Литва Республикасының Президентi Валдас Адамкустың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттiк сапары және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-литва үкiметаралық комиссиясының бiрiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 шілде N 1069

      Литва Республикасының Президентi Валдас Адамкустың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттiк сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-литва ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Литва Республикасының Президентi Валдас Адамкустың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттiк сапары және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-литва үкiметаралық комиссиясының бiрiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жарты жылда кемiнде бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың орындалу барысы туралы хабарлайтын болсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2000 жылғы 14 шілдедегі       
N 1069 қаулысымен бекітілген     

Литва Республикасының Президентi Валдас Адамкустың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттiк сапары және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-литва үкiметаралық комиссиясының бiрiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
Жоспары

-------------------------------------------------------------------
N  !             Іс-шара              ! Орындалу !   Орындауға     
р/б!                                  ! мерзімі  !  жауаптылар     
-------------------------------------------------------------------
1  !                2                 !     3    !        4     
-------------------------------------------------------------------
1 Мынадай құжаттардың күшіне енуіне 
    қажетті мемлекетішілік рәсімдерді 
    жүргізу:     

Қазақстан Республикасының Үкіметі   2000 жылдың   Туризм және спорт
мен Литва Республикасының Үкіметі   IV тоқсаны    жөніндегі агенттік
арасында Туризм саласындағы 
ынтымақтастық туралы келісім  

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-        Мемлекеттік кіріс
мен Литва Республикасының Үкіметі                  министрлігінің
арасындағы Кеден істеріндегі                       Кеден комитеті
ынтымақтастық және өзара көмек
туралы келісім 

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-        Ішкі істер
мен Литва Республикасының Үкіметі                  министрлігі
арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа,
есірткі мен психотроптық заттардың
заңсыз айналымына, терроризмге
және қылмыстың өзге де түрлеріне
қарсы күрестегі ынтымақтастық 
туралы келісім 

2   Шарт-құқықтық базаны кеңейту

    Мынадай құжаттардың жобаларын 
    қол қоюға әзірлеу:

Қазақстан Республикасының Үкіметі   2000 жылдың    Мемлекеттік кіріс
мен Литва Республикасының Үкіметі  ІІ жартыжылдығы  министрлігінің
арасында Салық заңнамасын бұзу.                     Салық полициясы
шылықпен күрес саласындағы                          комитеті
ынтымақтастық жөніндегі келісім 

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-         Сыртқы істер
мен Литва Республикасының Үкіметі                   министрлігі
арасындағы Екі мемлекет азамат.
тарының өзара жүріп-тұрулары
туралы келісім 

Қазақстан Республикасының Ұлттық       -//-        Ұлттық Банк 
Банкі мен Литва Республикасының                    (келісім бойынша)
Банкі арасындағы Есеп айырысулар.
ды ұйымдастыру туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы хаттама

    Мынадай құжаттарға қол қою 
    мүмкіндігін қарастыру:  

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-       Мәдениет, ақпарат
мен Литва Республикасының Үкіметі                   және қоғамдық 
арасындағы Қазақстанда қаза болған               келісім министрлігі
литва саяси тұтқындары мен жер 
аударылғандарының зираттары мен 
ескерткіштерін күту туралы келісім

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-         Сыртқы істер
мен Литва Республикасының Үкіметі                   министрлігі
арасындағы Дипломатиялық төлқұжат.
тары бар азаматтардың екі жақты
визасыз жүріп-тұруы туралы келісім 

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-        Білім және ғылым
мен Литва Республикасының Үкіметі                   министрлігі,
арасындағы Білім, ғылым және                       Мәдениет, ақпарат
мәдениет салаларындағы                              және қоғамдық
ынтымақтастық туралы келісім                     келісім министрлігі

Қазақстан Республикасының Үкіметі      -//-         Табиғи ресурстар
мен Литва Республикасының Үкіметі                   және қоршаған
арасындағы Қоршаған ортаны қорғау                   ортаны қорғау  
саласындағы ынтымақтастық туралы                    министрлігі
келісім 

3   Сауда-экономикалық ынтымақтастық 
    жөніндегі қазақстан-литва 
    үкіметаралық комиссиясының бірінші 
    мәжілісінің хаттамасын орындау  

Сауда-экономикалық ынтымақтастық     Жарты жылда  Экономика министр.
жөніндегі қазақстан-литва              бір рет      лігі (шақыру), 
үкіметаралық комиссиясының бірінші               Көлік және коммуни.
мәжілісі барасында қол жеткізілген               кациялар министрлі.
уағдаластықтарды іске асыру жөнінде              гі, Энергетика, ин.
қажетті шаралар қабылдау және оның               дустрия және сауда
нәтижелері туралы Қазақстан                       министрлігі, Ауыл
Республикасының Үкіметін хабардар                   шаруашылығы 
ету                                              министрлігі, Сыртқы
                                                 істер министрлігі,
                                                  Инвестициялар
                                                 жөніндегі агенттік,
                                                  Сауда-өнеркәсіп  
                                                 палатасы (келісім 
                                                     бойынша),                                                        "ҚазТрансОйл" МТҰК                                                   (келісім бойынша)
Ауыл шаруашылығы және ауыл           Тұрақты       Ауыл шаруашылығы
шаруашылығы өнімін өңдеу              негізде       министрлігі
саласындағы:
мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 
және оларды өңдеу жөнінде
өсімдік шаруашылығы өнімдерін 
өндіру жөнінде ынтымақтастық 
мүмкіндіктерін зерттеу

"Мажекю нафта" АҚ мұнай өңдеу       2000 жылдың     Энергетика,
зауыты үшін шикі мұнай жеткізу,   ІІ жартыжылдығы   индустрия және 
Бутингедегі мұнай терминалы                       сауда министрлігі,
арқылы қазақстан мұнайының                       "ҚазТрансОйл" МТҰК
транзитін және "Клайпедос нафта"                  (келісім бойынша)
терминалы арқылы мұнай өнімдерін 
тасымалдау мүмкіндіктерін зерттеу

Литва Республикасының терминал.    2000 жылдың   Көлік және коммуни.
дары мен Клайпеда теңіз портының  ІІ жартыжылдығы  кациялар министр.
инфрақұрылымдарын пайдалану үшін:                лігі, Сыртқы 
                                                 істер министрлігі
қазақстан жүктерін Клайпеда                         
халықаралық паром өткелі арқылы 
Батыс Еуропа елдеріне және олардан 
паромдармен артық тиеусіз темір 
жол вагондарымен және автокөлік 
құралдарымен тасымалдау;
Клайпеда теңіз портында сұйытылған 
газды қайта тиеу жөнінде жаңа 
терминал құру;
қазақстан тауарлары бар 
контейнерлердің транзиті үшін 
Клайпеданың жаңа контейнер 
терминалының қуаттарын пайдалану;
Клайпеда портының тұрақты кеме 
қатынасы желілерін және желілік 
кеме қатынасын пайдалана отырып
Клайпеда порты арқылы қазақстан 
жүктерін транзитпен тасымалдау;
жүк тасымалдауға рұқсат беру және 
квоталар арттыру рәсімін жеңілдету 
мүмкіндіктерін зерттеу

Қазақстан және Литва шаруашылық       2000 жылғы  Экономика министр.
жүргізуші субъектілері арасында   15 тамызға дейін лігі (шақыру),
қалыптасқан берешектер туралы                       Энергетика,
ақпарат дайындау және оны реттеу                    индустрия және
жөнінде ұсыныстар енгізу                          сауда министрлігі,
                                                 Көлік және коммуни.
                                                 кациялар министр. 
                                                 лігі, Мемлекеттік 
                                                 кіріс министрлігі

Сауда-экономикалық ынтымақтастық      2001 жылғы    Экономика
жөніндегі қазақстан-литва            наурыз-сәуір   министрлігі,
үкіметаралық комиссиясының кезекті      айлары      Сыртқы істер
мәжілісін екі елдің кәсіпкерлерін                   министрлігі
қатыстыра отырып Клайпедада (Литва 
Республикасы) өткізу

4   Литва Республикасы Президентінің 
    Қазақстан Республикасына 2000 
    жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттік 
    сапары барысында қол жеткізілген 
    қосымша уағдаластықтарды іске асыру      

Шағын кәсіпкерлік және жиһаз бен       Тұрақты     Табиғи монополия.
ағаш өңдеу өнеркәсібі саласындағы       негізде   ларды реттеу, бә.
ынтымақтастықты дамыту                           секелестікті қорғау
                                                 және шағын бизнесті
                                                  қолдау жөніндегі
                                                агенттік, Экономика
                                                министрлігі, Энер.
                                                гетика, индустрия
                                                және сауда министр.
                                                лігі, Сыртқы істер
                                                   министрлігі

Алматы қаласы (Қазақстан           Тұрақты негізде  Астана қаласының
Республикасы) мен Вильнюс қаласы                    әкімі
(Литва Республикасы) арасындағы 
сауда-экономикалық, ғылыми-техни.
калық және мәдени ынтымақтастық 
туралы келісімге Астана қаласы 
әкімінің аппараты (Қазақстан 
Республикасы) мен Вильнюс 
қаласының өзін-өзі басқаруы (Литва 
Республикасы) арасындағы Қосымша 
хаттама шеңберінде ынтымақтастықты 
дамыту 

Транзит және тасымалдау саласындағы    Тұрақты      Көлік және
ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру.   негізде      коммуникациялар
Көлік саласында бекітілген                          министрлігі
келісімдердің практикалық іске асуын 
қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы мен Литва       Тұрақты      Энергетика,
Республикасы мұнай компаниялары        негізде      индустрия және
арасында басталған диалогты                       сауда министрлігі,
жалғастыру. Осы компаниялар                       Экономика министр.
арасында коммерциялық негізде ұзақ               лігі, Сыртқы істер
мерзімдік сауда байланыстарының                     министрлігі,
орнауына көмек көрсету                              "Қазақойл" МҰК                                                    (келісім бойынша),                                                   "ҚазТрансОйл" МТҰК
                                                  (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Премьер-      2000 жылдың    Сыртқы істер 
Министрінің орынбасары Д.К.          IV тоқсаны     министрлігі
Ахметовтің Литва Республикасына 
жұмыс сапарын Қазақстан 
Республикасының Көлік және 
коммуникациялар, Ауыл шаруашылығы 
министрлерінің, сондай-ақ мұнай 
компаниялары басшыларының бірге 
жүруімен ұйымдастыру
--------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады