Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.25. N 626 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N  380  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
     1. Қоса беріліп отырған:
     Өлшем құралдарын шығару жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары;
     Өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N  380  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
     2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті өзінің бұрынырақта қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң      
2000 жылғы 7 маусымдағы           
N 867 қаулысымен              
бекiтiлген                 

             Өлшем құралдарын тексеру жөнiндегi қызметтi
           лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары

       Ескерту. Талаптар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.11. N  380  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң         
2000 жылғы 7 маусымдағы              
N 867 қаулысымен бекiтiлген             

    Өлшем құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi лицензиялау
             кезiндегi бiлiктiлiк талаптары

      Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық өлшеу, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары: 
      1) өлшем құралдарын дайындауға арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен және бекiтiлген келiсiлген техникалық (техникалық тапсырмалар, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар) құжаттамаларының; 
      2) санитарлық нормалар мен ережелерге және еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес өлшем құралдарын дайындауға арналған өндiрiстiк үй-жайларының; 
      3) конструкторлық-технологиялық құжаттамаларға сәйкес қажеттi технологиялық жабдық пен оны пайдалану жөнiндегi нұсқамаларының; 
      4) қажеттi дәлдiкпен регламенттеушi өлшемдер әдiстерi мен сынаулардың нормативтiк құжаттарының; 
      5) шикiзатты жинақтаушы бұйымдардың және өнiмдердiң толық көлемде сапасын бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының; 
      6) өлшеу және сынау жабдықтарын монтаждауды және орнатуды регламенттейтiн техникалық құжаттамаларының; 
      7) қолданылатын өлшеу және сынау жабдықтарын метрологиялық аттестаттау немесе тексерiсi туралы сертификаттарының; 
      8) белгiленген тәртiппен алынған өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатының; 
      9) шығарылатын өлшеу құралдарын тексеруге құқығы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттарының; 
      10) өлшем құралдарын өндiру саласында тиiстi бiлiктiлiгi мен блiмi бар мамандар штатының;
      11) өлшем құралдарын дайындау мен сынау сапасын iшкi бақылаудың құжаттық жүйесiнiң; 
      12) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды. 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң       
2000 жылғы 7 маусымдағы            
N 867 қаулысымен               
 бекiтiлген                  

        Өлшем құралдарын жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау
                  кезiндегi бiлiктiлiк талаптары

      Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары мәлiмделген лицензиялау саласына сәйкес: 
      1) өлшем құралдарын жөндеуге арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген техникалық және технологиялық құжаттамалардың; 
      2) санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес келетiн өлшем құралдарын қабылдауды, жөндеудi және сақтауды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың; 
      3) қажеттi технологиялық жабдықтар мен оны пайдалану жөнiндегi нұсқамалардың; 
      4) қажеттi дәлдiкпен өлшемдер мен сынаулардың орындалу тәсiлдерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың; 
      5) шикiзаттың, жинақтаушы бұйымдардың және жөндеу жұмыстарының сапасын толық көлемде бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының; 
      6) белгiленген талаптарға сәйкес өлшем құралдарына сынақ жүргiзу мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға арналған жағдайлардың;
      7) өлшем құралдарын жөндеу, дәлдеу және реттеу жұмыстары жөнiнде тиiстi бiлiм деңгейi мен практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi мамандардың; 
      8) жөнделетiн өлшем құралдарын тексеруге құқы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттардың; 
      9) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады