"Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 723

      "Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамында қалыптасқан қаржылық-экономикалық ауыр жағдайға байланысты және оның аймақ үшiн әлеуметтiк-экономикалық мәнiнiң маңыздылығын ескере отырып, "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына Z970067_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамының банкроттығына бастама жасасын.
      2. "Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамын банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда мыналар:
      1) "Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын бiрыңғай лотпен сату;
      2) өндiрiстiк процестiң үздiксiз жүруiн сақтау;
      3) өндiрiстiк процестiң үздiксiз жүруiн қамтамасыз ету мақсатында "Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамын басқаруға ықтимал инвестормен шарт жасасу құқығын конкурстық басқарушыға беру;
      4) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге бағытталған инвестицияларды тарту;
      5) бiрiншi-үшiншi кезектердегi кредиторлар талаптарының, сондай-ақ әкiмшiлiк шығыстары сомасынан төмен түспейтiн ең төменгi құнын белгiлеу көзделетiн оның конкурстық массасын сатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбi белгiленсiн.
      3. "Қазмысқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар:
      1) сауда-саттыққа өнеркәсiптiк-азаматтық құрылыс саласында бастапқы кезеңнен "iске қосуға" дейiнгi жұмыс тәжiрибесi бар және кемiнде 90 миллион теңге жарғылық капиталы бар заңды тұлғалар жiберіледi;
      2) сауда-саттық өткiзілген күннен бастап 15 банк күнiнен

 

кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық массаны сату кезiнде әкiмшiлiк

шығыстарды бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу;

     3) сауда-саттық өткiзiлген сәттен бастап алты ай мерзiм iшiнде жұмыс

орындарын сақтау және оларды өндiрiстiк қуаттардың қалпына келтiрiлуiне

қарай көбейту көзделсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады