"Құрамына тау-кен құтқарушылар бөлiмшелерi кiретiн әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң штабы" қазыналық кәсіпорнын беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 шілде N 1061

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, тау-кен және кенге қатысты емес өнеркәсiп ұйымдарында, сондай-ақ, пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану объектiлерiнде профилактикалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру, авариялық-құтқару қызметтерiнде бiрыңғай басшылық қағидатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Құрамына тау-кен құтқарушылар бөлiмшелерi кiретiн әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң штабы" қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағына берiлсiн.
      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы органы болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      3. Төтенше және авариялық жағдайларда тау-кен құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, тау-кен ұйымдарында және кенге қатысты емес өнеркәсiпте, пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану объектiлерiнде өрттен, су басуы мен кен қалдықтарының құлауынан, газ жарылыстары мен шаң-тозаңнан қорғау Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Кен" әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталуын;
      2) Кәсiпорын жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында тiркелуiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады