Қазақстан Республикасы Президентiнің "2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы N 406 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 шілде N 1067

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы N 406 U000406_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi квота және осы мақсатқа республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат шегiнде өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылық көмегiнсiз орала алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасқан түрде оралуын, сондай-ақ оларды қабылдауды және орналасқан жерлерiнде жайғастыруды жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп:
      1) дипломатиялық арналар бойынша репатрианттардың (оралмандардың) шығуы мен транзиттiк жүрiп өтуi және шығатын мемлекеттердiң шекаралары арқылы өтуi кезiнде оларға жәрдем көрсету мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерiне өтiнiш жасасын;
      2) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен тарихи отанына оралуға ниет бiлдiрген отандастардың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғауға байланысты мәселелердi пысықтасын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр айлық мерзiм iшiнде репатрианттарды (оралмандарды) жинақы орналастыру үшiн аудандардың, елдi мекендердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) шет мемлекеттерден келетiн репатрианттарды (оралмандарды) шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажет болған жағдайда уақытша бақылау өткiзу пункттерiн ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi репатрианттардың (оралмандардың) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру жолдарында және орналасатын жерлерiнде жеке басының және мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi

 

агенттiгi мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақстан

Республикасының Yкiметiне 2001 жылға 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде осы

қаулының орындалуы туралы ақпаратты табыс етсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады