Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 U000344_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 327 P000327_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылға арналған республикалық бюджет жобасының шығыстары мен
оны несиелендіруді қалыптастыру кезінде мынадай негізгі басымдықтар
белгіленсін:
1) ұлттық қауіпсіздік:
мемлекеттік қарыз алу мен борышты басқарудың тетігін жетілдіре
отырып, Қазақстан Республикасының үкіметтік борышқа қызмет көрсету және
оны өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындау;
2001 жылға арналған жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің кемінде бір
пайызы көлемінде қорғаныстық шығыстарға қаражат бағыттау;
терроризмге қарсы күреске қаражат бағыттау;
нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске қаражат бағыттау;
2) әлеуметтік даму:
зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге
қаражат бағыттау;
республикалық деңгейде орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға
қаражат бағыттау;
жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету;
мемлекеттік білім беру гранттарының және несиелендірудің негізінде жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауға қаражат бағыттау;
диабетке қарсы, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерді, иммундық алдын алуды жүргізуге арналған және "В" вирусті гепатитіне қарсы вакциналарды орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру;
ана мен баланы қорғау, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау;
3) экономикалық өрлеу:
оларды кепілдікті және заңнамада көзделген басқа да қамтамасыз ету шартымен беру тетігін құра және жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерін орындау;
республикалық бюджеттің өткен қаржы жылдарының қорытындылары бойынша пайда болған кредиторлық берешегін өтеуге қаражат бағыттау;
оларды іріктеудің нақты өлшемдері мен рәсімдерін сақтай отырып, "Қазақстан Республикасының 1999-2001 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 772 P990772_ қаулысына сәйкес инвестициялық жобаларға қаражат бағыттау;
өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, жануарларды аса
қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғауға қаражат бағыттау;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау;
4) инфрақұрылым, көлік және байланыс:
автомобиль жолдарын салуға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қаражат бағыттау;
Астана қаласының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бағыттау;
5) кәсіби Үкімет:
орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік шығыстарына қаражат
бағыттау.
Ескерту. 1-тармақтың 4)-тармақшасы толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.07.18. N 1087 қаулысымен.
2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 2001 жылға
арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде жоғарыда
көрсетілген басымдықтарды ескерсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Бағарова Ж.А.