Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 мамыр N 688

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының

 

Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол

қойылсын.

     2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 

төрағасы Бақытбек Тәжібайұлы Биманбетовке Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы

ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан

қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                         Жоба


        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының

         Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы

                             Келісім


     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Литва Республикасының Үкіметі,


 
       туризмнің Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы халықтарының

 

арасында өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты нығайтуда маңызды

құрал болып табылатынын ұғына отырып,

     Тараптар мемлекеттері халықтарының тарихи және мәдени мұралармен

танысуына жәрдемдесуге тілек білдіре отырып,

     туризм саласындағы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын

басшылыққа ала отырып,

      өзара тиімділік негізінде туризмді дамытуды көтермелеуге және оған

қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтыла отырып,

     төмендегілер туралы келісті:


                            1-бап



 
       Тараптар Тараптардың мемлекеттері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты осы Келісімге, Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес тең құқықтылық пен өзара тиімділік негізінде нығайтады және дамытады.
 
                             2-бап
 
      Тараптар өз мемлекеттерінің туристік қызметін қолдайтын және қазақстандық және литвалық туристік қоғамдардың, қауымдастықтардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың арасында ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына жәрдем көрсететін болады. Тараптар сондай-ақ туристердің Тараптар мемлекеттерінің аумақтарына топтық және жеке сапарлар жасауына мүмкіндік туғызады.
 
                             3-бап
 
      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес анықтамалық және жарнамалық материалдармен, туризм туралы статистикалық деректермен, туризм саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық база және шетелдік азаматтардың Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында болуының шарттары туралы хабарламалармен, екі мемлекеттің туристік объектілеріне инвестицияларға қатысты ұсыныстар туралы ақпаратпен алмасатын болады.
 
                            4-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы туризм саласы үшін кәсіби кадрлар даярлауда, туризм саласында маманданып жүрген ғылыми қызметкерлермен және сарапшылармен алмасуға екінші Тарапқа көмек көрсетеді, Тараптар мемлекеттерінің осы саладағы зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдарының жан-жақты байланыстары мен бірлескен іс-қимылдарына жәрдемдесетін болады.
 
                            5-бап
 
      Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясы осы Келісім ережелерінің орындалуын бақылайды әрі талдайды және туризм саласында өзара мүдделілік білдірілетін басқа да мәселелерді талқылайтын болады.
 
                           6-бап
 

 

     Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келісімге өзгерістер мен

толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып

табылатын жеке Хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 8-бабына

сәйкес күшіне енеді. Осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге байланысты

даулы мәселелер Тараптардың консультациялары және келіссөздері арқылы

шешіледі.


                         7-бап


     Осы Келісімді орындау мәселелеріне қатысты Тараптардың құзыретті

органдары:

     Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт

жөніндегі агенттігі;

     Литва тарапынан - Туризм жөніндегі мемлекеттік департамент болып

табылады.

     Құзыретті органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл

жөнінде бір-біріне дереу хабарлайды.


                         8-бап



 
       Осы Келісім мерзімі белгіленбей жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
 
      Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты жазбаша хабардар ету арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Келісім тиісті Тараптың жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап алты айдан кейін қолданысын тоқтатады.
 

 

     Егер Тараптар басқаша уағдаласпаса, осы Келісімнің қолданысын тоқтату

Келісім күшінде болған кезеңде келісілген туризм саласындағы бағдарламалар

мен жобалардың орындалуына әсер етпейді.


     _____________қаласында ____ жылғы "__"_________ әрқайсысы қазақ,

литван және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данадан жасалды және де барлық

мәтіндердің күші бірдей.


     Осы Келісімнің ережелерін түсіндірген кезде келіспеушілік туындаса,

Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының            Литва Республикасының

        Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін





    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.     








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады