Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң бұрынғы төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiм бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгiнiң "Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорны" мемлекеттік кәсiпорнына М.Т. Оспановтың есiмiн берудi
қамтамасыз етсiн.
2. Алматы және Ақтөбе қалаларының әкiмдерi:
заңнамада белгiленген тәртiппен Алматы және Ақтөбе қалалары
көшелерiнiң бiрiне М.Т. Оспановтың есiмiн берсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.