Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң:
2000 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетiн (бұдан әрi - Комитет) Астана қаласына көшiрудi жүзеге асыру туралы;
Астана қаласына көшiрілген орталық мемлекеттiк органдардың
аппараттары қызметкерлерiне заңнамада көзделген кепiлдiктер мен
өтемақыларды жұмысқа басқа жерге (Астана қаласына) ауыстырылған кезiнде
Комитеттiң қызметкерлерiне қолдану туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2.
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951
қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Бағарова Ж.А.