Алматы қаласында Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш орнату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 мамыр N 699

      "Халық қаһарманы" атағының иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық әртісі, аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевті мәңгілік есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы қаласы әкімінің конкурстық негізде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Алматы қаласында Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш орнату туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен келісілген ұсынысы қабылдансын.
      2. Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің идеялық-көркемдік деңгейін

 

бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігінің Мәдениет комитетіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады