Бас қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес Астана қаласын кешенді және жоспарлы салу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана қаласының әкіміне Астана қаласында тұрғын үй-азаматтық және
коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысы жөніндегі бірыңғай тапсырыс
берушінің қызметін жүзеге асыру тапсырылсын.
2. Заңды тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, Астана қаласының
аумағында объектілер салу кезінде қаржылық қаражатын үлестік негізде
бірыңғай тапсырысшыға беру ұсынылсын.
3. Астана қаласының әкімі құрылыс салушылардың қаражаты есебінен
инженерлік инфрақұрылым объектілерін үлестік негізде жобалауды және
құрылысты жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.