Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 P991872_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: "Барлығы" деген жолда: 4-бағандағы "3681381" деген сан "3711381" деген санмен ауыстырылсын; 6-бағандағы "3695329" деген сан "3665329" деген санмен ауыстырылсын; 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 4-баған "30000" деген санмен толықтырылсын; 6-бағандағы "30000" деген сан алынып тасталсын; 9 "Денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызмет көрсетулер" ішкі функциясында: 612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" әкімшісінде: 31 "Медициналық жабдықтар мен санитарлық көлікті орталықтандырылған түрде сатып алу" бағдарламасында: 4-баған "30000" деген санмен толықтырылсын; 6-бағандағы "30000" деген сан алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Орынбекова Д.Қ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 маусым N 886
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз