2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі мен өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 маусым N 846

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 P991872_ қаулысының 10-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға

көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі;
     2) өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін.
     2. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік 
шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ереже 
мен өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1299  

P991299_

  қаулысының күші 
жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                          2000 жылғы 5 маусымдағы
                                         N 846 қаулысымен бекітілген
     
     2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға
            көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі
                     
                      1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік

шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін белгілейді.
     2. Өкілдік шығыстар - тиісті қаржы жылына арналған республикалық 
бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың 
әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, 
салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ мемлекеттің ресми 
делегацияларының шет елдердегі өкілдік мақсаттарына бөлінетін қаражат.
     Өкілдік шығыстарға:
     1) егер ол тиісті шарттармен бекітілген болса, келетін тараптың 
тұруына ақы төлеуге;
     2) ресми түстіктерге, кешкі астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге;
     3) музыкалық сүйемелдеуге;
     4) кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алуға;
     5) автокөліктік қызмет көрсетуге;
     6) аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге;
     7) залды жалға алуға;
     8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі рұқсат еткен өзге де 
шығыстар жатады.
     
       2. Республикалық бюджеттің өкілдік шығыстарға бөлінетін
                   қаражатын пайдаланудың тәртібі
     


      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың көлеміне сүйене отырып өкілдік шығыстарды талап ететін Іс-шаралардың жылдық жоспарын (бұдан әрі- Жоспар) жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге ұсынады.
      4. Жоспардың негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
      5. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
      6. Республикалық бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы өтінімдерін:
      1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
      2) ресми делегацияның болу бағдарламасы;
      3) іс-шараларға дайындалудың және оларды өткізудің жұмыс жоспары;
      4) қатысушылардың күтілетін саны;
      5) шығыстардың әрбір бабының негіздемесімен бірге шығыстар сметасы;
      6) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиісті іс-шара болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарайды.
      7. Осы Ереженің 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкілдік шығыстар бойынша республикалық бағдарламалардың әкімшілері аталған қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляциялары мен деректемелерін көрсете отырып, растайтын құжаттарды ұсынады.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұйрығының негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің жазбасына өзгерістер енгізеді:
      Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімгерінің 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді;
      Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді.
      9. Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртібімен жүргізеді.
      10. Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі шетелге шыққан кезде өкілдік шығыстарға қолма-қол шетелдік валюта бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бөлінген қаражатты айырбастау үшін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында валюталық есеп-шот (қолма-қол есеп айырысу үшін) ашады;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын айдың 10-шы жұлдызына дейін тиісті айға арналған жоспарлы арналулардың шегінде, бекітілген Жоспардың негізінде есепке алынатын сомада келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валюта алуға Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалына өтінім жолдайды;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен аталған мақсаттарға бюджеттік ақшаның лимиттерін алғаннан соң оларды Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында АҚШ долларына айырбастау жасайды және оларды жоғарыда аталған валюталық есеп-шотқа есептейді;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде ресми делегацияның құрамына кіретін адамға қолма-қол қаражатты алуға арналған сенімхатқа сәйкес Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған төрт төлем тапсырысы мен екі өтінішті береді.

           3. Есеп беру және бақылау жасау

      11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
      12. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен өкілдік шығыстарға арналған қаражатты алған адамдар, іс-шаралар өткізілгеннен кейін 5 күннің ішінде бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) қолы қойылған:
      1) өткізілген іс-шараға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжатты;
      2) осы Ереженің 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өзге де шығыстар жөніндегі шешімі;
      3) сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатқан ұйымның мөрімен расталған құны мен көлемін көрсету арқылы растайтын құжаттарды (түбіртектерді, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды);
      4) осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында айтылған жағдайларда шарттардың расталған көшірмелері;
      5) осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражаттар бойынша есеп беретін адам пайдаланылмаған ақша сомасын 3 банктік күннің ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің валюталық есеп-шотына қайтарады және өздері болған мемлекеттегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі, делегацияның

басшысы немесе оның орынбасары растаған, елтаңбалы мөрмен куәландырған 
өкілдік мақсаттарға арналған шығыстар жөніндегі түбіртекті, сондай-ақ 
қолдағы қаражаттың қайтарылғандығы туралы түбіртекті және Ұлттық Банктің 
Астана қаласындағы Орталық филиалының кіріс ордерін ұсынады.
     13. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді 
пайдаланылуы үшін жауаптылық қаражатты алушыға жүктеледі.
     
                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       2000 жылғы 5 маусымдағы
                                      N 846 қаулысымен бекітілген 
     
               Өкілдік шығыстардың
                     Нормалары
     
 ______________________________________________________________________
         Шығыстардың атауы              ! Құны теңгемен
 ______________________________________________________________________
 1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды
 беруге арналған шығыстар делегация    
 үшін күнінен бір адамға арналған 
 есеппен жүргізіледі                     6 500-ге дейін
     
 2. Аудармашыны және бірге жүрген 
 адамдарды қоса алғанда, келіссөздер,
 мәдени бағдарламалар іс-шаралары
 кезіндегі күніне бір адамға арналған
 буфеттік қызмет көрсету                  1 040-қа дейін
     
 3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттік
 органның штатында тұрмайтын    
 аудармашының еңбегіне ақы төлеу 
 (сағатына)                                  700-ге дейін
     
 4. Көліктік шығыстарға ақы төлеу (сағатына) 700-ге дейін
     
 _________________________________________________________________

     Ескерту:
     


      1. Шетелдік делегацияларға автокөлікпен қызмет көрсетуге арналған

шығыстар, сағаттық төлеу есебімен шығыстардың сметасында көзделеді.
     2. Түстік, кешкі ас немесе шетелдік делегацияларды ресми қабылдауға 
байланысты басқа да осы секілді іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы 
тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың тарапынан 
қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
     3. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға 
қызмет көрсететін ілесіп жүретін адамдар мен аудармашылардың саны 
делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе ілесіп жүруші есебімен 
айқындалуы тиіс.
     
     
    
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Бағарова Ж.А.          

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады