Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы N 380 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.25. N 626 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегі бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 302-құжат):
      тақырыбында "тексеру," деген сөз алынып тасталсын;
      1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

      2)  күші жойылды
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады