Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 719

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ұсынылып отырған Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің
                                      2000 жылғы 15 мамырдағы N 719
                                          қаулысымен бекітілген

        Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат
         үйлері, психоневрологиялық интернаттар,
         қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы
       үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар
        мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін
               қаражатты пайдалану Ережесі

      1. Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражат заңнамаға сәйкес мынадай бағыттар бойынша:
      қамқорлыққа алынғандарды тамақтандыруды және дәрігерлік көмек көрсетуді жақсартуға;
      емдеу-еңбек шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
      ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлерінде және қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде тұратын қамқорлыққа алынғандарды көтермелеуге;
      емдеу-еңбек шеберханалары, қосалқы шаруашылықтар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге;
      интернаттарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуге;
      мәдени шараларды өткізуге және демалысты ұйымдастыруға пайдаланылады.
      2. Интернаттардың тауарлар мен ақылы қызмет көрсетулерді сатудан алынатын қаражаты интернаттардың "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына енгізіледі және мақсатты орны бойынша қатаң жұмсалады.
      3. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты жұмсау үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен, шығыстар сметасы жасалады және бекітіледі.
      4. Тауарлар мен ақылы қызметтерді сатудан түсетін қаражаттың есебін жүргізу және олардың пайдаланылуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Тауарлар мен ақылы қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражаттың иелік етушісі, бюджет қаражатына иелік ету құқығы берілген, интернаттардың басшылары болып табылады.
      6. Тауарлардың және интернаттар көрсететін қызметтердің бағасын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
      Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады