------------------------------
Шығыстардың барлығы 10435840
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.