Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 шілде N 1020

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 6 шілдедегі      
N 1020 қаулысымен       
бекітілген       

  Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы

  КIРIСПЕ

      Жарақаттанулар мен уланулар орасан зор материалдық шығындар келтiрiп, мыңдаған адамның өмiрiн қиюда. Бiздiң елiмiзде жыл сайын 100 мың тұрғынға шаққанда 4 мың адамның жарақаттануы тiркеледi, яғни, жыл сайын Қазақстанның 600 мың тұрғыны жарақат алады. Жарақаттан денi сау адамдар, жұмысқа қабілеттi жастар, көбiнесе 20-дан 40 жасқа дейiнгi ерлер қаза болатындықтан, жағдай шиеленiсуде. 
      Бiздiң елiмiзде травматизмнен қайтыс болу қатерлi iсiктердi басып озып, қан айналымы ауруларына ғана жол берiп, екiншi орынға шықты. 
      Травматизмнің едәуiр өсу тенденциясын атап өту қажет, көлiк құралдарының күрт көбеюiнен, құрылыс техникасының және құрылыс объектiлерiнiң конструкциясының дамуы мен күрделенуiнен, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзалалардан, өнеркәсiптiң, зәулiм үйлер құрылысының қарқынды дамуынан болып отыр. 

                         БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ 

      Бағдарламаның жалпы мақсаты - оларды төмендету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру және ведомствоаралық интеграция негiзiнде бiлiм беру және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында травматизмнiң алдын алу және төмендету, жарақаттық зақымдануларды емдеу және диагностикалаудың қазiргi заманғы әдiстерiн жасау және практикаға енгiзу болып табылады. 

        БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ 

      Бағдарлама мақсатының орындалуының негiзгi бағыттары мен басымдықтары: 
      алкогольдi тұтыну сияқты құбылысқа айрықша назар аудара отырып, қауiптi факторларға жататын құбылыстарға қарсы бағытталған қоғамдық саясатты әзiрлеу және жүзеге асыру;
      травматизмнiң факторлары туралы бiлiмнiң болуы және оларды уәкiлеттiк берiлген органдардың қадағалауды жүзеге асыруы;
      халық травматизмiнiң алдын алуға үйлестiрiлген салааралық көзқарас;
      ұжымдық және жеке деңгейдегi денсаулықты сақтау және нығайту жөнiнде халыққа бiлiм беру жүйесiндегi кешендi көзқарас;
      интеграцияланған емдеу-алдын алу және оңалту iс-шараларды, ең алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету шеңберiнде жүзеге асыру;
      алдын алу, емдеу және оңалту қызметiнiң стратегиясын үздiксiз жетiлдiрудің бөлiгi ретiнде, күш қолдану мен травматизм салдарларының түрлерi саласындағы ғылыми-зерттеу қызметi;
      тiршiлiк қызметi қауiпсiздiк нормаларына қатысты насихат жүргiзу;
      денсаулық сақтау жүйесiнде медициналық кадрларды оқыту және даярлау;
      әкiмшiлiк ғимараттарды және тұрғын кварталдарды жобалау және салу кезiнде жобалау нормаларын қатаң сақтау және мүгедек адамдарға қолайлы жағдайларды жасау.

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТРАВМАТИЗМДI ТАЛДАУ

      Соңғы 10-15 жылдағы Қазақстан Республикасындағы травматизмнің құрылымын талдау көп iздi жарақаттар (мәтiн бойынша бұдан әрi - көп жарақат) санының және ауырлығының үлес салмағы артқанын көрсетедi. 
      Балалардың жол-көлiк травматизмi айрықша алаңдаушылық туғызуда. Ахуалдың шиеленiсуi - халықтық бiлiм беру органдарында жолдағы қозғалыс ережелерiн зерделеу жөнiндегi жұмыс жеткiлiксiз жүргiзiлiп, ата-аналар балаларына көше тәртiбiнiң дағдыларын үйретпеуiне байланысты. Қаржының жетiспеушiлiгiнiң салдарынан бiлiм беру ұйымдарында жолдағы қозғалыс ережелерi сабағын дайындығы жоқ адамдар өткiзедi, бұл жұмысқа көбiнесе бiлiктi қызметкерлер тартылмайды. 
      Жалпы бiлiм беретiн мектептер мен басқа да халықтық бiлiм беру ұйымдарында электр пайдаланатын приборлармен, түрлi химиялық реактивтермен байланысты сабақтарда, сондай-ақ мерекелер, жарыстар мен бұқаралық шаралар өткiзiлген кезде Техника қауiпсiздiгi ережесi, Өрт қауiпсiздiгi ережесi, көбiнесе, сақталмайды. Мiне, осының бәрi түрлi дәрежедегi балалар травматизмi мен қайтыс болуы оқиғаларына әкеп соғуда. 
      Бас сүйек-мидың бiрiккен және бөлек жарақаттануы (тұрмыстағы, автокөлiк, өндiрiстегi), перифериялық нервтер және нервтер тарамдарының жарақаттануы, омыртқа және жұлынның жарақаттануы (аурудың өткiр және басылған кезеңiн қосқанда), гидроцефалия, бас сүйек-ми жарақаттануының салдарлары және асқынулары - осы Мақсатты кешендi бағдарламада көрсетiлген травматизмнің алдын алу және азайтудағы басымдықты және әлеуметтiк маңызды бағыттарын құрайды. 
      Бас сүйек қаңқасының, бас миының және жұлынның, шеткi нервтердiң жарақаттануларымен, тiрек-қимыл аппаратының түрлі зақымдануларымен науқастарды емдеу мәселелерi пісiп-жетiлген және өзектi медициналық-әлеуметтiк проблема болып табылады. 
      Термиялық зақымдану қазiргi заманғы травматологияның маңызды мәнiсiнiң бiрi болып табылады. Республика бойынша орташа есеппен жыл сайын халықтың 100 мыңына алғашқы күюi жарақаттануының 211 жағдайы жыл сайын тiркеледi. 
      Диагностика және емдеудiң ұдайы жаңартылатын қазiргi заманғы құралдарының арсеналының арқасында нейрохирургиялық науқастардың мүгедектiгi мен қайтыс болуын азайтуға жаңа перспективалы мүмкiндiктер ашылып, экономикалық, қаржылық, саяси мәнiмен ақталған, қазiргi заманғы медициналық жабдықтарын және республиканың ғылыми-практикалық кадрлар әлеуетiн және бiр орында бiрыңғай үйлестiрудiң орынды екенiн негiздейдi. 
      Қазақ мемлекеттiк медициналық университетiнде, Алматы мемлекеттiк дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында және 5 медициналық академияда жүргiзiлетiн, тиiсті дәрiгерлiк кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырусыз травмотология және ортопедия, нейрохирургияның дамуы мүмкiн емес. 
      Республикада Ақмола және Семей медициналық академияларының жанында травмотология және ортопедия мамандықтары бойынша 2 ғылыми кеңес жұмыс iстеуде, мұның өзi, бiздiң травмотолог-ортопед ғалымдардың жоғары ғылыми әлеуетiн бiлдiредi. 

        БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРҒАН КЕЗДЕ КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР 

      Бағдарлама iске асқан кезде мынадай нәтижелер күтiледi: 
      қайғылы оқиғалардың нәтижесiнде болатын жарақаттану, мүгедектiк және қайтыс болу санының едәуiр және тұрақты қысқаруы; 
      зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге, тасымалдауға қатысты әртүрлі қызметтердiң үйлестірiлген iс-қимылдарының есебiнен көп жарақаттар кезiнде қайтыс болу оқиғалары мен мүгедек болу дәрежесi санының азаюы; 
      жарақаттанулардың алуан түрлерi кезiнде емдеу нәтижелерiн жақсартуға мүмкiндiк беретiн диагностика мен емдеудiң ғылыми негiзделген қазiргі заманғы озық әдiстерiн мемлекеттiң барлық аймақтарында енгiзу; 
      жарақат алу және мертiгу, оның iшiнде алкогольдi тұтыну нәтижесiндегi қауiп факторларының санын елеулi түрде азайту; 
      травмотология, ортопедия және нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының базасында травмотолог-ортопед, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог дәрiгерлерiн, сондай-ақ жедел шұғыл жәрдем станцияларының және төтенше жағдайлар кезiндегi апат медицинасы орталығының медициналық қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау; 
      табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жарақаттану мен құрбандар санын азайту. 
      Әзiрленген Қазақстан Республикасында травматизмнiң алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасында травматизмнiң алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары дайындалды (қосымша). 

                             ҚОРЫТЫНДЫ

      Осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылдың 7 наурызындағы N 367  қаулысының 4.4.4.2-тармақтарына сәйкес әзiрлендi.
      Осы Бағдарламаның азаматтардың Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекiтiлген құқықтарын одан әрi iске асыруды қамтамасыз ету мақсаты бар, және қаралып отырған проблемаға қатысы бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың күш-жiгерiн тұтастыруға негiзделген. 
      Бағдарлама: 
      - травматизмнiң бастапқы алдын алу (адам тiршiлiк ететін орта объектiлерiнiң жарақат алу қаупін азайту жөнiндегi iс-шаралардан бастап, халықтың қалың жiктерiнiң қауiпсiз жүрiп-тұрудың ережелерiн бiлуіндегі санитарлық сауаттылығын көтеруге дейiн); 
      - жарақаттануларды емдеудi ұйымдастыру мен оның сапасын жақсарту; 
      - оңалтудың және мүгедектiктi азайтудың мерзiмiн қысқарту шараларының кең кешенiн көздейдi. 
      Бағдарламаны iске асыру оны орындаудың әр кезеңiнде тұрақты талдауды, ғылыми-зертеу әзiрлемелерiн жүргiзудi, озық технологияларды енгiзудi талап етедi. Осы проблеманы толық шешу травмотология, ортопедия және нейрохирургия ғылыми-зерттеу орталығын (институтын) ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басымдықты мiндеттерiнiң бiрi ретiндегi бағдарламаны орындау құрылымында елдің жас және еңбекке қабiлеттi басым халқының травматизмiн азайтуға, медициналық көмектi ұйымдастыру мен оның сапасын жақсартуға, мүгедектiктi азайтуға мүмкiндiк бередi және түпкi нәтижесiнде, халық өмiрiнің белсендi кезеңiнiң ұзақтығын арттыруға, ұлттың тектiк қорын сақтауға арналған алғышарттарды жасауға ықпал ететiн болады.

                                                          қосымша

Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың  2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары

1. Травматизмнің алдын алу және оны азайту
--------------------------------------------------------------------
Іс-шара            !   Аяқтау    ! Жауапты орталық ! Қаржыландыру 
                    !   нысаны    ! және жергілікті !    көздері   
                    !             ! атқарушы орган. !              
                    !             ! дар             !              
--------------------------------------------------------------------
       1            !      2      !        3        !       4
--------------------------------------------------------------------
1. Колледждердің, жүргізу.  Бұйрық   ДСА, ІІМ, БҒМ,  Бюджеттен тыс 
  шілік курстардың, мектеп.         облыстардың, Ас.  қаражат және
  тердің базасында оқытудың         тана және Алматы  жергілікті
медициналық бағдарламасын            қалаларының       бюджеттер
қайта қарау және бекіту,                әкімдері
оқытуды ұйымдастыру

2. "Білім беру ұйымдарындағы  Бұйрық  БҒМ, ЕӘҚМ, ДСА,   Қолданылып
   еңбекті қорғау және трав.  Жылына   облыстардың, Ас.  жүрген
матизмнің алдын алу жө.      1 рет    тана және Алматы  заңнамаға
ніндегі жұмысты ұйымдас.    Үкіметке   қалаларының      сәйкес   
тыру туралы" ұсынымды       есеп беру  әкімдері
әзірлеу және бекіту        

3. Мектепке дейінгі балалар    Бұйрық  БҒМ, ДСА, ІІМ,  Бюджеттен тыс
ұйымдары мен мүгедек ба.              ЕӘҚМ, облыстар.   қаражат және
лаларға арналған маман.               дың, Астана және  жергілікті
дандырылған мекемелерде               Алматы қалалары.  бюджеттер
балаларды жол қозғалысы                 ның әкімдері
ережелеріне оқытуды  
ұйымдастыру

4. Жол қозғалысы ережелерін   Альбомдар,  БҒМ, ІІМ, ЭМ,  Жергілікті
  зерделеу үшін көрнекі     буклеттер,  ҚРИА, облыстар. бюджет, бюд.
құралдар сериясын (аль.    плакаттар,   дың, Астана және  жеттен тыс
бомдар, суреттер, иллю.   кітапшалар,  Алматы қалалары.   қаражат,
страциялар және т.б.)      брошюралар   ның әкімдері     оның ішінде
әзірлеу және шығару. Жол   Жылына 1                   инвестициялар
қозғалысы қауіпсіздігі     рет                         мен гранттар
жөнінде мыналарға:         Үкіметке
- мектеп жасына дейінгі    есеп беру
  және мектеп жасындағы 
  балалар;
- жаяу жүргіншілер;
- велосипедшілер;
- жас автоәуесқойлар;
- ата-аналар;
- ұстаздарға арналған 
  компьютерлік ойын 
бағдарламалары

5. Мемлекеттік ақпараттық     Электронды       МАҚКМ   Бюджеттік қа.
   саясаттың басым бағыт.     және баспа.              ражаттың ше.
   тарын жария етуге арнал.   сөз бұқаралық              гінде
   ған мемлекеттік тапсы.     ақпарат құ.
   рыста травматизмді азайту  ралдарындағы
   жөніндегі іс-шараларды     жарияланымдар
   насихаттау үшін эфирдегі   Бұйрық 
   уақыт пен газет беттерін 
   көздеу          

6. Травматизмнің алдын алу,   Бұйрық,  ІІМ, БҒМ, ДСА, Оқытушы орган.
   жол қозғалысы ережелері,  бағдарлама,  облыстардың, дардың есебі.
   жарақаттану және улану     курстар,     Астана және  нен кезінде
   алғашқы көмек             семинарлар,  Алматы қалалары.
   көрсету проблемалары       тағлымдама.  ның әкімдері
   жөніндегі оқытудың бір-    лар
   іздендірілген бағдарла.    Жылына 1 
   масын бекіту; мектептер.   рет
   дің, колледждердің, жо.    Үкіметке
   ғары оқу орындарының       есеп беру
   педагогикалық кадрларын 
   даярлауды, қайта даярла.
   уды және біліктілігін 
   көтеруді ұйымдастыру     

7. Оқу-тәрбие процесі мен     Бұйрық,    БҒМ, ЕӘҚМ, ДСА  Қолданылып
   кластан тыс және мектеп.   әдістерме.               жүрген заңна.
   тен тыс жұмыстарды ұйым.   лік нұсқау.              маға сәйкес
   дастыру кезінде еңбекті    лықтар
   қорғау, техника қауіпсіз.
   дігі мен өрт қауіпсіздігі 
   жөніндегі әдістемелік 
   нұсқаулықтарды дайындау          

8. Травматизмнің және улану.  Конферен.  БҒМ, ЕӘҚМ, ТЖА,  Қолданылып
   дың алдын алу проблемалары  циялар,   ІІМ, ДСА, облыс.  жүрген
   жөніндегі республикалық     семинарлар  тардың, Астана  заңнамаға
   конференциялар мен семинар.             және Алматы қа. сәйкес
   ларды өткізу                            лаларының әкім.
                                           дері     

9. Мыналарды:                  Мейрамдар,  БҒМ, ІІМ, ДСА, Қолданылып
  - оқушылардың денсаулық    жарыстар,  ТЖА, облыстар. жүрген заңна.
  күндерін;                   көрмелер,   дың, Астана    маға сәйкес
  - жас жүргіншілер күнін;    Бұйрық      және Алматы қа.
  - жас өрт сөндіруші күнін               лаларының әкім.
  ұйымдастыру                             дері     

10. Ұйымдарда Еңбекті қорғау   Бұйрық,   Министрліктер,  Жергілікті
  мен техника қауіпсіздігі   конкурстар  агенттіктер,    бюджеттер,
  ережелерін, оқу орында.                облыстардың,    бюджеттен 
  рында Жол қозғалысы                    Астана және    тыс қаражат,
ережелері мен Өрт қауіп.             Алматы қалалары.  оның ішінде
сіздігі ережелерін білу                ның әкімдері   инвестициялар
және сақтау жөніндегі                                 мен гранттар
республикалық, аймақтық, 
қалалық, аудандық конкур.
стар, кабинеттердің 
байқауын өткізу     

11. Кәсіптік, тұрмыстық       Жалпы білім    ДСА, БҒМ   Қолданылып
травматизмнің, уланудың   беретін және                 жүрген заңна.
алуан түрлерінің алдын    арнаулы ме.                  маға сәйкес
алу, медициналық көмек    дициналық
көрсету және емдеу жөнін. әдебиет
дегі жалпы білім беретін  шығару
және арнаулы медициналық 
әдебиет дайындау          

12. Өрт қауіпсіздігі (бұдан   Бұйрық     БҒМ, ІІМ, ТЖА,  Қолданылып
әрі - ӨҚ), жол қозғалысы               облыстардың,    жүрген заңна.
(бұдан әрі - ЖҚ) ережеле.              Астана және      маға сәйкес
рі мен талаптарын "ӨҚ-ін               Алматы қалала.
зерделеу жөніндегі" және               рының әкімдері
"ЖҚ-ін зерделеу жөнінде.
гі" оқыту бағдарламаларын 
міндетті түрде енгізе 
отырып, оқытуды ұйымдас.
тыру     

13. Мыналарды:                 Бұйрық        ДСА, ІІМ    Қолданылып 
1) көлік құралдарының                                    жүрген
жүргізушілерін медициналық                               заңнамаға
куәландыруды өткізудің                                   сәйкес
тәртібін және олардың 
кезеңділігін;
2) азаматқа көлік құрал.
   дарын басқаруға тыйым 
   салатын медициналық қарсы 
   көрсеткіштердің тізбесін 
   қайта қарау және толықтыру      

     2. Травматизмнің және оның зардаптарының алдын алу мен азайту жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар

14. Жарақаттану жөніндегі      Бұйрық    ДСА, ЕӘҚМ, ІІМ  Қолданылып
    есеп құжаттамасының                                   жүрген
   алғашқы нысанын қайта                                 заңнамаға
   қарау және бекіту және                                  сәйкес
    жарақаттанулар мен 
    улануларды тіркеудің 
    жалпы ұлттық компьютер.
    лік жүйесін ұйымдастыру     

15. Оқу-жаттығу процестері     Бұйрық      ТСА, ДСА     Қолданылып
    мен спорт жарыстарын                                  жүрген
    өткізу кезіндегі қауіп.                              заңнамаға
    сіздікті бақылауды кү.                                сәйкес
    шейту                   

16. Таулардағы, судағы, ха.    Құтқарушы   ТЖА, облыстар. Қолданылып
    лықтың бұқаралық дема.     қызметтер.  дың, Астана      жүрген
    лыс орындарындағы құт.     дің жұмысы  және Алматы    заңнамаға
    қару қызметі жұмыстарын    жөніндегі   қалаларының       сәйкес
    ұйымдастыруды жақсарту     нұсқаулық.  әкімдері
    (жабдықтау табельдері      тар мен
    мен олардың жұмысы жө.     ұсынымдар
    ніндегі нұсқаулықты    
    қайта қарау)     

17. Электр жарақаттанулар.     Бұйрық      ЕӘҚМ, ТЖА,    Қолданылып
    дың тұрмыстық құралдар                 ЭИжТМ           жүрген
    мен өнеркәсіптік жаб.                                заңнамаға
    дықтар қауіпсіздігінің                                сәйкес
    алдын алу жөніндегі ша.
    раларды әзірлеу      
18. Салауатты өмір салтын,     Бұйрық    БҒМ, ДСА, ТСА,  Қолданылып
    травматизмнің "белсенді                МАҚКМ           жүрген
    қорғанысының" пәрменді                               заңнамаға
    құралы ретіндегі дене                                 сәйкес
    шынықтыру мен спортты
    насихаттауды кеңейту      

19. Салалар бойынша еңбектің   Салалар     ЕӘҚМ, ДСА, ми. Қолданылып
    техника қауіпсіздігі та.   бойынша     нистрліктер мен   жүрген
    лаптарының нормативтерін   еңбек қа.   ведомстволар,  заңнамаға
    қайта қарау және оларды    уіпсізді.   облыстардың, Ас.  сәйкес
    міндетті енгізу мен мен.   гін регла.  тана және Алматы
    шіктің барлық нысанындағы  менттейтін  қалаларының
    өндірістік объектілерде    нормативтік әкімдері
    сақталуын бақылауды қам.   құқықтық 
    тамасыз ету                кесімдерге 
                               өзгерістер 
                               мен толық.
                               тырулар     

20. Полиция қызметкерлерін,    Бұйрық,    ІІМ, ТЖА, ДСА,  Қолданылып
    мемлекеттік өртке қарсы    әкімдердің   облыстардың,     жүрген
    қызмет қызметкерлерін,     шешімдері,   Астана және   заңнамаға
    жүргізушілерді жарақат.    нормативтік  Алматы қалалары. сәйкес
    тану, улану кезінде бас.   құқықтық     ның әкімдері
    тапқы медициналық көмек    кесімдерге
    көрсету жөніндегі міндет.  өзгерістер
    ті жүйелі оқыту мен олар.
    дың аттестациядан өткізі.
    луін бақылауды қамтамасыз 
    ету     

21. Тұрғын үй кварталдарын.    Әкімдердің   Облыстардың,  Қолданылып
   дағы балалар, спорт алаң.  шешімдері,   Астана және      жүрген
   дарын, автотұрақтарды     нормативтік  Алматы қалалары. заңнамаға
   қоршауды алдын ала қара.   құқықтық     ның әкімдері,    сәйкес
   стыру                      кесімдерге   ТСА, ДСА
                              өзгерістер 
                              мен толық.
                              тырулар
                              Жылына 1 рет 
                              Үкіметке 
                              есеп беру     

22. Республикалық маңызы бар  Бұйрық,  ТКМ, ДСА, ІІМ,  Бюджеттен тыс
  жолдарда жол-санитарлық    әкімдердің   облыстардың,  қаражат және
  постыларды құру, оларды    шешімдері,   Астана және   жергілікті
  медициналық ұйымдармен     қолданыс.    Алматы қалалары. бюджеттер
  телефон байланысымен,      тағы норма.  ның әкімдері 
  сондай-ақ табель бойынша   тивтік құ.
  қажетті жабдықтармен       қықтық ке.
  қамтамасыз ету.            сімдерге
  Жол-көлік постыларын       өзгерістер
  қажетті медициналық        мен толық.
  мүкәммалмен және           тырулар
  медикаменттермен           Жылына 1
  жарақтандырудың табелін    рет
  бекіту                     Үкіметке
                             есеп беру     

23. Жарақаттану кезінде көмек  Әкімдердің ДСА, облыстар. Қолданылып
   көрсетуді жеделдету және   шешімдері,  дың, Астана      жүрген
зақымданушыларды ауруха.    бұйрық,      және Алматы      заңнамаға
наға жеткізу уақытын        Жылына 1     қалаларының      сәйкес
азайту үшін ауруханалар.    рет          әкімдері
дың автомобиль жолдары      Үкіметке
учаскелеріне бекітілуін     есеп беру
қайта қарау және ресімдеу     

24. Автомобиль жолдарындағы   Әкімдердің  ІІМ, ТКМ, ДСА Қолданылып
жол көлік оқиғалары туралы  шешімдері,  облыстардың,     жүрген
хабарлау жүйесін жетілдіру              Астана және      заңнамаға
(жолдарды арнайы байланыс.  Жылына 1    Алматы қалалары. сәйкес
пен жайластыру, жақын       рет         ның әкімдері
жердегі емдеу ұйымдарының   Үкіметке
тұрған орыны туралы көрсет. есеп беру
кіштерді жаппай орналастыру 
т.б.)     

25. Жүргізушілерді жүру жолы.  Әкімдердің ТОҚМ, ТКМ, ІІМ, Қолданылып
  ның жай-күйі мен жолдарда.  шешімдері,  облыстардың,     жүрген
ғы ауа райының жағдайы ту.  бұйрықтар   Астана және      заңнамаға
ралы ақпараттармен қамтама. Жылына 1    Алматы қалалары. сәйкес
сыз ету үшін гидрометеоро.  рет         ның әкімдері
логиялық қызметтің, теле.   Үкіметке
дидар мен радионың, жол     есеп беру
полициясы бөлімшелерінің     
өзара іс-қимылын ұйымдасты. 
ру және жетілдіру     

26. Жалпы сырқаттану құрылымын.  Әкімдердің  Облыстардың, Қолданылып
  дағы травматизмнің үлестік   шешімдері   Астана және     жүрген
коэффициентіне сәйкес кел.               Алматы қала.    заңнамаға
тіре отырып, медициналық                 ларының         сәйкес
кадрлардың құрылымының ем.               әкімдері
деу-алдын алу іс-шараларына 
арналған орындардың санына 
қатынасын қайта қарау. 300
мыңнан астам тұрғыны бар 
қалалардағы травмотологиялық 
бөлімшелер стационарларының 
жанынан жергілікті бюджеттің 
қаражаты есебінен жұмыс 
істейтін емдеу-алдын алу 
іс-шараларына арналған, жұмыс 
істеп тұрған орындар желісінің 
шеңберіндегі полижарақат 
(көп жарақат) бөлімшелерін құру     

27. Барлық мамандықтағы дәрігер.    Бұйрық      ДСА      Қолданылып
  лердің және медициналық                                  жүрген
  бикелердің жарақаттану мен                              заңнамаға
  улану кезінде көмек көрсетуі                             сәйкес
  жөніндегі біліктілігін көтеру          

28. Травмотологиялық және хирур.    Бұйрық      ДСА      Қолданылып
   гиялық бөлімшелерде жарақат.                             жүрген
  тануды емдеу құралдарымен                               заңнамаға
  жарақтандырудың міндетті ең                              сәйкес
  төменгі мөлшерін анықтау, 
  мамандандырылған көмектің ең 
  төменгі көлемінің стандарт.
  тарын әзірлеу 

29. Травматизм, оның себебін        Бұйрық      ДСА      Қолданылып
  анықтау мен алдын алу шара.                              жүрген
ларын әзірлеу жөніндегі ғы.                              заңнамаға
лыми-техникалық зерттеулерді                             сәйкес
дамыту                    

     3. Травматизмнің алдын алу мен оны азайту бағдарламасын іске асыруды материалдық-техникалық қамтамасыз ету     

30. ЖКО болған орындарда авария. Әкімдердің  Облыстардың, Жергілікті
    лық-құтқару жұмыстарын жүр.   шешімдері   Астана және    бюджет
    гізуге арналған жүк көтер.                Алматы қала.          
    гіш және өзге де құралдарды               ларының
    және авария зардаптарын жою.              әкімдері
    ға арналған арнаулы автомо.  
    бильдерді сатып алуды ұйым.
    дастыру      

31. Жергілікті бюджеттің қаража. Әкімдердің  Облыстардың, Жергілікті
    ты шегінде, төсек-орындар     шешімдері   Астана және    бюджет
    желісін оңтайландыру мен                  Алматы қала.          
    бірдей бөлімшелерді функцио.              ларының              
    нальдық біріктіру есебінен                әкімдері
    жарақаттанудың зардаптары    
    бар науқастарды оңалту жө. 
    ніндегі аймақтық орталық.
    тарды ұйымдастыру     

32. Реанимациялық бөлімшелерді  Әкімдердің Облыстардың,  Жергілікті
  қазіргі заманғы медициналық   шешімдері   Астана және    бюджет 
  жабдықтармен қамтамасыз                   Алматы қала.           
  етуді жақсарту                            ларының                
                                            әкімдері

33. Жарақаттарды емдеуді жүзеге   Қазақстан      ДСА   Республикалық
    асыратын медициналық бөлім.   Республи.                  бюджет
    шелерді үйлестіру және инте.  касы Үкі.                        
    грациялау орталығы ретінде.   метінің                
    гі Республикалық травмотоло.  қаулысы              
    гия, ортопедия және нейрохи.   
    рургия ғылыми-зерттеу инсти.
    тутын құру

-------------------------------------------------------------------  таблицаның жалғасы:

-------------------------------------------
    Орындау      !        Күтілетін       !
    мерзімі      !         нәтиже         ! 
------------------------------------------!
       5         !           6            !
------------------------------------------!     
1 2001 жылдың    Білім деңгейін
   І тоқсаны      көтеру        

2 2001 жылдың    Травматизмді
   І тоқсаны      азайту       

3 2001 жылдың    Білім деңгейін
   І тоқсаны      көтеру        

4 2001-2002      Насихат және
   жылдар         білім деңгейін  
                  арттыру

5 2001-2002      Травматизмді
   жылдар         азайту       

6 2001-2002      Травматизмді
   жылдар         азайту       

7 2001 жыл       Травматизмді
                  азайту       

8 Тұрақты,       Насихат және
   жыл сайын      білім деңгейін
                  арттыру       

9 2001-2002      Білім деңгейін
   жылдар         арттыру         

10 2001-2002      Білім деңгейін
   жылдар         арттыру              

11 2000-2001      Травматизмді
   жылдар         азайту       

12 2001-2002      Травматизмді 
   жылдар,        азайту       
   тұрақты    

13 2000 жылдың    Травматизмді
   IV тоқсаны     азайту               

  2. 

14  2001 жыл      Сенімді және
                  жедел ақпарат
                  алу              

15  2000 жылдың   Травматизмді
    IV тоқсаны    азайту       

16  2000 жылдың
    IV тоқсаны

17  2002 жылдың   Жарақаттанудың
    IV тоқсаны    алдын алу

18  2000-2002     Білімді көтеру
    жылдар              

19  2000 жылдың   Травматизмнің 
    IV тоқсаны    алдын алу

20  2000 жылдың   Білімді көтеру 
    IV тоқсаны               

21  2000-2001     Травматизмді
    жылдар        азайту        

22  2001 жылдың   Дәрігерлік көмек
    ІІ тоқсаны    көрсету үшін жедел
                  ақпарат      

23  2001 жыл      Уақтылы      
                  медициналық
                  көмек    

24  2000-2001     Жол-көлік
    жылдар        оқиғаларын
                  азайту        

25  2000-2001     Жол-көлік
    жылдар        оқиғаларын
                  азайту    

26  2000 жылдың   Емдеу-алдын  
    IV тоқсаны    алу ұйымдарындағы
                  орындар желісін
                  ұтымды пайдалану

27 2000-2002      Дәрігерлердің
   жылдар,        біліктілігін
   тұрақты        көтеру

28 2000 жылдың    Білікті  
   IV тоқсаны     медициналық
                  көмектің сапасын 
                  жақсарту                       

29 2001 жылдың    Травматизмді
   І тоқсаны      азайту        

  3.

30 2001 жылдың    Жедел көмек
   ІІ тоқсаны              

31 2001 жылдың    Оңалтуды 
   ІІ тоқсаны     жақсарту     

32 2001 жылдың    Мамандандырылған
   ІІ тоқсаны     көмек        

33 2001-2002      Мамандандырылған
   жылдар         көмек        
-------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады