Қазақстан Республикасының жазғы I Спартакиадасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 мамыр N 781

      Дене тәрбиесi мен спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегi агенттiгi 2001 жылдың шiлде-тамызында Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының жазғы I Спартакиадасын өткiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен және Астана қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып 2001 жылғы 24 маусымда Астана қаласының Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионында Қазақстан Республикасының жазғы I Спартакиадасының салтанатты ашылуының мәдени-спорттық мерекесiн өткiзсiн.
      3. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi заңнамада белгіленген тәртiппен жарыстардың бiрiншi және екiншi кезеңдерiн өткiзудi, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсiмiне және финалдық жарыстарға әзiрлiгi мен қатысуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шаралар, жарыстар өткiзiлетiн орындарда және Спартакиадаға қатысушылар тұратын орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

 

министрлiгi Қазақстан Республикасының жазғы I Спартакиадасын әзiрлеудi

және өткiзудi бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз

етсiн.

     6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

Қазақстан Республикасының жазғы I Спартакиадасының жарыстарына

қатысушыларды тасымалдауға жәрдем көрсетсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-МИнистрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Багарова Ж.А.     






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады