Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 30 мамыр N 818

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің "Қаратау жеке әскерилендірілген отряды" қазыналық кәсіпорнының қызметкерлеріне жалақы өндіріп алу туралы Жамбыл облысы Талас аудандық сотының 1999 жылғы 13 қарашадағы шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған

 

республикалық бюджетте Үкімет пен орталық атқарушы органдардың соттардың

шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуге көзделген резервінен 8 280 290

(сегіз миллион екі жүз сексен мың екі жүз тоқсан) теңге бөлсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Бағарова Ж.А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады