"Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ерекше мәртебесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 шілде N 1106. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен. ~P020665

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Z990389_ Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетінiң ерекше мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 K931059_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық

университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының дербес мемлекеттiк 
жоғары оқу орны ретiндегi ерекше мәртебесi туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыны 
iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                            2000 жылғы 25 шілдедегі
                                               N 1106 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
     
          "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетi"       
          республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының дербес мемлекеттiк 
              жоғары оқу орны ретiндегі ерекше мәртебесi туралы
                                    ЕРЕЖЕ
     


      1. Осы Ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Z990389_ Заңына сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң (бұдан әрi - Университет) ерекше мәртебесiн және Қазақстан Республикасының мүдделерiнде Университеттің әлеуетiн тиiмдi пайдаланудың жолдарын белгiлейдi.
      2. Университеттiң ерекше мәртебесi Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң жоғары бiлiктi мамандарды даярлаудағы, елде ғылым мен мәдениеттi дамытудағы ерекше рөлiне, сондай-ақ онда қалыптасқан Қазақстанда және шет елдерде кеңiнен танымал беделдi ғылыми мектептердi сақтаудың қажеттiгiне негiзделген. ҚазМУ-дың қалыптасқан ерекше ғылыми-педагогикалық әлеуетi мен оқу-материалдық базасы Университеттiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысымен берiлген дербес мемлекеттiк жоғары оқу орнының мәртебесiнде бекiтiлген Қазақстанның ғылымы мен бiлiмi жүйесiндегi ерекше жағдайын айқындайды.
      3. Университет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарын, сондай-ақ осы Ереженi және Университеттiң Жарғысын басшылыққа алады.
      4. Дербес жоғары оқу орны ретiндегі Университеттiң мiндеттерi:
      1) Университеттiң бар жоғары әлеуетiн мақсатты және толық пайдаланудың негізiнде, қоғамның өркендеуiне ықпал ететiн жаңа бiлiмдердi құруды зерделеудi және таратуды жүзеге асыратын ғылыми-бiлiм беру кешенiнiң оңтайлы үлгiлерiн әзiрлеу және iске асыру, дүниежүзiлiк бiлiм беру стандарттарына сәйкес келетiн оқытудың жаңа технологияларын, ғылыми зерттеулердi ұйымдастырудың қағидаттарын енгiзу;
      2) дүниежүзiлiк бiлiм беру кеңiстігiндегі интеграцияның неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiру және жүзеге асыру Университеттiң жетiстiктерiн шет елге тең құқықты ұсынуды қамтамасыз ету;
      3) ғылыми-бiлiм беру кешенiн басқарудың демократиялық қағидаттарын тереңдету, академиялық еркiндiктi дамыту үшiн жағдай жасау болып табылады.
      5. Университет көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде:
      1) ғылыми-педагогикалық әлеует пен оқу-материалдық базаны тиiмдi пайдаланудың негiзiнде, жоғары білiм берудiң дүниежүзiлiк стандартқа сәйкес тұрақты жоғары деңгейiн кепілдiктендiруге;
      2) Университеттiң студенттерiнiң, оқытушыларының және қызметкерлерiнiң бiлiм, адамгершiлiк және интеллектуалдық жағынан дамуы үшiн барынша жағдай жасауды қамтамасыз етуге;
      3) республикада бiлiм беру жүйесiн дамытуға ықпал ете отырып, белсендi ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастыру жұмысын жүргiзуге;
      4) бiлiм берудi қоса алғанда, ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат пен кiрiстердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асыруға мiндеттi.
      6. Университет мiндеттердi табысты жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысына және заңнамаға сәйкес:
      1) "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң оқытушылары мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 982 P970982_ қаулысының 1-тармағында белгiленген коэффициенттi пайдалана отырып, Университеттiң құрылымы мен штатын, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлеуге;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен заңды тұлғалар құқығындағы мемлекеттiк емес құрылымдарды, оның iшiнде шет елдердегiсiн қоса алғанда, Университеттiң бiлiм беру ғылыми кешенiнiң құрамында ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын, филиалдарын және өзге де бөлiмшелердi құруға;
      3) жоғары кәсiби бiлiм берудiң көп деңгейлi жүйесi бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын айқындауға, оларды оқытудың мерзiмдерi мен нысандарын белгiлеуге, жоғары кәсiби бiлiм беру саласындағы қолданылып жүрген мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарға сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекiтуге;
      4) шетелдiк ұйымдармен Университеттiң негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша тiкелей шарттар мен келiсiм-шарттар жасасуға, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құруға, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiне қатысуға;
      5) Университеттiң оқытушыларына доцент және профессор ғылыми атақтарын беру кезiнде қорытынды сараптама жүргiзуге құқығы бар.
      7. Университет Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 K931059_ қаулысына орай және өзiне берiлген ерекше мәртебеге сәйкес барлық бар негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражатқа иелiк етедi, пайдаланады және билiк етедi, өз қаражатының есебiнен сатып алынған мүлiкке өз бетiнше билiк етедi.
      8. Мемлекеттік тапсырыстың шеңберiнде мамандар даярлау Университетке түскен студенттердiң бiлiм грантының немесе несиесiнiң мөлшерiн айқындау кезiнде оқытуға арналған нақты шығындарды ескеретiн жеке норматив бойынша, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қаржыландырудың басқа қосымша көздерi заңнамада тыйым салынбаған, кiрiсiне Университет өз бетiнше билiк ететiн ғылыми-өндiрiстiк, бiлiм беру және өзге де қызмет болып табылады.
      9. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы Университет орындайтын бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылады.
      10. Университет өзiнiң негiзгi қызметiнде барлық мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, басқа да республикалық мекемелермен және ұйымдармен, шетелдiк халықаралық бiлiм беру және ғылыми орталықтармен тiкелей байланыстар орнатады.
      11. Университеттің ректорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      12. Университеттiң қызметiн қоғамның мүдделерiмен келiсу, қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн, сондай-ақ интеллектуалдық әлеуеттi неғұрлым тиiмдi пайдалану үшiн Қамқоршылар кеңесi құрылады. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн,

Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына ғылымның, бiлiм берудiң және мәдениеттiң, 
шығармашылық және өзге ұйымдардың, меншiктiң түрлi нысандарындағы 
кәсiпорындардың, қорлардың, ассоциациялардың, акционерлiк қоғамдардың және 
басқалардың дербес жоғары оқу орны ретiндегi Университеттiң проблемаларын 
шешуге қомақты үлес қосуға қабiлетті өкiлдерi кiре алады.
     
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады