Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 588 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1008 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі заңының  71-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталатын тауарлардың, сондай-ақ импортталатын жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталатын тауарлардың, сондай-ақ импортталатын жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі:
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6, 1-7, 1-8, 1-9-жолдармен толықтырылсын:
"1-1 Таза тұқымды (таза қанды) жылқылар
     асыл тұқымды малдар                          0101 11 000

 1-2 Таза тұқымды (таза қанды) ірі қара мал
     асыл тұқымды малдар                          0102 10

 1-3 Таза тұқымды (таза қанды) шошқалар
     асыл тұқымды малдар                          0103 10 000

 1-4 Таза тұқымды (таза қанды) қойлар
     асыл тұқымды малдар                          0104 10 100

 1-5 Таза тұқымды (таза қанды) ешкілер
     асыл тұқымды малдар                          0104 20 100

 1-6 Асыл тұқымды балапандар (тарау тектері          0105 11,
     және аналық жүйелері): үй құстары мекиендері;   0105 11 110,
     үй құстарының басқа да балапандары;             0105 11 190,
     үй құстарының басқа да
     тектегі мекиендері;                             0105  11 910,
     үй құстарының
     басқа да түрлері;                               0105 11 990,
     күркетауықтар;                                  0105 12 000,
     үй құстары (тауықтарды қоспағанда);             0105 19,
     қаздар                                          0105 19 200
 1-7 Инкубацияға арналған құс жұмыртқалары           0407 00-ден
 1-8 Бұқаның ұрығы                                   0511 10 000
 1-9 Ірі қара малдың іштегі төлдері                  0511 99 500". 

     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады