"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 P991872_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 57 "Республикалық деңгейдегі табиғат қорғау
объектілерін салуға және қайта құруға қатысу" бағдарламасы бойынша 2000
жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын басымдықты табиғат
қорғау объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 7 шілдедегі N 1031
қаулысымен бекітілген
57 "Республикалық деңгейдегі табиғат қорғау объектілерін салуға және
қайта құруға қатысу" бағдарламасы бойынша 2000 жылы республикалық
бюджеттен қаржыландыруға жататын басымдықты табиғат қорғау
объектілерінің тізбесі
ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.21. N 1876 қаулысымен.
---------------------------------------------------------------------------
N ! Объектілер ! Жоспар
---------------------------------------------------------------------------
1 "Химпром" АҚ-ның аумағындағы "жерқазба қабырғаның" 30,0
салынуына қатысу
2 "Ақтөбе хром қоспалары зауыты" АҚ-да сүзгімен жұту 8,0
экрандарының құрылысына қатысу
3 "Қошқар-Ата" (Маңғыстау облысы) қалдықтар қоймасының 7,0
радиоактивті уланған алаңдарын көмуге қатысу
4 Ақмола облысының N 3, 4 және Солтүстік Қазақстан 20,0
облысының N 5 кен басқармаларының уран кеніштерін
консервациялауға қатысу
5 Щучье-Бурабай ауданындағы (Ақмола облысы) 26,087
Воробьевка-Қотыркөл кәріздік коллекторын салуға қатысу
6 Ақмола облысының Бурабай кентінде кәріз желісін салуға 27,413
қатысу
7 Қопа көлінде жағалаулық құрылыстар салуға қатысу, 10,0
Көкшетау қаласы
8 МК-5 магистральдық нөсерлік коллектордың шыға берісінде 15,0
және жалғастырушы суағарларында (Солтүстік Қазақстан
облысы) тазартқыш құрылғылар салуға қатысу
9 Астана қаласында тазартқыш құрылғылар салуға қатысу 19,0
10 Семей қаласының құрамында керосині бар жерасты суларын 30,0
тазарту жөніндегі құрылғылар салуға қатысу
11 Өркениетті аң аулау мен балық аулау аймақтарында 7,5
табиғатты қорғау объектілерін салу (Ақмола облысы)
ЖИЫНЫ 200,0
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.