Жекелеген су шаруашылығы объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 28 маусым N 966

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      "Қызылордаауылшарсуқұбыры" тресті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      "Қызылордасушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген тәртіппен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қызылорда облысының әкімімен келісе отырып, белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атауды қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік кәсіпорындарды қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады