Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 маусым N 893

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы

Үкіметінің арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы

ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



        Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасы

     Үкiметінің арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес

               саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi

                            келісім


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Литва Республикасы Yкiметi мен

Қазақстан Республикасының Yкiметi,

     өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiн

басшылыққа ала отырып,

     салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және оның жолын

кесуге, өз мемлекеттерiнiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге

байланысты мiндеттердi тиiмдi шешудегi өзара мүдделiлiктi негiзге ала

отырып,

     мына төмендегілер туралы келiстi:


                           1-бап

                   Келiсiмнiң тақырыбы


     1. Тараптардың құзыреттi органдарының салық заңдарын бұзушылықпен

тиiмдi күрес жүргiзудi ұйымдастыру мақсатындағы ынтымақтастығы - осы

Келiсiмнiң тақырыбы болып табылады.

     2. Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы

қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың

құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.


                           2-бап

                         Терминдер


     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн келесi терминдер көрсетедi:

     а) "құзыреттi орган"

     - Қазақстан Тарабы үшiн - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

кiрiс министрлiгі Салық полициясы комитетi;

     - Литва Тарабы үшiн - Литва Республикасы Ішкi iстер министрлiгi

жанындағы салық полициясы департаментi.

     Тараптардың құзыреттi органдарының ресми атауы өзгерген

жағдайда, ол туралы бiр-бiрiне дереу жазбаша түрде хабарлайды.

     б) "салық заңдарын бұзушылықтар" - салық заңдары саласындағы

заң бұзушылықтар, олармен күресу Тараптың құзыреттi органдарына жүктеледi.


                           3-бап

               Ынтымақтастық нысандары


     Тараптар осы Келісімнің шеңберінде мынадай ынтымақтастық нысандарын

қолданады:

     - заңды және жеке тұлғалардың салық заңдарын бұзуы туралы ақпарат

алмасу;


 
       - салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған шараларды өткiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл;
      - заңды және жеке тұлғалардың салық салуға байланысты құжаттарының куәландырылған көшiрмесiн тиiстi үлгiде ұсыну;
      - ұлттық салық жүйесi туралы, салық заңдарының өзгерiстерi мен толықтырулары туралы ақпарат, сондай-ақ салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салық заңдарын бұзушылықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныс алмасу;
      - салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күресте қолданатын ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде тәжiрибе алмасу;
      - жұмысшы топтарын құруды қоса алғанда, ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелер жөнiнде қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру, өкiлдер алмасу және кадрлар оқыту;
      - салық заңдарын бұзушылықпен күрес проблемалары жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзу.
      Тараптардың құзыретті органдары осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.
 
                         4-бап
          Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу
 
      1. Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
      - заңды және жеке тұлғалардың салықтан жасырған салық заңын бұзуға байланысты қолданып көрсетiлген әдiстерi;
      - заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және коммерциялық банктерде шоттар ашуы, сондай-ақ егер оларда салықтан жасырған сомалар бар деп есептейтiн негiз бар болса осы шоттар арқылы қаражат айналымы;
      - салық салу базасының мөлшерiн айқындау және салық заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалардан алынған салық сомасы, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге байланысты.
      2. Осы Баптың 1-тармағында көзделген ақпарат бiр Тараптың құзыреттi органына басқа Тараптың құзыреттi органының сұрау салуы негiзiнде ақпарат ұсыну сұрау салынушы Тараптың ұлттық заңы мен мемлекеттiк мүддесiне қайшы келмейтiн жағдайда берiледi.
      Егер Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы оның қолында бар ақпаратты басқа Тараптың құзыреттi органы алуға мүдделi деп санаса, онда ол бұл ақпаратты жеке бастамасы бойынша беруi мүмкiн.
 
                             5-бап
                         Шаралар өткiзу
 
      Салық заңдарын бұзушылықтың алдын алу, ашу және жолын кесу жөнiндегi шаралар өткiзу кезiнде мұндай заңды бұзушылық жасаған немесе оған күдiктi адамдарға қатысты Тараптардың құзыреттi органдарының өзара әрекет етуi бiрiгiп жоспарлауды, күштер мен қаражаттарды пайдалануды, осы шаралардың барысы және өткiзу нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды қамтиды.
 
                             6-бап
                 Құжаттардың көшiрмесiн ұсыну
 
      Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне сұрау салу арқылы заңды және жеке тұлғалардың салық салуға қатысты құжаттардың көшiрмесiн (шоттар, фактуралар, жүк құжаттар, шарттар, келiсiм-шарттар, сертификаттар, анықтамалар және басқалар), сондай-ақ салық заңдарының бұзылуына қатысы бар мәселелер бойынша құжаттарды ұсынады.

 

     Құжаттардың көшiрмесi өкiлеттi адамының қолымен және сұрау салушы

құзыреттi органының мөрiмен куәландырылады.


                           7-бап

           Құқықтық сипаттағы материалдармен алмасу


     Тараптардың құзыреттi органдары Ұлттық салық жүйесi, қылмыстың тергеу

жүргiзудiң құқықтық негiздерi және салық заңдары саласында әкiмшiлiк

тәртiп бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша өндiрiс туралы ақпарат алмасуды

жүзеге асырады, жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан немесе

қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзiлгеннен

кейiн бiр айдан кешiктiрмей салық заңдарындағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн

хабардар етедi.


                             8-бап

             Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi

                   бойынша ынтымақтастық



 
       Тараптардың құзыреттi органдары бұзылған салық заңдарымен күрестi ұйымдастыру кезiнде ақпараттық жүйелердi құру және жүргiзу мәселелерi бойынша тәжiрибелiк, әдiстемелер және ғылыми материалдармен алмасуды жүзеге асырады.
 
                             9-бап
           Кадрлар даярлауда тәжiрибе алмасу және көмек көрсету
 
      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң оқу орындарының базаларында кадрларды оқыту мен қайта даярлауда, ғылыми зерттеулердi, ғылыми-практикалық конференциялар мен салық заңдарын бұзу жөнiндегi көкейкестi мәселелер бойынша семинарлар өткiзуде ынтымақтасады, сондай-ақ сарапшылармен алмасады.

 

     Осы баптың шеңберiнде ынтымақтастықтың нақтылы нысандарын жүзеге

асыру, атап айтқанда, оны қаржыландыру Тараптардың құзыреттi органдары

арасында жасалатын келiсiмдерге сәйкес айқындалады.


                           10-бап

                   Сұрау салудың нысаны мен мазмұны


     1. Ақпарат алуға деген сұрау салу жазбаша немесе мәтiн берудiң

техникалық құралдарын пайдалана отырып берiлуi керек.

     Кейiнге қалдыруды көтермейтiн жағдайларда сұрау салу телефон

байланысы арқылы ауызша қабылдануы мүмкiн, алайда ол дереу жазбаша түрде

расталуы керек.

     Мәтінді беруде техникалық құралдарды пайдаланған кезде, сондай-ақ

алынған сұраудың растығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған

жағдайда сұрау салынушы құзыреттi орган оның жазбаша нысанда расталуын

талап ете алады.

     2. Ақпарат алуға бағытталған сұрау мынадай мазмұнда болуы керек:

     - сұрау салынған құзыреттi органның атауы;

     - сұрау салушы құзыреттi органның атауы;

     - сұраудың қысқаша мазмұны және оның негіздемесi;

     - сұраудың орындалуы үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер.

     Қылмыстық iстер бойынша ақпарат алу үшiн салынған сұрау оған қоса:

     Нақтылы жағдайлардың қысқаша сипаттамасы;

     сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес қылмыстың

бiлiктiлiгi;

     келтiрiлген зиянның көлемi көрсетiлуi тиiс.


                             11-бап

                     Сұрау салудың орындалуы



 
       1. Салынған сұрау орындалуға кiдiрiссiз қабылданады. Сұрау салынушы құзыреттi орган нақтылау тәртiбiнде, егер бұл сұрауды орындау үшiн қажеттi болса, қосымша ақпарат талап ете алады.
      2. Сұрау салынушы құзыреттi орган алған сұрауды орындау мүмкiн

 

болмаған жағдайда сұрау салушы құзыреттi органды ол жайлы кiдiріссiз

хабардар етедi.

     Сұрау салынған Тарап, егер бұл мемлекеттiң егемендiгіне немесе

қауiпсiздiгіне зиян келтiретiн болса, не болмаса мемлекетiнiң заңдарына

қайшы келсе салынған сұрауды орындаудан бас тартады.

     Салынған сұрауды орындаудан бас тартылу себебi туралы сұрау салушы

құзыреттi орган хабардар етедi.

     3. Салынған сұрау салушы тараптың ұлттық заңдарымен келiсiлiп жүзеге

асырылады.


                             12-бап

           Сұрау салуды орындау кезiнде өзара әрекет ету


     Сұрау салынушы құзыреттi орган сұрау салушы құзыреттi органның

өкiлеттi өкiлiне, егер бұл мемлекеттiң заңдарына қайшы келмесе өз

аумағында сұрауды орындауға бағытталған шараларға қатысуға рұқсат етуi

мүмкiн.


                             13-бап

                            Тiлдерi


     Ақпарат алуға бағытталған сұрау және оған берiлетiн жауап сұрау

салушы Тараптың тiлiнде әзiрленедi.

     Сұрау салу басқа тiлде орындалған жағдайда оған орыс тiлiндегi

расталған аудармасы қоса берiледi.


                             14-бап

                     Ақпараттарды пайдалану



 
       Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдарының бұзылуын болдырмауға, ашуға және жолын кесуге байланысты мәселелер бойынша ақпараттардың құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат осы ақпаратты берген құзыреттi органның жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берiле алмайды.
 
                             15-бап
                            Шығындар
 
      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң мемлекеттерiнiң аумағында осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығындарды көтередi. Қосымша шығындарды талап ететiн сұрау алған жағдайда оларды қаржыландыру туралы мәселенi өзара уағдаластық бойынша Тараптардың құзыреттi органдары қарастырады.
      Жоспарланған кездесу кезiнде, басқа жазбаша уағдаластық болмаса,

 

қабылдаушы құзыреттi орган өз мемлекетiнiң аумағында басқа құзыреттi

органның делегациясын қабылдауға байланысты барлық шығындарды төлейдi, ал

жiберушi құзыреттi орган жол ақы төлемi бойынша делегация мүшелерiнiң

шығындарын өтейдi.

     Кезектен тыс кездесу өткiзген жағдайда оның бастамасы болған

құзыреттi орган барлық шығындарды өтейдi.


                             16-бап

         Келiсiмдi жүзеге асыру бойынша одан арғы шаралар


     Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты

мәселелер бойынша қажет болған жағдайда консультациялар өткiзедi.


                            17-бап

                   Даулы мәселелердi шешу


     Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты даулы мәселелер

Тараптар арасында келiссөз және кеңес арқылы шешiледi.


                            18-бап

               Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу



 
       Осы келiсiмге жекелеген хаттамалармен рәсiмделетiн Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
 
                            19-бап
             Келiсiмнiң күшiне енуi және әрекетiн тоқтатуы
 
      Осы Келiсiм толық күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекеттік iшкi

 

шаралардың толық орындалып бiткенi туралы соңғы хабарлау түскен күннен

бастап күшiне енедi және осы Келiсiмнiң әрекетiн тоқтатуға деген ниетi

туралы басқа Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша

Тараптардың бiрi алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн әрекет етедi.

     2000 жылдың "___"__________, ____________ әрқайсысы қазақ, литван

және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды. Мәтiндердiң бәрi де бiрдей күшке

ие.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде пiкiр алшақтығы туындаған

жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасы            Литва Республикасы

          Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады