Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 17 ақпан N 344 Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.03.28. N 827 жарлығымен. ~U020827

      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзімде Yкiметтің 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарын бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiнде барлық шараларды қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тоқсан сайын Қазақстан

 

Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002

жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндап

отырсын.

     5. "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру

жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы

28 қаңтардағы N 3834 Жарлығына 


U983834_


  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1998 ж., N 2, 10-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     1) 1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларының күші жойылған деп танылсын;

     2) 2, 3-тармақтар алынып тасталсын;

     3) 5-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.

     6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті

                                               Қазақстан Республикасы

                                                    Президентінің

                                                  2000 жылғы 17 ақпан

                                               N 344 Жарлығына қосымша




     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.10.08. N 693        



U010693_


  Жарлығымен.


                   Қазақстан Республикасының Үкіметі


            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға

                   арналған іс-қимыл бағдарламасы



     Кіріспе



 
       Осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясы ескерiле отырып және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң (1999 жылғы 12 қараша, N 204-I ҚРП) және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң (1999 жылғы 11 қарашадағы N 1684) қаулыларымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы туралы Баяндамаға сәйкес әзiрлендi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң негізгi мiндетi маңызды макроэкономикалық параметрлердi - теңгенiң тиiмдi айырбас бағамын, республикалық бюджет тапшылығы мен инфляцияның төмен деңгейiн, елдiң төлем балансын сақтау жағдайында тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi өзiнің алда тұрған қызметiнде мынадай негiзгi бағыттарды белгiлейдi:
      саяси тұрақтылықты сақтау және ұлттық қауiпсiздiктің негiздерiн нығайту;
      тұрақты макроэкономикалық саясатты қалыптастыру және экономикалық өсу үшiн жағдай жасау;
      экономиканың нақты, әсiресе экспортқа бағытталған және импортты алмастыратын секторы мен жұмыспен қамтуды және iшкi рыноктың сыйымдылығын арттыруды қамтамасыз ететін салаларын дамытуды қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      кәсiпорындардың - табиғи монополияның қызметiн реттеу кәсiпкерлiк пен бәсекелестiктi дамыту үшiн, бәселестiкті орта қалыптастыру және жағдай туғызу;
      елдiң тұрақты банктiк жүйесiн қамтамасыз ету және екiншi деңгейдегi қазақстандық банктердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi несиелендiруiн кеңейту үшiн жағдайлар жасау; бағалы қағаздар рыногының жұмысын жандандыру;
      елдің тартымды инвестициялық ахуалын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының капиталдың сыртқы рыноктарындағы имиджiн нығайту, тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi қызметті жандандыру және отандық тауар өндiрушiлерге қажетті мемлекеттiк қолдау көрсету; мемлекеттiк қарыз алудың нақты өлшемдерi мен рәсімдерiн айқындау және үкiметтiк кепiлдiктердi ұсыну; заемшылардың өткен жылдардағы борыштарды мемлекетке қайтаруын қамтамасыз ету;
      кедейлiк өлшемiнiң негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмектер ұсыну; әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды аймақтарға көшiру; өмiрдi сақтандыру, халықтың зейнетақы жасында кiрiстердi қамтамасыз ету жөнiндегi жеке жауапкершiлiктi тусiнуiн қалыптастыру саласында сақтандыру рыногын дамыту;

 

     мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру, оны

орталықсыздандыру, жоспарлау жүйесiн нығайту.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi өз қызметiнiң алдағы кезеңдегi

негізгі принциптерi ретiнде:

     қоғамдық және ұлттық келiсiмдi сақтауды;

     әлеуметтiк және экономикалық тиiмдiліктiң арасындағы орынды

тепе-теңдiктi қамтамасыз етудi;

     экономиканың нақты секторының басымдығын;

     мемлекеттiк бюджеттiң шынайылығын;

     әлеуметтiк көмектi, ең алдымен аз қамтамасыз етiлгендерге, берудi;

     сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрестi;

     қоғамды рухани дамыту проблемаларына назар аударуды күшейтудi;

     сыртқы саясаттағы көп салалықты;


 
       жұмыстың ұжымдық стилi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң дербес жауапкершiлiгiн арттыруды айқындады.
      Осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасында қойылған мiндеттердi iске асыруға бағытталған iс-шаралар кешенi, Yкiметтiң алдағы кезеңдегi қызметiнiң негiзгi бағыттары мен принциптерi кешенi баяндалған.
 
                          1. Ұлттық қауіпсiздiк
 
      Ой-ниет. Негізгi басымдықтар ретiнде Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ елдiң қауiпсiздiгiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ұлттық қауiпсiздiктiң экономикалық, әскери, әлеуметтiк-саяси, экологиялық және ақпараттық компоненттерiн нығайту жөнiндегi қызметтi жандандырмақ ниетте.
 
      Үкiметтің iс-қимылы. Yкiмет барлық мүдделi мемлекеттермен, ең алдымен көршi елдермен достық, тең құқықты және өзара тиiмдi қарым-қатынастарды одан әрi дамытуға бағытталған байыпты және сындарлы сыртқы саясатты жүргізудi жалғастыратын болады. Қазақстан Кеден Одағы, Орталық Азия Халықаралық Қауымдастығы елдерiмен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады. Бұрынғы ТМД-да интеграциялық процестердi нығайтуға кеп қөңiл бөлiнетiн болады. Үкiмет Өзара iс-қимыл және Азиядағы сенiм бiлдiру шаралары жөнiндегi кеңестiң шеңберiндегі жұмысты жалғастырады, сондай-ақ НАТО-мен әрiптестiк қатынасты дамыту мәселелерiмен де шұғылданатын болады.
 
      Yкiмет Орталық Азияда терроршылдықтың, дiни экстремизмнiң және есiрткiнiң заңсыз айналымының таралуына қарсы әрекет ету мақсатында халықаралық қоғамдастықпен өзара iс-қимылға баса назар аударады.
 
      Үкiмет келiссөздер жүргізбек және тиiстi уағдаластықтарға қол жеткiзiлуiне орай iргелес мемлекеттермен шекараны делимитациялауды жүзеге асырмақ, ҰҚК-нiң Шекара қызметiн нығайтпақ, Каспий теңiзiнiң мәртебесiн реттеу жөнiндегi келiссөздерде iлгерілеуге қол жеткiзбек, Қытай Халық Республикасымен шекараны демокрациялаудың нәтижелерiн заң жүзiнде ресiмдеудi аяқтамақ және шекара арқылы өтетiн суларды пайдалану жөнiнде Қазақстан үшiн қолайлы уағдаластықтарға қол жеткiзбек ниетте.
 
      Алдағы кезеңде әскери қауiпсiздiктi нығайту Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы мен жаңа Әскери доктринаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
 
      Белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер түрлерi құрылымының түрiн өзгерту, елдiң ең төменгi қорғаныс шығыстарын бекiту, қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiне көшу арқылы Қарулы Күштердiң экономикасын қайта ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылданатын, елдiң экономикалық мүмкiндiктерi ескерiле отырып орта мерзiмдi қорғаныстық бағдарлама әзiрленетiн, қару-жарақ пен әскери техниканың басым түрлерiн сатып алу айқындалатын, Қарулы Күштер үшiн кадрлар даярлау және әскери ғылымды дамыту бағдарламасы iске асырылатын, жұмылдырушылық даярлықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi қайта қаралатын болады.
 
      Қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың және өнеркәсiптiң азаматтық секторымен өзара iс-қимылының негiзгi бағыттары әзiрленiп, Қарулы Күштер мен әскери мамандықтардың беделiн көтеру жөнiнде кешендi ақпараттық бағдарлама қабылданатын болады.
 
      IIМ iшкi әскерлерi құрамаларының жауынгерлiк даярлығы мен жауынгерлiк мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, олардың халықаралық терроршылдық пен дiни экстремизмге қарсы iс-қимыл мәселелерiнде Қорғаныс министрлiгiмен және ҰҚК-нiң Шекара қызметiмен өзара iс-қимылын нығайту жөнiнде шаралар қабылданады.
 
      Экономикалық қауіпсiздiктi нығайту мақсатында жаңа технологияларды енгiзу, Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы эспорттық мүмкiндiктерiн кеңейту, елдiң транзиттiк әлеуетiн барынша пайдалану, елдiң қаржылық тұрақтылығын нығайту және табиғи ресурстардың пайдаланылуын бақылауды күшейту, инвестициялық және ғылыми-технологиялық саясатты жетiлдiру, жағымсыз құбылыстардың ұлттық экономикаға әсерiнiң алдын алу жолымен отандық өндiрiстiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталған шаралар iске асырылатын болады.
 
      Халықаралық институттармен және жекелеген елдермен өзара iс-қимылды нығайту дүниежүзілік қоғамдастықтың Арал, Семей полигоны мен республиканың басқа да экологиялық қолайсыз аудандары проблемаларының экологиялық және әлеуметтiк зардаптарын бейтараптандыру жөнiндегi күш-жiгерiн бiрiктiруге, экология, радиациялық және ядролық қауіпсiздiк саласында жауапкершiлiктi күшейтуге, ядролық қаруды таратпау режимiн қолдау, ядролық және басқа да радиоактивтi материалдардың заңсыз айналымына қарсы күрес, ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, табиғатты пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жүйелерiн оңтайландыру, экологиялық қауiпсiздiк қатерлерiнiң алдын алу жүйесiн құру жөнiндегi шараларды нығайтуға және экологиялық бақылау жүйесiн жетiлдiруге бағытталады.
 
      Ұлттық ақпараттық қауiпсiздiктi нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған арнаулы мемлекеттік бағдарламасы iске асырылады, атап айтқанда, оның базасында үкiметтiк байланыс жүйесiн қорғау, ұлттық криптографиялық қызметтің жұмыс істеуі, мемлекеттік басқарудың ұлттық геоақпараттық жүйесін құру қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілдің ақпараттық қажеттілігін кеңейту және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ), ең алдымен электронды

 

БАҚ-ын жетілдіру саясаты жүргізілетін болады.


     Үкімет халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар

қабылдайтын болады. 2000 жылы БҰҰДБ-ның жәрдемімен белгіленген тәртіппен

Қазақстанның табиғи апаттарға дайындығының жоспары әзірленіп, қолдануға

енгізілетін болады.



                  2. IШКI САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ

                                 ТОПТАСУЫ



 
       Ой-ниет. Қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық келiсiм мен әлеуметтiк әрiптестiктi нығайту, халықтың әл-ауқатының өсуiне жәрдемдесу, азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн, олардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, құқықтық реформаны одан әрi жүзеге асыру.
 
      Yкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет қоғамды одан әрi демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау мәселелерiне зор көңiл бөледi, саяси партиялармен және қозғалыстармен, сондай-ақ әйелдер, жастар және басқа да үкiметтiк емес ұйымдармен сындарлы диалогты жалғастырады. Елде қарсы тұрудың этникалық немесе басқа да қауiптi принциптерi бойынша партиялық бәсекелестiктiң мүмкiндiгiн болдырмайтын демократиялық партия жүйесiнiң қалыптасуына ықпал ету қажет.
 
      Терроршылдыкқа, сепаратизмге, саяси және дiни экстремизмге қарсы iс-қимыл жасау мақсатында олардың бой көрсетуiнiң кез келген нысандарының алдын алу және жолын кесу, ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеу жөнiндегi алдын алу шараларын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн болады. Ол үшiн мемлекетаралық деңгейде ынтымақтастық нығайтылып, қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
 
      Сыбайлас жемқорлыкқа қарсы күрестiң 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iске асырылатын және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен бой көрсетулердiң алдын алу жөнiндегі жүйелi шараларды көздейтiн ұзақ мерзiмдi бағдарлама әзiрленетiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар күшейтiлетiн болады.
 
      Заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтудың шеңберiнде заңдар базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу Кодекстерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлетiн болады. Құқық қорғау органдары мен арнаулы құрылымдардың кадрларын даярлау және қайта даярлау, оларды техникалық қайта жарақтандыру, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi және қараусыз балалар үшiн жағдайлар жасау, түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсарту, сот жүйесiн реформалау және оны жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру мәселелерiне айрықша көңiл бөлiнедi.
 
      Қылмыстық, азаматтық және соттық - iс жүргiзу құқықтары салаларындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн Еуропалық конвенцияларға қосылу жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
 
      Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы әрекет жасау жүйесiн құру мақсатында, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iске асырылады.
 
      Кедендiк және мемлекеттiк шекараларды нығайтудың нормативтiк-құқықтық базасы құрылады. Есірткiнi терiс пайдаланудың алдын алу Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық орталығын құру және кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында есiрткiге сұранысты азайту жөнiндегi iс-шаралардың жүйесiн қолданысқа енгiзу жолымен iске асырылады. Бұл iс-шаралар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету ескерiле отырып дамытылатын болады. Атап айтқанда, Бағдарламаны iске асыру үшiн БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау және қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасының тегiн техникалық көмегi тартылады.
 
      Бүкiл әлеуметтiк саясаттың негiзгi басымдығы болып табылатын кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрестiң 2000-2002 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасы әзiрленiп, қабылданатын болады.
 
      Бұдан басқа, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға тұрмыста күш қолдануға қарсы күрес күшейтiлiп, бұл қылмыстар үшiн жазалау шаралары қайта қаралатын болады. Отбасына, әйелдерге және балаларға қатысты бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге негіз болатын Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимылдардың ұлттық жоспарын iске асыру көзделiп отыр. Аталған жоспарға сәйкес қолданылып жүрген заңдарға гендерлiк сараптама жүргізiледi. Сенiм телефондары бар және күш қолданудың құрбаны болған әйелдерге баспана беретiн дағдарыс орталықтарының желiсi құрылатын болады.
      Халықпен ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының шеңберiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында көпшiлiк алдында сөз сөйлеуі, олардың саяси партиялардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және конфессиялардың жетекшiлерiмен кездесу практикасы жалғастырылады. Қоғамның рухани даму проблемалары мен идеологиялық және ақпараттық саясаттарға көңiл бөлу күшейтiледi.

 

     Халықаралық құрылымдардың тарапынан Қазақстанның қоғамдық-саяси

бiрлестiктерiне консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсетiлуi

бөлiгiнде халықаралық демократиялық институттармен және құқық қорғау

ұйымдарымен ынтымақтастық кеңейтiледi.

     Yкiмет ұлттық-мәдени орталықтардың одан әрi дамуына жәрдемдесетiн

болады, "Ұлттық-мәдени орталықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасын әзiрлейдi.



                            3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ




     3.1. Макроэкономикалық саясат





 
       Ой-ниет. Yкiметтiң саясаты макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн экономикалық дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз ететiн экономикалық орта жасауға бағытталатын болады.
      Үкiмет жыл сайынғы жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуiн 7-9% деңгейiнде қамтамасыз етуге, 2002 жылы инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 5-7%-ға дейiн төмендетуге ниеттенуде.
      Тиiмдi мемлекеттік ақша-несиелiк және (фискальдық саясат, экономиканың нақты секторын қаржылық және ұйымдастырушылық сауықтыру, ақшалай кiрiстердi арттыру және халықтың салымдары үшін ынталандыратын жағдай жасау арқылы өндiрiстi технологиялық жаңарту және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру қамтамасыз етілетiн болады.
      Yкiметтің iс-қимылы. Үкiмет бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру үшiн заңнамалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды. Мемлекеттiк бюджеттің көрсеткiштерiн қалыптастыру орташа мерзiмдiк сипатта болады.
      Үкiмет 2002 жылы ЖIӨ-ге 2,3% шегiнде жаңа әдiспен есептелген республикалық бюджет тапшылығын белгiлеудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң өсуi салық салынатын базаны кеңейтудiң және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiрудiң есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Мемлекеттiк шығыстардың айқын жүргiзiлуiн күшейту басымдықтарды неғұрлым нақты белгiлеу, нормативтiк базаны қалыптастыру және дамыту, оларды жеке секторға бере отырып, мемлекетке тән емес функциялардан дәйектi түрде бас тарту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен коммуникациялардың құрылымын жақсартуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялық саясат жандандырылады.
      Үкiмет жыл сайын бюджетті қалыптастыру кезiнде зейнетақылардың, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақы мөлшерiн арттыру мүмкiндiгiн қарастыруға ниеттенуде.
      Нақты секторды жеделдете дамыту, өнiмдi өткiзудiң iшкi және сыртқы рыноктарын кеңейту саясатын дәйектi жүргiзу, экспортқа бағдарлау және импортты алмастыру шараларын iске асыру арқылы сауда теңгерiмінің оң сальдосын ұстауға қолдау көрсетiледi. Қызмет көрсетулердi дамыту және олардың экспортын ұлғайту жөнiнде шаралар қолданылады.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуiне дайындық жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында сауда режимiн ырықтандырудың дәйектi саясаты жүргiзiлетiн болады.
      Халықаралық сапа стандарттарына сәйкес Қазақстанда өндiрiлетiн және бәсекелестік баға бойынша сатылатын осындай тауарлардың импорты кезiнде отандық өндiрушiлердi қорғауға бағытталған саясат жүргiзiледi. Елде өндiрiлмейтiн әлеуметтiк маңызы бар тауарларға ең төменгi кеден ставкалары белгiленедi.
      Макроэкономикалық саясаттағы тұрақтылық пен сабақтастық: экономикалық жоспарлаудың көкжиегiн кеңейту мен сапасын жақсарту, тиiмдi индустриялық, аграрлық және көлiк-коммуникациялық саясат; бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдени даму бағдарламаларын қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге азаматтардың белсендi түрде қатысуы есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң аса маңызды құралдарының бiрi - мақсаты мемлекеттiк қорларды (жинақтаушы функция) қалыптастыру болып табылатын, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң әлемдегi бағалар конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайту (тұрақтандырушылық функциясы) болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеуi болады. 2002 жылдан бастап шикiзат секторынан республикалық бюджетке түсетiн барлық салық түсiмдерiнiң 10% Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн болады.
      Елдiң мүдделерiн сақтау мақсатында Қазақстанның жасасқан халықаралық шарттары мен қабылдаған мiндеттемелерiн түгендеу жүргiзiледi.
 
          3.2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты
 
      Ой-ниет. Ақша-несие саясаты инфляцияның төмен деңгейiн ұстап тұруға, қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, банк жүйесiн одан әрi нығайтуға, сақтандыру рыногын дамытуға, соның iшiнде банктiк емес қаржы мекемелерiнiң экономиканың нақты секторын несиелендiруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет Ұлттық Банктiң инфляцияның төмен деңгейi саясатын жүргiзуiн қолдайтын болады. Ақша-несиелiк реттеудiң ағымдағы банк өтемпаздығына ықпал етудiң және қаржылық тұрақтылықты ұстап тұрудың негiзгi құралдары ашық рыноктың операциялары, ресми ставкаларды реттеу және екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландыру болады.
      Ұлттық Банк ақша-несие саясатының жаңа режимiн - ақша базасы және алтын-валюталық активтер бойынша мақсатты көрсеткiштер белгiлеудiң қазiргi режимiнiң орнына инфляция бойынша мақсатты көрсеткiштер белгiлеудi көздейтiн инфляциялық таргеттеудi енгiзу мүмкiндiгiне ерекше назар аударатын болады.
      Инфляцияның деңгейiн, сыртқы және iшкi қаржы рыноктарының жай-күйiн ескере отырып, қайта қаржыландырудың ставкаларын нақты түрдегi әлсiз оң мәнiнде сақтау көзделiп отыр. Вексельдiк рыноктың дами бастауы банктердiң вексельдердi қайта есептеу жолымен қайта қаржыландыруға кiруiн жеңiлдетедi, экономиканы несиелендiрудiң әлеуетi артады.
 
            Жеке адамдардың мерзiмдiк салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудiң (сақтандырудың) құрылған жүйесi халықтың банк секторына сенiмiнiң одан әрi артуын қамтамасыз етедi және соның нәтижесi ретiнде банк секторына тартылатын ақша көлемiн одан әрi кеңейте түседi. Алдағы уақытта депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң қалыптасуына қарай, кепiлдендiру объектiлерi мен басқа да көрсеткiштердiң, сондай-ақ кепiлдендiру жүйесiне қатысушы банктер шеңберiнiң олардың халықаралық стандарттарға көшу жөнiндегi талаптарды орындауына қарай кеңеюi жүредi.
      Өзара қарыз қорлары мен корпоративтi вексельдермен операциялар жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген ұйымдар сияқты қаржы институттарының жаңа үлгiлерiнiң пайда болуына ықпал ететiн іс-шараларға ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Жылжымайтын мүліктердiң ұйымдасқан рыногын құруға және ипотекалық несиелендiрудi дамытуға жәрдем көрсетiлетiн болады.
      Ипотекалық несиелендiру банктердiң жылжымайтын мүлiктiң кепiлiмен халықты қаржыландыруға қатысуын жандандырудың есебiнен дамытылады.Құрылған Қазақстан ипотекалық компаниясы банктер беретiн ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру (сатып алу) арқылы ипотекалық несиелендiрудi дамытуға жәрдемдесетiн болады.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi несиелендiру, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнеске техникалар беру үшiн лизинг жүйесiн пайдалану кеңейтiледi.
      Қазақстан Республикасының банк жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында 2001 жылдың аяғына қарай Екiншi деңгейдегi банктердi банк қызметiнiң халықаралық стандарттарына көшiру бағдарламасын iске асыру аяқталады.
      Таяу жылдары банктердiң қызметiн лицензиялау мен пруденциялдық реттеудiң, оның iшiнде 2001 жылдың iшiнде шоғырландырылған негiзде қадағалауды енгiзудiң, банктiк қызметтер тәуекелдерiн бағалауды жетiлдiрудiң әдiстерi мен рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады. Қаржы секторының тұрақтылығын нығайту мақсатында бiрыңғай қаржылық қадағалау органы құрылады.
      Қор рыногын дамытуға жәрдем көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негiзде олардың баға кесуiн мiндеттi жариялау арқылы ұйымдастырылған қор рыногында және ашық акционерлiк қоғамдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында қызмет істейтін банктердің акцияларының және басқа да бағалы қағаздарының айналымын жандандыру жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Айрықша борыштық міндеттемелерді шығаруды қоса алғанда банктердің активтерін секьюритизациялау тетігі әзірленетін, сондай-ақ банктердің корпоративтік бағалы қағаздармен қызметі кеңейтілетін болады.
      (Он екінші абзац)
      Халықаралық валюта қоры басшылығының ақша-несиелік және қаржы статистикасын жасау жөніндегі жобасына сәйкес ақша-несиелік статистикада Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының сәйкестендірілуіне қол жеткізіледі.
      (Он төртінші абзац)
      Сақтандыру рыногының жұмыс iстеуi, сақтандыру компанияларының қызметiн қадағалау әрi реттеу жүйесiн жетiлдiру, әсiресе, Сақтандыруды қадағалау органдары халықаралық қауымдастығының принциптерiн енгiзу, капиталдандыруға, сақтандыру резервтерiнiң деңгейi мен оларды орналастырудың сенiмдiлiгiне қойылатын талаптарды арттыру бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
      Сақтандыру қызметін көрсетулердің, әсіресе өмірді және аннуитеттерді сақтандыру саласында, сапасын арттыру және кеңейту үшін шетелдік сақтандыру компанияларының қазақстандық рынокке кіруіне рұқсат етілетін болады.
      Сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сақтандырудың аталған түрлері бойынша заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
 
     3.3. Салық және бюджет (фискальдық) саясаты
 
      Ой-ниет. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Yкiмет экономикадағы оң үрдiстердi орнықтыруға бағытталған және салық төлеушiлер мен мемлекет арасындағы мүдделер теңгерiмiн белгiлеу арқылы бюджетке түсетiн түсiмдердiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ететiн дәйектi фискальдық саясат жүргiзуге ниеттенуде. Бюджет жүйесiн реформалау, перспективалық бюджеттiк жоспарлауды енгiзу, орталықтар мен аймақтардың өзара бюджеттiк қатынастарын жетiлдiру, сыртқы қарыз алу саясатын қатайту, нормативтiк құқықтық базаны кеңейту және дамыту негiзiнде мемлекеттiк шығыстарды басқару, әлеуметтiк маңызы бар бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру, бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру әрi регламенттеу, түпкi заем алушылардың бюджет қаражатын қайтаруына көзқарасты қатайту, мемлекеттiк борыш мөлшерiн салыстырмалы түрде қысқарту жалғастырылады.
      Үкiметтiң iс-қимылы.
      Yкiмет мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне түсiмдердiң қажеттi көлемiн қамтамасыз ету үшiн мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң олардың өзара қаржылық қатынастарындағы мүдделер теңгерiмiне қол жеткiзу саласында:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне мемлекеттiк органдардың орынсыз араласуын болдырмау мақсатында салық және кеден заңдарын ұдайы жетiлдiретiн;
      салық ауыртпалығын азайту және салық салынатын базаны кеңейту есебiнен бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
      акцизделетiн өнiмдер бойынша, соның iшiнде олардың өнiмi мен айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру арқылы, салық түсiмдерiнiң толықтығын қамтамасыз ететiн;
      трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде бақылау тетiгiн жетiлдiретiн;
      шағын бизнес субъектiлерiне салық салу тетiгiн одан әрi оңайлату жөнiндегi жұмысты жалғастыратын болады.
      Кеден органдарын автоматтандырудың бірiншi кезеңiн аяқтайтын болады.
      Салық заңдары нормаларының бiрмәндi түсiндiрiлуiн, салық төлеушiлердiң оны қолдануын оңайлатуды, сондай-ақ салық тәртiбiн сақтау деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Салық кодексi K010209_ қолданылатын болады.
      Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру тұжырымдамасының және бюджетаралық қатынастар тұрақтылығы принциптерiнiң негiзiнде бюджетаралық қатынастарды одан әрi жетiлдiру жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк функцияларды орындау және бюджет қаражатын жұмсау кезiнде басқарудың әрбiр деңгейiне заң жүзiндегi өздерiнiң түсiм көздерi, өкiлеттiк пен жауапкершілік бекiтiлiп берiлетiн болады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара қатынастар жергiлiктi бюджеттерден бюджеттiк алуды жүзеге асыру және дотациялық аймақтарға (Астана қаласынан басқа барлық аймақтар үшiн кiрiстердi бөлудің бiрыңғай нормативтерiмен) оларды теңестiретiн субвенциялар бөлу принциптерінде құрылады.
      Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш саласында Үкiмет бұдан әрi:
      үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iрiктеуге қойылатын талаптарды қатайтуға;
      заемдық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға;
      инвестициялық жобаларды iске асыруға байланысты шығыстарды оңтайландыруға, әкімшiлiк және операциялық шығындарды, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсетуге кететiн шығындарды азайтуға;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару тетiгiн жетiлдiруге;
      жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу қағидаттарын қайта қарауға ниеттенуде.
      Мемлекеттiк меншіктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде Үкiмет:
      мемлекеттiк меншiктiң құрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
      акцияларының мемлекеттiк бақылау пакетi бар акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң рөлi мен ықпалын күшейтетiн;
      мемлекеттiк кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен пайдасы үлестерiнiң тұрақтылығы мен толықтығын, сондай-ақ бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң жалпы көлемiнде осындай түсiмдердiң үлес салмағының ұлғаюын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты барынша жандандыратын және күшейтетiн болады.
      Үкiмет экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың қатысуын ұлғайтуға қол жеткiзетiн болады. Елдi дамыту және отандық инвестицияларды қорғау үшiн iрi отандық бизнестiң әлеуетiн жұмылдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Кәсiпкерлер кеңесi құрылады.
      Мемлекеттiк меншiктi басқаруды оңтайландыру үшiн мемлекеттiк меншiк объектiлерiн кешендi түгендеу жөнiндегi iс-шаралар одан әрi жүргiзiледi.
      Жинақтаушы функциясын iске асыру мақсатында Ұлттық қордың активтерiне қатысты Үкiмет пен Ұлттық банк оның активтерiн капиталдың халықаралық рыноктарында орналастыру жөнiнде байыпты саясат жүргiзедi.
      Бюджет қаражатын жұмсаудың басты басымдықтары:
      - өндiрiстiк инфрақұрылымды, әлеуметтiк сала объектiлерiн, сондай-ақ Астана қаласының объектiлерiн дамытуға инвестициялардың өсуi;
      - әлеуметтiк сала, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, сондай-ақ бюджет саласы қызметкерлерiнiң, бiрiншi кезекте орта және төменгi буындағылардың жалақысын бiрте-бiрте индекстеу;
      - қорғаныс шығыстарын ЖIӨ-нiң кемiнде 1%-мен қаржыландыруды көздейтiн елдiң қауiпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуды қамтамасыз ету болады.
      Үкiмет стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн бiрiктiрудi және үйлестiрудi, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлаудың сапасын арттыруды, бюджеттiк мiндеттемелер мен болжамдық-талдау жұмысының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Үкiмет бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу мен қабылдау қағидаттарын, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеуге түйiндi принциптер мен қағидаттарды қайта қарайды.
      Жиынтық нормативтiк құқықтық акт ретiнде қызмет ететiн және бюджеттердi әзiрлеу үшiн негiз болып табылатын барлық стратегиялық басымдықтарды, салалық және аймақтық бағдарламаларды түгел қамтитын өзгермелi негiздегi даму бағдарламасы орта мерзiмдi (үш жылдық) кезеңге әзiрленедi және iске асырылады.
      Жоспарлаудың сапасын арттыру үшiн Үкiмет бюджет саясатының тиiмділігiн бағалаудың пәрмендi жүйесiн әзiрлейдi және енгiзедi. Мұндай жүйенiң өлшемдері негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң серпiнiн ескерiп отырады, сондай-ақ бюджет шығыстарының ұтымдылығын, мемлекеттiк шығындардың нәтижелiлiгiн бағалаудың қазiргi заманғы әдiстерiне негiзделедi. Әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнің теңдестiрiлуiн сақтау және мемлекеттiк саясатты жүргiзу мақсатында қабылданатын бюджеттiк бағдарламалардың құнын бағалау және пайдалылығын талдауға бiртiндеп көшу жүзеге асырылады.
      Yкiмет бюджеттiк шығыстарды ағымдағы бағдарламалар және даму бағдарламалары деп жiктеудi енгiзедi.
      Үкiмет алдағы уақытта бюджеттiң инвестициялық шығыстарының үлес салмағын арттыратын болады. Осыған байланысты жұмсалған шығындардың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзудiң жүйесi әзiрленедi.
      Қазынашылықты жаңалау шеңберiнде барлық деңгейдегi бюджеттiң ағымдағы шығыстарын тиiмдi жоспарлау мақсатында қолма-қол ақшаны басқару жөнiндегi болжамдық-талдау жұмысының сапасы күшейтiледi.
      Үкiмет мемлекеттiк сатып алу жүйесiн жетiлдiруге ерекше назар аударатын болады.
      Мемлекеттiк сатып алудың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу және бағалау жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
      Бюджет қаражатын тиiмдi жұмсауға қол жеткiзу мақсатында конкурстық рәсiмдер өткiзуге тиiстi қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатыстырыла отырып, сатып алу рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
      Сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiн оқыту жүйесiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
      Бухгалтерлiк есеп пен аудиторлық қызмет саласында республикада экономикалық реформа жүргiзу үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық байланыстарды кеңейтудi қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай бухгалтерлiк есеп пен аудит стандарттары әзiрленедi. Iрi кәсіпорындарды бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшiру жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Бюджет процесi туралы жұртшылыққа нақты әрi анық ақпарат беру мақсатында Үкiмет:
      заңнамалық және нормативтiк құжаттарға;
      жылдық қаржылық және жедел баяндамалар мен есептерге (бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi дайындаған);
      мемлекеттiк қаржы туралы толық ақпаратқа қолжетiмділіктi одан әрi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Бюджет мiндеттемелерiнiң дұрыс орындалуы үшiн бақылау мен мониторингiн және бақылау жүргiзу бөлiгiнде Үкiмет уәкілеттiк берген бақылаушы органдардың рөлi күшейтiледi.
      Мемлекеттiк қаржы жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны тәртiпке келтiру мақсатында Yкiмет тиiстi тұжырымдамалар әзiрлеуге кiрiседi және Бюджет кодексiнiң жобасы үшiн негiз дайындайды.
 
      3.4. Инвестициялық ахуалды жақсарту
 
      Ой-ниет. Экономикалық өсудiң тұрақты қарқындарына қол жеткiзу үшiн бiрiншi кезекте елде инвестициялық белсендiлiктi арттыру қажет. Ол үшiн тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру, Қазақстанның капиталдардың сыртқы рыноктарындағы имиджiн нығайту, тiкелей инвестициялардың ағынын арттыру, мемлекеттiк инвестицияларды ұтымды және тиiмдi пайдалану талап етiледi.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Елдiң жалпы инвестициялық ахуалын одан әрi жақсарту, мемлекеттiк инвестициялар мен тiкелей инвестицияларды тарту бағдарламаларына сәйкес капиталдардың шетелдiк рыноктарында жаңа инвестицияларды мақсатты тарту және iшкi инвестицияларды жұмылдыру жөнiнде шаралар қолданатын болады.
      Инвестициялық заңдарды, оның iшiнде жер қойнауын пайдалану саласында жақсарту; инвестициялық жобаларды iске асыруға жәрдемдесуге бағытталған ынталандырулар жүйесiн қоса алғанда, экономиканың басымдықты секторларына тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жетiлдiру; инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау; жеке меншiк иелерiнiң құқықтарын қорғау жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
      "Шетелдiк инвестициялар туралы" және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" қолданылып жүрген заңдардың базасында "Инвестицияларды мемлекеттiк қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының бiрыңғай Заңын әзiрлеу аяқталады.
      Yкiмет өндiрiстiк инфрақұрылымды, өңдеу өнеркәсiбiн, тұрғын үйді, әлеуметтiк сала, туризмдi және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сондай-ақ Астана қаласының объектiлерiн дамытуға инвестициялар ағымының өсуiне ерекше мән бередi.
      Үкiмет инвесторлармен диалогты және капиталдардың халықаралық рыноктарында жарнамалық-ақпараттық қызметтi жандандырмақ ниетте. Iрi халықаралық инвестициялық самиттердi өткiзу практикасын жалғастыруға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң және құрамына мемлекеттiк органдардың, шетелдiк инвесторлардың және консалтингтiк ұйымдардың өкiлдерi кiретiн оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметіне ерекше назар аударылады.
      Yкiмет мемлекеттiк инвестициялар саласында жобаларды даярлауға, талдауға, сараптауға және iрiктеуге қойылатын талапты арттырмақ және реттемек ниетте.
 
            Мемлекеттiк инвестициялау саласындағы негiзгi міндет - шектелген мемлекеттiк және мемлекет тартатын қаражаттарды экономиканың басымдықты секторларына ұтымды және тиiмдi инвестициялауға қол жеткiзу.
      Iшкi жинақтар мен портфельдi инвестицияларды тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасай отырып, әлеуеттi шетелдiк инвесторлардың қаражатын жұмылдырудың және қайта бөлудiң тиiмдi тетiгi ретiндегi бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуi қамтамасыз етiлетiн болады. Қазақстандық ұйымдардың - мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитенттерiнiң акциялар мен облигациялар шығаруы инвестицияларды Қазақстанның экономикасына тартудың негiзгi тетiктерiнiң бiрi болуы тиiс. Нақты секторды одан әрi дамыту үшiн бағалы қағаздар рыногын реттеу мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы заңдарға өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
      Үкiмет Ұлттық Банкпен бағалы қағаздар рыногын дамыту жөнiндегi 2001-2002 жылдарға арналған жаңа бағдарламалық құжат әзiрлейтiн болады.
      Инвесторлардың корпоративтiк бағалы қағаздардың эмитенттерiне - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге сенiмiн қамтамасыз ету үшiн инвесторлардың алдында ақпараттарды жасырғаны үшiн және бағалы қағаздар туралы заңдарды басқа да бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту жолымен рәсiмдердiң ашықтығы қамтамасыз етiледi. Корпоративтiк бағалы қағаздарға салымдардың тартымдылығын арттыру мақсатында трансферттiк бағалар мәселесi, аффилиирлендiрiлген тұлғалармен қатынас заң жүзiнде қайта қаралатын болады. Бұл қаражатты бөлу процесiнде эмитенттерге тиiмдi мониторингтi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Халыққа және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiнiң принциптерi мен тетiктерiн түсiндiру жөнiндегі ақпараттық-насихат жұмыстары күшейтiлетiн болады.
 
      3.5. Сауда саясаты
 
      Ой-ниет. Үкiмет ырықтандырылған сыртқы сауда саясатын ұстанатынын растайды. Сауда саясаты елдiң экономикалық қауіпсiздігiн қамтамасыз етудi ескере отырып, Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне одан әрi тиiмдi түрде кiрiгуi қажеттiгі тұрғысынан жүргiзiледi. Сауда саясатының негiзгi мiндетi - экономиканы құрылымдық қайта құруға жәрдемдесу, iшкі рыноктың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру және қазақстандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi әлемдiк рыноктарға жылжытуға жәрдемдесу, төлемдiк және сауда теңгерiмiнiң көрсеткiштерiн жақсарту үшiн сыртқы экономикалық байланыстарды барынша пайдалану болып табылады.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Экспортқа бағытталған өндiрiстi дамыту, оларды жаңа рыноктарға жылжытудың есебiнен дәстүрлi тауарларды сатудың көлемдерiн арттыру, қосылған құны жоғары деңгейдегi өндiрiстердiң үлесiн арттыру мақсатында экспорттың құрылымын әртараптандыру, қазақстандық өнiмдердiң дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiн көтеру, сыртқы сауданың қаржылық, көлiктiк және ақпараттық инфрақұрылымдарын басым дамыту көзделедi.
      Үкiмет тиiмдi маркетинг, көрмелердi ұйымдастыру, жарнамалық роликтердi, буклеттердi және т.б. шығаруды жүргiзу жолымен өзiнiң параметрлерi бойынша шетелдегi осындай тауарлардан кем емес немесе артық қазақстандық өнiмдердi насихаттау жөнiндегi қызметтi жандандырады. Yкiмет жаңа тауарлардың өндiрiсiн игеру кезеңiнде отандық тауар өндiрушілердi қорғау, тұтыну рыногының теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың құрылымын жақсарту үшiн икемдi кедендiк-тарифтiк жүйе құру жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
      Сыртқы рынокта тауарлардың демпингiне жол бермеу, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау және экспортты ынталандыру мақсатында тауарлардың экспортын жанама реттеу шаралары әзiрленедi.
      Отандық тауар өндiрушiлердi экономиканың стратегиялық маңызды секторларында қолдау: демпингке қарсы, өтемақылық және қорғау шараларын қолдану; iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы сауданы реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес шаралары жетiлдiрілетiн болады, сондай-ақ Қазақстанның рыногына қазақстандық тауар өндiрушiлерге және тұтынушыларға зиян келтiретiн импортқа қол жеткiзудi қысқартуға ықпал ететiн рәсiмдер әзiрленедi.
     Yкiмет импортты алмастыру және Қазақстан Республикасы өңдеушi өнеркәсiбiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлейдi.
 
           Сыртқы және iшкi сауда саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Сауда туралы заң жобасы және сауда қатынастарын регламенттейтiн заңға тәуелдi актiлер әзiрленедi. Сауда саласындағы Қазақстан үшiн қолайлы халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларды бекiту және оларға қосылу рәсiмдерi жалғастырылатын болады.
      Сыртқы экономикалық статистикаға қатысты қызмет көрсетулер бойынша зерттеудiң қайта қаралған нысандары енгiзiлетiн болады.
      Дүниежүзілік саудада тең құқықты әрiптестiк жағдайларын қамтамасыз ету, шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн барынша ескере отырып, ДСҰ-ға кiру процесiн жалғастырады.
      Еуразиялық және Орталық Азия экономикалық қоғамдастықтарының елдерiмен, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберiндегi сауда саясаты тауарлар, қызмет көрсетулер мен капиталдар ортақ рыногының тиiмдi жұмыс iстеуiне бағытталады. Yкімет заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi үйлестiруге, келiсiлген салық, ақша-несие, валюта-қаржы, сауда, кедендiк және тарифтiк саясат жүргiзуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
      ТМД елдерiмен сауда саясаты еркiн сауда және сауда кедергiлерiн жою принциптерiне негiзделедi.
      Құрылымдық реформаларды қоса қаржыландыру, елдің абыройын нығайту және оның сыртқы экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанның тең құқықты әрiптес ретінде түрлі халықаралық сауда-экономикалық одақтарға қатысуы үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Iшкi сауда саласында тұтыну рыногында сатылатын тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi шаралар күшейтiледi. Отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн өткiзудi жақсарту мақсатында қазіргi заманғы көтерме сауда жүйесiн құру ынталандырылатын болады.
      Тұтыну тауарларының бәсекесiн арттыру және бағаны арзандату үшiн коммуналдық сауда рыноктарын құру көзделедi. Сауда рыноктарының арасындағы және олардағы бәсекенi дамытуды қамтамасыз ететiн бақылау тетiктерiн жасау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданатын болады.
 
           3.6. Баға және монополияға қарсы саясат
 
      Ой-ниет. Үкімет кәсіпкерлікке кеңістікті кеңейту үшін бәсекелестікті дамытуға және монополияға қарсы қатаң саясат жүргізуге бағытталған шаралардың кешенін жалғастырады. Экономиканың реттелетін секторындағы шығындардың құрамын бақылаудың негізінде байыпты тарифтік саясатты жүзеге асыру экономиканың тиімділігін арттырудың, отандық рыноктарды сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен толықтырудың маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады.
 
      Үкіметтің іс-қимылы
      Бәсекелесті рынок саласында:
      адал ниетті бәсекелестіктің принциптерін сақтайтын және өзінің үстемдікті жағдайын асыра пайдаланбайтын рынок субъектілерінің шаруашылық қызметіне барынша еркіндік беру;
      тауар рыноктарындағы бәсекелестіктің жағдайын айқындау, шаруашылық жүргізуші субъектілерді-монополияшыларды анықтау, бәсекені дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында рыноктардың жәй-күйінің мониторингі;
      басым жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз артықшылығын терiс пайдалануы фактiлерiн анықтау, баға мониторингiн жүргiзу. "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Z010144_ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында республикалық және аймақтық рыноктарда басым жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.
      рынокта бiрыңғай баға белгілеу, басқа субъектiлердi рыноктан шеттету немесе оған кiруiн шектеу жөнiндегi мүмкiн болатын картель келiсiмдерiнiң жолын кесу;
      отандық тауар өндiрушiлер үшiн тең құқықты жағдайлар жасау жолымен iшкi рынокта бәсекенi дамыту;
      бәсекелi ортаға жататын салаларды бөлу мақсатымен табиғи монополия саласында құрылымдық қайта ұйымдастырулар жүргiзу;
      мемлекеттiк органдардың заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда рынок субъектiлерiнiң шаруашылық қызметтерiне араласуын болдырмау;
      тауар рыноктарында бәсекенi қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық негiздерiн нығайту.
 
      Табиғи монополиялар қызметі саласында:
      жұмыс iстейтiн активтерге пайда ставкасын белгiлеу тәртiбi жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
      табиғи монополия субъектiлерiнiң экономикалық қызметiнің ашық болуын қамтамасыз ету, нәтижелерi кейiн жарияланатын аудиторлық тексерулердi жыл сайын мiндеттi түрде жүргiзу;
      қызмет көрсетулердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жекелеген түрлерiне арналған бағалардың шектi деңгейiн белгiлеу;
 
           табиғи монополияның субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне шығындарды жабуды және негiзделетiн пайда алуды қамтамасыз ететiн негiзделген бағалар (тарифтер) белгiлеу;
      салааралық, сала iшiндегi және аймақтық бағалық тепе-теңдiк пен баланстарды сақтау;
      шығындарды оңтайландыру, өндiрiске ағымдық шығындарды төмендетуге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды көтермелеу, ұсынылатын қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
      табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтерге төмендеткiш коэффициенттер белгiлеу жөнiндегi тәртiптi әзiрлеу және практикаға енгiзу.
 
      Аймақаралық және аймақтық деңгейлердегi желiлер бойынша электр энергиясын тасымалдауға арналған тарифтi есептеудiң әдiснамасы өзгерiледi. Бұл электр энергиясын отандық өндірушілерден сатып алуға және электр энергиясының импортынан бас тартуға ықпал етедi. Тұтынушылар топтары бойынша электр және жылу энергияларын босату тарифтерiн негiзсiз саралау тоқтатылатын болады.
     Темiр жол көлiгiндегi тарифтiк саясатты жетiлдiру өнiмнiң бағасындағы көлiктiң құрамдас бөлiгiнiң үлесiне қарай және маусымдық факторлар ескерiлiп жүзеге асырылады.
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрамынан табиғи монополия саласына жатпайтын бiрқатар құрылымдық бөлiмшелердi, әлеуметтiк саланың объектiлерiн бөлiп шығаруды көздейтiн Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасы қабылданады, мұның өзi темiр жол тасымалдарымен сабақтас салалардағы бәсекенi дамытуға алып келедi және темiр жол көлiгiндегi кәсiпорындардың экономикалық қызметiнiң ашық жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
      Сонымен бiр мезгiлде, тұтынушылардың кейбiр санаттары үшiн абоненттiк төлемдердi iшiнара өтеу тетiгiн енгiзе отырып, 2005 жылға қарай телефон байланысы қызметтерi тарифтерiнiң деңгейiн олардың көрсетiлуiнiң шығындарын жабатын деңгейге дейін кезең-кезеңiмен көтеру басталады. Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру мақсатында жергiлiктi телефон сөйлесулерiн есептеуiштердің көрсеткiштерi бойынша төлей отырып, құнын уақыты бойынша есептеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.
 
      3.7. Өнеркәсiп саясаты
 
      Ой-ниет. Үкiмет өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi, импорт алмастыру саясатын iске асырудың және сараланған қадамдары мен қолдау тетiктерi бар экспортқа бағдарланған өндiрiстi ынталандыру негiзiнде iшкi және сыртқы рыноктар қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындарды дамыту үшiн жағдай жасайды.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Үкiметтiң индустриалды (өнеркәсiптiк) саясаты тұжырымдамасының негiзгi бағыттары отандық тауар өндiрушiлердi қорғау, салыстырмалы бәсекелi артықшылықтары бар экспортқа бағдарланған өндiрiстердi ынталандыру, әлемдiк деңгей стандарттарының жүйесiн құру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру болады.
      Yкiмет шетелдiк және отандық инвесторларға басқаруға берілген кәсіпорындар бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына экспорттаушы-кәсіпорындардың бағаларын әлемдiк рыноктың бағаларымен теңестiру жөнiндегi шаралардың iске асырылуына қатаң мониторингтi жүзеге асырып және жекелеген кәсiпорындар мен салаларды дамыту проблемаларына өзi белсене қатысатын болады.
      Кәсiпорындардың арасындағы өзара есеп айырысулардағы баспа-бас айырбастың үлесiн қысқарту, кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, клиринт, борыштық мiндеттемелер рыногын ұйымдастыру, банкроттық және басқалар сияқты құралдарды қолдану арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара қарыздарын жою проблемаларын шешу жөнiнде шаралар қолданатын болады.
      Мемлекеттiк инновациялық саясат шеңберiнде отандық әзiрленiмдер базасында бәсекеге қабiлеттi импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған өндiрiстердi технологиялық жаңғырту және әртараптандыру жоспарланып отыр. Перспективасыз кәсiпорындар кейiннен олардың базасында шағын және орта инновациялық ғылымды қажет ететiн өндiрiстер құрыла отырып, банкроттыққа және бөлшектеуге ұшырайтын болады.
      Қазақстандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi шетелдiк рыноктарға жылжытуды қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық кәсiпорындарда әлемдiк стандарттар талаптарына сай келетiн сапаны басқару жүйесi енгiзiлетiн болады.
      Оларда аса ауқымды авариялар мен апаттардың пайда болуының алдын алу мақсатында өнеркәсiп объектiлерiнiң қауiпсiз жұмысы саласында заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң кешенi әзiрленедi.
      Мұнайхимия және мұнайгаз өнеркәсіптерiнде мұнайгаз өңдеу өндiрiсiн оздыра дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Мұнай мен iлеспе газды қайта өңдеудiң көлемдерi мен тереңдiктерiн арттыру үшiн мұнайгаз кәсiпорындарын дамытуға инвестициялар тарту алда тұр.
      Республикалық өндiрiс құралдары және халық тұтынатын тауарлар рыноктарын молықтыру, республиканың экспорттық әлеуетiн кеңейту үшiн өзiнiң көмiрсутегi шикiзатының базасына негiзделген және оны өнiмдердiң түпкiлiктi жоғары технологиялык және ғылымды көп қажет ететiн түрлерiне қайта өңдеудi қамтамасыз ететiн мұнайхимия кешенiн қалыптастыру жалғастырылады. Мұнай өнiмдерi өндiрiсiн реттеудiң жекелеген элементтерi жүзеге асырылады. Отандық бизнестің iрi инвестициялық жобаларды iске асыруға қатысуын көздейтiн Каспийдi дамыту бағдарламасы қабылданатын болады.
      Тау-кен металлургия өнеркәсiбінде жер қойнауын пайдалануды, запастарды пайдалануға дайындауды, компания басқарушыларының тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын инвестициялау, руда өндiру және металдар өндiрiсi жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу, сондай-ақ дайындық деңгейi неғұрлым жоғары өнiмдер өндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын бақылау қатайтылатын болады.
      Yкiмет компанияларды басқарушылардан металдардың Лондондық биржасында мырыштың және мыстың сапасын аталған металдарды дүниежүзілiк бағалар бойынша сатуға мүмкiндiк беретiн тiркеудi қамтамасыз етудi талап етедi.
      Химия өнеркәсiбiн дамыту мақсатында химия және мұнай-химия өнеркәсiбiн қалпына келтiру және дамыту Бағдарламасы iске асырылатын болады. Өсiмдiк шикiзатының негiзiнде өз шикiзат ресурстарын, микробиологиялық қорғау құралдарын биопестициттердi әзiрлеудiң базасында минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктердi қорғаудың химиялық құралдарын iрi ауқымда өндiрудi ұйымдастыруды ынталандыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдары рыногында жетекшi жағдайды қалпына келтiру және жеңiп алу жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстандық көмiрсутегi шикiзатының базасында полимер өнiмдерi өндiрiсiн, сондай-ақ басқа да өндiрiстердi инвестициялау үшiн тартымды жағдайлар жасау бөлiгiндегi жұмыс жалғастырылады.
      Уран өнеркәсiбiн одан әрi дамыту үшiн отандық кәсiпорындардың Ресей мен Украинаның тектес кәсiпорындарымен ядролық-отындық циклды қалпына келтiру жөнiндегi кооперациясына байланысты iс-шаралар iске асырылатын болады. Бiрлескен ғылыми әзiрленiмдердiң есебiнен уран өнiмдерiнiң жаңа түрлерiн алу үшiн қазiргi заманғы технологияларды енгiзу жоспарлануда. Уран экспортының географиясын кеңейту мәселесi пысықталатын, дайындалуы неғұрлым жоғары өнiмдi шығара отырып, берилий мен тантал өндiрiсiн одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Машина жасауды дамыту ауыл шаруашылығының жабдықтар мен техника жөнiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге; қазақстандық армия үшiн және ТМД мемлекеттеріне және басқа да елдерге экспортқа қару-жарақ жасауға; мұнай өндіру, тау-кен, байыту және металлургиялық жабдықтарды, сондай-ақ ел өнеркәсібінің басқа да салалары үшін машиналар мен жабдықтарды өндіруге бағытталатын болады. Отын-энергетикалық, тау-кен металлургия және көліктік кешеннің импортты алмастыру саясатын iске асыру жөнiндегi шаралардың шеңберіндегі отандық кәсіпорындардағы мердігерлікпен тапсырыстарын орындау қамтамасыз етіледі.
 
            Электроника мен тұрмыстық электр техникаларын шығаруды ұйымдастыру мақсатында электрондық және электротехникалық саланы дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады.
 
            Бәсекеге қабiлеттi тауарлар шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстердi құру мақсатында өңдеу өнеркәсібіне тікелей инвестициялардың ағынын арттыру үшін шаралар қабылданатын болады.
 
      3.8. Ауыл шаруашылығы
 
      Ой-ниет. Ауыл шаруашылығы секторындағы мемлекеттік саясат бәсекелестік қабілетті, елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн өнімді өндіретін тиімді салаларды қолдауға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін өндіруді тұрақтандыру үшін жалпы экономикалық жағдайларды қалыптастыруға құрылатын болады.
      Республикада жер жөніндегі заңдарды және жер қатынастарын жетілдіруге, жер рыногын дамытуға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің нормативтік құқықтық базасы мен жүйесін құруға және жетілдіруге бағытталған жер реформасы жалғастырылатын болады.
      Үкіметтің іс-қимылы. Агроөнеркәсіптік кешенде экономикалық өсуді қамтамасыз етуді және қаржылық-тұрақты ауыл шаруашылығы өндірушілерін қалыптастыру мақсатында, 2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасын iске асыру жалғастырылады.
      Үкiметтiң ауыл шаруашылығы саласындағы қызметiнiң негiзгі бағыттары бәсекелестiк қабiлеттi салалар өндiрiсiн ынталандыру, отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн iшкi және сыртқы өткiзу рыноктарының сыйымдылығын кеңейту, ауыл экономикасын қаржылық сауықтыру, лизингтiк қатынастарды дамыту болады.
      Үкiмет ауылда нарықтық реформаларды одан әрi дамытуға ықпал етедi.
      Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасы әзiрленетiн болады. Төтенше жағдайлардың орын алуына арналған мемлекеттiк азық-түлiктiк астықтың резервiн жаңалау, мемлекеттiк тұқымдық және жемшөп астығы ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу көзделедi, елдiң элеваторлары мен астық ресурстары қозғалысының мониторингi қызметiн лицензиялау жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Мемлекеттiң астықты сатып алуға және өткiзуге одан әрi қатысуы мемлекеттiк ресурстарды пайдаланумен және жаңартумен ғана байланысты болады.
      Астық шаруашылығының тұрақтылығын арттыру негiзiнен өндiрiс дақылдарын арттырудың есебiнен, оның iшiнде технологиялық тәртiптi сақтаудың, шаруашылық жүргiзудiң экономикалық әдiстерiн енгiзудiң, тыңайтқыштарды және өсiмдiктердi химиялық қорғау құралдарын ұтымды пайдалану есебiнен жүретiн болады.
      Селекцияны және тұқым өсiрудi одан әрi дамыту өсiп-өну мерзiмдерi әртүрлi, өсу тұрақтылығына, тез пiсуге, жоғары өнiмдiлiкке және жақсы технологиялық сапаға икемдi сорттарды өндiрiске енгiзуге бағытталатын болады.
      Мал шаруашылығында iрi қалалар айналасында Сүт өндiрiсiн дамыту бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады. Мал тұқымын асылдандыру iсiн қолдау бағдарламасы негізiнде өнiмдiлiктi ұлғайту жолымен отандық мал шаруашылығы өнiмiнiң бәсекеге қабiлетiн арттыру, сондай-ақ қайта өңдеу технологиясын жетiлдiру жүзеге асырылатын болады, бұл iшкi рынокты сапалы өнiммен толықтыруға және сыртқы рынокқа шығуға мүмкiндiк бередi. Мал шаруашылығы өнiмiн сатып алу және экспорттау жөнiнде мемлекеттiк компания жұмыс iстей бастайтын болады.
      Таяу жылдарға арналған техникалық саясаттың мiндеттерi астық жинау техникасы паркiн бiрте-бiрте жаңартуға, оның сервистiк қызмет көрсетуiн бiрегейлендiруге саяды. Селоны техникалық қайта жарақтандыру негізiнен алғанда лизингтiк қатынастарды дамытудың негізiнде жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң несие ресурстарына қол жетiмділігiн қамтамасыз ету ауылдық несие серiктестiктерiн құру жолымен жүзеге асырылады. Аграрлық секторды несиелендiру ауқымын кеңейтуге кепiл құралы ретiнде "астық қолхаттары" институтын енгiзу ықпал ететiн болады. Аграрлық секторды несиелендiру үшiн сыртқы заемдар мен екiншi деңгейдегi банктердiң қаражаты тартылады.
      Пайдаланушылар ауыл шаруашылығы өнiмiнiң аймақтық және сыртқы рыноктары туралы ақпарат алатын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
 
            Экспорттық-импорттық саясатты жүзеге асыру кезiнде республикада шығарылмайтын ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға қосалқы бөлшектерге, тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғау құралдарына бажсыз әкелу қолданылатын болады.
      Топырақ құнарлылығын қалпына келтiру және суармалы жерлер тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерінің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттiк субсидиялау жалғастырылады.
      Республикада дәндi дақылдар тұқымын өсiру әр облыста қабылданған егiншiлiктiң аймақтық жүйесiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      Сумен тұрақты қамтамасыз ету проблемасын шешу үшiн суарудың су үнемдеу технологиясын енгiзу, су пайдаланушылардың өздерiнiң ирригация және мелиорацияның жағдайына, гидромелиорациялық жүйелердi ұстауына және пайдалануға, суармалы жерлер мониторингiн жақсартуға жауапкершілігiн арттыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Нарықтық жағдайларға икемделген суармалы егiншiлiктi және суды ұтымды пайдалануды дамытудың тұжырымды негiздерi әзiрленетiн болады.
 
            Жер учаскелерінің кепiлi және жердi пайдалану құқығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзiлетін болады.
      Кейiн жерге құқықтарды әдiлет, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiне арналған құқығын куәландыратын құжаттарды қайта тiркеу және жердi пайдалану құқығы шартты жер үлестерiнiң есебiнен қалыптастырылған мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы ұйымдары органдарында тiркеу үшiн оларға құқығын белгiлейтiн құжаттарды беру арқылы шаруа (фермерлiк) қожалықтарды жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерiнің шекараларын техникалық ресiмдеу процесі аяқталады.
 
           3.9. Ғылым мен технология
 
      Ой-ниет. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайту, жоғары технологиялы өнiмдердiң экспортын бейiмделген, ғылымды көп қажет ететiн, ресурс үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза жоғары технологияларды әзiрлеуге бағытталған зерттеулердi дамыту, ғылым мен жаңа технологияны, инновациялық қызметтi дамытуға, экономиканың шикiзаттық бағытын технологиялыққа кезең-кезеңмен өзгертуге, осы мақсаттар үшiн жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға дәлелдi жағдайлар жасау.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Yкiмет алға қойған мiндеттердi iске асыру үшiн инновациялық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың негiзiнде ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесiн жетiлдiруге ниеттенуде.
      Осыған байланысты ғылыми-техникалық саланың жұмыс iстеуiнің, оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оларды конкурстық іріктеу және сату, санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау, инновациялық қызметтi жандандыру саласында нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлетiн болады.
      Дүниежүзiлiк ғылымды дамыту мен ең жаңа технологиялардың ғылыми негiздерiн әзiрлеудiң қажеттiгi үрдiстерiне сәйкес:
      iргелi зерттеулер бағдарламаларын және тиiстi ғылыми ұжымдарды отандық тауар өндiрушiлерге әлемдiк тауар рыногында өз орнын қамтамасыз ететiн принциптi түрде жаңа технологиялар жасауға бағдарлау;
      экономиканың базалық саласының қажеттiлiктерiн ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердің бiрiншi кезектi бағытталуын қамтамасыз ету;
      қызметтің бейінін сақтай отырып, ғылыми-технологиялық саланың жекелеген объектілерін қайта құрылымдау мен жекешелендіруді жалғастыру;
      ғылымды көп қажет ететін жаңа өндірістерді ұйымдастыру, ғылыми-технологиялық және басқа да салаларда "зерттеу - әзірлеу - кадрларды даярлау - өнеркәсіптік игеру" бірыңғай ғылыми-өндірістік циклына көшуге мүмкіндік беретін инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
      ғылымды көп қажет ететін өндірісті ұйымдастыруға және дамытуға, ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды, соның ішінде қайталама шикізаттар мен қалдықтарды қайта өңдеу кезінде, енгізуге инвестициялар тарту маңызды.
      Үкімет ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша кадрлық әлеуетті сақтау мен дамытуға, және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау мен аттестациялауға айрықша назар аударады.
 
      3.10. Құрылыс
 
      Ой-ниет. Өнеркәсіптің, денсаулық сақтаудың, демалыс пен туризмнің неғұрлым маңызды объектілерін жобалау мен құрылысын салу жөніндегі міндеттерді оңтайлы шешуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүйесін жасау. Тұрғын үй құрылысын одан әрi дамыту, толыққанды тұрғын үй рыногын қалыптастыру.
      Yкiметтің іс-қимылы. Мемлекеттiк қала құрылысы саясатының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасының негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзiрлеу басталады. Елдiң аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.
      Жобалаудың және құрылыстың нормативтiк базасын халықаралық нормалармен үйлестiру үшiн жетiлдiруге, ТМД елдерiнiң құрылыстағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясының шеңберiнде және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының елдi мекендер жөнiндегі орталығымен және оның аймақтық бөлiмшелерiмен интеграцияны күшейтуге бағытталған шараларды iске асыру жоспарлануда.
      Yкiмет пен Ұлттық Банк халықты қол жетiмдi ставкалар бойынша ипотекалық несиелендiрудi, оның iшiнде тұрғын үйдi кейiн сатып алу құқығымен ұзақ мерзiмдi жалға берудi дамытуды ұйғарды. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен бөлiнетiн ипотекалық несиелер бойынша проценттiк сыйақының төменгi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Құрылыс жинақтары жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi пилоттық жобалар әзiрленетiн және енгiзiлетiн болады. Табысы орташа халықтың кең ауқымы үшiн қол жетiмдi тұрғын үйлердiң үлгi жобаларын әзiрлеу көзделiп отыр.
 
            Отандық құрылыс компанияларын қолдауға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
      Меншiктi пәтерлер кооперативiнiң (МПК) қызметiн реттеудi жетiлдiрудiң негiзiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау жалғастырылатын болады. Ол орынды жерлерде коммуналдық жылу энергетикаларын дербес жылыту жүйелерiне одан әрi көшіру, сондай-ақ су мен жылу жеткiзгiштердi есептеу аспаптарын одан әрi енгiзу көзделiп отыр.
 
            Құрылыстың стандарттарын және мемлекеттiк нормативтерiн сақтау, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй қорының және азаматтық мақсаттағы объектiлердiң техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшiн осы салаларда мемлекеттiк қадағалау күшейтiлетiн болады.
 
      3.11. Шағын кәсiпкерлiк
 
      Ой-ниет. Елдiң экономикасын нығайтуды, халықты жұмыспен қамтуды және оның өмiр сүру деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiк секторын одан әрi кеңейту.
      Үкiметтiң iс-қимылы.
      Үкiмет, ең алдымен, өзiнiң қызметiн өндiрiстiк саланы серпiндi дамытуды қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiруге бағыттайды.
      Жаңа бастаған кәсiпкерлер үшiн несие ресурстарына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн шарттар жасау жолымен шағын бизнестi несиелендiру проблемаларын шешу жөнiндегi iс-қимыл қабылданатын болады.
      Осы мақсатта Yкiмет iске асыру, оның iшiнде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын шағын кәсiпкерлiктi қаржылай қолдаудың орта мерзiмдi бағдарламасын әзiрлейдi.
      Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасалатын, тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi аз өндiрiстердi қайта ұйымдастыру мен бөлшектеу кезiнде мүлiктiк кешендердi, технологиялар мен жабдықтарды қалыптастыру және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру жөнiндегi негiзгi бағыттар айқындалатын болады.
      Шағын бизнестi дамытуды жандандыру үшiн Үкiмет шағын кәсiпорындардың iстерiне мемлекеттiң араласуын мейлiнше азайтады, әкiмшілік кедергiлердi жоюға ықпал ететiн болады. Кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн, сертификаттау, әр түрлi үлгiдегi рұқсат беру, аккредитациялау рәсiмдерi мен өзге де нормалар мен ережелер жеңілдетiледi. Үкiмет шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бизнестi тiркеуге байланысты рәсiмдерiн бiр органда өткiзе алатын тетiктi енгiзуге кiрiседi.
      Yкiмет нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастырады, заңнамалық және нормативтiк актiлердi оңайлатуға және заңдарда сiлтеме сипаттағы нормаларды қысқартуға ықпал ететiн болады. Мемлекеттiк сатып алу жүйесi жетілдiрiлетiн болады, мемлекет сатып алуды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен жүзеге асыратын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi айқындалады.
      Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және оның жаңа нысандарын дамыту мақсатында франчайзинг туралы заң жобасы әзiрленетiн болады.
      Кәсіпкерлердің қоғамдық бiрлестiктерiнiң заң шығару бастамасы арнайы iрiктеудiң негiзiнде анықталған олардың ең жақсыларына гранттар бөлу жолымен көтермеленетiн болады.
      Белгiленген шараларды iске асырудың нәтижесiнде кәсіпкерлiк субъектiлерiнiң қатарын өсiру, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiндердiң санын көбейту, нақты бәсекелестiк ортаны құру, қоғамның орташа табының негiзi ретiнде меншiк иелерiнiң қалың жiгiн қалыптастыру күтiлуде.
 
      3.12. Туризм
 
      Ой-ниет. Елдiң туристiк кешенiн жақсарту, сырттан келулер және iшкi туризмдi дамытуды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толтырудың, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудiң негiзгi көздерiнiң бiрi ретiнде ынталандыру.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Қазақстанда туризмнiң пайдаланылмаған мүмкiндiктерiн және оның экономиканың басқа салаларының дамуына ықпалын ескере отырып, "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдi мемлекеттердi сақтау және сабақтастықпен дамыту, туризмнiң инфрақұрылымын жасау" U983859_ мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру үшiн жағдайлар жасалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленетiн болады.
      Үкiмет халықаралық туристiк ұйымдармен, шет мемлекеттермен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған жұмысты жандандырады; салаға шетелдiк және отандық инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты күшейтедi; Қазақстанның дүниежүзiлiк туристiк рыноктағы "орнын" айқындау мақсатында талдау мен маркетингтiк зерттеулер жүргiзедi. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға ерекше назар аударылады.
      Үкімет нормативтiк құқықтық актiлер мен ақпараттық-статистикалық базаны жетiлдiру, туристiк қызмет стандарттарының халықаралық талаптарға сәйкес келетiн жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Құрылатын ақпараттық-әдiстемелiк орталықтардың базасында туризм мен қонақ үй шаруашылығы саласында қазақстандық мамандарды даярлауға және қайта даярлауға ерекше көңiл бөлiнедi.
      Экологиялық туризмнiң объектiлерiн зерделеу және теңгерiмдi пайдалану бағдарламасы iске асырылатын болады.
 
      3.13. Аймақтық даму
 
      Ой-ниет. Орталық және жергiлiктi басқару органдарының әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүргiзудегi тиiмдi өзара iс-қимылын, тиiстi құқықтары мен қаржылық қамтамасыз етiлуi бар аумақтық өзiн-өзi басқару принциптерiн дамытуды қамтамасыз ету.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыру мен атқарудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiрудi қолға алу алда тұр.
      Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасы әзiрленетiн болады.
      Аймақтарды дамыту "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың халықпен түсiндiру жұмыстарын жүргiзудегi, iшкi саяси тұрақтылықты нығайтудағы, әлеуметтiк саланы дамытудағы және салауатты өмiр салтын енгізудегi, табиғи ресурстарды теңгерiмдi пайдаланудың және қоршаған ортаны сауықтырудың аймақтық бағдарламаларын жүзеге асырудағы, жергiлiктi маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды құрудағы рөлi артады. Әлеуметтiк көмектердiң мөлшерлерi мен түрлерiн белгiлеу бөлiгiнде әкiмдердiң өкiлеттiгiн кеңейту көзделiп отыр.
      Жергiлiктi атқарушы органдарға: кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес; шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту, аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру мiндеттерiн шешу мен олар үшiн жауаптылық жүктелдi.
      Осы орайда аймақтық мамандандыру күшейтiлетiн және әкiмдердiң инвестицияларды тартуды, өндiрiстi жаңғырту мен жаңа құрылыстар салуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасауға жауапкершілігi арттырылатын болады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар Yкiметпен бiрлесіп заңдарда белгiленген тәртiппен әрекетсiз өндiрiстердi қайта құрылымдауды мен саралауды, дәрменсiз кәсiпорындарды таратуды және банкроттығын қамтамасыз етедi.
      Отандық тауар өндiрушiлердi, атап айтқанда шағын және орта бизнестiң субъектiлерiн қолдау жолымен аймақтық рыноктарда бәсекелестiктi дамыту саясаты жүргiзiледi.
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң қолайлы түрлерiн өндiрудiң орындылығы мен тиiмдiлiгi принципiне сүйенiп құрылады. Мемлекеттік қолдау көрсетiлетiн басым салаларға: астық өндiрiсi (Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары, Павлодар облысының Ертiс ауданы, Ақтөбе облысының солтүстiк аудандары және күрiш бойынша Қызылорда облысы), майлы дақылдарды өндiру (Шығыс Қазақстан облысы), мақта өсiру (Оңтүстiк Қазақстан облысы) жатады.
      Аймақтардың халқын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдерiмен қамтамасыз ету аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Республиканың облыс орталықтары мен iрi қалаларында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту мекемелерi, сондай-ақ қорғансыз балаларға арналған паналар құрылатын болады.
      Күйзелiске ұшыраған ауылдық аудандарды дамыту проблемаларын шешу үшiн Үкiмет және жергiлiктi атқарушы билiк органдары инвестицияларды тартуға, шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерiн шешуге жәрдемдесетiн болады. Әкiмдер коммуналдық меншiк объектiлерiне тиiмдi билiк ету жөнiндегi жұмысты жүргiзетiн болады.
      Аумақтардың индикативтiк жоспарларында аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының, соның iшiнде заттай бiлдiрiлген, болжамдық көрсеткiштерi белгiленедi.
      Жергiлiктi бюджеттер неғұрлым көл шамада аймақтық экономиканың жай-күйiне байланысты болады. Yкiмет жұмыс күшiнiң, капиталдың және инвестициялардың еркiн қозғалысын ынталандыра отырып, еңбек рыноктарында және инвестицияларда аймақаралық бәсекелестiктi күшейтпек ниетте.
 
            Эксперимент тәртiбiмен 2001 жылы жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде (ауылдық (селолық) округтерде, ауылдарда (селоларда), кенттерде) әкiмдер сайлауы өтедi.
      Yкiмет әкiмдермен бiрлесiп аймақтарда мынадай шараларды жүзеге асырады:
      Ақмола облысы. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және қайта өңдеу индустриясын дамыту, ауыл шаруашылығының астық, ет-сүт өнiмдерiн өндiрумен байланысты салаларын мамандандыру көзделiп отыр. Минералдық тыңайтқыштар өндiрiсi, алтын өндiру мен қайта өңдеу жөнге қойылатын болады. Топтық су құбырларын оңалту; туризм мен спорт индустриясын дамыту; рудниктердi консервациялау мен жою, техногендiк уран қалдықтарын көму; су тазалау станцияларын қайта жаңарту көзделiп отыр.
      Ақтөбе облысы. Мұнайгаз, химиялық, қара металлургия, хром рудасын өндiрудi дамытуды жүзеге асыратын болады. Көмiрсутегi шикiзатын, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды iздестiру, әзiрлеу, өндiру және қайта өңдеу, селоны газдандыру жөнiндегi объектілердiң құрылысын салу жалғастырылады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, металл өңдеу, аспап жасау кәсiпорындарының, құрылыс материалдары өнеркәсiптерiнiң, жеңiл өнеркәсiптiң қызметiн қайта жаңарту жөнiнде шаралар қолданылатын болады. Өз энергетикалық қуаттарын дамытуға бағытталған шараларды iске асыру жалғастырылады. Ауыл шаруашылығы секторында егіс алаңдарының құрылымдарын оңтайландыру және мал басын өсiру, агроөнеркәсiптiк кешен мен тамақ өнеркәсiбiнiң қайта өндiру салаларын дамыту жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады. Батыс Қазақстанның республиканың солтүстiк және орталық аймақтарымен тiкелей көлiктiк қатынасын қамтамасыз етуге арналған шараларды iске асыру басталады.
      Алматы облысы. Өнеркәсiптi қайта өңдеу кәсiпорындарын басымдықпен дамыту, тиiмдi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту үшiн жағдайлар жасау, өткiзу нарығын кеңейту, шағын кәсiпкерлiктi, туризмнiң инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы одан әрi дамытылады.
      Атырау облысы. Мұнайгаз өндiру мен мұнайды қайта өңдеудiң көлемiн арттыру, мұнай машиналарын жасауды, құрылыс материалдары өндiрiсiн, балық және тамақ өнеркәсiбi өнімдерiн дамыту көзделiп отыр. Атырау МӨЗ-н; Атырау қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеу белгiленiп отыр; көлiктiк, бiрiншi кезекте мұнай құбыры, инфрақұрылымдарын дамыту; автомобиль жолдарын жөндеу ұйғарылып отыр. Ауыл шаруашылығы одан әрi дамытылады. Мал шаруашылығында табынды жылқы өсiру мен түйе өсiру неғұрлым жеделдетiлген қарқынмен дамытылатын болады. Қой шаруашылығында еділбай және қаракөл қойларының өнiмдiлiгiн одан әрi жақсарту, еттi-майлы қаракөл қойының шығарылған жаңа түрiнiң өнiмдiк көрсеткiштерiн арттыру жөнiндегі селекциялық асылдандыру жұмысы жүргiзiледi.
      Шығыс Қазақстан облысы. Түстi металлургияның өндiрушi және қайта өңдеушi кәсiпорындарының қуатын одан әрi дамыту, олардың шикiзат базасының өсуi, геологиялық барлау жұмыстары; машина мен аспаптар жасау, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, мұнай жабдықтары өндiрiсiн, құрылыс материалдарының индустриясын кеңейту көзделiп отыр. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбi дамытылатын болады. Аграрлық секторда жармақты (тары, қарақұмық бұршақ, сұлы), майлы (күнбағыс) дақылдарын өндiру, мал шаруашылығында - еттi және сүттi мал өсiру, биязы және қылшық жүндi қой өсiру, құс өсiру және марал өсiру дамытылатын болады. Май сығу зауытын қайта жаңартуды аяқтау көзделiп отыр. Туризм мен демалыстың, соның iшiнде Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде, индустриясын дамыту белгiленуде.
      Жамбыл облысы. Өнеркәсiптен тау-кен және химия салаларын одан әрi дамытуды; машиналар мен жабдықтар өндiрiсi бойынша металл өңдеу кәсiпорындарын; жеңiл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсiптерiн қалпына келтiрудi және дамытуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Экологиялық жағдайды сауықтыру, шалғайдағы елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету белгiленуде. Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы салалары одан әрi дамытылады, қант қызылшасы, астықтыққа жүгерi егудi едәуiр кеңейту, қаракөл өсiрудi қалпына келтiру, тұқым өсiру мен мал тұқымын асылдандыру iсiн жақсарту үшiн жағдай жасау алда тұр.
      Батыс Қазақстан облысы. Мұнайгазхимия кешенiн, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, қорғаныс кәсiпорындарында машина жасау өнiмдерi өндiрiсiн дамытуды жеделдету көзделiп отыр. Қарашығанақ газ-конденсат кен орнын игеру және селоны газдандыру жалғастырылады. Жайылымдық мал, атап айтқанда еттi-майлы қой, табынды жылқы және еттi iрi қара мал өсiру одан әрi дамытылады.
      Қарағанды облысы. Базалық салалар, соның iшiнде жылу-энергетикалық кешен мен металлургия, түстi және қара металдардан жасалған өнiмдер өндiрiсi дамытылатын болады. Химия өнеркәсiбi мен машина жасауды, тамақ және жеңiл өнеркәсiптi, күрделi тұрмыстық техникаларды; ауыл шаруашылығында - еттi-майлы қой өсiрудi, еттi iрi қара мал өсiрудi және табынды жылқы өсiрудi дамыту көзделiп отыр. Туризм мен демалыс индустриясын дамыту белгiленуде.
      Қызылорда облысы. Энергетикалық кешендi, жеңiл, тамақ және мұнай өндiру өнеркәсiбiн, құрылыс материалдары индустриясы мен өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамыту, қарқынды технологияларды енгiзудiң есебiнен күрiш өндiрудi арттыру және еттi-майлы қой өсiру мен қаракөл өсiрудi дамыту, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын дамыту көзделiп отыр. Қорғасын-мырыш кен орындарын игеру мен ауыл шаруашылығы машиналары үшiн жабдықтар шығару белгiленуде. Аймақтағы экологиялық жағдайды сауықтыру басым бағыттардың бiрi болады.
      Қостанай облысы. Темiр рудасын өндiру мен қайта өңдеудi арттыруға, сондай-ақ агроөнеркәсiптiк кешен саласында, атап айтқанда астық өндiруде, еттi-сүттi мал, табынды жылқы, шошқа және құс өсiруде өндiрiстi кеңейтуге ықпал ететiн шаралар қолданылатын болады.
      Маңғыстау облысы. Отын, химия және мұнайхимия өнеркәсiбiн одан әрi дамыту МАЭК-тi қайта жаңарту және жаңғырту, жер қабаттарының мұнай беруiн арттырудың ең жаңа әдiстерiн енгiзу, қазiргі заманғы көлiктiк инфрақұрылымдарды құру, теңiз кәсiпшiлiгi өнiмдерiн өндiрудi арттыру, мұнайгаз кен орындарын жайластыруды кеңейту жалғастырылады. Ақтау теңiз портын қайта жаңарту, балық тоңазытқышының құрылысын салу және минералдық тыңайтқыштар өндiру жөнiндегi қуаттарды жаңғырту аяқталады. Ұлутасты, мал азығындық ұн өндiрудi қалпына келтiру көзделiп отыр. Ауыл шаруашылығында түйе, қаракөл, еттi-майлы қой өсiру дамытылады. Туризм мен демалыс индустриясын, соның iшiнде Ұлы Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде, дамыту көзделiп отыр.
      Павлодар облысы. Электр энергиясын, көмiрдi өткiзу рыноктарын одан әрi кеңейту, энергия сыйымдылығы үлкен өндiрiстердi дамыту, глинозем, ферроқорытпа өндiрудi одан әрi дамыту, мұнай өңдеу зауытының, көмiр разрездерiнiң өндiрiстiк қуаттарын жұмыспен қамтамасыз ету көзделiп отыр. Аграрлық секторда жарма (тары, қарақұмық, бұршақ, сұлы), майлы (күнбағыс) дақылдарды өндiру, мал шаруашылығында - еттi-сүттi iрi қара мал мен еттi-майлы қой өсiру дамытылады.
      Солтүстiк Қазақстан облысы. Мемлекеттiк конверциялық бағдарламалардың базасында машина жасауды, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, аспаптар жасауды және көбiне ғылымға сүйенетiн өндiрiстiң жекелеген түрлерiн одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады. Астық дақылдарын өндiрудiң, еттi-сүттi iрi қара мен шошқа өсiрудiң көлемiн арттыру көзделiп отыр. Уран руднигiн консервациялау мен жою және техногендi уран қалдықтарын көму жөнiндегі жұмыстар жалғастырылады. Топтық арналық су құбырларын қалпына келтiру және қайта жаңарту жолымен селолық елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар кең қанат жаятын болады.
      Оңтүстiк Қазақстан облысы. Жеңiл және тамақ, химия мен мұнайхимия өнеркәсiптерiн, түстi металлургияны, машина жасауды, сондай-ақ мақта өсiру мен жүзiм өсiру сияқты ауыл шаруашылығының негізгi салаларын, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту көзделiп отыр. "Қызыл әскер - Киров" көпiрi мен автомобиль жолының құрылысын салуды 2001 жылдың аяғына дейiн аяқтау белгiлендi.
      Астана қаласы. Қаланы одан әрi дамыту "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" U010574_ мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту, астық жинау және мал азығын жинау комбайндарын, астық өңдеу техникаларын шығаруды ұйымдастыру көзделiп отыр. Астананың тыныс-тiршiлiгi мен жайластырылуын қамтамасыз ететiн объектiлердi жаңғырту, тұрғын үйлердiң құрылысын салу, инфрақұрылымдар мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi қайта жаңарту жөнiндегi шаралардың кең кешенi жүзеге асырылатын болады. Туризм мен демалыс индустриясын дамыту белгілендi. Қаладағы халықаралық әуежайдың құрылысын салу жалғастырылады. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласының сол жақ жағалауын салу үшiн арнайы экономикалық аймақ жұмыс істей бастайтын болады.
      Алматы қаласы. Құрылған ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетті барынша пайдаланудың, қаржы және банктiк саланы, жеңіл және тамақ өнеркәсiбiн, қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялаудың негізiнде машина жасаудың жетекшi салаларын, қызмет көрсету мен туризм саласын дамытудың негiзiнде қаланы одан әрi әлеуметтік-экономикалық дамыту, сондай-ақ Алматы әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысын салу жүзеге асырылатын болады. Қаланы аймақтық Орта Азиялық қаржы орталығы ретiнде дамыту жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылады.
 
      4. ӘЛЕУМЕТТIК ДАМУ
 
      4.1. Әлеуметтiк қорғау және кедейлiкпен күрес
      Ой-ниет. Yкiмет өзiнiң қызметiн кедейлiкпен күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды жандандыра отырып, жүргiзiлетiн реформалардың әлеуметтiк бағытталуын күшейтедi. Халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыруға бағытталған саясат: жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен кедейлерге атаулы әлеуметтiк көмектi уақтылы төлеу жалғасатын болады.
      Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктердi беру тетiктерiн парасатты үйлестiруге және әлеуметтiк қатер туындаған кезде әрбiр азаматтың өзiн қамтамасыз етуге дербес жауапкершiлiгiне негiзделген халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру жалғасатын болады.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Кедейлiкпен күреске бағытталған шаралар жетiлдiрiлетiн болады.
      Yкiмет Халықты әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасын P010886_ iске асыру жөнiнде пәрмендi шаралар қолданатын болады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi зейнетақы реформасын және зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн уақытында сөзсiз орындауды ұстанатынын растайды.
      Тағайындалған зейнетақылардың мөлшерлерiн арттырған кезде зейнеткерлiкке шыққан кезеңi ескерiлетiн болады.
      Зейнетақы активтерiнiң айналымын жақсарту; халықаралық стандарттар тәжiрибесiнде қабылданған бухгалтерлiк есептi зейнетақы қорларының пайдалануын көтермелеу; зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетелдiк қаржы активтерiне (жоғары сыныпты эмитенттердiң бағалы қағаздарына) инвестициялауды берудiң мүмкiндiктерiн қарастыру жолымен жинақтау жүйесi нығайтылатын болады.
      Халықты, алдымен ауыл тұрғындарын және өз бетiмен жұмыс iстейтiн халықты жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiмен қамтуды кеңейту жөнiндегi шаралар көзделетiн болады. Жұмыс берушілердiң қызметкерлерге зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аударуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау көзделедi.
      Зейнетақы қорларының қызметiн және iшкi рынокта зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi науқандарды жандандыру үшiн зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн пайдаланылатын қаржылық құралдардың тiзбесi кеңейтiледi.
 
            Зейнетақы жинақтауларының сақталуын және инвестициялық кiрiстердiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың заңдық, нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
      Ортақ зейнетақы жүйесiнен төленетiн төлемдердiң жеткiлiктiлiгiн және зейнетақы жинақтауы жеткiлiксiз болған кезде, ең төменгi зейнетақыға дейiнгi үстемеақылар түрiндегi мемлекеттiк кепiлдiктердiң бар екендiгiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң тетiгiн жетiлдiру көзделедi.
      Орнықты және тұрақты сақтандыру рыногын құру зейнетақы реформасын табысты iске асырудың маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Сақтандыру рыногының қалыптасуы мұндай қаражатты берген адамдарға кейiннен өмiрлiк аннуитеттерді жүзеге асыру үшiн зейнетақы жинақтауын жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан сақтандыру ұйымына беру мүмкiндiгiн көздейтiн схеманы енгiзуге мүмкiндiк бередi.
      Халықты әлеуметтiк қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында еңбекке қабiлетiн жоғалту, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу жағдайына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзуге дайындық жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры арқылы әлеуметтiк сақтандыру жүйесi азаматтарды өздерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыруға ынталандыратын болады, себебi олар тартылмаған азаматтармен салыстырғанда елеулi артықшылықтар алатын болады.
      Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн бiрыңғай сәйкестендiрiлген кодтарды беру бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
      Үкiмет мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы төлеу жөнiндегi берешектерге жол бермеудi көздейдi.
      Үкiмет әлеуметтiк бағдарламалардың атқарылуын бақылауды күшейту жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Әлеуметтік көмек оны берудiң бiрден-бiр өлшемi кедейлiктiң шегi болып болып табылатын нағыз мұқтаждарға арналатын болады.
      Қызметкерге еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян кезiнде жұмыс берушінің жауапкершiлiгiн сақтандыру енгiзiлетiн болады.
 
 
                  Мүгедектердiң қоғамға кiрiгуiн нығайтуға бағытталған оңалту бағдарламасын, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеудi қолдау жөнiндегi заңдарды және ардагерлер туралы заңдарды iске асыру жүзеге асырылатын болады. Белгілi тұратын орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары одан әрi дамытылатын болады.
      Yкiмет мүгедектiк статусын беру және еңбекке қабiлетiн жоғалту деңгейiн анықтау, сондай-ақ медицина қызметкерлерi мен медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары сарапшыларының жауапкершілігiн арттыру рәсiмiн регламенттеу жөнiндегi шараларды белгiлейдi.
      Протездеу-ортопедия саласын дамыту протездеу-ортопедия кәсiпорындарын және медициналық стационарларды бiрiктiру және олардың базасында протездеу-ортопедия орталықтарын құру жолымен жүзеге асырылатын болады. Жаңа технологиялар бойынша қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн протездердi шығару жолға қойылатын болады. Республиканың кәсiпорындарында аяқ-қол протездерiне жиынтықтаушы буындар мен бөлшектердi шығару жөнiнде импортты алмастырушы технологияларды енгiзу жоспарланып отыр.
      Жетiм балалар мен мүгедек балалар, денсаулығы нашар, кембағал және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар Yкiметтiң ерекше қамқорлығына алынады. Олар үшiн жоғары оқу орындарына түскен кезде квоталар берiледi, оларды оқыту үшiн (үйде, ауруханаларда және т.б.) арнайы жағдайлар ұйымдастырылады.
 
      4.2. Еңбек қатынастары және жұмыспен қамту
 
      Еңбек қатынастары.
      Ой-ниет. Үкiмет еңбек қатынастары саласында жетiлдiруге, еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге, әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн құруға жәрдемдесуге, еңбек әлеуетiн iске асыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Еңбек саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының тиiстi конвенцияларын бекiту жолымен еңбек туралы заңдарды халықаралық стандарттарға жақындату жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Yкiмет, кәсiподақтар мен жұмыс берушiлер арасындағы әлеуметтiк және еңбек қатынастары мәселелерi жөнiндегi әлеуметтiк диалогтың әрекеттi үш жақты тетiгiн одан әрi реттеу жалғасады.
      Азаматтардың еңбек бостандығына және қауiпсiз еңбек жағдайына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекциясының тiкелей құрылымын құру және мемлекеттiк еңбек инспекторларына қажеттi өкілеттiктер мен құқықтарды беру жолымен еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын мемлекеттiк бақылаудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
      Азаматтарды еңбек қатынастарын заңдастыруға ынталандыруда жұмыстан айрылудан мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзуге жәрдемдесетiн болады.
      Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
      Ой-ниет. Yкiмет жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, бұрынғы жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға, уақытша және жеке еңбекпен қамтуды кеңейтуге, жұмыссыздықтың нақты ауқымын айқындауға бағытталған жұмысты жалғастырады.
      Үкiмет кедейлiк деңгейi мен жұмыссыздық деңгейiне тұрақты мониторинг жүргiзетiн болады.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен кедейлену мүмкiндiгiн төмендету жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың алдын алу саласында еңбек рыногында талап етiлген мамандықтарға сұраныс болған ретте кадрларды, оның iшiнде жұмыссыздардың арасынан даярлаудың икемдi жүйесiн жасау қажет.
      Осыған байланысты азаматтарды кейiннен еңбекке орналастыру мақсатында жаңа немесе бұрынғы кәсiптiк бiлiмдерi мен дағдыларын тереңдету арқылы еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру басты бағыт болмақ. Еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес бiлiм беру, кадрларды даярлау жүйесiн одан әрi бағдарлау көзделiп отыр, кадрларды тiкелей жұмыс орнында қайта даярлау жүйесi жетiлдiрiлетiн болады. Еңбек рыногындағы сұраныс құрылымын болжау әдiстемесiн әзiрлеу, жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жетiлдiру, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық және республикалық бағдарламаларын әзiрлеу, қоғамдық жұмыстарға ақы төлеу жүйесi мен қаржыландыру көзiнің өзгеруiн ескере отырып ұйымдастыруды жетiлдiру, инвестициялық бағдарламаларды iске асыру кезiнде қосымша жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Кедейлiкке және жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiндегi бағдарламаны P000833_ iске асыру барысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарын, оның iшiнде жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнаулы бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаларды жетiлдiру көзделiп отыр.
      Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге квоталар белгiлеу, сондай-ақ жұмыс берушiге қосымша жұмыс орындарын құру және бұрынғыларын сақтау, шетелдiктердi ауыстыру мақсатында қазақстандық мамандарды қайта оқыту жөнiндегi мiндеттемелердi жүктеу көзделуде.
 
      4.3. Бiлiм беру
 
      Ой-ниет. Орта бiлiм беру саласында Yкiмет азаматтардың мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде тегiн орта бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге, мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, бiлiм беру процесiнiң сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
      Жоғары бiлiм беру саласында Үкiметтiң қызметi ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр әлеуетiн сақтауға және дамытуға; қазақстандық жүйенiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға; ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлауға және аттестациялауға жоғары оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Барлық балалардың мектепке түсер алдындағы тең бастапқы мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету үшiн бiлiм беру ұйымдарында мiндеттi мектеп алдындағы даярлау жүзеге асырылады. Орта бiлiм беру жүйесiнде алдағы мiндеттердi орындау үшiн Yкiмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы негізiнде білім берудiң барлық деңгейiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiрудi, "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасын әзірлеуді және оны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдауды көздейді.
 
      Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуда:
 
      жалпы бiлiм беретiн мектептердiң материалдық-техникалық, кадр әлеуетiн балаларға ерте бiлiм беру бағдарламаларын дамыту үшiн пайдалану;
      балаларды мектепке дейiнгi даярлаудың енгізiлуiне байланысты педагогикалық қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiн жетiлдiру көзделiп отыр.
 
      Орта бiлiм беру жүйесiнде:
 
      балаларды мектепке дейiн даярлаудың енгiзiлуiне байланысты мектепке дейiнгi тәрбиенiң педагогикалық қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру;
      бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттерiн әзiрлеу және кезең-кезеңмен енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      орта білім беру жүйесiн ақпараттандыру, 1-11 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді, "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңды шығару, кәмелетке толмағандардың арасында экологиялық білім беру, құқық бұзушылықтардың алдын ала саласында мемлекеттік және мақсатты бағдарламаларды іске асыру, есірткілерді тұтынуға және таратуға қарсы әрекет етудің кешенді шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
      білім берудің (жалпы білім беру, нашар жинақталған ауыл мектептері, арнаулы интернаттар, мектептен тыс, балалар үйлері, кәсіптік мектептер, білім берудің жеке секторы) әр түрлі үлгідегі ұйымдарының торабы сақталуын қамтамасыз ету;
      шәкірттерді еңбекке даярлаудың жекелеген нысандарын сақтау және дамыту, балаларға арналған оқу-өндірістік еңбек орталықтарын құру;
      балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету, оқушы жастарға әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбие беруді одан әрі жақсарту жөнінде шаралар қолдану;
      орта мектепте оқушылардың ақпараттық технологияларды қолданудың негiзгi бағыттары бойынша қажеттi базалық даярлығын қамтамасыз ету;
      бiрыңғай ақпараттық-білім беру кеңiстiгiн құру мақсатында бiлiм берудің әдiстерi мен технологияларын жаңғыртуды қамтамасыз ететiн ақпараттандыруды қаржыландыруды жалғастыру;
      оқу мерзiмi 12 жылдық орта жалпы білім беру тұжырымдамасын әзiрлеу;
      орта жалпы бiлiм берудiң қорытынды аттестациясы мен кәсiби бiлiм беру жүйелерінің түсу емтихандарын бiрiктiру жөнiнде жекелеген аймақтарда эксперимент жүргiзу көзделiп отыр.
 
      Жоғары білім беру жүйесінде:
 
      білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
      ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;
      жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;
      жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
      ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;
      білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылға сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына (басшысына) кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқығын беру жөнінде эксперимент басталды;
      білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады;
      елдiң жоғары оқу орындарында студенттер құрамын қалыптастыру моделi жетiлдiрiледi;
      жоғары кәсіптiк бiлiм берудiң даярлық бағыттары мен мамандықтар жiктемесi жетiлдiрiледi;
      орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесi жетiлдiрiледi;
      техникалық кәсiптердiң беделi арттырылады, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау үшiн Қазақ-Британ техникалық университетi құрылады;
      ұлттық және аймақтық мемлекеттiк университеттер жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
 
      4.4. Денсаулық сақтау
 
      Ой-ниет. "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын және денсаулық сақтау саласының өзге де бағдарламаларын iске асыру; медициналық қызмет көрсетулердiң еркiн рыногын қалыптастыру және халықтың қалың бұқарасы үшiн денсаулық сақтаудың еркiндiгiн сақтау мақсатында салаларды қаржыландырудың және қайта құрылымдаудың әзiрленген жаңа тетіктерiн енгiзу.
      Үкiметтің iс-қимылы. Үкiмет медициналық қызметтердiң сапасын арттыруға және олардың қол жетiмділігiне, денсаулық сақтауды реформалау бағдарламасына бөлiнген ақша қаражатының жұмсалуына қатаң бақылау жасауға бағытталған саясатты дәйектi жүргiзедi. Денсаулық сақтауды басқару органының деңгейi мен мәртебесi көтерiледi.
      Үкiмет алға қойған мақсаттарды іске асыру үшiн:
      Қазақстан Республикасында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, "Салауатты өмiр салты" және жыныс жолымен берiлетiн аурулардың алдын алу жөнiндегi кешендi бағдарламаларды, туберкулезге қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдауды. Әйелдердiң анемиямен және сүт безi рагымен ауру деңгейiн төмендетуге ерекше назар аударылатын болады;
      "Диабет", "Қазақстан Республикасында жарақаттанудың алдын алу және оны азайту", "Нашақорлықты емдеу және медициналық алдын алу" мақсатты кешендi бағдарламаларын әзiрлеу, бекiту және iске асыру жөнiнде шаралар қабылдауды;
      фармацевтикалық және медициналық өнімдердi отандық өндiрушiлердi қолдау мәселелерiн шешудi;
      медициналық қызмет көрсетудiң қазiргi деңгейiн сақтауға және қолдауға, медициналық көмектiң әрбiр деңгейiне арналған сапа индикаторларын, экономикалық уәждеу тетiктерiн және денсаулық сақтау жүйесiн нарықтық жағдайда оңтайлы жұмыс iстеуге бейiмдеудi, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң, салада ақылы қызметтер көрсетудiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiруге бағытталған кешендi экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру шараларының кешенiн жүзеге асыруды;
      денсаулық сақтау жүйесiнiң тұрақтылығын заңнамалық қамтамасыз етудi;
      денсаулық сақтаудың ерекше маңызды бағдарламаларын және медицина саласындағы зерттеулердi тиiмдi қаржыландыруды; "Халық денсаулығы", "Диабет" сияқты бағдарламаларды, 2002 жылы - есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi бағдарламаны кеңiнен қаржыландыруды;
      медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеудi, амбулаторлық-емханалық ұйымдарға бекiтiлген, тұрғындардың санына негiзделген жан басына шағу нормативiнiң принципi бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қаржыландыру жүйесін жетiлдiру; үйде күндiзгi стационарларды, стационарларды ұйымдастыру жолымен, отбасылық дәрiгерлер институтын одан әрi енгiзумен стационарлық емдеудiң амбулаторлық принциптерiне кезең-кезеңiмен өтудi;
 
            денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторын одан әрi дамытуды, емдеу-алдын алу мекемелерiн кезең-кезеңiмен жекешелендiрудi;
      санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесiн жетiлдiрудi; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi халықаралық стандарттарға бейiмдеудi, емдеу-алдын алу мекемелерiнде инфекциялық бақылаудың жаңа жүйесiн енгiзудi және дамытуды, жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды азайту жөнiндегi жұмысты күшейтудi, республиканы полиомиелиттен тазарған аумақ ретiнде сертификаттауды;
      медицина қызметкерлерiн даярлау мен қайта даярлауды жетiлдiру, ғылыми бағдарламаларды, тиiмдiлiгiн және iс жүзiндегi маңызын ескере отырып, әзiрлеудi және енгiзудi;
      салауатты өмiр салты, дұрыс тамақтану, емдiк гигиена мен санитарияны сақтау жолындағы науқанды кеңiнен ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз етудi көздейдi.
      Аурулар диагностикасы саласында жаңа медициналық технологияларды енгiзу мәселелерiне ерекше назар аударылатын болады.
 
      4.5. Демография және көшi-қон
 
      Ой-ниет. Алдағы кезеңде демографиялық және көшi-қон процестерiндегi ылайықсыз ағымдарда бетбұрыс жасау және елдiң халық санын ұлғайтудың негiзiн қалау қажет. Демография және көшi-қон саясаты халықтың белгiлi бiр топтарына сараланған ықпал ету жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Үкiметтiң іс-қимылы. Үкiмет белсендi демографиялық саясат жүргiзбек, оны жүргiзу үшiн заңдардың базасын жетiлдiрмек ниетте.
      Үкiмет адамдарды керi көшi-қонға итермелейтiн факторларды жоюды, көшiп келушiлердiң (оралмандардың) құқықтары мен мүдделерi қорғалуын жүзеге асыруды қалайды. Сонымен бiрге көшi-қонды реттеу кезiнде негiзделген квота белгiлеу жолымен мемлекеттiк мүдделердiң сақталуын есепке алу көзделедi. Yкiмет отандастардың қайтып келуiне, оларды орналастыруға, жергiлiктi жағдайларға бейiмделуiне және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болады.
      Көшi-қон процестерiнiң ылайықсыз ағымдарын жою үшiн "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңның жобасын әзiрлеудi аяқтау қажет.
      Үкiмет болашақта iшкi көшi-қон процестерiн реттеу жөнiндегi, мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу үшiн халықтың iшкi көшi-қоны және урбанизация проблемаларын талдау жөнiндегi жұмысқа кiрiсудi көздеп отыр.
 
      4.6. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
 
      Ой-ниет. Үкiмет өз iс-қимылын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға және табиғатты пайдалану процесiн қоғамның қажеттерiне сай реттеуге бағыттайды. Халықты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың сенiмдiлiгiн арттырады.
      Yкiметтің iс-қимылы. Қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын қатайту, сондай-ақ экологиялық заңнамалық нормаларды халықаралық конвенцияларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдау көзделiп отыр.
      Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Рио-де-Жанейродағы Халықаралық конференцияда (1992 ж.) Қазақстан қабылдаған мiндеттемелерге сәйкес дамитын болады. Орталық Азия мемлекеттерiмен трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу үшiн аймақтық экологиялық саясатты әрi сыртқы және аралас қаржыландырылатын жобаларды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды тұжырымдау саласында ынтымақтастықтың тұрақты тетiктерiн жасау жөнiнде шаралар қабылданады.
      Табиғатты пайдалануды оңтайландыру мақсатында қоршаған ортаны ластауды және табиғи ресурстарды пайдаланудың аумақтық шектеулерiн (лимиттерiн) анықтау; табиғи ресурстардың кадастрларын және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жасау; табиғатты пайдалану жүйесiн және оны пайдаланғаны үшiн ақы төлеу тетiгiн жетiлдiру, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк экологиялық сараптама мен мемлекеттiк бақылау жұмысының құқықтық негiзiн күшейту; табиғатты қорғау iс-шараларына төлемдер және қаражат жұмсау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.
      Мына мiндеттердi: орман алқаптарын ұлғайту, сондай-ақ олармен қоса, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнің басқа да ресурстарын ұтымды пайдалануды; су ресурстарының тапшылығын қысқартуды; шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайтуды; өндiрiс және тұтыну қалдықтарын пайдалану деңгейiн арттыруды шешу жолымен қоршаған ортаны қалпына келтiру әрi оңалту жөнiндегi шаралар көзделедi.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн ұлғайту ормандардың және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң басқа да ресурстарын оңтайлы пайдалануға әрi олардың көлемiн ұлғайтуға ықпал ететiн болады. Астана қаласы төңiрегiнде орманды қалпына келтiру және ағаш егу, қорғаныш жасыл аймақты жасау жөнiнде iс-шаралар белгіленген. Бекiре балықтардың уылдырық шашатын, сирек кездесетiн әрi жойылып бара жатқан аң-құстардың өсіп-өнуi және қайту-келу кезеңiнде кең ауқымды шаралар жүргізе отырып қаскерлiкпен күрестi күшейту көзделуде. Экологиялық туризм одан әрi дамитын болады.
      Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға айрықша көңiл бөлiнедi. Трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану тетiктерiн, су ресурстарын пайдаланудың кешендi схемаларын әзiрлеу ұйғарылып отыр. "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы қабылданатын болады.
      Шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайту; қоршаған ортаға елеулi әсер ететiн өндiрiстерге экологиялық аудит жүйесiн енгiзу жөнiнде шаралар қабылданады. Экологиялық қауiптi қызметтердi кейiннен лицензиялауды және экологиялық сақтандыруды енгiзе отырып, олардың тiзбесi әзiрленiп, бекiтiлетiн болады.
      Тарихи ластануларды, оның iшiнде радиоактивтiк ластануды зерделеу жалғасады, оның нәтижелерi бойынша оларды жою жөнiндегi бағдарлама әзiрлеу көзделедi.
      Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру мақсатында қалдықтарды ұқсату жөнiндегi технологиялар мен қалдықсыз технологиялар дерекқорын жасау жалғасады және оларды енгiзу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданады.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру мақсатында аймақтық және ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайларға жедел жауап әрекет етудiң жүйесi қалыптастырылады, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мемлекетаралық келiсiмдердің iске асырылуы одан әрi дамытылады.
 
      4.7. Мәдениет және спорт
 
      Ой-ниет. Тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қол жетiмдiлiгiн және оларға халықтың белсендi тартылуын қамтамасыз ету, әлеуметтiк-мәдени саладағы өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң отандық рыногын дамыту; халықаралық және аймақаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету; қоғамда салауатты өмiр салты принциптерiн насихаттауды және енгiзудi жалғастыру, халықты дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелi түрде айналысуға тарту және, отандық спортты дамыту және оның халықаралық көлемдегi беделiн көтеру.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Мәдениет саласында қазақ ұлттық мәдениетi мен тiлiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың мәдениетi мен тiлдерiн сақтау мен дамытуды қолдау; мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн институционалдық, ұйымдастырушылық, нормативтiк құқықтық сипаттағы негiзгi шаралар кешенiн жүзеге асыру және әлеуметтік-мәдени салада өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң әлемдiк стандарттарға сай отандық рыногын қалыптастыру; мәдениет саласы үшiн кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн жоғарылату жүйесiн реформалау мен халықтық және кәсiптiк өнердiң дамуын барынша қолдау; халықаралық мәдени байланыстар мен алмасуларды кеңейту және нығайту жөнiндегi бастамаларды қолдау.
      Спорт пен дене шынықтыру саласында: Дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын U010570_ iске асыру; халықтық дене шынықтырудың Президенттiк тестiлерiн енгiзу; балалар мен жасөспiрiмдердi спорт секцияларында айналысуға тарту, балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жасөспірiмдер клубтарының торабын кеңейту; жоғары жетiстiктер спортын қолдау, спорттың түрлерi және ерiктi спорт қоғамдары мен клубтарын одан әрi дамыту жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегі жұмыс жалғастырылады.
      Дене шынықтыру мен спорт саласында салауатты өмiр салты принциптерiн насихаттау жөнiндегi, спорттың бұқаралық түрлерiн барынша қолдау жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады және Сиднейдегi (Австралия) 2000 жылғы жазғы Олимпиадалық ойындарға және Солт-Лейк-Ситидегi (АҚШ) 2002 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысушыларға мемлекеттiк қолдау көрсетiлетiн болады.
 
      5. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, КӨЛIК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
 
      Ой-ниет. Экономика мен қоғамның көлiктiк және ақпараттық сұранысын отандық өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiктiң құрамдас бөлiгiн кемiте отырып қанағаттандыру, республиканың тасымалдау әлеуетiн одан әрi дамытуды қамтамасыз ету.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Салмақты тарифтiк саясатты жүргiзу, елдiң көлiктiк-коммуникациялық рыногында тасымалдаушылар мен операторларға арналған заңдық базаны дамыту және жетiлдiру жұмыстың аса маңызды бағыттарының бірi болмақ. Бұл салада табиғи монополистердің қызметi саласын қайта құрылымдау, болжамды түрде тарылту және жекелеген функцияларды жеке секторға тапсырып беру саясаты жалғастырылатын болады.
      Темiр жол көлiгi саласында басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру көзделедi. Реформа сала қызметiнiң тиiмдiлiгiн көлiктiк қызмет көрсету рыногында бәсекелестiк ортаны құру есебiнен арттыруға бағытталады. Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасына P010756_ сәйкес "Қазақстан темiр жолы" РМК-ын қайта құрылымдау жүргiзу белгiленiп отыр. Жаңа құралдарды пайдаланудың шарттары қайта қаралады, ресурс үнемдеу технологиясы енгiзiледi.
      Темiр жол саласында негiзгi темiр жол учаскелерiн жаңғырту, жылжымалы құрамды жөндеу үшiн өндiрiстiк базаны қайта жаңарту жалғастырылады. Ақсу-Конечная (Дегелең) жаңа темір жол желiсiн салу аяқталады және Дөң-Краснооктябрь кенiшi жаңа темiр жол желiсiнiң құрылысы жалғасады. Тасымалдаудың осы заманғы технологиясына ауысу мақсатында темiр жолдарды техникалық қайтадан жабдықтау жалғастырылады, басқарудың осы заманғы ақпараттық жүйесi енгізiледi, автоматтандырылған ақпараттық тораптар, оларды халықаралық көлiк ақпарат жүйесiне одан әрi интеграциялай отырып, ұйымдастырылады және дамытылады. Алматы-Астана желiсiнде жолаушы поездарының жүрдек қозғалысы ұйымдастырылады.
      Автомобиль көлiгi саласында республиканың экономикалық, сауда және мәдени байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесетiн халықаралық автомобильдiк тасымалдар одан әрi дамитын болады. Көлiктiк тасымалдардың дамуын қамтамасыз ету үшiн "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
      Автомобиль жолдары саласында халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететiн бағыттардағы автомобиль жолдары басымдық тұрғыда дамытылады, жеке меншiктегi жолдарды құру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Халықаралық ұйымдардың басшылығында және көмегiмен, халықаралық көлiк жүйесiн интеграциялауға жәрдемдесетiн көлiк қатынастарын дамыту жөнiндегi инвестициялық саясат жандандырылады. Алматы-Астана автокүрежолын оңалту аяқталады. Батыс Қазақстанда Атырау-Орал-Ақтөбе автомобиль жолдарын, Алматы-Бішкек, Алматы-Қорғас жолдарын, Қызылорданың тұсында Сырдария өзенiндегi көпiр өткелдi қайта салу басталады. Астана-Бурабай және Шығыс Қазақстан-Алтай Республикасының шекарасы автомобиль жолдарының учаскелерiн салу жалғасады. Орал қаласының тұсында Жайық өзенiне көпiр салу аяқталады.
      Бұдан әрi қаражаттың кезең-кезеңмен ұлғаюы және автожолдарды қаржыландырудың қосымша көздерiн iздестiру қамтамасыз етіледi. Республиканың жалпы көлiк кешенiнде автомобиль жолдарының тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қызмет көрсетудiң сервистiк жүйесiмен қамтамасыз етiлген жоғары санаттағы жолдарды салу негiзiнде жол секторы сапалық жаңартылатын болады. Iрi қалалар мен елдi мекендердi айналып өтетiн жаңа жолдардың құрылысы дамытылады.
      Әуе көлiгi саласында нақты жағдайлар жасауға көңiл бөлетiн боламыз. Бiрнеше тұрақты аймақтық компаниялар құру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Yкiмет азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заң жобасын әзiрлейдi. Ұшу қауіпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау қатайтылады. Азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады. Саланы қатаң мемлекеттiк басқаруға топтастыру үшiн күшті ұлттық тасымалдаушыларды қалыптастыру көзделiп отыр. Қызмет көрсету саласын кеңейту және жаңа рыноктарды игеру мақсатында ескiрген ұшақтар паркiн лизингтiң және жоғары сыныпты ұшақтарды белгiлi мөлшерде сатып алу есебiнен жедел ауыстыруды жалғастыру жоспарланған. Әуежайларды олардың әлемдiк стандарттарға сай келуi мақсатында қайта жаңарту және салу жалғастырылады.
      Су көлiгi саласында Ақтау портының инфрақұрылымын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық жүктердiң алмастырылу көлемiн ұлғайту, су жолдары мен шлюздердi кеме жүретiндей жағдайда ұстау; Каспий аймағында теңiз кеме шаруашылығын ұйымдастыру үшiн "өзен-теңiз" сыныбындағы кемелердi сатып алу, мультимодельды тасымалдауды - iшкі су жолдарының транзиттiк мүмкiндiктерiн дамыту мақсатында пайдалану үшiн қызметтiң негiзгi басым бағыты болмақ.
      Байланыс пен телекоммуникациялар саласында байланыстың осы заманғы жүйелерi мен құралдарын енгiзу есебiнен дамудың сапалық жаңа деңгейiне қол жеткiзу жобаланып отыр. Саланы ырықтандыру процесi басталады. Ақпараттық құрылымды дамыту пайдалану мен инвестиция шығындарын оңтайландырудың жалпы мемлекеттiк саясатын, жалпы ұзақтығы 9 мың км., барлық облыс орталықтарын, iрi елдi мекендердi, аудан орталықтарын байланыстыру жұмыстарын 2005 жылы аяқтай отырып, Ұлттық ақпараттық супермагистраль қалыптастыруды көздейдi. Коммутациялық жабдықтарды, магистральдық желiнi жаңғырту жоспарланған, байланыстың магистральдық және аймақтық желілерін ұйымдастыру үшін жер серігі байланысын қалыптастыру жалғастырылады.
      Байланыстың Трансазия-еуропалық талшықты-оптикалық желісінің батыс учаскесін салу аяқталады, бұл Қазақстанның аумағы арқылы өтетін Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия транзит трафигін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Елдің почталық байланысын жаңғырту жүзеге асырылады, бұл оның почта - жинақтаушы жүйесiн қалыптастырумен байланысты қызмет аясын кеңейтумен бірге почта саласын, кең ауқымды ұсынылатын қызмет көрсетулермен қоса, осы заманғы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
      Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қадағалау саласында заңдар күшейтiлетiн болады.
 
      6. ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР
 
      Ой-ниет. Iшкi рыноктың сұранысын қамтамасыз ету және экспортқа бағыттаған, технологиялық байланысқан отын-энергетикалық кешендi қалыптастыру.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Елдiң отын-энергетикалық кешенін энергетикалық тәуелсiздiктi қамтамасыз ететін бағытта дамыту және энергия көздерiн әлемдiк тұтыну рыноктарына жеткiзу жөнінде белсендi iс-қимыл жасалады. Экспорттық газ және мұнай құбырларының сызбаларын айқындау және олардың жекелеген учаскелерiн жобалау мен сала бастау көзделiп отыр. Энергия көздерiн шетелге тасымалдаудың көпсалалы жолдарын құру, сондай-ақ республиканың iшкi рыногын мұнай өнiмдерiмен толықтыру жөнiндегi жұмысы жандандырылады. Экономикалық пайдалылықты және елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн ескере отырып, электр қуатын өндiрудiң экологиялық қауіпсіз технологиясына кезең-кезеңмен көшу бағдарламасын әзiрлеу көзделiп отыр.
      Мұнай. Мұнай-газ өнеркәсiбiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi таяудағы жылдарда құбыр желiсi көлiгiмен мұнайды тасымалдауға арналған квотаны ұлғайту, сондай-ақ Каспий Құбыр желiсi Консорциумы (КҚК) жобасы бойынша 2001 жылы мұнай құбырының бiрiншi кезегiн iске қосу жөнiнде Ресей Yкiметiмен жұмыс iстеудi жалғастырады.
      Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторындағы мұнай скважиналарын бұрғылау кестесiнiң орындалуын бақылау қамтамасыз етiледi.
      2000-2002 жылдар кезеңiнде Қарашығанақ және Теңiз кешендерiнiң дамытылуы осы кен орындарында мұнай мен конденсат шығаруды ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын салу жоспарланған, бұл Ақтөбе облысының кен орындарынан мұнайды Еуропаның экспорттық рыногына тасымалдауға және Атырау мұнай өңдеу зауытын неғұрлым толық жүктемелеуге мүмкiндiк бередi. Бұл жылдары мұнай өндiрудiң өсуiне негiзiнен Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын, Ақтөбе облысының бiрқатар кен орындарын, сондай-ақ Солтүстік Бозашы түбегiмен шектес кен орындарын iске қосу есебінен жету жобаланған.
      Тұрақты және салыстырмалы тұрғыда төмен бағамен оңтүстiк аймақтардың - табиғи газға және солтүстiктің - мұнай өнiмдерiне деген сұраныстарын қамтамасыз ету жөнiнде нақты шаралар қолданылатын болады. Амангелдi газ кен орындары тобын игеру басталады.
      Yкiмет қосалқы мұнай құбырларының түпкiлiктi нұсқаларын айқындайды және темiр жол, теңiз көлiгiн мұнайды тасымалдау жөнiнде пайдаланудың бағдарламасын әзiрлейдi және бекiтедi.
      Қатты отын. Екiбастұз бассейнiнде энергетикалық көмір өндiрудi тұрақтандыру және оны Ресей Федерациясына экспорттау, алдағы жылдары қол жеткiзiлген Қаражыра, Шұбаркөл және Шөптiкөл кен орындарының күлi аз көмiрiн өндiрудiң көлемiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Қарағанды көмiр бассейнiнiң тиiмсiз шахталарын тарату жұмыстары жалғастырылады.
      Электр энергетикасы. Электр энергетикасы секторын одан әрi реформалау мақсатында тариф мөлшерiнiң электрдi беру қашықтығына тәуелдi болуын кемiтуге, елде электр энергиясы мен қуатының бiрыңғай тиiмдi көтерме рыногын жасауға бағытталған тариф саясатын жалғастыру электр энергиясын өндiретiн энергия көздерi арасында өздерi өндiрген электр энергиясын өткiзу үшiн бәсекелестiктi күшейту белгiленген, бұл сайып келгенде, түпкi тұтынушыларға берiлетiн электр энергиясы үшiн бағаны төмендетуге жәрдемдеседi.
      Үкiмет электр қуатын өндiру жөнiндегi қуаттарды жекешелендiрудi 2001 жылы аяқтауды, көпсалалы даму банктерiнiң және донорлардың көмегiмен электр қуатының бәсекелi көтерме сауда рыногын құруды көздеп отыр. Төлеу тәртiбiн нығайту, коммерциялық басқаруды жақсарту және инвестицияларды көтермелеу мақсатында ашық тендерлер жүргiзу жолымен аймақтық компанияларды - электр энергиясы дестрибьюторларды жекешелендiру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Электр және жылу энергиясын өндiру, беру, тарату тарифтерi мен бағаларын есептеу тетiктерi және оның реттелуi өзiндiк құнның толық өтелуiн қамтамасыз етуi тиiс. Осы мақсатта қазiргi рәсiмдердi шолу негiзiнде заңнамалық актiлер мен нормативтерге қажеттi түзетулер енгiзiледi.
 
            Несиелер тартудың негiзiнде электр берудiң кернеуi 500 және 220 кВ негізгі мемлекеттiк желiсiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiн арттыру үшiн "Ұлттық электр желiсiн жаңғырту" жобасын iске асыру көзделiп отыр.
      Өзара тиiмдi қатынастар принциптерiне негiздей отырып, электр энергиясын өзара беру кезiнде энергиямен сенiмдi де iркiлiссiз қамтамасыз ету үшiн Қазақстанның, Ресейдiң және Орталық Азия елдерiнiң энергия жүйелерiнiң қатар жүретiн жұмысын ұйымдастыру жөнiндегі жұмыс одан әрi дамытылады.
 
      7. КӘСIБИ ҮКIМЕТ
 
      Ой-ниет. Үкiмет мемлекеттiк басқару ведомствоаралық және салааралық үлестiру жүйесiн жетiлдiрудi жалғастырады; мемлекеттік қызметті реформалау жөнiнде одан әрi қадамдар жасайды.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет Мемлекеттiк органдардың функцияларын орталықтан шығару бағдарламасын әзiрлейдi және iске асырады; әрбiр орталық мемлекеттiк органда функционалдық талдау жүргiзедi; мемлекеттiк органдарға және мемлекеттiк қызмет лауазымдарына функционалдық код берудi жүзеге асырады; Үкіметтік шешiмдер қабылдау рәсiмiн жетiлдiредi; мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды жетiлдiрудi жалғастырады.
      Ел Президентiнiң "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауына K972030_ сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгі стратегиялық жоспары әзiрленедi.
      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару салаларын регламенттендiретiн заң актiлерi қабылданатын болады.
      Yкiмет өз қызметiнiң стратегиялық бағыттарын iске асыруға арналған қаржы ресурстарының көлемiн жоспарлаған кезде жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қаржылық дербестiгiне кезең-кезеңiмен өтудi жүзеге асырады.
      Үкiмет мемлекеттiк қызмет жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегi жұмысты жалғастырады.
      Мемлекеттiк басқаруды жетiлдiруде негiзгi күш қызмет нәтижелерiн бағалауға жұмсалады. Атқарушы билiктiң түрлi буындағы басшыларына шешiмдер қабылдауда және оларды iске асыруда көбiрек дербестiк берiледi. Қажеттi стратегиялық бақылау жұмысты орындау барысына емес, бiрiншi кезекте олардың қызмет нәтижелерiн бағалауға бағытталады.
      Әрбiр орталық және жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламаларға таратылған, бiр жылға арналып айқын әзiрленген және халыққа түсiнiктi жұмыс жоспары болады және оның орындалуы жөнiнде есеп бередi.
      Басшыларға мәселелердi шешудiң стратегиясы мен тактикасын айқындауда көбiрек еркiндiк берiлумен қатар, басқарудың әрбiр деңгейiнде қызмет нәтижелерiн тексеру практикасы енгiзiледi, соның негiзiнде әрбiр мемлекеттiк органның тұтас алғанда тиiмділігi бағаланатын болады.
      Кадрларды iрiктеу және әкiмшілік-мемлекеттiк қызметшiлердi қызмет бойынша жылжыту Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде жастар мен әйелдердiң мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзуi принципiн iске асыруға және, ең алдымен, кәсiпкерлiк принциптерiне арқа сүйеуге бағытталған. Осы мақсатта кадрларды конкурстық негiзде iрiктеудi, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ресiмiн; кадр резервiн қалыптастыруды және басқаларды регламенттейтiн актiлер қабылданатын болады.
      Мемлекеттiк қызметтiң мәртебесiн қолдау және көтеру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеудi көтерудің орташа мерзiмдi бағдарламасы әзiрленетiн болады. Лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау негiзiнде еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi пилоттық жобалар iске асырылады. Осының негiзiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына бiлiктiлiк талаптары әзiрленедi.
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай принциптерi енгiзiледi. Мұндай жүйенi Үкiмет айқындайды және ол кесiмдi жалақы мен бонустан тұратын болады, олардың мөлшерi кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болады.
 
            Мемлекеттiк қызмет кадрларын оқытудың бiрыңғай жүйесiн құруға, мемлекеттiк тапсырыс тетiгiн енгiзуге және оқытудың бiрыңғай стандарттарын айқындауға негiзделген Мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың тұжырымдамасы iске асырылады. Yкiмет мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту жүйесiн қаржыландырудың тұрақты тетiгін қалыптастыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдайды. Осы бағытты барынша iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының оқу-әдiстемелiк базасы пайдаланылады және аймақтық оқу орындарының материалдық-техникалық базасының мүмкiндiктерi қамтылады.
      Елдiң жаңа басқарушы элитасын қалыптастыру жөнiндегi мiндеттердi iске асыру мақсатында халықаралық донор ұйымдардың техникалық қолдауы жағдайында Астана қаласында Еуразия оқу орталығын құру жөнiнде шаралар қолданылады.
      Бiлiм және денсаулық сақтау қызметкерлерiн қоса алғанда, бюджет саласындағы барлық қызметкерлердiң қызметiн регламенттеу мақсатында 2002 жылы азаматтық қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлене бастайды.
      Yкiмет республикада заң шығарушылық қызметiне айрықша көңiл бөледi, Қазақстан Республикасының Құқықтық даму тұжырымдамасын әзiрлейдi. Сонымен қатар қабылданған заңдардың iске асырылуына, әсiресе заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң уақтылы әзiрленуi бөлігінде бақылау күшейтiледi.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiнде қадамдар жасалады. Мемлекеттiк органдардың басшылары, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық құбылыстарымен дәйектi күрес жүргiзу, мемлекеттiк қызмет этикасының нормаларын күнделiктi iс-қимылда сақтау мәселелерiн шешудi көздейтiн iс-қимыл бағдарламасын әзiрлейтiн болады.
 
      ҚОРЫТЫНДЫ
 
      Үкiмет жаңа мыңжылдықтың табалдырығы алдында күрделi әлеуметтiк-экономикалық ахуал жағдайларында жұмысқа кiрiстi.
      Үкiмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан 2030" ұзақ мерзiмдi стратегиясын дәйектiлiкпен iске асыруды жалғастырады.
      Бағдарламаны iске асыру ұсынылып отырған шаралар экономиканы тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығаруға ықпал ететiн болады.
      Бағдарлама макродеңгейде орын алған әлеуметтiк-экономикалық қиғаштықтарды түзетуге, отандық тауар өндiрушiлердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға, салық салынатын базаны кеңейтуге және осының негiзiнде әлеуметтiк саланың проблемаларын шешудi жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
      Нақты секторды дамыту халықтың кiрiсi мен төлемге қабiлеттi сұраныстың өсуiне оң әсер ететiн қосымша жұмыс орындарын құрады. Тұтастай алғанда экономикалық өсу кедейлiктiң деңгейiне және зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерлерiне қолайлы ықпал етедi.

 

     Бағдарламаны iске асырудың ең маңызды шарты қолайлы халықаралық

жағдай, әрiптес елдердегi және Қазақстанмен тiкелей шектесетiн елдердегі

саяси және экономикалық ахуал болып табылады.

     Қазақстанның әлемдiк шаруашылыққа интеграциялануы, көршiлес

мемлекеттермен және басқа да әрiптес елдермен өзара iс-қимылды тереңдету,

аймақтық интеграцияны дамыту және елдiң транзиттiк-көлiк әлеуетiн тиiмдi

пайдалану мәселелері Үкiметтiң назарында болады.




     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады