"Диабет" мақсатты кешендiк бағдарламасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2000 жылғы 30 маусым N 978 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.14. N 159 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "Диабет" мақсатты кешендiк бағдарламасы бекiтiлсiн.
     2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар "Диабет" мақсатты кешендiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды қолдансын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң     
2000 жылғы 30 маусымдағы         
N 978 қаулысымен            
бекiтiлген                

          "Диабет" мақсатты кешендiк бағдарламасы

                       1. Кiрiспе

     Халық денсаулығының жалпы деңгейiн едәуiр төмендететiн және кең таралуымен сипатталатын аурулардың бiрi қант диабетi болып табылады. Мұның өзi, 1992 жылы Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау Ұйымына оны 20-ғасырдың жұқпалы емес эпидемиясы ретiнде айқындауға мүмкiндiк бердi. Әрбiр 10-15 жыл сайын әлемдегi науқастардың саны екi еселенуде. Көптеген елдерде диабет - қайтыс болу себепшiсi ретiнде, тек жүрек-қан тамыры және онкологиялық аурулар тобынан ғана кейiн қалып, үшiншi орынға шықты. Диабет-шығыны көп ауруларға жатады. Мысалы, АҚШ-та денсаулық сақтау жүйесiнiң диабетпен ауыратын науқастарға 1996 жылы жұмсаған шығыстары, осы елдiң әскери бюджетiнiң үштен бiрiне тең келетiн, 105 млрд.долларды құрады. 6,5 миллион халқы бар Швецияда диабет проблемаларын шешуге жұмсалған шығыстар 1978 жылдың өзiнде 221 млн. АҚШ долларын құрады.
      Диабет - жазылмайтын дерт, алайда әлемдiк диабетология жетiстiктерiн қант диабетiн емдеу практикасына белсендi түрде енгiзудiң арқасында, көптеген елдерде, олардың еңбек ету қабiлетiнiң жоғары деңгейi ондаған жылдар және одан да ұзақ жылдар бойы сақталған жағдайда неғұрлым қауiптi асқынулардың саны мен сырқаттанудың дәрежесiн ондаған есе төмендетуге, науқастар өмiрiнiң сапасын арттыруға қол жеткiзiлдi.
      Әлемдiк практика науқастың өз сырқатын емдеуге тiкелей қатысуы мен асқынулар дамуының алдын алу үшiн емдеу және өзге де мекемелердiң жанынан ұйымдастырылған диабетпен ауыратындарға арналған мектептерде науқастардың диабет туралы алған бiлiмдерiн пайдаланудың өте елеулi оң нәтижелерi туралы айқын айғақтауда. Астана, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған, Қарағанды, Алматы және Өскемендегi қант диабетiмен ауыратындарға арналып құрылған оқыту мектептерi негiзiнен денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң ынта-ықыласы есебiнен жұмыс iстейдi. Бағдарлама қант диабетiмен ауырудың аймақтарда таралуына қарай тiркелген 1000 пациентке бiр мектеп есебiнен бүкiл республика бойынша диабеттiң 109 мектебiн ұйымдастыруды көздейдi. Мектептер салалық бұйрықпен ұйымдастырылады және амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады. Мектептердi жабдықтармен және әдiстемелiк материалдармен жабдықтау үшiн қоғамдық ұйымдарды, донор елдердiң көмегiн, халықаралық ұйымдарды белсендi түрде тарту жоспарлануда.
      Бағдарлама барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында жақсы жабдықталған 16 диабетологиялық ақпараттық-талдау орталықтарын ұйымдастыруды көздейдi. Жоғарыда аталған мектептер мен орталықтарды ұйымдастыру Қазақстандағы диабетологиялық қызметтiң нақты іргетасын қалауға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламада, сондай-ақ барлық науқастар мен республика тұрғындарының қажеттерiн жабуға жеткiлiктi көлемде өндiрiлетiн қантты алмастырғыштар өндiрiсiн жолға қою көзделедi.
      "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының "Дәрiлiк қамтамасыз ету, медициналық және фармацевтiк өнеркәсiптi дамыту" (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығының 2.9-тармағын iске асыруға) 2.7-тармағына, "Денсаулық сақтаудың өмiрлiк маңызды медикаменттерге (қантты азайтқыш препараттарға) мұқтаждығын қамтамасыз ету" 3-тармақшасына сәйкес қант азайтқыш препараттардың ампулаларын жасау және блистирлеу жөнiндегi технологиялық желiлердi iске қосу жоспарлануда. Мұның өзi, осы препараттарды сатып алуға жыл сайынғы жұмсалатын валюталық шығындарды 35-40%-ға азайтуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құруды және отандық фармацевтiк өнеркәсiптiң дамуын қамтамасыз етедi.
      Бағдарлама қант диабетiмен ауыратындарға медициналық көмектi ұйымдастырудың экономикалық негiзделген үлгiсiн жасауға, пациенттердiң өмiрлерiнiң сапасы мен ұзақтығын арттыруға, емдеу сапасын жақсартуға, диабетпен ауыратындарға арналған оқыту орталықтарының желiсiн кеңейтуге және науқастардың мүгедектiгi мен қайтыс болуын азайту мақсатында қан тамырлары ауруларының асқынуларының алдын алу және емдеу жөнiндегi орталықтарды ұйымдастыруға бағытталған.
      Диабет проблемаларын тиiмдi шешу науқастардың еңбек қабiлетiн сақтай отырып, өмiрлерiнiң сапасы мен ұзақтығын едәуiр арттырумен қатар, сонымен бiрге бюджет қаражатын едәуiр үнемдеуге көмектесер едi.
      Осы "Диабет" кешендiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 2014 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысын орындау үшiн үш жылға арналып әзiрлендi.

           2. Қант диабетi проблемасының қазiргi уақыттағы
                               жағдайы

      Қазақстан Республикасы халқының денсаулық жағдайы оның жалпы нашарлауымен сипатталады. Жалпы ауру-сырқаулық, жалпы және балалардың қайтыс болуы жоғары деңгейде болып отыр, өмiр сүрудiң орташа ұзақтығы қысқаруда.
      Қазақстанда диабетпен ауыратындар санының үздiксiз өсуi байқалуда. Мүгедектiкке әкелiп соғатын неғұрлым ауыр асқынулар санының едәуiр өсуi байқалады. 2000 жылдың 1 қаңтарына республикада 105 мыңнан астам науқас тiркелдi және олардың мыңнан астамын балалар мен жасөспiрiмдер құрайды. Медициналық статистиканың деректерi бойынша республикада қант диабетiмен сырқаттанудың 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткiшi (өмiрiнде бiрiншi рет тiркелген науқастардың саны): 1995 жылы - 35,2; 1996 жылы - 41,4; 1997 жылы - 47,9; 1998 жылы - 65,6; 1999 жылы - 70,1-дi құрады. Осы жылдары, сырқаттанудың жыл сайынғы өсу қарқыны орташа есеппен 15,4% құрады. Қант диабетiмен сырқаттанудың балалар арасындағы өсуi байқалады. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткiште (өмiрiнде бiрiншi рет тiркелген науқастардың саны): балалардың қант диабетiмен науқастануы: 1995 жылы - 3,0; 1996 жылы - 4,4; 1997 жылы - 4,7; 1998 жылы - 6,2; 1999 жылы - 6,7-нi құрады. Осы жылдарда, балалар арасындағы сырқаттанудың жыл сайынғы өсу қарқыны орташа есеппен 17,4%-ды құрады.
      Бiрiншi үлгiдегi диабетпен ауыратын науқас балалар мен жасөспiрiмдер, ересектер, - инсулинсiз сөзсiз қайтыс болатын, екiншi үлгiдегi диабетпен ауыратын науқастардың төрттен бiр бөлiгi айрықша назар аударуға лайық. Медициналық статистиканың деректерi бойынша 2000 жылдың 1 қаңтарына 37 350 диабетпен ауыратын ересектер (бiрiншi үлгiдегi 15 954 науқас және екiншi үлгiдегi 21 396 науқас) және бiрiншi үлгiдегi диабетпен ауыратын 1568 бала тiркелдi.
      Диабетпен ауыратындардың арасында жүрек-қан тамыры асқынуларынан қайтыс болатындардың саны жалпы науқастардан 4-5 есе жоғары, зағиптiк жиiлiгi - 10 есе, гангрена мен аяқты кесу - 50 есе жиi, созылмалы бүйректiк жетiспеушiлiк жағдайы 5-6 есе көп. Қазақстанда қант диабетiнiң асқынуларынан жыл сайын 5 мыңға дейiн адам қайтыс болады. Қант диабетiмен ауыратын науқастардың арасында 1999 жылғы мүгедектiгi бойынша есепке бiрiншi рет қойылған пациенттер 1191, қайталап 3211 адам және қант диабетi бойынша мүгедектердiң жалпы санының 30%-ға жуығы шектеусiз мерзiмге қойылғандар болды.
      Аурудың ерекшелiктерiне қарай диабетпен ауыратындар қантты азайтқыш дәрiлердi өмiр бойы күнделiктi қабылдауды, алғашқы және мамандандырылған стационарлық көмектiң жоғары деңгейiне мұқтаж. Бұл жағдайда диабетпен ауыратындарды стационар жағдайында емдеу ауруханада жатудың ұзақтығымен және амбулаторлық жағдайдағыдан гөрi емдеуге жұмсалатын шығындардың көптiгiмен сипатталады.
      2000 жылы республикалық бюджет қаражатынан тек инсулин препаратына және таблеткiленген қантты азайтқыш заттарға деген мұқтаждардың 20%-ын ғана жапқан диабетке қарсы препараттарды жеткiзу мен бақылау құралдарын орталықтандырылған сатып алуға 350 млн. теңге (2,5 млн. доллар) бөлiндi.
      Қазақстанда науқастарды тексеру мен емдеу емханалардың эндокринологиялық кабинеттерiнде, облыстық (сирегiрек қалалық) ауруханалардың бөлiмшелерiнде, сондай-ақ стационарлардың терапевтiк бөлiмшелерiнде жүргiзiледi. Қант диабетiнiң кеш асқынуларын емдеу жөнiндегi мамандандырылған кабинеттер (бөлiмшелер) жоқ. Дайын эндокринологтардың жеткiлiктi саны жағдайында штаттардың жаппай қысқартылуына байланысты республика кадр тапшылығын бастан өткiзiп отыр.
      Соңғы жылдары емдеу-алдын алу мекемелерiнiң реактивтермен және диагностиканың өзге де құралдарымен қамтамасыз етiлуiнiң күрт қысқартылуына байланысты қант диабетiн ерте анықтау жағдайлары едәуiр нашарлады. Глюкометрлер мен тест-сызықтарының тапшылығынан қан тамырлық және басқа асқынулардың тез өршуiне алып келетiн қандағы глюкоза деңгейiне тиiстi бақылау жүргiзiлмейдi.
      Сөйтiп, қант диабетi шұғыл шешудi талап ететiн аса маңызды медициналық және әлеуметтiк проблема болып табылады.

              3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Осы бағдарламаның басты мақсаты республика диабетологиялық қызметiнiң экономикалық жағынан негiзделген үлгiсiн жасау жолымен қант диабетiмен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
      Бағдарламаның басты мақсатын жүзеге асырудың басымдықтары:
      1. Қант диабетiмен ауыратын науқастарды ерте анықтау және науқастар арасында, сондай-ақ халықтың денi сау бөлiгiнiң арасында алдын алу жұмысының сапасын жақсарту мақсатымен халықты тұрақты түрде белсендi тексерудi жүзеге асыру.
      2. Диабетпен күресте пациенттердi өзiне өзi көмек көрсету әдiсiне оқытуға арналған мектептер жүйесiн ұйымдастыру және кеңейту.
      3. Диабетологиялық ақпараттық-талдау орталықтарын ұйымдастыру.
      4. Қант диабетiнiң ұлттық тiркелiмiн жасау.
      5. Дәрiгерлер мен орта медициналық құрамның бiлiктiлiгiн көтеру.
      6. Диабетпен ауыратын науқастарды емдеудi жетiлдiру.
      7. Қант диабетiмен ауыратын науқастардың өмiрлiк маңызды медикаменттерге (қантты азайтқыштарға), инсулиндi жеткiзу құралдарына, сондай-ақ глюкоза деңгейiн диагностикалау мен бақылау құралдарына деген қажеттерiн қамтамасыз ету болып табылады.

           4. Негiзгi басымдықты мақсаттар және Бағдарламаны
                        iске асырудың тетiгi.
        4.1. Қысқа мерзiмдi мақсаттар (2000-2001 жылдар)

      1-мақсат. Қант диабетiмен ауыратын науқастарды ерте анықтау және пациенттердiң арасында, сондай-ақ халықтың денi сау бөлiгiнiң арасында алдын алу жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатымен халықты тұрақты түрде белсендi тексерудi жүзеге асыру (балалармен қоса жаппай тексеру).
      Қазақстан Республикасындағы науқастар санының 1993 жылға дейiнгi жыл сайынғы өсуi 8-12%-ды құрады, бiрақ соңғы жылдары тiркелген науқастардың абсолюттiк саны қысқарды, бұл ең алдымен, көшi-қон процестерiмен және қаржылық қаражаттың тапшылығымен түсiндiрiлетiн белсендi тексерудiң тоқтауымен байланысты. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткiштерде 1995-тен 1999 жылға дейiн қант диабетiмен сырқаттанудың жыл сайынғы өсу қарқыны орта есеппен 16%-ды құрады.

                    Іс-қимыл жоспары:

      1. Халықты көмiртегiлерге толеранттiлiк тестiсiнiң бұзылуына тұрақты түрде белсендi тексерудi реттейтiн директивалық құжаттарды дайындау және қант диабетiмен ауруларды анықтау.
      2. Тұратын жерлерi бойынша емханаларда глюкозаға толеранттiлiгi бұзылған адамдардың арасында қауiп топтарын құру.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты қант диабетi ауруының алдын алу мәселелерiне оқытуды ұйымдастыру.
      4. Нефропатияның алдын алу. Биохимиялық диагностиканың жоғары сапалы әдiстерiн пайдалану есебiнен нефропатияны ерте анықтау мәнiнде тексерiлетiн науқастардың санын жыл сайын арттыру.
      5. Қан тамырлары асқынулары дамуының алдын алу.
      1) Мамандандырылған бөлiмшелердiң жанынан (хирургиялық, кардиологиялық, көз, қан тамырлары) қан тамырларының асқынуларын анықтауға арналған:
      Аяқ қан тамырларының жай-күйi, оларды күтудiң әдiстерiне үйрету, аяқ киiмдi дұрыс таңдау және қан тамырлары асқынуларының алдын алу жөнiндегi;
      барлық науқастардың көз түбiнiң жай-күйiн жылына кемiнде 1 рет тексеру жолымен ерте кезеңдердегi ретинопатияны белсендi анықтау жөнiндегi кабинеттердi ұйымдастыру.
      6. Қант диабетiмен ауыратын барлық балалар мен жасөспiрiмдердi жануарлардан алынған инсулинмен емдеуден адам инсулинi препараттарымен емдеуге көшiру. Инсулин препараттарын жеткiзу үшiн шприц-иньекторларды пайдалану.
 
                  Даму үрдiсiндегi мониторинг:

      1. Жаңа анықталған глюкозаға толеранттiлiгi бұзылған адамдардың, сондай-ақ нефропатиялары, ретинопатиялары және аяқ жақтағы қан тамырлары асқынулары анықталған науқастардың саны туралы мәлiметтердi диабеттiң ұлттық тiркелiмiне бiр мезгiлде бере отырып, денсаулық сақтаудың аумақтық органдарының компьютерлiк деректер базасына ай сайын енгiзу.
      2. Жаңа анықталған глюкозаға толеранттiлiгi бұзылған науқастарға, және нефропатиялары, ретинопатиялары және аяқ жақтағы қан тамырлары асқынулары анықталған пациенттерге байланысты шаралар туралы мәлiметтерді диабеттiң ұлттық тiркелiмiне бере отырып, денсаулық сақтаудың аумақтық органдарының компьютерлiк дерекқорына 2 айда 1 рет енгiзу.

      2-мақсат. Пациенттердi диабетпен күресте өзiне өзi көмек көрсету әдiсiне оқып-үйретуге арналған мектептер жүйесiн ұйымдастыру және кеңейту және оларды жоғары сапалы әдiстемелiк материалдармен жабдықтау.
      Қант диабетiн емдеудiң тиiмдiлiгi, көбiнесе, пациенттердiң өздерi мен науқастың жақындарының диабетпен күреске арналған мектепте алған бiлiмдерiн қолдануға қатысуына байланысты.

                          Iс-қимыл жоспары:

      1. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда қант диабетiмен ауыратын тiркелген науқастардың санына қарай мектептер ұйымдастыру.
      2. Құрамында эндокринологиялық орындар бар стационарлардың жанынан мектептер ашу.
                          Даму үрдiсiндегi мониторинг:

      1. Денсаулық сақтаудың аумақтық органдарының ұйымдастырылған мектептер туралы және есептi кезеңде оқытудан өткен науқастардың саны туралы денсаулық сақтаудың орталық атқарушы органына тоқсан сайынғы мәлiметтердi ұсынуы.
      2. Диабетологиялық ақпараттық-талдау орталығында жаңа мектептердiң ашылу үрдiсiн және оқытудан өткен науқастардың санын тұрақты бақылай отырып, мектептердiң жұмысы туралы ақпараттардың жеке блогын құру.

      3-мақсат. Диабетологиялық ақпараттық-талдау орталықтарын (бұдан әрi - Орталықтар) ұйымдастыру.
      Орталықтар денсаулық сақтаудың аумақтық органдардың жанынан немесе көп бейiндi iрi ауруханалардың жанынан мынадай мiндеттердi шешу үшiн:
     1. Аймақтағы диабет мектептерiнiң қызметiне басшылық және бақылау жасау.
     2. Облыстың диабет мектептерiн жаңа әдiстемелiк материалдармен, нормативтiк құжаттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ семинарларды және облыс мектептерiнiң дәрiгерлерi мен медбикелерiн қайта даярлауды ұйымдастыру.
     3. Облыстың диабет тiркелiмiнiң ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi.
     4. Облыстардың диабет проблемаларына қатысы бар ақпаратын Орталықтың компьютерлiк деректер базасында жинау үшiн ұйымдастырылады.

                         Iс-қимыл жоспары:

     1. Нормативтiк құжаттарды әзiрлеу.
     2. Орталықтарды ұйымдастыру, оларды қажеттi құралдармен жабдықтау.

                  Даму үрдiсiндегi мониторинг:

      1. Аймақтық бағдарламаға орталықтандырылған әдiстемелiк басшылық жасай отырып, науқастарды мектептерде оқыту сапасын едәуiр жақсарту.
      2. Облыс тiркелiмi проблемаларын түбегейлi шешу.
      3. Облыс науқастарын қантты азайтқыш препараттармен, өзiн өзi бақылау және инсулиндi жеткiзу құралдарымен қамтамасыз етудi және олардың шығыстарын бақылау.

      4-мақсат. Қант диабетiнiң ұлттық тiркелiмiн құру.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының мемлекеттiк жүйесiнде қант диабетiне қатысты бiрқатар статистикалық көрсеткiштер бойынша ақпараттар тiркеу жүзеге асырылады. Алайда, бұл мәлiметтер диабетологиялық қызметтiң жағдайын бағалау, дәрi-дәрмектерге қажеттiлiктi, даму перспективасын анықтау үшiн жеткiлiксiз. Бұл көрсеткiштердiң бәрi көптеген елдерде қолданылатын диабеттiң ұлттық тiркелiмдерiнде көрсетiлген.
      Республикада диабеттiң ұлттық тiркелiмiн құру қант диабетiмен ауыратындардың науқасы, мүгедектiгi, қайтыс болуы туралы, оның себептерi, кеш асқынулар, емдеу-алдын алу шараларының тиiмдiлiгi туралы жүйелi, сенiмдi ақпарат алуға мүмкiндiк бередi. Бұл науқастарға көрсетiлетiн көмектiң жай-күйiн, инсулинмен және таблетка түрiндегi қантты азайтқыш препараттармен, бақылау құралдарымен қамтамасыз ету деңгейiн бақылауға мүмкiндiк берген болар едi. Тiркелiмдi құру, сондай-ақ диабеттiң ұлттық тiркелiмiндегi деректердiң жалпы банкiсiне жүйелi ақпарат беру арқылы анықталған әрбiр науқасқа арнаулы карта толтыруды көздейдi.

                      Iс-қимыл жоспары:

     1. Ұлттық тiркелiмдi ұйымдастырудың әдiстемесiн дайындау.
     2. Диабетологиялық ақпараттық-талдау орталықтарының жанынан диабетпен ауыратындардың саны және асқыну түрлерi, қантты азайтқыш препараттармен қамтамасыз етiлуi туралы компьютерлiк дерекқор құру.
     3. Республиканың ұлттық диабет тiркелiмiн құру.
     4. Диабетологиялық орталық бойынша деректердi 6 айда 1 рет, оларды диабеттiң ұлттық орталығына беру арқылы түзету мен толықтыру.
     5. Әрбiр науқасқа дербес карталарды енгiзу.

            4.2 Орта мерзiмдi мақсаттар (2002-2003 жылдар)

     1-мақсат. Дәрiгерлердiң және орта медициналық құрамның бiлiктiлiгiн көтеру.

                       Iс-қимыл жоспары:

      1. Медициналық жоғары оқу орындарының бiлiктiлiктi көтеру факультеттерiнде 3 жылда кемiнде бiр рет эндокринолог дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн жүйелi түрде көтеру, медициналық колледждерде және эндокринологиялық бөлiмшелердiң базасында медбикелердiң бiлiктiлiгiн көтеру.
      2. Бiлiктiлiктi көтеру факультеттерiнде оқытудың бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      3. Жыл сайын денсаулық сақтаудың аумақтық органдарының компьютерлiк деректер базасына бiлiктiлiктi көтеру курсынан өткен эндокринолог дәрiгерлер мен медбикелердiң саны туралы мәлiметтердi республикадағы диабеттiң ұлттық тiркелiмiне беру арқылы енгiзу.
      4. Ғылыми конференциялар мен семинарлар жұмысына қатыстыру жолымен дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн бiржолғы көтеру.

      2-мақсат. Диабетпен ауыратын науқастарды емдеудi жетiлдiру.

                         Іс-қимыл жоспары:

      1. Инсулинге тәуелдi диабетпен ауыратындарды негiзiнен интенсификацияланған сызба бойынша емдейтiн терапияға көшiру.
      2. Алғаш пайда болған инсулинге тәуелдi диабет кезiнде мүмкiндiгiнше 1-3 ай iшiнде қантты азайтқыш препараттарды қолданбай, диета мен дене шынықтыруды пайдалану.
      3. Екiншi үлгiдегi диабетпен ауыратын науқастарды емдеудiң сызбасында үйлескен қан тамыры әсерi арқылы организм үшiн мейлiнше уыты аз препараттарды бiртiндеп ұлғайту.

                        Даму үрдiсiндегi мониторинг:

      1. Диабетпен ауыратын науқастарды емдеудiң әдiстерiн жетiлдiру және жаңа қантты азайтқыш препараттар туралы ғылыми ақпараттарды талдау.
      2. Аумақтық денсаулық сақтау органдарының компьютерлiк деректер базасына жаңа анықталған диабетпен ауыратын науқастар туралы және алғашқы кезеңiнде диета мен дене шынықтыруды пайдалану арқылы емдеудiң нәтижелерi туралы ақпараттарды, оларды республикадағы диабеттің ұлттық тiркелiмiне бере отырып енгiзу.

      3-мақсат. Қант диабетiмен ауыратын науқастарды өмiрлiк маңызды медикаменттермен (қантты азайтқыштармен), инсулиндi жеткiзу, сондай-ақ глюкоза деңгейiн айқындау және бақылау құралдарымен қамтамасыз ету.
      3.1. Бағдарламаны iске асыруды медикаментоздық және диагностикалық қамтамасыз ету.
                        Iс-қимыл жоспары:

      1. Қант диабетiмен ауыратын науқастардың саны туралы ақпараттарды талдау.
      2. Өмiрлiк маңызды медикаменттермен (қантты азайтқыштармен), инсулиндi жеткiзу құралдарымен, қант диабетiмен ауыратын науқастардың глюкоза деңгейiн айқындау және бақылау үшiн реактивтермен қамтамасыз етiлуiн талдау.
      3. Қантты азайтқыш препараттарды, өзiн өзi бақылау және инсулиндi жеткiзу құралдарын сатып алу жөнiндегi тендерлердi ұйымдастыру және өткiзу.

                       Iске асырудың әдiстерi:

      1. Қантты азайтқыш препараттарды, өзiн өзi бақылау және инсулиндi жеткiзу құралдарын сатып алу жөнiндегi конкурсты өткiзуге арналған iс-шаралар мен құжаттарды дайындау.
      2. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен инсулиндiк терапия үшiн адамның және шошқаның монокомпоненттiк инсулиндерiн, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдерге арналған пенфиллалардағы инсулиндердi, сондай-ақ жеткiзу құралдарын (шприцтердi) сатып алу.
      3. Жергiлiктi бюджеттің қаражаты есебiнен таблеткiленген қантты азайтқыш препараттарды, қант диабетiмен ауыратын науқастар үшiн глюкоза деңгейiн диагностикалау мен бақылауға арналған құралдарды сатып алу.

                    Даму үрдiсiндегi мониторинг:

      1. Өмiрлiк маңызды медикаменттердi (қантты азайтқыштарды), инсулиндi жеткiзу, қант диабетiмен ауыратын науқастардың глюкоза деңгейiн диагностикалау мен бақылауға арналған құралдарды атаулы жеткiзуге арналған ұлттық тiркелiмнiң деректерiн статистикалық өңдеу.
      3.2. Қазақстанда қантты азайтқыш препараттар өндiрiсiн ұйымдастыру.
      Мiндет - жоғары халыққаралық стандарттарға жауап беретiн инсулин препараттарын және таблеткадағы қантты азайтқыш препараттарды отандық фармацевтiк кәсiпорындарда ампула жасау, блистирлеу жөнiндегi технологиялық желiлердi жолға қоюды ұйымдастыру болып табылады. Бұл өндiрiс осы препараттарды сатып алуға жұмсалатын валюталық шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi. Өндiрушi фирмалармен талқылау басталғанға дейiн оларды Қазақстанда қолдануға сенiмдi беделi мен ұзақ мерзiмдi перспективасы бар препараттар iрiктелiп алынуы тиiс.

                        Iс-қимыл жоспары:

      1. Қантты азайтқыш препараттарды өндiрушi импорттаушылармен бiрлескен кәсiпорындар ұйымдастыру.
      2. Технологиялық желiлерге фармацевтiк фабрикаларда одан әрi ампула жасау және блистирлеу арқылы шет елден "ин балк" және "ангро" дәрiлiк препараттарын жеткiзу.
      3.3. Қазақстанда қантты алмастырушылар өндiрiсiн ұйымдастыру. Түпкi мақсат республиканың барлық науқастары мен халқын отандық қантты алмастырушылармен қамтамасыз ету болып табылады.

                      Iс-қимыл жоспары:

     1. Проблемаларды талдау, өндiрiстiң экономикалық және өзге де аспектiлерiн пысықтау.
     2. Өндiрiс проблемаларының бүкiл кешенiн ұйымдармен, ықтимал өндiрушiлермен талқылау.
     3. Қантты алмастырушылар өндiрiсiн ұйымдастыру.

                    Даму үрдiсiндегi мониторинг:

     1. Қантты алмастырушылар өндiрiсiн ұйымдастыру және науқастарды олармен қамтамасыз ету емдеу нәтижелерiн жақсартуға, өмiр сапасын арттыруға, зат алмасудың бұзылуларын түзетудi жақсартуға, оларды шет елден сатып алудың мүмкiн шығыстарын азайтуға, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiк беретiн болады.

      Бағдарламаны iске асырудың негiзгi қағидаттары:

      1. Бағдарламаның негiзгi мақсаттарын шешудiң салалық тәсiлi және шешiмнiң қажеттiлiк туған жердегi келiсiлген салааралық жолы.
      2. Қойылған мақсаттарға жету үшiн әлемдiк диабетологияның озық нәтижелерiн пайдалану мақсатында халықаралық диабетологиялық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау.
      3. Осы бағдарламаға сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу.
      4. Осы бағдарламаны iске асырудағы нақты мiндеттердi шешу үшiн жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен, мемлекеттiк ұйымдармен, әкiмшiлiктiк органдармен өзара iс-қимыл жасау.
      5. Диабет туралы бiлiмдi насихаттау үшiн халықтың қалың жiктерiн, қоғамдық ұйымдарды тарту.

            5. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландырудың
                               көздерi

      2001-2003 жылдарда бағдарламаны iске асыру:
      - республикалық бюджетте диабетке қарсы препараттарды орталықтандырылған жолмен сатып алуға көзделген қаражат шегiнде;
      - жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен;
      - гранттардың және инвестициялардың есебiнен жүзеге асырылады.
      Инсулиндiк қатардың диабетке қарсы емдеу препараттары мен жеткiзу құралдарын орталықтандырылған сатып алу республикалық бюджеттiң қаражатынан 39 бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын болады.
      Диабетке қарсы таблеткаланған емдеу препараттары мен бақылау және диагностикалау құралдарын сатып алу жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан жүзеге асырылатын болады.
      Диабет мектептерiн ұйымдастыру, ұлттық тiркелiмдi құру, қантты алмастырғыштарды өндiру мен дәрі-дәрмектердiң ампуласын жасау, блистирлеу жөнiндегi технологиялық желiлердi жолға қою үшiн халықаралық гранттар мен инвестицияларды тарту жоспарлануда.

          6. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      1. Науқастарды емдеу сапасын жақсарту.
      2. Науқастарды қантты азайтқыш препараттармен, өзiн-өзi бақылау және инсулин жеткiзу құралдарымен қамтамасыз етудi жақсарту.
      3. Кант диабетiнiң ұлттық тiркелiмiн жасау қант диабетiмен ауыратын науқастардың саны туралы сенiмдi деректердi алуға мүмкiндiк бередi, мұның өзi, өз кезегiнде науқастарға тиiмдi көмек көрсету үшiн алғышарттар жасайды.
      4. Жоғарыда аталған iс-шаралардың есебiнен науқастардың мүгедек болуы мен қайтыс болуын азайту үшiн жағдайлар жасау.
      5. Емдеудi ерте бастау мақсатында диабетпен ауыратындарды белсендi түрде анықтау.
      6. Осы бағдарламаны iске асырудың нәтижесi ретiнде экономикалық ауыртпалықты жеңiлдету.    

     7. 2000-2003 жылдарға арналған "Диабет" мақсатты кешендік
          бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

N!     Іс-шара           !  Жауаптылар     !   Орындау  !   Аяқтау   
  !                       !                 !    мерзімі !   нысаны      
---------------------------------------------------------------------------
1 !          2            !        3        !     4      !      5

1  Қант диабетімен ауыра.    Азаматтардың      Тұрақты     ДСА-ның бұйрығы,
   тын науқастарды ерте      денсаулығын                   Әкімдердің ше.
   анықтау және пациенттер.  сақтау саласын.               шімдері, Қазақ.
   дің арасында, сондай-ақ   да басшылықты                 стан Республика.
   халықтың дені сау бөлі.   жүзеге асыратын               сының Үкіметіне
   гінің арасында алдын алу  орталық атқарушы              есеп беру
   жұмыстарының сапасын      орган (бұдан әрі
   жақсарту мақсатымен ха.   -ДСА), облыстар.
   лықты тұрақты түрде бел.  дың, Астана және
   сенді тексеруді жүзеге    Алматы қалалары.
   асыру                     ның әкімдері

2  Құрамында эндокриноло.    ДСА, Қазақстан    2000 жыл    ДСА-ның бұйрығы,
   гиялық орындары бар       Республикасының   IV тоқсан   Қазақстан Респу.
   медициналық ұйымдардың    Диабеттік қауым.              бликасының Үкі.
   стационарларында аймақ.   дастығының (бұ.               метіне есеп беру
   тар бойынша науқастардың  дан әрі ҚРДҚ)
   санына қарай штатында     көмегімен облыс.
   эндокринолог дәрігері     тардың, Астана
   бар амбулаториялық-емха.  және Алматы қала.
   налық ұйымдардың жанынан  ларының әкімдері
   құрылымдық бөлімшелер
   ретіндегі Диабет мектеп.
   терін ұйымдастыру
 
     3  1. Облыстардағы, ірі      ДСА, облыстардың,  2001 жыл   ДСА-ның бұйрығы,
   қалалардағы озық диабет   Астана және Ал.    І тоқсан   Әкімдердің ше.
   мектептерінің базасында   маты қалаларының              шімдері, Қазақ.
   аумақтық денсаулық сақ.   әкімдері                      стан Республика.
   тау органдарының құрылым.                               сының Үкіметіне
   дық бөлімшелері ретінде                                 есеп беру
   диабетологиялық ақпарат.
   тық-талдау орталықтарын
   ұйымдастыру.

   2. Диабет мектептерінде
   жұмыс істейтін нұсқау.
   шылар даярлау

4  1. Сырқаттану туралы      ДСА, облыстардың   2001 жыл   ДСА-ның бұйрығы,
   сенімді ақпарат алу үшін  Астана және Ал.    ІV тоқсан  Әкімдердің ше.
   республика қант диабе.    маты қалаларының              шімдері, Қазақ.
   тінің ұлттық регистрін    әкімдері                      стан Республика.
   жасау, көрсетілетін кө.                                 сының Үкіметіне
   мектің мониторингін жүр.                                есеп беругізу.

5  1. Диабет саласындағы     ДСА                2000-2003  ДСА-ның бұйрығы
   дәрігерлер мен орта                          ж.ж.
   медициналық құрамның
   біліктілігін көтеру

6  Қант диабетімен ауыратын  ДСА, облыстардың,  2001-2003  Қазақстан
   науқастарды қантты азайт. Астана және Ал.    ж.ж.       Республикасының
   қыш препараттармен, ин.   маты қалаларының              Үкіметіне
   сулинді жеткізу құралда.  әкімдері, ҚР                  ақпарат беру
   рымен қамтамасыз ету      Қаржы министрлігі

7  Қант диабетімен ауыратын  ДСА                2002-2003  Емдеудің
   науқастарды емдеудің                         ж.ж.       стандарттары,
   жаңа әдістерін енгізу                                   Әдістемелік
                                                           ұсыныстар

8  Диабетология саласында    ДСА                2001-2003  Ғылыми мақала.
   ғылыми зерттеулерді                          ж.ж.       лар, ғылыми-
   жүргізу, перспективалық                                 практикалық
   бағыттарды айқындау                                     конференциялар

9  Қантты алмастырушылар     ДСА, фармацевтік   2002 жыл   Қазақстан
   өндірісін ұйымдастыру     фабрикалар, ҚР       І-ІІ     Республикасының
                             Инвестициялар       тоқсан    Үкіметіне
                             жөніндегі                     ақпарат беру
                             агенттігі, ҚР
                             Экономика
                             министрлігі

10 Инсулин ерітінділеріне    ДСА, ҚР Инвести.   2002-2003  Қазақстан
   ампула жасау және таб.    циялар жөніндегі   ж.ж.       Республикасының
   леткадағы қантты азайт.   агенттігі, ҚР                 Үкіметіне
   қыш препараттарды блис.   Экономика министр.            ақпарат беру
   тирлеу жөніндегі техно.   лігі, ҚР Энерге.
   логиялық желілерді жөн.   тика, индустрия
   деу жөніндегі БК ұйым.    және сауда мини.
   дастыру, инсулиндік       стрлігі
   шприц тұтқаларды, бақы.
   лау құралдарын дайындау
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------
        Күтілетін       !       Қаржыландыру
        нәтижелер       !         көздері
------------------------------------------------
            6           !           7
------------------------------------------------
Қант диабетінің           Жергілікті бюджеттің
таралуы туралы сенімді    қаражаты шегінде
деректер алу              жүзеге асырылады

Оқытылған науқастардың    Қоғамдық ұйымдардың
қант диабетін емдеуге     және халықаралық
тікелей қатысуы және      ұйымдардың, қорлардың
оның нәтижесінде          гранттарының және
асқынулар мен мүгедек.    жергілікті бюджеттің
тіктің азаюы              қаражаты есебінен жүзеге
                          асырылады

Диабетологиялық қызмет.   Қоғамдық ұйымдардың
тің құрылымын жасау,      және халықаралық
көрсетілетін мамандан.    ұйымдардың, қорлардың
дырылған медициналық      гранттарының
көмектің үйлесімділігі    есебінен жүзеге
                          асырылады

Сырқаттану бойынша        Республикалық және
дерекқор жасау, дәрі-     жергілікті бюджеттердің
дәрмектерге, жеткізу      есебінен денсаулық
және бақылау құралдарына  сақтауға бөлінетін
қажеттілік туралы         қаражат шегінде жүзеге
сенімді ақпараттың болуы  асырылады

Қант диабетімен ауыратын  Кадрларды республикалық
науқастарға көрсетілетін  және жергілікті деңгейде
мамандандырылған          қайта даярлаудың 10 және
медициналық көмектің      11 бағдарламаларын
сапасын арттыру           қаржыландыру есебінен
                          жүзеге асырылады
 
  Пациенттердің дәрілік     Республикалық бюджеттің
препараттармен қамтама.   қаражаты шегінде
сыз етілуі, өмір сүрудің  инсулиндер сатып алу.
сапасын көтеру.           Жергілікті бюджеттің
Диабетпен ауыратын        қаражаты шегінде таблет.
науқастардың мүгедектігі  каланған препараттар
мен қайтыс болуын азайту  сатып алу

Мүгедектік пен қайтыс     Қаржылық шығындарды
болуды азайту             қажет етпейді

Диабетпен ауыратын        Гранттардың және
науқастарды диагностика.  инвестициялардың
лаудың және емдеудің      есебінен
әдістерін жетілдіру

Қантты алмастырушылармен  Гранттардың және
қамтамасыз ету, халықтың  инвестициялардың
дені сау бөлігінің        есебінен
көміртегілерді пайдала.
нуын қысқарту, сырқатта.
нудың өсуінің алдын алу

Импорттық өндірістің      Инвесторлардың
дәрілерін сатып алу       қаражаты есебінен
шығыстарын қысқарту,
дәрілерді республикада
өндіру, отандық фарм.
өнеркәсібінің қалыптасуы
------------------------------------------------
                                 Қорытынды

      Бағдарламаны орындау диабетпен ауыратындардың денсаулық жағдайының теріс тенденцияларын кідіртуге, аурудың ерте және сонымен бір мезгілде, жасырын түрлерінің анықталуын жақсартуға және түпкі нәтижесінде мемлекет үшін экономикалық ауыртпалық болып тұрған қант диабеті проблемасының жүгін азайту жағдайында мүгедектікті кемітуге, науқастардың белсенді өмір сүруінің ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады