Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігін құру туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 345 U000345_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де
күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
20 (жиырма) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.