Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасында Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілер мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 мамыр N 697

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілер мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасында Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілер мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім жасалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер

 

қолбасшысы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының

Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы

Үкіметінің арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілер мен психотроптық

заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне

қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік

берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                           Жоба


         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы

         Үкіметінің арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілер мен

        психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және

     қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы

                                 Келісім


     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Литва Республикасының Үкіметі,


 
       ұйымдасқан қылмыстан, атап айтқанда, есірткілердің заңсыз айналымынан, терроризмнен, мемлекеттік шекара арқылы адамдардың, көлік құралдарының, жүктердің заңсыз өтуінен және қылмыстың өзге де түрлерінен сақтандыру, сондай-ақ оларға қарсы тиімді күрес жүргізу мақсатында ынтымақтастық жасаудың маңызы зор екеніне көз жеткізе отырып,
      бүкіл дүние жүзінде есірткілер мен психотроптық заттарды тұтынудың және олардың заңсыз айналымының ұлғаюына алаңдаушылық білдіре отырып,
      терроризммен тиімді күрес жүргізудегі өздерінің ортақ тілектерін қуаттай отырып,
      заңсыз көші-қонмен күрес жүргізу жөнінде тиімді іс-шаралар қабылдауға ниет білдіре отырып,
      қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастыққа зор маңыз бере отырып,
      1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөнінде құқықтық көмек көрсету мен құқықтық қатынастар туралы шарттың және 1997 жылғы 7 наурыздағы оның Хаттамасының ережелерін назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:
 

 

     1-бап


     1. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарының, сондай-ақ өздері

қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың шеңберінде

сақтандыруды, жолын кесуді, ашуды және тексеруді қоса алғанда, ұйымдасқан

қылмысқа, қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрес саласында ынтымақтастық

жасайды.

     2. Осы Келісім қылмыстық істер мен ұстап беру бойынша құқықтық көмек

көрсету мәселелерін қозғамайды.


     2-бап


     1. Тараптар:

     1.1. ұйымдасқан қылмысқа;

     1.2. терроризмге;

     1.3. атыс қаруының, оқ-дәрілердің, жарылғыш құрылғылардың, жарылғыш

және улы заттардың, сондай-ақ радиоактивті материалдардың заңсыз

айналымына;

     1.4. есірткілер мен психотроптық заттардың, сондай-ақ прекурсорлардың

(бұдан әрі мәтін бойынша - есірткілер) заңсыз айналымына;

     1.5. адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстарға;

     1.6. меншікке қарсы қылмыстарға;

     1.7. экономика саласындағы қылмыстарға;

     1.8. кепілдікке адамдар ұстауға;

     1.9. контрабандаға;

     1.10. заңсыз қаржы операцияларына және қылмыстық әрекеттің

нәтижелерінде алынған кірістерді заңдастыруға;

     1.11. ақша белгілерін, бағалы қағаздарды, несие карточкаларын, ресми

құжаттарды қолдан жасауға, сондай-ақ оларды заңсыз тарату мен пайдалануға;

     1.12. мәдени және тарихи құндылықтарға қылмыстық қол сұғушылыққа;

     1.13. автокөлік құралдарымен заңсыз операциялар жасауға;

     1.14. жезөкшелікке және адамдарды сатуға байланысты заңсыз

әрекеттерге;

     1.15. заңсыз көші-қонға;

     1.16. экологиялық қылмыстарға қарсы күрес жүргізуде ынтымақтастықты

жүзеге асырады.

     2. Тараптар сондай-ақ мынадай салаларда:

     2.1. көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде;

     2.2. кадрлар даярлауда, ғылыми және ақпараттық байланыстарды дамытуда

ынтымақтастық жасайды.

     3. тараптар өзара мүдделілік білдірілетін басқа да бағыттар бойынша

ынтымақтастықты жүзеге асыра алады.


     3-бап


     1. Тараптар ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асыратын болады:

     1.1. өтініштерді орындау;

     1.2. жедел, іздестіру, анықтамалық, криминалистикалық және мұрағаттық

ақпараттармен алмасу;

     1.3. жедел іс-шаралар келісіп жүргізу;

     1.4. қылмыспен күресу саласындағы жұмыс тәжірибелерін алмасу;


 
       1.5. қылмыспен күресудің әртүрлі салаларындағы және криминалистикалық

 

техника жөнінде өзара ақпараттар алу үшін мамандармен алмасу;

     1.6. қылмыспен күресу саласында заңнамалық және өзге де нормативтік

құқықтық кесімдермен алмасу;

     1.7. ғылыми зерттеулердің, оның ішінде криминалистика және

криминология саласындағы нәтижелермен алмасу;

     1.8. кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін

арттыруда өзара тиімді негізде көмек көрсету.

     2. Ынтымақтастықтың көлемі мен нақты нысандары қажеттіліктер мен

жағдайлардың өзгеруі, сондай-ақ басқа да маңызы бар жайттар ескеріле

отырып, орталық құзыретті органдардың келісімі бойынша белгіленеді.

Тараптар осы Келісімді орындау мақсатында бір-біріне ақысыз көмек көрсете

алады.


     4-бап


     Тараптар есірткілердің заңсыз айналымымен күресу мақсатында ең

алдымен:


 
       1.1. есірткілердің заңды айналымын бақылау жөніндегі жұмыс тәжірибелерімен, сондай-ақ есірткілердің заңды өндірістен шығып кету тәсілдері туралы ақпаратпен алмасады;
      1.2. есірткілердің заңды айналымнан заңсыз шығып кетуін болдырмауға бағытталған шараларды бірлесіп жүзеге асырады;
      1.3. есірткілерді дайындау мен контрабандалауға немесе олармен сауда жасауға қатысы бар адамдар туралы деректермен, есірткілерді жасырудың жаңа тәсілдері мен оларды табу әдістері, олардың заңсыз тасымалдану бағыттары мен арналары туралы ақпаратпен алмасады;
      1.4. бір-біріне есірткілердің жаңа түрлерінің үлгілерін ұсынады, сондай-ақ олардың қасиеттері туралы, оларды жасырын дайындауда пайдаланылатын жабдықтар мен технологиялар туралы ақпаратпен алмасады;
 
      5-бап
 
      1. Терроризммен күресу мақсатында Тараптардың орталық құзыретті органдары осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өзара тиімді мүддесі бар ақпаратпен алмасу арқылы ынтымақтасады, оның ішінде:
      1.1. жекелеген адамдардың, топтардың немесе ұйымдардың басқа бір Тараптың мемлекетіне қатысты террорлық акт жасамақ пиғылдарының анықталғаны туралы;
      1.2. шетел мемлекеттерінің мемлекет, үкімет басшыларына және халықаралық ұйымдардың мүшелеріне қарсы бағытталған дайындалып жатқан террорлық актілер туралы ақпараттар.
      2. Ақпарат алмасу мүдделі Тараптың көмек көрсету туралы өтінішінің негізінде немесе мұндай ақпарат басқа бір Тарап үшін қызығушылық танытады деп болжаған Тараптың бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
 
      6-бап
 
      Заңсыз көші-қонмен күресу мақсатында Тараптар:
      1.1. басқа бір Тараптың мемлекет азаматтарының тарапынан болған мемлекеттік шекараны бұзу фактілері туралы;
      1.2. басқа бір Тарап мемлекетінің азаматтары есірткілерді, қаруды,

 

оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды заңсыз алып өтуге

әрекет жасағаны үшін ұстау фактілері туралы;

     1.3. Тараптардың мемлекеттері азаматтарының мемлекеттік шекараны

кесіп өту құқығын беретін жалған құжаттар жасаудың орын алған фактілері

туралы ақпаратпен алмасады.


     7-бап


     1. Ұйымдасқан қылмыспен күресу саласында ынтымақтасу мақсатында

Тараптар:

     1.1. ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адамдар туралы деректермен

алмасады;


 
       1.2. ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қауымдастықтар, олардың құрамы, ұйымдастырушылары, құрылымы, қызмет аясы қылмыстық байланыстары туралы ақпаратпен алмасады;
      1.3. ұйымдасқан топтар мен қауымдастықтар жасаған қылмыстардың жайттары туралы, атап айтқанда қылмыстардың жасалу уақыты, орны, ерекшеліктері мен тәсілдері, қол сұғылған объектілер, сондай-ақ олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің қылмыстық-құқықтық біліктілігі туралы ақпаратпен алмасады;
      1.4. жедел іс-шаралар жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасайды және осы мақсатта келісілген әрекеттерді жүзеге асырып, өзара кадрлық, материалдық және ұйымдық көмек көрсетеді;
      1.5. бірлесіп немесе өзара тиімді түрде кәсіби біліктілікті арттыру үшін ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстың басқа да түрлерімен күресу саласының мамандарымен алмасуды жүзеге асырады;
      1.6. қажет болған жағдайларда бірлескен іс-шараларды әзірлеу және жүргізу үшін алдын ала тергеу сатысындағы нақты қылмыстық істер бойынша жұмыс кездесулерін өткізеді.
      2. Деректермен және ақпараттармен алмасу әрбір нақты жағдайда қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретін қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу және тергеу үшін жүргізіледі.
 
      8-бап
 
      1. Ақпарат ұсынуды және осы Келісімнің 3-бабында көзделген өзге де әрекеттерді жазбаша өтініштерге сәйкес Тараптардың орталық құзыретті органдары жүзеге асырады.
      2. Осы баптың 1-бөлігінде көзделген өтініште мыналар мазмұндалуы тиіс:
      2.1. ол бойынша өтініш жіберіліп отырған істің мәні туралы, осы іс бойынша өтетін немесе оған қатысы бар адам немесе адамдар, ол туралы ақпарат талап етілетін фактілер, заттар мен құжаттар туралы мейлінше толық мәліметтер;
      2.2. қолдану себептері және оның орындалуы талап етілетін нақты рәсімнің толық сипаттамасы;
      2.3. қажет болғанда оның ішінде өтініштің орындалуы күтіліп отырған мерзімдерді көрсету.
      3. Қажет болған жағдайда өтінішке оның орындалуына жеңілдік беретін құжаттардың расталған көшірмелері немесе олардың қысқаша жазбалары тиісті түрде қоса беріледі.
      4. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар осы Келісімнің 14-бабындағы талаптарға сәйкес рәсімделеді, оған тиісті лауазымды адамдар қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
      5. Осы Келісімнің 3-бабымен көзделген ақпаратты, егерде ол басқа бір Тарапқа қызығушылық танытады деп болжалатын болса, жеке өзінің бастамасы бойынша Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары бір-біріне жіберуі мүмкін.
      6. Өтінішті орындау мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары өтініштің орындалуына жеңілдік беретін қосымша мәліметтерге сұрау салуға құқылы.
 
      9-бап
 
      1. Егер өтінішті орындау адам құқықтарының бұзылуына әкеліп соғатын болса, мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне зиян келтіретін болса не сұрау салынатын Тараптың заңнамаларына немесе халықаралық міндеттемелеріне қарсы оны қанағаттандырудан толық немесе жартылай бас тартылуы мүмкін.
      2. Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары бас тартудың себебін көрсете отырып, ол туралы бір-біріне жазбаша хабарлайды.
 
      10-бап
 
      1. Егер бұл ақпарат мәліметтердің жабық сипатта болса немесе беруші Тарап оның жария болуын тілемейтін болса, Тараптардың орталық құзыретті органдары ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бұл тең дәрежеде техникалық құралдарға да, жабдықтар мен материалдарға да қатысты.
      2. Осы Келісім шеңберінде алынған ақпаратты, техникалық құралдарды, жабдықтар мен материалдарды үшінші тарапқа беру қажет болған жағдайда оларды ұсынған орталық құзыретті органдардың жазбаша келісімі талап етіледі.
      3. Тараптардың жеке тұлғалар туралы алған мәліметтері осы Келісіммен белгіленген мақсаттарда ғана пайдаланылуы мүмкін. Беруші тарап мұндай мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ қажет болғанда тиісті өзгерістер мен толықтыруларды дер кезінде беруді қамтамасыз етеді. Жеке тұлғалар туралы ақпараттарды қабылдау, тіркеу, сақтау, пайдалану және жою Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Барлық жағдайларда Тараптар деректерді бөгде адамдардың қол жеткізуінен, оларды санкциясыз өзгертуден, жоюдан немесе жариялаудан тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
 
      11-бап
 
      1. Тараптар осы Келісімнің ережелерінде көзделген ынтымақтастыққа ықпал жасау және оны баға беру үшін екі Тараптың да орталық құзыретті органдарының басшы қызметкерлері қатарынан Бірлескен Комиссия құра алады. Комиссияның құрамы туралы Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабар береді. Қажет болғанда Бірлескен Комиссия өзі арнайы тағайындайтын сарапшыларды тарта алады. Комиссияның отырыстары қажет тілекке қарай жүргізіліп тұрады.
      2. Бірлескен Комиссияның өкілеттіктері мен жұмыс тәртібін Тараптар

 

жеке келісімдер арқылы белгілейтін болады.


     12-бап


     1. Осы Келісімнің ережелерін орындау мақсатында барлық байланыстар

Тараптардың орталық құзыретті органдарының арасында олардың Тарап

мемлекеттерінің заңнамаларымен белгіленген құзыреттерінің шегінде тікелей

жүзеге асырылатын болады.

     2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналар орталық құзыретті органдар

болып табылады:


     Қазақстан Республикасы үшін:

     - Бас прокуратура,

     - Ішкі істер министрлігі,

     - Ұлттық қауіпсіздік комитеті,

     - Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті,

     - Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті.


     Литва Республикасы үшін:

     - Ішкі істер министрлігі,

     - Ішкі істер министрлігі жанындағы Полиция департаменті,

     - Ішкі істер министрлігі жанындағы Шекара полициясы департаменті,

     - Ішкі істер министрлігі жанындағы Салық полициясы департаменті,

     - Ішкі істер министрлігі жанындағы Арнайы тергеу қызметі,

     - Қаржы министрлігі жанындағы Кеден департаменті.



 
       3. Тараптардың әрқайсысы өздерінің орталық құзыретті органдардың тізбесіндегі өзгерістер туралы басқа бір Тарапқа дереу хабарлайды.
 
      13-бап
 
      1. Осы Келісімді орындау жөніндегі шығындарды Тараптар дербес олар өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті шекте көтереді.
      2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келісімнен туындайтын іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін бірлескен шығындарды көтереді, ол әрбір нақты жағдайда өзара тиімді келісімдермен рәсімделеді.
      3. Өзара келісім бойынша Тараптар қажет болған жағдайда осы Келісімнің 2-бабында айтылған қылмыстардың жолын кесу жөніндегі нақты міндеттерді шешу үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды беру жөнінде бір-біріне ақысыз көмек көрсетуі мүмкін.
 
      14-бап
 
      Осы Келісімнің шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру Тараптар орыс тіліндегі аудармаларын қоса беру арқылы өздерінің мемлекеттік тілдерін пайдаланады.
 
      15-бап
 
      1. Ынтымақтастықтың осы Келісімнің ережелерімен көзделген өзге де бөліктерін Тараптар немесе олардың уәкілеттік беруі бойынша орталық құзыретті органдар жеке келісімдер арқылы белгілей алады.
      2. Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге өзгерісі мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен рәсімделеді.
 
      16-бап
 
      1. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты түсініспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және кеңесулер арқылы шешеді.
      2. Қажет болған жағдайда Тараптардың өкілетті өкілдерінің тең санынан даулы мәселелерді реттеу жөніндегі міндеттер жүктелетін келісім комиссиясы құрылады. Тараптардың өкілетті өкілдері қол қойған келісім комиссиясының мәжіліс хаттамасын екі Тарап та орындауға қабылдайды.
 
      17-бап
 
      Осы Келісім Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін қозғамайды және Тараптарға ынтымақтастықтың өзге де өзара тиімді нысандарын әзірлеу мен дамытуда бөгет жасамайды.
 
      18-бап
 
      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті

 

мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны

алған уақыттан бастап күшіне енеді.

     2. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың біреуі

оның қолданысын тоқтату ниеті туралы басқа бір Тарапты жазбаша хабардар

еткенге дейін күшінде болады. Бұл ретте осы Келісім басқа бір Тарап мұндай

хабарламаны алғаннан кейін алты ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.


     2000 жылғы "___" ____________ _______ қаласында екі данада, әрқайсысы

қазақ, литва және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей

күші бар.

     Осы Келісімді түсіндірудің мақсаттары үшін орыс тіліндегі мәтін

пайдаланады.


     Қазақстан Республикасының           Литва Республикасының

     Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады